Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет65/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   191
 («Егемен Қазақстан», 13.06.2008)

.                                               

                                 



144

ӨМІР ЖЫРЛАРЫ



– Сүйемін мәңгілік серпінін өмірдің

Сарқылмас жігерін сілтемпаз көңілдің.

Мақташы өлеңім, қазақтың тілімен

Қазақтың мөп-мөлдір мүбарак жырымен

Аспанда айға да жеткенін елімнің.

Көрнекті  ақын-драматург  Әбділда  Тәжібаевтың  “Жазу-

шы” баспасынан өткен жылы шыққан “Жартас” атты кіта-

бы  осындай  шумақтармен  басталады,  Осы  жолдардың  өзі-

ақ  ақынның  ақындық  программасын  айқындайды;  космос 

дәуірінде өмір cүріп отырған жасампаз халқымыздың жаңа 

қоғам орнату жолындағы ерлік еңбегін, қол жеткен табыста-

рын жырлауды өз творчествосының басты парызы санайты-

нын аңғарамыз. Халқына қызмет ету – ақынның ұлы міндеті. 

Кітапқа ақынның соңғы кезде жазған бір топ өлеңдері мен 

драмалық дастандары енген.

Әбділда көпті көрген ақын. Ақынның:



– Дейсіңдер – мен неге тынбаймын,

Ойымда үні бар айлардың,

Жанымда жыры бар жылдардың, – дейтіні де сондықтан.

Әр ақынның өмірді көре білуі, сезінуі, қабылдауы, түйсіне 

білуі,  оны  өз  оқушысына  жеткізе  білуі  әртүрлі.  Кей  ақын-

дар  тез  сезініп,  шалқып  жырлайды;  асау  аттай  арындаған 

жырларында лапылдаған леп болады; бұрқ-сарқ еткен нәзік 

сезімдер  бір  сәтте  жарқ  етіп  жүрек  жырлары  боп  құйыла 

салады. Бір ақындар бұған керісінше. Ол өмірге ойлана қа-

райды. Өмірдегі әрбір құбылыс оны ойға қалдырады. Яғни, 

ақын өмірді философтарша танып, тебірене жырлайды. Он-

дай ақындарда көбінесе филолософиялық ой айту басым жа-

тады. Әбділданың творчествосында соңғысы басым. Ақын 

бірде өзі туралы ойлап жырласа, енді бірде достары, өзінің 

баласы туралы толғанып, жырлап кетеді. Мұның бәрі ақын-

ның ақындарға арнап айтқан жүрек сырлары тәріздес. 

Ақын өміріміздің келешегі, ұлы заманымызда істелген ұлы 

істерді ілгері жалғастырушы жастар туралы зор шабытпен 

жырлайды. Жастарға үлкен сенім артады, өйткені жастар ал-

майтын қамал жоқ:



–Сол ауыр тосқауды, қап-қара тастарды

БИЕТ



145

Достарым, жастарым аударып тастайды.

Кейде  осындай  үміт  күткен  жастардың  кейбір  болым-

сыз  қылықтарын  көргенде  ақын  ренжиді,  мұңая  жырлай-

ды. “Шығып ем жай ғана көшеге қыдырып” деген өлеңінде 

өмірдің қызығы арақ ішу, думандату деп түсінетін кей жігіт-

терге өкпе айтады. Ақын бұларды көргенде қиналады.

Жинақтағы тағы бір топ өлеңдер – арнаулар: “Асқар ақын-

ға”, “Айтекеме”, “Мариям апайға”, “Сырбайға”.

Жинақтағы “Қазықұрт” өлеңі оқушы ойын еріксіз өзіне ау-

дарады. Оңтүстік Қазақстанның көне Қазықұрт тауы өлеңге 

негізгі арқау болған.

–Тау болсаң болсайшы

Қазықұрт секілді.

Білмейтін астамсып,

Асқақтық етуді. 

Бұл  жетде  айтпағы  тек  тау  туралы  емес,  өлеңнің  өзінен 

көрініп тұрғандай-ақ, басқа нәрсе.

Қазықұрт  тауы  төбесін  мұз  басып,  құзына  бұлт  ұялаған 

Азия мен Еуропаның тәкәппар көксеңгір тауларындай емес, 

ол – сыпайылай айтқанда “кішкентай” тау. Бірақ, ол – хал-

қымыздың  “кең  төсек,  көк  майсалы”  ежелгі  мекені.  Хал-

қымыздың  тағдыры  Қазығұрттың  тағдырымен  тағдырлас. 

Тіпті, ежелгі аңыз бойынша, әлемді топан су басқанда тек 

Қазығұрт  тауын  ғана  су  баспайды.  Нұқ  пайғамбар  мінген 

кеме осында келіп қана аман қалады. Сөйтіп, Қазығұрт тауы 

адамзатты әлемді басқан апаттан құтқарады. Бұл тау ақын-

ның  ойынша,  адамға  деген  жақсылықтың,  бейбіт  өмірдің, 

тыныш еңбектің символы іспеттес. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет