Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет87/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   191
 (Тұран», 2001, №1). 

Күннің  көзін  алақанмен  қалқалай  алмайтының  сияқты,  қазақтай 

бүкіл бір халықты ұлттық болмысынан, ол үшін тілінен, мәдениетінен 

бірден айырып тастау мүмкін емес-тұғын. Отаршылдық  жүйе қазақ 

халқын ұлттық жадынан айыру үшін не бір қитұрқы әрекеттерге ба-

рып жатқанымен бұқара халықтың оған деген іштей қарсылығы әбден 

пісіп-жетіліп, сыртқа атылып шығуға сәл-ақ қалып тұрған болатын. 

Сталин қайтыс болғаннан соң бір аз ғана уақыт болған жылымықты 

пайдаланып Р.Бердібай бастаған бір топ ұлт зиялылары бастарын бәй-

геге тіге отырып, халқының көкірегінде мұз болып қатып қалған ар-

ман-аңсарларын батыл айта білді.                                                                             

  Б.Момышұлы айтпақшы, ерлік соғыс кезінде ғана жасалынбайды; 

бейбіт кезде де өмірдің барлық салаларында да жасалынуы мүмкін. 

Сондай ерлікті руханият майданында түпкі мақсаты қазақ ұлтын жо-

йып,  совет  халқына  айналдыру  болған,  басынан  башпайына  дейін 

марксизм-ленинизм ілімдерімен мұздай қаруланған советтік идеоло-

гияға қарсы күресте Р.Бердібай жасады.                                                                                  

Жаугершілік замандарда жаудан жеңіліп, әскерлер шегіне ұрысқан 

кездерде  ата-баба  рухын,  аруақтарды  шақырып,  жауға  қарсы  жеке 

шапқан қас батырлар болмаушы ма еді, сол кезде оның артынан рух-

танған жасақтар батырдың соңынан еріп, жаудың быт-шытын шыға-

рып жеңбеуші ме еді? Міне, Р.Бердібайдың осыдан жарты ғасыр бұрын 

атақты мақаласының жариялануы Сталиндік социализм саясатының 

екінші дүниежүзілік соғыста жеңіп, әлемнің үштен бірінде салтанат 

құрып, енді дүниежүзін өзіне қарату мақсатын алға қоя бастаған кезде 

бодан болғандығына жүз жылдан асып кеткенімен де қазақ халқының 

ұлттық рухының сынбағанын көрсетті. Өз халқының бар жақсы қа-

сиеттерімен суғарылып, тәрбиеленіп өскен Рахманқұл қазақ ұлтының 

озық ойлы азаматы ретінде өзінің ғана емес, бүкіл қазақ ұлтының ұлт-

тық ой-армандарын қорықпай, ашық білдірген еді. Рахманқұлдың ба-

сын бәйгеге тігіп жасаған бұл әрекеті руханият майданында жасаған 

ерліктің асқан үлгісі дерлік. 

Қазақ  әдебиетінде  жарты  ғасырдан  астам  еңбек  етіп  келе  жатқан 

Р.Бердібай қаншалықты қиындықтарға қарамастан осы алған бетінен, 

яғни  ұлтқа  қалтқысыз  қызмет  ету  бағытынан  бір  де  бір  рет  тайған 



182

емес. Рахманқұлдың елу жылдық шығармашылық жолы – ұлтқа әде-

биет, мәдениет, ғылым арқылы қызмет етудің жарқын көрінісі.

Ұлттық  рух,  сол  рухты  ұлықтау  оның  бүкіл  еңбектерінің  негізгі 

сарынын құрайды. Рахаңның әрбір мақаласынан, зерттеулерінен, мо-

нографиялық еңбектерінен, тіпті қарапайым тіршілікте сөйлеген сөз-

дерінен ұлтым деп соққан ұлы жүректің лүпілі сезіліп тұрады. Р.Берді-

байдың еңбектерінің бүкіл өн бойынан ұлтының ертеңіне деген қам, 

алаңдаушылық  байқалады.  Рахаң  айтқан  ойлар  ұлттық  идеяларды 

жаңа заманға орай жаңғыртып, жетілдіріп, толықтырып жатады. Егер 

қазір біз қазақтың ұлттық идеологиясы бар дейтін болсақ, Р.Бердібай 

соны жасаушылардың бірі, қазіргі қазақ ұлты идеологиясының көш 

бастайтын көсемдерінің бірі дер едік.

Р.Бердібай  былай  деп  жазады:  «Әрбір  ел  өзінің  өткен  жолын, 

жетістіктері  мен  жеңілістерін,  асыл  дәстүрлерін,  адамшылық  тәжі-

рибесін біліп, жақсы үрдістерден тағлым алып, қателіктерді қайтала-

мауға ұмтылуы керек. Әсіресе, басқыншы күштердің жауыздықтары 

салдарынан көңілі жер болып, өзіне деген сенімнен айрылып, жақсы-

лыққа да жамандыққа да селт етпей, мәңгүрттеліп кеткен қауымның 

рухын қайта тірілтуге атсалысу парыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет