143
кендірер ащы бояумен әлемдік әдебиетке ендірді. Қазіргі таңда генео-
логиялық, рухани-физиологиялық, қоғами-философиялық өзгеріске
ұшырап үлгерген, ұлтсыздандыру процесінің қазанынан шыққан жаңа
мәңгүрттер қазақ пен қырғыздың билігін түгелге жуық жаулап алмады
ма? Егер ұлттың ең ұлы анасы тіл екенін назарда ұстар болсақ, сол
анасына мүлде менсінбей қарайтын, тіпті ұлтына да беті бүлк етпей
тас лақтыруға әр кез әзір тұратын космополит қырғыздар мен қазақ-
тардың тым көбейіп кетуі ортақ қасіретіміз екені айқын. Айтматов
суреттеген мәңгүрттер түбегейлі есінен айрылған болса, қазіргілер
оларға керісінше білімді, ғасыр мен техниканың, тіпті руханияттың
озық жетістіктерін меңгерген, бірақ табиғат заңдылығына кереғар,
өз анасын – ана тілін, ұлтын ашық түрде менсінбеуге көшкен, ғасыр
рухсыздығы мен ұлтсыздандыру саясаты тудырған жаңа сипаттағы
мәңгүрттер. Негізінен билік тапсырмасы арқылы қозғалатын бұл топ
біздің ұлттарымыз үшін анау көне мәңгүрттерден әлдеқайда қауіпті.
Өздеріңде жаңа бастама ретінде «американдық ұлт» ауқымында
көтерілген «қазақстандық ұлттың» ертең «қырғызстандық ұлтқа» ай-
нала салуы да әбден мүмкін. Ұлттарды тікелей жоюға алып баратын
осы процеске терең үңілсек, онда республикамыздағы орыстар Пуш-
кинімен, Лев Толстойымен, қазақтар Әбу Насыр әл-Фарабиімен, Аба-
йымен, өзбектер Ұлықбегімен, Әлішер Науаимен, қырғыздар Мана-
сымен, Шыңғыс Айтматовымен мақтана алмайтын жағдайға келмей
ме?»
(«Жас алаш», 18.09.2008).
Ш.Айтматов: «Әдебиет дегеніміз – адамның адам туралы әңгімесі.
Бұл әңгіменің шеті де шегі де жоқ» деген екен. Сол сияқты Айтматов
туралы әңгіме де ұзақ. Айтматов туралы шын әңгіме енді басталды.
Алла жазса, Шыңғыс туралы, оның шығармалары хақында алда әлі та-
лай-талай рет әңгіме ұзартарымыз анық... Әзірше сөзімізді ҚР Прези-
денті Н.Назарбаевтың мына бір сөздерімен аяқтағымыз келеді: «Пәк
махаббатты, адамгершілік пен отаншылдықты, қырғыз бен қазақтың
биік таулары мен жазира даласын нәзік лиризм мен терең ойларға құ-
рып, бөлмей-жармай жырлаған суреткердің кезінде ұлы Мұхтар Әуе-
зовтен бата алғаны біз үшін зор мақтаныш еді.
Шыңғыс Төреқұлұлы жақында ғана Қазақстанға арнайы келіп,
екеуміз бүгінгі жаһандану дәуіріндегі ел мен жер тағдыры жөнінде,
әдебиет пен мәдениет мәселелері төңірегінде ұзақ сұхбаттасып едік.
Қазақ елі Шықаңның асқаралы мерейтойын лайықты өткізуге бел
шешіп кірісіп кеткен болатын. Амал не, ажал шіркін, ұлы тұлғамызды
арамыздан қапыда алып кетті...
Жарты ғасырға жуық уақыт бойы әлемдік әдебиет додасынан өзінің
дара үнімен дүбірлетіп тұрған Шыңғыс Айтматовты өмірден озды
деуге қимаймыз. Оның адамгершілік пен жақсылыққа үндейтін, ұлы
гуманистік идеяларға толы шығармалары, жарқын дидары әрдайым
адамзатпен бірге жасай беретіндігіне ешбір күмән жоқ. Енді оның
екінші – мәңгілік өмірі басталады»
Достарыңызбен бөлісу: