Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет67/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

1968ж.

                                  




148

     


БАЛАУСА ЖЫРЛАР

Ә

р ақынынң өзіндік беті, ойы, стилі болуға тиісті. Осын-



дай өзгешелікті біз кейінгі кезде өлеңдері республика-

лық газет-журнал беттерінде жиі көріне бастаған жас ақын-

журналист Мұхтар Шахановтың тұңғыш кітабынан (Бақыт. 

Алматы, 1968) да байқадық.

– О, Бақыт, ...

Сені көру еді менің арманым,

Іздеп келем, іздеп келем талмадым.

Іздеп келем, әлі күнге жолдамын...

Бұл жолдар жинақтың алғашқы бетін ашқан кезде көзге тү-

седі. Ақын адамның өмірлік мақсаты болатын бақыт жолын-

дағы тынымсыз тіршілігін “Бақытпен тілдесу” атты өлеңін-

де осылайша бейнелейді.

Әрбір жас ақынның өзінің ақындық алғашқы қадымын ма-

хаббаты жырлаудан бастайтыны – заңды нәрсе. Сол сияқты 

Мұхтардың  да  біраз  өлеңдері  осы  тақырыпқа  арналыпты. 

“Дариғаш”  атты  өлеңінде  мектеп  бітірген  жастың  тұңғыш 

махаббат сезімін жырлайды. Алғаш рет қызбен бірге киноға 

барып, бақ ішінде қызға гүл ұсынған кезді:

– Батқан күннің қызыл торғын шапағымен құлпырып,

Әсем гүлдер нұр жайнайды бізге қарай ұмтылып.

Кім біледі, гүлдің сыры маған онда беймәлім

Бірін  үзіп  алдымдағы  Дариғаға  силадым....  –  деп  сурет-

тейді.  Бұл  әлі  нағыз  махаббат  емес.  Бұл  балалық  албырт 

жүректен, пәк көңілден жарып шыққан жас жігіттің он жыл 

бойы  бірге  оқыған  құрбысына  деген  ыстық  ықыласы  еді. 

Бұл  ықыластың  шынайы  сүйіспеншілікке  де,  досқа  деген 

ізгі тілекке де айналуы мүмкін ғой. Мына өлеңдегі айтыла-

тын ой – адамдардың бір-біріне деген махаббаты, игі тілегі, 

дос көңілде күмбірлеген адамгершілік сезімдері. Осы сияқ-

ты “Құрбымен әзіл”, “Қараңызшы, ұяң жігіт болып өстік біз 

деген”,  “Бақтар,  неге  үнсізсіңдер?”,  “Ән  туралы  баллада”, 

“Кездесу” т.б. өлеңдері жастық шақтың арманға толы албырт 

кзеңдеріне арналған. Негізгі ой – асыл махаббатты дәріптеу. 

Ақын абзал ананың балаға деген ыстық сезімін былайша 

жырлайды:



Неге сенің ұйқың қашты, жан ана,

БИЕТ



149

Кімді іздейсің, неге жүрсің далада?

– Күндіз кеткен ұлым менің әлі жоқ

Онсыз маған ұйқының да мәні жоқ.

Жаным толқып мазасыз бір ойдамын

Көрдің бе сен, ұлым менің қайда жүр?

М. Шаханов – әрі ақын, әрі журналист. Журналист өмірі 

қиын да, қызық та. Романтикаға толы журналистік өмірдің 

өзі  бір  дастан  емес  пе?!  Мұхтар  “Журналист  сыры”  атты 

өлеңін осыған арнапты. Журналист – нағыз халық ұлы, ха-

лық қызметшісі.



– Мен өмірдің толқынына кеудемді ашып жүремін.

Бар адаммен туыс болып кеткен менің жүрегім.

Жүрегіңде сенің қанша шаттығың бар, налаң бар, 

Жасырмаймын, жұрт алдына жайып салам, адамдар!

Еркелеймін, еркелетем құшақ жайып келсе кім,

Өміріңнің шар айнасы секілдімін мен сенің.

Иә,  журналист  –  өмір  айнасы.  Табысыңды  дәріптейді, 

кемшілігіңді  көпшілік  талқысына  салады.  Халық  ел  жаңа-

лығын журналист-айна арқылы ғана көріп біледі.



– Көңіл айтты: саған, жігіт, білу керек мынаны,

Бір күн дауыл өршелене соғады да тынады.

Сол дауылда “менмін” дейтін бұл дүниенің шынары

Терек байғұс тым биіктеп кеткені үшін сынады.

Өмір айтты: тыңдама оны, піспеген ой бұл әлі,

Ілесе алмай кенже қалып ойғандар да кінәлі, – деп, фило-

софиялық  ой  түйіндейді.  Бұл  өмірдің  нағыз  диалектикасы 

ғой!

Ақын өмір туралы лапылдай жырлайды. Авторға тән ерек-



шелік – өз ойын сюжетке құра білуі. Оның көп өлеңі сюжетті 

келеді. Сюжетке құрылған өлеңнің бір жақсы жері – түсінуге 

жеңіл, ойда ұзақ сақталынып қалуы. Мұхтардың өлеңдерін-

де осы қасиеттер басым жатады. Ақынның тілі жатық, өлең-

дері қарапайым; нағыз өмірдің өз суреттері сықылды.

Жас  ақынның  осындай  жетістіктерімен  қатар  аздаған 

“әттеген-айлары”  да  бар  екен.  Кейбір  өлеңдерінде  ой  ша-

шырыңқылау сезіледі. Сосын, автор өлең соңында өз ойын 

түйіп тастауға шорқақтау сияқты.

Дегенмен, көш жүре түзеледі деген қазақтың мақалы бар 

ғой. Мұхтардың алғашқы жинағынан бір өзіндік бағытымен, 

сарынымен әдебиетімізге келіп қосылған тағы бір жас ақын-

ды таныдық. Жас ақынның шығармашылық еңбектеріне та-

быс тілейміз.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет