(Шыңғыс Айтматов. Өмір мені ерте есейтті. «Адам
Ата-Хауа Ана», 2008, №6, маусым).
Бұл жерде «Жәмиланы» оқып шығып, әдебиет әлеміндегі жаңа-
ша бір үн ретінде бағалаған М.Әуезов сол кездегі Одақ бойынша ең
беделді әдеби журнал «Новый мирде» жариялауға оның редакторы
Н.Твардовскийге жолдайды. Кейіннен Айтматов атының әлемдік даң-
қының шыға бастауына тікелей септігін тигізген Луи Арагонға осы
шығарманы оқуға ұсынған да М.Әуезов болатын. Луи Арагон «Әлем-
дегі ең асыл махаббат» атты мақала жазып, Шыңғыстың атын батыс
елдеріне кеңінен насихаттады. Жас жазушының повесіне деген риза-
шылық сезімін «Литературная газета» (23.Х.1958) бетінде жариялаған
мақаласында білдірді. Жас дарынды қолтығынан демеп, әдебиеттің
ақбоз арғымағына мінгізіп, «жолың болсын!» деп ақ батасын беріп,
әдебиеттің үлкен ақ айдынына шығарып салды.
М.Әуезов Шыңғыстың повесін әдебиеттегі жаңаша құбылыс сана-
ды: «Повесть Чингиза Айтматова психологична, естественна, изящ-
на и проста. Она приятна правдивостью душевных состояний, тонко
подмеченных и сдержанно, выразительно, даже порой коротко обри-
сованных... Это явление, новое на почве киргизской прозы, обнаружи-
вает хорошую профессиональную культуру автора и, конечно, тонкое,
верное знание жизни народа, характеров людей и условий их труда».
Мұхтар Шыңғыстың болашағынан үлкен үміт күтеді: «Хочется ду-
мать, что Чингиза Айтматова и дальше будет сопровождать успех в
жанре рассказа, новеллы, маленькой повести, чем, может быть, вос-
полниться весьма существенный пробел художественной прозы на-
ших художественных литератур...» Жазушы мақаласын «от всей души
желаю ему доброго пути!» – деп, ақ жол тілекпен аяқтаған.
Кейіннен Ш.Айтматовтың «Тау мен дала хикаялары» үшін Лениндік
сыйлық алуына да тікелей М.Әуезовтің ықпал жасағаны белгілі. Ле-
ниндік сыйлықтар беру жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитетінің
Ш.Айтматовтың кандидатурасын талқылаған (06.04.1961) мәжілісін-
де «Сіздер авторды әлі жас, шығармасы шағын деп отырсыздар, бұл
үстірт, жаңсақтау пікір. Ол осы шығармасының өзімен-ақ үлкен мара-
126
пат-мәртебеге әбден лайық, келешегі бұдан да айдынды» – деп, өзінің
беделді сөзін асқан жанашырлықпен, көрегенділікпен айтты.
Повестегі бүкіл оқиға 15 жасар кейіпкердің атынан баяндалады.
Соғыс кезіндегі алыс ауылдың ауыр тіршілігін, қандай қиындықтар
болмасын көтеріп, аңсаған арманы үшін күресе білген жаны нәзік, жү-
регі таза, жаны сұлу, қарапайым жастардың бейнесі әлемдегі мың сан
оқырманның ойынан шығып, сырласына айналды. «Оның «Жәмила-
сы» ХХ ғасыр әдебиетінде бір кездегі Шыңғыс хан жорығындай төтен
оқиға болған еді» (Ә.Кекілбаев).
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап шыға бастаған
Ш.Айтматовтың әрбір кітабы әдеби өмірдің елеулі оқиғасына айнал-
ды. Оқырманын баурап алып жатқан шығармалары халықтың ықыла-
сына бөленумен бірге сол кездегі ең жоғарғы әдеби сыйлықтарды да
қанжығасына байлап жатты. «Жәмила», «Шынарым менің, шырай-
лым менің», «Алғашқы мұғалім», «Ана – Жер-Ана» повестері енген
«Тау мен дала хикаялары» атты кітабы үшін Ш. Айтматов 1963 жылы
Лениндік сыйлық алды. «Қош бол, Гүлсары» (1967), «Ерте қайтқан
тырналар» (1975), «Боранды бекет» (1980) үшін үш мәрте КСРО Мем-
лекеттік сыйлығын иеленді. Жоғары мемлекеттік сыйлықты бір адам-
ның қатарынан үш рет иеленуі бұрын-соңды кеңестік әдебиеттің тәжі-
рибесінде болмаған жағдай еді.
Көркем шығармашылықтағы жолын әңгіме, повесть жазудан бас-
таған жазушы кейіннен роман жанрына қарай біржола ойысты. «Ақ
кеме» (1970) повесінен кейін «Боранды бекет» (1980), «Жанпида»
(1986), «Кассандра» таңбасы» (1995), «Құз басындағы аңшының
зары» (1997), «Таулар құлағанда» (2007) сияқты кесек-кесек туынды-
лары әлемдік әдебиеттің тай қазанына құйылды. Жазушының соңғы
романдары қоғамдық өмірдің сан қырлы қатпарларына үңіліп, оның
ішкі сырларын ашуға ұмтылысымен, көтерген әлеуметтік мәселе-
лерінің философиялық ой тереңдігімен ерекшеленеді. «Ақ кеме»
шыққанда повестің негізгі әлеуметтік астарлары, оны көркемдікпен
бейнелеу құралдары жайлы одақтық баспасөзде жүрген қызу пікіра-
лысулардың бірнеше жылдарға созылғаны есімізде.
Жазушының бірсыпыра шығармалары бойынша кинофильмдер
түсірілген. «Ана – Жер-Ана», «Көктөбедегі кездесу» (Қ.Мұхамеджа-
новпен бірге), «Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі
сот» (М.Шахановпен бірге) спектакльдері Қазақстанның республика-
лық, облыстық театрларының тұрақты репертуарына айналды.
Шыңғыстың «Ана – Жер-Ана» туындысын Ә.Мәмбетов 1964 жылы
М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасына
шығарды. Сахналық қойылым көрермендер көңілінен шығып, ұзақ
уақыттар бойы театр репертуарынан түспей қойды. Кейіннен «Ана –
Жер-Ананы» сахналаған бас режиссер Әзірбайжан Мәмбетовке, бас-
ты рольдерді ойнаған Сәбира Майқанова мен Бикен Римоваға Мемле-
кеттік сыйлық берілді. Ш.Айтматовтың Қ.Мұхамеджановпен бірігіп
жазған «Көктөбедегі кездесуі» 1974 жылы академтеатрдың сахнасына
127
шықты. Ә.Мәмбетов «Ғасырдан да ұзақ күнді» 1983 жылы М.Әуезов
атындағы қазақ драма театрында, 1984 жылы Мәскеудің Вахтангов
атындағы орыс драма театрында қойды. Ғазиза Жұбанова «Боранды
Едіге немесе Айтматов аңыздары» атты опера жазды. Белгілі режис-
сер Ардақ Әмірқұлов Айтматовтың шығармасы бойынша «Қош бол,
Гүлсары» атты көркем фильм түсірді (2008). Бұл фильм Астанада
өткен Еуразия кинофестивалінің бас жүлдесі Гран-приді жеңіп алды.
«Әлем-Арт» қоғамдық қоры мен БТА банкі бірлесіп жазушының өмірі
мен шығармашылығына арналған Рауф Мамедовтің «Ғасырдан да
ұзақ түн» атты деректі фильмін ұсынбақ ниетте.
Ш.Айтматовтың шығармалары әлем халықтары тілдерінің
көпшілігіне аударылған. Қырғыз, орыс тілдерінде жазатын жазушы-
ның туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Көзі
қарақты қазақ оқырманы да әлем таныған шынайы шығармалармен
етене таныс.
Ш.Айтматовтың қазақ тілінде алғаш жарық көрген шығармалары
«Жәмила» повесі («Лениншіл жас», 6-27.06.1959) мен «Бетпе-бет»
(«Жұлдыз», 1959,№6). «Дүйсеннің мектебі», «Лениншіл жас» га-
зетінің 1969 жылғы қаңтардың 3-інен 16-на дейінгі он нөмірінде жа-
рияланды. «Алғашқы мұғалім» (повестен үзінді») «Социалистік Қа-
зақстан» газетінің сол жылғы 9-қыркүйектегі санында жарық көрді.
Одан кейін «Құс жолы» повесі «Лениншіл жас» (10.06.1963) газеті
мен «Жұлдыз» (1963,№6,7), «Қазақстан әйелдері» (1963,№7) жур-
налдарында, «Ботагөз» повесі «Лениншіл жаста» (26,27,28,30.11;
1,3,4,5.12.1963) басылды. «Қызыл алма» әңгімесі Зейнолла Қабдо-
ловтың аудармасымен «Жұлдыз» журналының 1964 жылғы үшінші
нөмірінде, «Арманым Әселім», А.Нұрқатовтың тәржімәсімен «Ле-
ниншіл жаста» (26.09.1964) шықты. Міне, осылайша Ш.Айтматовтың
жаңадан шыққан әрбір шығармасы қазақ тіліне іле-шала аударылып,
алдымен мерзімді баспасөз бетінде, соңынан жеке кітап болып, оқыр-
мандарға жол тартып жатты.
Шыңғыстың «Тау мен дала хикаялары» (1964) қазақ тілінде кітап
болып шыққанда кітапқа берілген аннотация қазақ әдебиетіне ақбоз
ат мінген әдебиет айдынында ұзаққа шабатын арынды жазушының
келіп кіргенін байқатты: «Ақбас Алатауды дүбірлете шыққан Шыңғыс
шығармалары әлемді елең еткізді. Асқақ ән аспанға атылып, тәтті жыр
жер бетін ұйыта қалды. Мөлдір махаббат, ақ тілек ана, қиыспас дос-
тық, тәтті татулық, терең толғау – бәрі-бәрі орын тапқан оның туын-
дысынан. Қай дастанын оқи бастасаң да жылылық құшағына кіресің.
Қызыға бересің, оқи түсесің, аяғына бір-ақ шыққаныңды өзің де біл-
мей қаласың.
Өмірге үңіліп, тұңғиық түбінен маржан іле білген, жетеліге аталы
сөз жеткізген зергердің құдіреті осылай болмақ. Шыңғыс толғауын
бұл күнде шұғылалы шығыс та, менмен батыс та оқиды. Зар-зәбір
естілген ащыға аһ ұрып күрсінсе, арманға жеткен адамдар қуана тү-
седі. Осылай отырған оқушы Айтматовтың жақсылардың жақсысы,
128
жүректілердің жүректісі екенін сезінеді. Авторға мың сан алғысын
жолдайды. Міне құрмет, міне бақыт!
Ал, қазақ оқырманы, кезек саған да тиді. Мынау сол асыл дүние.
Ал да оқы! Қызыққа бат! Өс. Өрле. Қанаттан. Өзгелерге де айт, құр
қалмасын. Асықсын, сусындасын.
Бұл – сенің бауырыңның, телқозыңның асыл шығармасы. Оған Әуе-
зов өзінің аталы сөзін арнаған, әлемге паш еткен. Өнерлі перзент деп,
масаттана мақтаған. Оның шығармасы сол ұлы Әуезовтің шығармала-
рымен қатар әр қазақ оқырманының төрінде тұруға лайық.
Одақтық үлкен әдебиетке ұстазы Мұхтардың ақ батасымен кір-
ген Шыңғыс қазақ әдебиетіне осындай сән-салтанатпен кірді. Мен
келемін, мен Шыңғыс Айтматовпын, шығармаларым «асыл дүние»,
оқы, сусында дегендей екпіндей, айқайлай келді. Тағы да мен бөтен
емеспін, бауырыңмын, ұлы Әуезовтің жолын қуған шәкіртімін деп,
қазақты өзіне жақын тарта келді.
Кейіннен өзі де ұлы жазушыға айналған Ш.Айтматов ұлы ұстазы
М.Әуезовтің рухы алдында өмір бойы тағзым етумен болды. Оның
«Мұхтар Әуезов мен үшін алыстан мұнартқан әлдебір академиялық
тұлға десем, әрине ағат айтқаным: өзім көріп, өзім білгендер ішіндегі
ең ұлы суреткер десем, мұным да жалпылама сөз. Мұхтар Әуезов –
маған әкедей қамқор болған кісі.
Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын
аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала
жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар
Әуезов.
Мен қазақпын ба, қырғызбын ба? Мұны білгісі келгендерге Манас
жөнін, Мұхтар Әуезов жайын айтып беремін. Бұл екеуі – менің қандас
халықтарымның мерейі: осы екеуіне иек артсам болғаны, жат жұрт
арасында жалым күдірейіп шыға келеді» – деп, ағынан жарыла айтқан
сөздері қазақ оқырмандарына кеңінен танымал.
Жазушы тағы бірде өзінің М.Әуезовпен қалай танысқандығын тө-
мендегіше еске алады: «Студенттік кезде ол кісімен Мәскеуде көп
жолықтым. Бір ғана өкінерім, бір жолы бір рет суретке түспеппіз.
Мәскеуде қонақүйге шақырып алып, отырып алып шай іштік. Мені
баласындай көрді. Танысқанымыз да – керемет бір оқиға. Сонда со-
вет әдебиеті, «крепостной идеологиядан» құтылуға әрекет қылып,
(қазір есімнен шығып қалды) ол кезде атақты болған бір кісі бір атақ-
ты роман жазған. Оны қолдағандар да көп. Ал қарсы шыққандар –
сол баяғы коммунистер. Үлкен бір залда отырмыз. Бізді де әдебиет
институтының тыңдармандары деп шақырып тұрады. Орын жоқ, тү-
регеп тұрамыз. Дискуссия жүріп жатыр. Бір кезде есік ашылды да,
қарасам Мұхтар Әуезов келіп тұр. Кірейін десе орын жоқ. Зал лық
толы. Содан мен жанымда тұрған студент досыма «Сен мына орын-
ды ешкімге берме» дедім де, өзім сыртқа шықтым. Мұхтар Әуезовке
«Ақсақал, сізге орын дайын, жүріңіз» – дедім. Ол кісі келіп отырды.
Мен арғы жаққа барып, тұрып тұрдым. Дискуссияның арасында үзіліс
129
болды. Содан Мұхаңның жанына келсем, «Сен, бала, кімсің?» деді.
Мен «Қырғызстаннан боламын, қырғызбын» десем, Мұхтар Әуезов
«Бәсе, айтам-ау, қайдан мені мұнда әкеліп отырғызды деп едім» – деді.
Біздің таныстығымыз осыдан басталды. Кейін менің шығармаларым-
ды оқығанда, ортамызда басқаша мәміле болды. Көп сөйлестік, көп
жолықтық, көп ақылдастық. Жазушылық жайында да, өмір жайында
да көп ақыл берді»
Достарыңызбен бөлісу: |