Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет56/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   191
 (1982, №3) 

журналында жарияланған «Аққу көлі» әңгімесі-

не  «Байырғы  дос  –  Бек  Тоғысбаев»  атты  кіріспе  мақаласын  жазды. 

Сондай-ақ, жазушылар Ш.Әлімбаев пен С.Санбаев 



(Сәт сапар!, «Қа-

зақ әдебиеті», 12.04.1969),

 Қ.Мұхамеджанов 



(Сирек ұшырасатын дарын. 

«Қазақ әдебиеті», 05.01.1979),

 Ә.Нұрпейісов («Қан мен тер», «Лениншіл 

жас»,  14.04.1966),  С.Мұқанов  (Незабвенный  образ.  «Казахстанская 

правда»,  20.04.1973),  М.Шаханов  (Ақын  зердесі.  «Мәдениет  және 

тұрмыс», 1984, №11), Ж.Жабаев (Асқақ үнді алып ақын. «Егемен Қа-

зақстан», 23.08.1996), Ш.Уәлиханов (Дара тұлға. «Білім және еңбек», 

1985,  №11),  З.Қабдолов  (Зейнолла  Қабдолов  туралы.  «Тың  өлкесі», 

12.02.1964), Оқушыларға екі ауыз сөз («Жұлдыз», 1964, №3), т.б. жай-

лы лебіздер айтқан.

Ш.Айтматов қазақ қаламгерлерімен жақын достық қарым-қатынас-

тарда болған. Тіпті Қ.Мұхамеджановқа арнаған бір мақаласын «Менің 

Қалтай досым» деп атапты. Оқысаңыз, Шыңғыс Қалтай досы туралы 

ағынан жарылыпты:

«Творчестволық достық дейтіннің өзі тағдырдың таңдап берер ға-

жап  бір  сыйы  ғой.  Қазақ  драматургі  Қалтай  Мұхамеджанов  екеуміз 

көп жылдан бері осындай достық дәнекерімен жалғасқанбыз. Не жа-

зып, не қойсам да оның зейін қойып оқып шығарына, зерделеп, баға-

сын береріне сенімім кәміл... Мен де өз тарапымнан оны хас шебер 

деп жоғары бағалаймын. Өйткені, әдебиеттегі қияметтің қиын жанры 

драматургияның күрмеуі көп күрделілігін жан-тәніммен жақын сезі-

немін... бізде нағыз драматургтер тым аз, ал мен Қалтай Мұхамеджа-

нов досымды сондай дегдарлар санатына қосамын»



 (Қалтай Мұхамед-

жанов. Таңдамалы. А.,1989, Алғысөз, 5-бет).

Осындай  шынайы  достыққа  негізделген  шығармашылық  қарым-

қатынастардың  барысында  Ш.Айтматов  пен  қазақ  қаламгерлерімен 

бірігіп жазған тамаша туындылар да өмірге келді. Ол драматург Қ.Мұ-

хамеджановпен бірігіп «Көктөбедегі кездесуді» жазды. Екі елге кеңі-

нен  танымал  қазақ  ақыны  М.Шахановпен  ағалы-інідей  болған  ұзақ 

жылғы достығы барысында «Құз басындағы аңшының зары» атты эс-



132

селер кітабы мен «Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстін-

дегі сот» пъесасы өмірге келді. Пъеса қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы 

балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды (1998).

Екі  халықтың  арасындағы  достық  қарым-қатынастарды  нығайта 

түскені  үшін,  мәдениеті  мен  әдебиетін  дамытуға  қосқан  зор  үлесі 

үшін  Шыңғыс  Айтматовқа  Қазақстан  Республикасының  1993  жыл-

ғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы берілген. Алатауды тел 

еміп, екі жағында қатар жатқан туысқан қос халыққа ортақ ұл Ш.Айт-

матов Алматы қаласының құрметті азаматы болатын. 

Ш.Айтматовтың  шығармаларын  қазақ  оқырмандары  өткен  ғасыр-

дың  алыпсыншы  жылдарынан  бастап,  іздеп  жүріп  оқыды.  Шыңғыс 

сомдаған  кейіпкерлер  қырғыз  сияқты  әрбір  қазақтың  жүрегіне  жол 

тауып,  сырласына  айналып  жатты.  Жазушының  жаңадан  шыққан 

әрбір кітабы қазақ әдеби өміріне серпіліс әкеліп, қоғамдық ой-пікір 

туғызды. Ш.Айтматовтың шығармашылығы жайлы, оның өзіндік өз-

гешеліктері,  жаңалықтары  хақында  ой  толғаған  мақалалар  баспасөз 

бетінде жиі көрінді. Оларды тізіп, атын атаудың өзі ұзақ уақытты ала-

ды. Сонда да болса, қазақтың әдеби жұртшылығы, әдеби сыны Ш.Айт-

матовты қалай қабылдағанын байқау үшін қазақ баспасөзі беттеріне 

көз жүгірте өтейік: С.Жұмабеков 

(Алатау мен Айсберг феномені. «Алма-

ты ақшамы», 11.12.1998, Адамзаттың Айтматовымен алты минут. «Алма-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет