151
САЙЫПҚЫРАН СҰЛТАНБЕК
(Сұлтанбек ҚОЖАНОВ)
А
лты алаштың ақсақалы Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) сонау бір
ақтың ақ болмай, қара болып, қараның қара болмай, ақ болып,
халқына адал қызмет еткендердің барлығы халық жауы атанып, дү-
ниенің астан-кестеңі шығып жатқан аласапыран бір кездерде «Асық-
паңдар, артымызда қазы бар, Сүйегіміз тексеріліп таразыға талай
әлі тартылар» десе, алаштың ақтаңгер ақыны Мағжан «Елге еңбегін
сіңірген ер қымбат. Ердің елге бағасы қаны бір болуда емес, жаны бір
болуда; қуаныш-қайғысы ортақ болуда. Ердің бағасы елге еткен ең-
бегінің зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында; ер
өмірінің өрі мен көрі ел өмірінің өрі мен көрімен бір болуында»
(Мағ-
жан Жұмабаев, Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1989, 345-бет)
– деп,
бұл сөздердің мәнін аша түскендей болған екен.
Өздерінің, «елім» деп жүрген басқа да өз замандастарының басынан
өтіп жатқан келеңсіз жағдайларға орай жазылған бұл сөздердің көре-
гендікпен айтылғандығын, өміршеңдігің бүгінгі күн дәлелдеп отыр.
Соның бір мысалын аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұс-
таз, ғалым, қаламы жүйрік көсемсөзші, ақын, аудармашы, ең бастысы
қазақтың біртуар айтулы азаматтарының бірі Сұлтанбек Қожановтың
тағдырынан көреміз.
Он тоғызыншы ғасырдың соңында Қаратаудың теріскейіндегі алыс
ауыл Ақсүмбеде өмірге келген Сұлтанбектің тіршілік ғұмыры ХХ ға-
сырдың басында Түркістан өлкесінде өткен аласапыран оқиғалардың
қақ ортасында өтті. Бар саналы ғұмырын туған халқына адал қызмет
етуге арнаған Сұлтанбектің тағдыры да елімен еншілес болды. Хал-
қымен бірге оның жарқын болашағы үшін күресті. Осы жолда ба-
қытын да көрді; халқы нәубетке ұшырағанда, осы жолда құрбандық
болып кете барды. Сол себепті де ұлттық дамудың тарихи тегершігі
кері айналған тұстарда, С. Қожанов та «ұлтшылдықпен» айыпталып,
халық жауы атанды; ұзақ жылдар бойы есімі «жабық» болып келді.
Сұлтанбектің есімі кеңес өкіметі жылдарында ақталғанымен де оның
шын мәніндегі халқымен қауышуы еліміздің тәуелсіздік алған жылда-
рында болды. Қазір тәуелсіз Қазақстанның рухани көгінде Сұлтанбек
Қожановтың жұлдызы жарқырай түсуде.
1937 жылы ұсталып, 1938 жылы халық жауы ретінде Мәскеуде
атылған «қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек сіңіріп, өш-
пес із қалдырған ірі тарихи тұлға» (А. Шәріп) С. Қожановтың есімі
жиырма жылдай жабық болып, заманның өзгеруімен 1957 жылдың
5-шілдесінде ақталды. Ақталды дегенмен де кеңес өкіметі жылда-
152
рында оның есімі халыққа еңбек сіңірген қоғам қайраткері есебінде
емес, көбіне ұлтшылдардың, компартиялық «сара жолға» қарсы шық-
қандардың қатарында аталып келді. Мысалы, С. Мұқановтың елуінші
жылдардың соңы, алпысыншы жылдардың басында жазылған ме-
муарлық «Өмір мектебінде» С. Қожанов туралы біршама шындықтың
сілемдері көрінгенмен де түптің түбінде оны антипартиялық бағыт-
тағы қайраткер ретінде бейнеленді. Десек те «қып-қызыл коммунист»
С. Мұқановтың айтып отырғандары сол көздің көзімен қарағанда,
жағымсыз көрінсе де, бүгінгі күннің оқырманы тәуелсіздіктің көзімен
қарағанда, Сұлтанбектей ардагерін тани түскендей болады.
С. Қожановтың азаматтық, қайраткерлік, шығармашылық бейнесін,
жалпы тұлғасын танытқан Р. Бердібай, Т. Қожакеев, Ә. Тәкенов, Т.
Көлбаев, М. Қойгелдиев, Б. Қойшыбаев, Қ. Ергөбек, Ж. Әлмашұлы,
А. Шәріп, Х. Тұрсын, А. Тасымбеков, Д. Салқынбек, Ж. Симтиков, Ж.
Уалханова, А. Әбікей, т. б. еңбектері жарық көрді. Осылардың ішін-
де Сұлтанбек туралы арнайы зерттеу кітаптарын жазған Жолтайдың
(Ж. Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы. Алматы, «Қазақстан», 1994,
128 бет), Амантайдың
Достарыңызбен бөлісу: