–Ол “Везувий секілді отын да төкпейді”.
Ол “Тілейді тыныштық қазаққа”.
Еңбектегі “Монологтар” атты сахналық поэмасы – ақын-
ның ұзақ творчестволық ізденуінің жемісі. Бұл поэма – өзінің
түрі жағынан да, композициялық құрылымы тұрғысынан да,
сюжеттік желісі жағынан да өзіндік ерекшелігі, жаңалығы
бар шығарма. Мұнда драмалық пен лирикалық қасиеттердің
жымдасуынан ерекше түр жасалынған.
“Монологтарда” атынан-ақ көрініп тұрғандай, жеке кейіп-
керлердің монологтарынан және диалогтардан тұрады. Ав-
тор өзінің басты кейіпкерлері етіп халқымыздың артында із
қалдырған аяулы ұлдары мен қыздарын алған. С. Сейфул-
лин, Панфилов, Т. Тоқтаров, М. Мәметова, Ы. Жақаев,
К. Бәйсейітова, Қ.Сәтбаев – поэманың негізгі кейіпкерлері
осылар. Бұлардан басқа поэманың басынан аяғына дейін қа-
146
тысып отыратын автордың лирикалық геройы “мені” бар. Ол
– ақын.
“Монологтар” екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ақын
өзінің лирикалық кейіпкері мен уақытты сөйлестіреді. Ақын
Уақыт дананың алдында есеп береді. Уақыт алдында ақын
өзінің халқына үлкен жауапкершілікте екенін сезінеді.
С. Сейфуллиннің монологы жалынды революционер бей-
несін көз алдыңа әкеледі. Сәкен халық алдында өз өмірі ту-
ралы есеп береді.
– Мұңын шерттім, зарын айттым қазақтың,
Өшірістім жанған отын қазақтың.
Жүргенім жоқ жанға жайлы жұмақта
Жұмысшымен бірге шықтым майданға.
Жалынды жырмен басталған ақынның монологы соңында
өкінішті, мұңды жырға айналады:
– Мен бір мезет ойламағам
Қиянатқа көнем деп.
Туған жұрттың ортасында
Қорлықпенен өлем деп.
Енді бір сәт көз алдымызға кешегі Отан соғысының отты
жылдары келеді. Панфилов, Т. Тоқтаров, М. Мәметова-
лардың монологтары жан тебірентерлік. Жауға деген өш-
пенділік, Отанына, халқына деген терең сүйіспеншілік –
міне, олардың бойындағы сезімдер.
Екінші бөлімде соғыстан кейінгі жағдай айтылады. Бала-
сынан, жалғызынан, жарынан, туысынан айрылған ел. Со-
ның бірі – Ыбырай Жақаев. Тірі тірлігін істейді.
– Кетпенінді қайта шап,
Керек жерің болар әлі бүгінге, – деп, Ыбырай да бейбіт ең-
бекке кірісіп кетеді.
Осы сияқты Күләш, Қаныш монологтары да терең сезім-
мен жырланған.
“Монологтарды бір қарағанда сюжеттік тұтастық жоқ
сияқты. Шындығында байыптап қарар болсақ, басынан ая-
ғына дейін жалғасып жатқан сюжеттік тұтастық бар. Ол –
Сәкеннің монологы арқылы берілетін Совет өкіметін орнату
жолындағы күрестен бастап, отызыншы жылдарға дейінгі ,
Панфилов, М. Мәметова, Т. Тоқтаров монологтары арқылы
берілетін Отан соғысы, Ы. Жақаев, К. Бәйсейітова, Қ. Сәт-
баев монологтары арқылы берілетін соғыстан кейінгі дәуір,
лирикалық кейіпкер ақын толғаулары арқылы берілетін
қазіргі кезеңдердің дәуірлік суреттері.
Жәрдем бір үйдің жалғыз баласы. Ол өзінің әкесін өлтір-
ген Сатыбайды өлтіреді. Жағымды басты тұлға Темір – ұста.
147
Қиын кезде Жәрдемге көмеккке келеді, Сатыбайды өлтірген
менмін дейді. Тергеуде Темір, Жәрдем, губернатор үшеуінің
арасындағы диалогтар жүрек тебірентерлік.
Жәрдем мен Темірдің айтқан сөздері достың досқа, адамға
деген ыстық махаббат жырлары сияқты.
Губернатордың қызы Наташа жаны таза, жаманшылыққа
бар болмысымен қарсы тұрады. Оның өмір танымы әкесі-
не қарағанда әлдеқайда ілгері. Ол әкесіне “Білемісіз, папа!
Олар уақыт туғызған жаңа адамдар!” дейді. Айтып отыр-
ғаны Темір, Жәрдемдер. Жәрдемді дарға сауға бұйырғанда
Наташа әкесінің бұл қылығын кешпейтіндігін айтады. Ол
– өжет, қайсар. Басты тұлға Темір – қарапайым жұмысшы.
Ол – ақылды, батыл ер жігіт. Жәрдемді асуға әкеткенде, ол
Наташаны соның бодауына алып қалады.
Соңында амалсыз губернатор Жәрдемді босатады. Драма
орыс мұғалімі Василийдің : “Достарым, біліп қойыңдар!
Россия осылай жаңарады! – деген оптимистік сөзімен аяқ-
талады.
Драмадағы тағы бір көңіл аударарлық бейнелер – Вера
(Губернатордың әйелі), Құралай (Жәрдемнің шешесі). Автор
екі ұлт анасын қатар алып, ананың балаға деген махаббатын
жырлаған. Махаббат жеңбейтін қамал жоқ. Екі ана да жеңіп
шығады.
Драмада сөз қылатын жағдайлар ХХ ғасырдың басы, яғни
қазақ еңбекшілерінің де санасы өсіп, ұйымдасып, патша
өкіметіне қарсы бас көтере бастаған кездегі бір ғана оқиға
алынған. Осы жерде айта кететін тағы бір нәрсе шығармада
халық өз дәрежесінде көрінбей қалатын сияқты.
Драманың “Жартас” аталуы Темір образына байланысты.
Ол – қазақ даласындағы жұмысшы табының алғашқы өкіл-
дерінің бірі. Ақын өзінің басты геройын жартасқа теңейді.
“Жартас” – үлкен ақынымыздың шығармашылық кемел
кезінде екенін танытқан елеулі еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: |