Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет58/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   191
жанының үндері. «Қазақ әдебиеті», 12.12.2003),

 А.Нысаналин 



(Саңлақ су-

реткер. «Жетісу», 12.12.1978; Шыңғыс шыңы. «Қазақ әдебиеті», 9.12.1988)

Н.Оразалин 



(Азияға айбын болған суреткер. «Қазақ әдебиеті», 21.05.1999)

К.Смайылов 



(Әлем биігіндегі азамат. «Қазақ әдебиеті», 8.11.1991), 

Б.То-


ғысбаев 

(Тау мен дала жыршысы. «Жетісу», 13.12.1988; Қырғыз перзенті 

– әлем әдебиетінің ақиығы. «Өркен», 10.12.1988)

, Т. Тоқбергенов 



(Шоң мұ-

зарттан  көз  тартқан.  «Қазақ  әдебиеті»,  16.10.1987), 

М.Шаханов 



(Душу 

свою храни. Вестник КазГНУ, серия филологическая, 2001, №2), 

т.б. Әрине, 

бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады. Осы бір ұзақсонар 

тізімді келтіріп отырғандағы басты мақсатымыз – қазақ әдебиетінде 

Айтматовтың көркемдік әлемін тану саласында қыруар жұмыстардың 

атқарылып жатқандығына оқырманның көзін жеткізу. Осындай дерек-

терге сүйене отырып, Шыңғыстың шығармашылығы жайлы айтылған 

сыни пікірлер қазіргі қазақ әдебиеттануындағы Айтматовтану ғылы-

мына ұласты деп батыл айта аламыз. Демек, Айтматовтану тек қырғыз 

әдебиеті ғылымында ғана емес, қазақтарда да бар. Қазіргі қазақ Айт-

матовтану ғылымы теориялық жағынан тереңдеп, кең өрістерге шыға 

бастады.  А.Кірібекова  «Ш.Айтматовтың  шығармашылық  лаборато-

риясы» бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Тағы да бірнеше 

диссертациялық жұмыстар, монографиялық зерттеулер жазылуда.

Қазақ  айтматовтанушыларының  бағыт-бағдарын,  жазушы  шығар-

машылығына деген көзқарасын бір-екі мысалмен аңғарта кетсек.

Академик  Зейнолла  Қабдоловтың  мына  бір  пікірі  ыстық  лебізге 

толы:  «Шыңғыс  туралы  пікір  қырғыздар  арасында  ала-құла  деп  ес-

тиміз (сірә, өсек болар). Ал қазақтар арасында, әсіресе мына біздер, 

біздерге  кейінірек  келіп  қосылғанмен,  бізден  де  гөрі  тонның  ішкі 

бауындай жақындасып кеткен Қалжан Нұрмаханов (марқұм), Қалтай 

Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза тәрізді қазақтарда Шыңғысқа деген 

сүйіспеншілік, тіпті қырғыз қаламгерлерінен де гөрі асыра мақтан тұ-

татын от махаббат кеше қандай болса, бүгін де сондай тап-таза, мөп-

мөлдір

 («Көзқарас», А.,1996, 242-бет).

Жазушы Тахауи Ахтанов Ш.Айтматовты әдебиет әлеміндегі «Кәу-

сар  бұлаққа»  теңепті:  «Шынында  да  қазіргі  топан  өлең  мен  топан 

прозаның мол заманында Шыңғыс шығармасын оқысаң, шөл қандыр-

майтын жылымшы суды іше-іше ішің кепкен кезде қайнар бұлақтың 

мөлдір суына бас қойғандай мейірің қанады» 



(Т.Ахтанов. Көкейкесті. 

А.,1980, 171-бет).

 Тахауи Шыңғыстың шығармашылық болмысын, жа-




134

ңалықтарын  төмендегіше  сипаттайды:  «Айтматовтың  қай  дүниесін 

алсаң да ар жағында айтылмаған еш нәрсе қалмаған сияқты. Әр бір 

өмір  құбылысын,  драмалық  қайшылықты  түбіне  дейін  үңгіп,  әбден 

ширатып, ширықтырып береді... Ол адам жанына микроскоппен үңіл-

мейді.  Оның  кейіпкерлері  екі  ұдайлықты  білмейтін,  дүдәмалдан  ау-

лақ кесек, сом тұлғалар да, суреттейтіні үлкен жан күйзелісі, ірі отты 

сезімдердің қақтығысы... Ол өмірлік оқиғаларды арам майынан арыл-

тып, драмалық өзегін тереңнен аршып алады да жеріне жеткізе ши-

рықтырып бере біледі... Сонымен бірге жазушының жіті көзі, Абайша 

айтқанда, көңіл көзі қарапайым өмір құбылысының ар жағындағы өзге 

адам аңғармайтын терең сырын қапы жібермейді...  Үлкен әлеуметтік 

проблема, азаматтық тақырыбы Айтматов  шығармаларында бәсеңсіп 

көрген емес» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет