(«Дәстүр қуаты», А.,2005, 60-бет).
Тағы бірде былайша толғанады: «Әдебиет әлеміне аяқ аттап келгелі
бері өз жағдайымнан гөрі қоғамдық мәселелерді көбірек ойлау, өмір-
дегі ұнамды құбылыстарға сүйіну, сұмдықтарға деген қарсылығымды
ашық айту дағдыма айналған»
(«Дәстүр қуаты», А.,2005,265-бет).
«Қазағым да, рахатым да, қасіретім де – қазақ, қазақтың тарихы, бай
мұрасы. Таяқ жейін, мейлі үлесімнен құр қалайын, қазақ үшін істеген
әрекетімнің бәрі қуаныш»
(«Ел боламыз десек...», А., 2000, 122 бет).
Р.Бердібайдың пайымдауынша, қазақтың басына төніп тұрған үш
түрлі қауіп бар. Олар: жер, тіл, дін. Осы мәселелерді дұрыс шеш-
сек қана тұғырлы ел болып қаламыз; бұлардың күнделікті тұрмыс-
тіршілікте, қоғамдық өмірдің түрлі салаларында дұрыс шешілмеуі
елдің болашағын бұлыңғыр етеді.
Рахаң ең алдымен, жерді көздің қарашығындай сақтау керектігін еске
салады. Өйткені, әрбір адам ана сүтімен ер жететін болса, әрбір халық
Жер-Ананың аясында өмір сүріп, тіршілік жасай алады. Жері жоқ ха-
лықтың өсіп-өнетін жағдайы жоқ; сондықтан да оның болашағы бұ-
лыңғыр. Жер бетіндегі соғыстың барлығы дерлік, біреудің жерін, оның
қойнауындағы байлықты басып алу үшін жасалынған. Мөде сияқты ата
қазақтар туған жердің бір тұтамына дейін өзгеге беруге болмайтынын,
оны қалай қорғау керектігінің асқан үлгісін көрсетіп кеткен. Рахаңның
еңбектерінде жердің тұтастығын, экологиясын сақтауға шақырады. Та-
биғатты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан қазақ жеріне төнген эколо-
гиялық апатқа назар аударады. Жер-суды ластауға, бұзушыларға қарсы
шығып, табиғаттың заңдарына орай өмір сүруге шақырады.
Р.Бердібай әдебиетші, ғалым болғандықтан да тіл, мәдениет, дін мә-
селелеріне көбірек көңіл бөледі. Ол «Қазақ елі еңселі ел болуы үшін:
183
– Қазақ тілінің республикада бірден-бір мемлекеттік, ресми және
ұлтаралық тіл екенін тұжырымдайтын Ата Заң бабы қабылдануы;
– Отаршылдар тарапынан жасалған зорлық-зомбылық салдарынан
жат елдерге ауып кеткен қазақтардың ата-мекеніне толық қайта ора-
луын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік уазипа-
сы деп мойындалуы;
– Қазақстанда тұратын барша диаспора мен этникалық топтар қазақ
тарихы мен тілін білетін болуы;
– Қазақ халқының дәстүрлі діні – ислам дінінен аздыру, қазақ жас-
тарын өзге діндер мен конфессияларға тартып шоқындыру әрекетін
ашықтан-ашық жүргізіп келе жатқандарға тиым салынуы тиіс»
(«Дәс-
түр қуаты», 2005, 24-бет
) – деп біледі.
Рахаң бүлініп жатқан істі басынан бастауды ұсынады. Ең алдымен,
еліміздің аты «Қазақстан Републикасы» дегенді «Қазақ Республика-
сы» деп жөндеуден бастауды ұсынады. «Тоқетері, мемлекеттің аты
«Қазақ Республикасы болмайынша, елдегі барша жұртшылық қазақ
халқының төңірегіне ұйыспайынша, келешегіміз күңгірт болмақ»
(«Дәстүр қуаты», А., 2005, 30-бет).
Рахаңның пайымдауынша, «Қазақстандық ұлт» деген теориялық
жағынан да, тәжірибелік тұрғыдан да болмайтын іс»
(«Дәстүр қуаты»,
А., 2005, 28-бет)
; «Азаматтық қоғам» – америкалық модель...»; «АҚШ-
тың мысалы бізге үлгі болуға жарамайды» (
сонда 29-бет)
. «Ел боламыз
десек, «ұлт» деген сөз ұлықталмай, тереземіз теңеспейді», «Барлық
істе, пікірде «Біз қазақ еліміз, демек, мемлекеттің де бірінші парызы
қазақ ұлтының еңкейген еңсесін көтеру, ұмытылған есесін қалпына
келтіру, ал республикадағы түрлі ұлт диаспораларының бақыты қазақ
халқының тарихи орны мен құқын мойындап, достық, ынтымақпен
өмір кешулеріне байланысты» дегенді анық айтсақ, ешкімнің де өті
жарылып кетпейді»
Достарыңызбен бөлісу: |