Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет55/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

.(Ж.Қалыбай. Жазушының соңғы сыр-сұхбаты. «Адам 

ата – Хауа ана», 2008, №6). 

М.Әуезовпен осылайша басталған таныс-

тық қазақтармен бұрыннан онсыз да аралас-құралас Шыңғысты одан 

сайын жақындастыра түсті.

Ш.Айтматов М.Әуезовтің шығармашылығы жайлы жылы пікірлерін 

мақалаларында,  түрлі  әдеби  жиындардың  биік  мінберлерінен  ұда-

йы білдіріп отырған. Ол идеялық себептермен жарық көрмей келген 

М.Әуезовтің «Қилы кезең» романына алғысөз жазып, «Новый мир» 

(1972, №6) журналында жариялады. Оның ұстазы жайлы жазғандары-

ның кейбіреулерін атап өтсек: «О рассказе М.Ауэзове «Лихая година» 



(Ч.Айтматов. Ранние журавли. Берлин. 1983, 355-360 беттер),

 «Выступле-

ния на заседании, посвященная 90-летию со дня рождения М.Ауэзова. 

Алма-Ата, 23 сентября 1987г.» 



(«Мухтар Ауэзов и современная литерату-

ра». А.,1989, 23-28-беттер),

 «Слово об Ауэзове: Выступление во Дворце 

им.Ленина на торжественном собрании, посвященное 80-летию со дня 

рождения» (



«Мухтар Ауэзов – классик советской литературы».А.,1989,29-

36-беттер),

 «Внутреннее солнце поэта» 



(«Известия»,6.2.1982), «Ответь 

себе» («Правда», 5.08.1967),

 «Слово об Ауэзове» (



«Простор»,1977,№12,8-

11-беттер), 

«Слово  об  учителе» 



(«Казахстанская  правда»,  27.12.1967),

 

«Предисловие  к  повести  М.Ауэзове  «Лихая  година» 



(«Новый  мир», 

1972,№6,17-19  беттер),

  «Абай  и  Ауэзов:  связь  времен» 



(«Мухтар  Ауэ-

зов:  великий  певец  национального  величия:  Сборник  материалов  конферен-

ции, посвященная 100-летию М.Ауэзова, проведенной 4 июня 1997г. в Пари-

же. Париж-Алматы, 1998, 88-91-беттер),

 «Әуезов әлемді шарлап кетті» 

(

«Лениншіл  жас»,  23.09.1977),

  «Әуезов  туралы  сөз»



  («Қазақ  әдебиеті», 

30.09.1977),

 «Екі түрлі асылым бар» («Парасат», 1997, №8), «Ұлылар 

елдің  ұстазы» 

(«Алматы  ақшамы»,  26.09.1997)

,  «Мұхтар  Әуезов  тура-

лы» 

(«Қазақстан пионері», 9.12.1967), 

«Түркі әлемі және Әуезов» 



(«Түркі 

әлемі»,2007,12.1967), «Абайдың рухани інісі»(«Абай»,14.11.2007), т.б.

Ш.Айтматовтың қазақ даласымен қарым-қатынасы балалық шақтан 

басталған. Оның туып, өскен жері Қазақстанның Жуалысымен шека-

ралас. Жазушының ес білгенде, ауылынан аттап шыққанда көргені – 

қазақ жері, қазақ ауылы. Бұл турасында Шыңғыс кейіннен «Екінші-

ден,  өзің  айтып  отырғандай,  менің  шығармамда  қазақ  жері,  қазақ 

халқы жиі көрініс табады. Оның барлығының себебі бар. Түлкібас пен 

біздің Көксай Шекер айылы ортасындағы аралықта Түрксіб теміржо-

лы салынғанда, жиырмасыншы жылдардың басында бәрі Қазақстан-

ның территориясымен келген. Сол жерде Маймақ деген станция бар. 

Сол Маймақ пен Түлкібастың ортасында тауды кесіп өтетін үлкен ту-

нел бар. Жаяу-жалпы өтуге мүмкін емес. Менің үлкен атам Айтматов, 




130

оның баласы Төреқұл 15-16 жастағы бала екен Онда басқа кісілер де 

толып жатыр. Ол кезде техника жоқ, барлығы қолменен істелген. Осы-

лар сол жерді тесіп, теміржолды салған. Соныменен теміржол біздің 

жерге келіп, қазіргі Жамбыл, Жамбылдан Луговой (қазіргі Т.Рысқұ-

лов ауылы), Мерке, міне, сондай-сондай... Сондай бір қиыншылық за-

манда осы түнел арқылы келіп, Маймақ станциясынан поездан түсіп, 

ат, түйелерге жүк артып алып Шекерге кететін болған. Маймақ пен 

Шекердің ортасы жиырма бес шақырымдай... Әрине, заманында жаяу, 

арбамен,  атпенен  де  жүргенбіз...  Қазақстан  территориясының  мен 

үшін  теңі  жоқ  қой.  Қаншама  студенттік  күндерім  өтті,  кейін  қанша 

жыл қызметте болдым...» (сонда) – деп, сағынышпен сары жылдарды 

еске алады. 

Иә,  жазушының  балалық  шағынан  бастап,  бүкіл  саналы  ғұмыры, 

шығармашылығы қазақ даласымен, елімен байланыста болған. Ауыл-

дан ұзап шыққанда алғаш көргені қазақ жері болса, оның азамат ретін-

де де қалыптасып, жетілуіне қазақ жері әсер етті. Қазақ жері Шыңғыс 

үшін әлемге айқара ашылған есік болды.      

Ал, шығармашылық биігіне самғауына да қазақ М. Әуезовтің аялы 

алақаны, ақ батасы жол ашты дейміз. Сөйтіп, қазақтың қасиетті сары 

даласы  ғарышқа  зымырандар  ғана  ұшырып  жатқан  жоқ,  сонымен 

бірге  әлемдік  әдебиеттің  айдынына  Мұхтардай  қазақты,  Шыңғыс-

тай  қырғызды  да  ұшырды.  Туысқан  екі  халықтан  шыққан  Мұхтар 

мен Шңғыстай ұлылар жиырмасыншы ғасырдағы әлемдік әдебиеттің 

биігіне шарықтап шықса, бұл күндері олар сол шырқау шың орбита-

сында мәңгілікке қалып қойды...

Сөйтіп, түркі әлемінен шыққан М.Әуезов пен оның ізімен жарқ етіп 

көрінген Ш.Айтматов ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиет оқырмандарын 

әрбір шығармасымен елеңдетіп, ақ басты Алатаудың екі жағында жат-

қан  тау  мен  дала  хикаяларымен  дүние  оқырмандарын  таныстырып 

жатты.  Мұхтар  мен  Шыңғыстың  қазақ  пен  қырғыздың,  одан  қалды 

түркілік  тыныс-тіршіліктің  өзгеше  бір  өрнек  тапқан  қыр-сырларын, 

философиясын жер-жаһанға паш еткен ұлы ерліктері кейінгі толқын 

өнерпаздарға өшпес өнеге болып қалды. М.Әуезов пен Ш.Айтматов 

түркі  халықтарының  әдебиетінде,  одан  қалды  әлемдік  мәдениет-

те  түркілік  әдеби  ренессансты  әйгілеген  тұтас  бір  дәуірді  жасады. 

Түркілік, әлемдік әдебиетті жаңа көкжиектерге бастаған екі ұлы су-

реткердің өнегесі бірінің інілері, бірінің ағалары, замандастары болып 

келетін Расул Ғамзатовтың, Мұстай Кәрімнің, Қайсын Құлиевтің, т.б. 

шығармашылықтарында барынша жарқырай көрінді.

Ш.Айтматовтың М.Әуезовпен басталған достық қарым-қатынаста-

ры кейін де жалғаса түсі. Қазақ жазушыларының біразы Шыңғыспен 

туыстарша араласты. Әсіресе, З.Қабдолов, Қ.Нұрмаханов, Т.Ахтанов, 

Қ.Мұхамеджанов, С.Бердіқұлов, А. Сүлейменов, Ш.Мұртаза, М.Ша-

ханов, Ә.Кекілбаев, Н.Оразалин сынды қаламгерлеріміздің Айтматов-

пен жақындығы шығармашылық саласында ғана емес, шынайы адам-




131

гершілік тұрғысында да өрбіп, ол туысқан екі халықтың арасындағы 

достық қарым-қатынастардың нығая түсуіне қызмет етіп жатты.

Кейінгі толқын қазақ-қырғыз қаламгерлерінің ішінде М.Әуезов пен 

Ш.Айтматовтың  шығармашылығы  әсер  етпегені,  олардан  үйренбе-

гені кемде-кем шығар, сірә. Бұлардың қатарында қазақтың қабырғалы 

ақын-жазушылары  Т.Ахтанов,  Ә.Нұрпейісов,  С.Бердіқұлов,  С.Жүні-

сов,  С.Мұратбеков,  Ә.Тарази,  Ә.Кекілбаев,  М.Мағауин,  Қ.Жұмәді-

лов,  Қ.Ысқақов,  О.Сәрсенбаев,  Д.Исабеков,  Ә.Сарай,  М.Сқақбаев, 

О.Бөкеев,  Т.Әбдіков,  Д.Досжанов,  Т.Нұрмағамбетов,  Т.Молдағалиев, 

Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, тағы басқаларды көруге болады.

Шыңғыс та қазақ әдебиетінде болып жатқан жаңалықтарға көз қы-

рын салып отырған. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың алғашқы әңгімелерінің 

бірі  «Ең  бақытты  күн»  туралы  одақтық  «Вопросы  киноискусст-

ва»  атты  кино  сыны  альманағында  пікір  білдіріпті.  Б.Тоғысбаевтың 

«Простор»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет