(Қараңыз: Фадли Әли. Ататүрік. «Қазақ», 5.Х.2007).
Бұл жерде Р.Бердібай ойларының бүкіл түркілік әлемге көтерілгенін,
түркі халықтарының ұлы көсемі Ататүрікпен үндес жатқанын көреміз.
186
Р.Бердібай тағы бірде мен «қандай мәселеге қалам тартсам да ең
алдымен, халқымның мұрат-мүддесін алғы кезекке шығарғым келді.
Менің кітаптарым мен мақалаларымның негізгі бір-ақ тақырыбы бар.
Ол – халқымның тарихы, тағдыры, бұрынғы халі, қазіргі жағдайы
және келешегі хақында толғаныс»
(«Дәстүр қуаты», А.,2005,57-бет)
–
деп, сырын сыртқа шығарыпты.
Шындығында да Р.Бердібайдың бүкіл саналы ғұмыры халқына қыз-
мет етуге арналған. Ол – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап,
күңіреніп жүрген қазіргі замандағы қазақтың Қорқыт атасы. Ғалым-
ды халқының қазіргі рухани жағдайы көп ойлантады. Сондықтан да
қайтсек келешегіміз кемелдене түседі деген ащы толғаныстарын қағаз
бетіне түсіруден танбай келеді.
ҒҰЛАМА
Қазақ тілінде арабтан енген “ғұлама” деген сөз бар. Мәні – ғалым-
дардың ғалымы, көп білетін терең білімпаз дегенді білдіреді. Шын
мәніндегі нағыз ғұламалар дегенде, бұрынғылардан Әл-Фарабидің,
кейінгілерден Ә.Марғұланның есімдері ойға оралады. Қазіргілерден
кімді дегенде, мен алдымен,академик Рахманқұл Бердібайдың есімін
алдымен атар едім. Ғалымның қазақ әдебиеті мен мәдениеті, одан
қалды түркология саласындағы іргелі еңбектері оны Қазақстан ғылы-
мының аса көрнекті қайраткерлерінің қатарына қосты; есімін жалпақ
елге мәшһүр етті; халықтың, елдің атынан сөйлейтін ардагер азамат
дәрежесіне дейін көтерді.
Р.Бердібайдың ғылыми-шығармашылық жолы сан қырлы. Қасиетті
қала Түркістанның төңірегінде туылып, білім қуған жастық шағы
соғыстың ауыр жылдарында, қиын жағдайда өткен Рахманқұлдың
әдебиеттегі алғашқы аяқ алысы өлең жазудан басталған. “Қазақ әде-
биеті” газетінде қызмет атқарған жылдар (1954-1959) қаламгер үшін
үлкен әдебиет мектебіне айналды. Сын бөлімін басқара жүріп, қазақ
әдебиетінің талай-талай келелі мәселелерін шешуге ат салысты; жазу
өнерінің қыр-сырларын меңгере түсті.
Р.Бердібайдың сынға ара-
ласа бастаған алғашқы жылдардағы әдеби бағытын оның “Қазақ әде-
биеті тарихының кейбір мәселелері
” (“Әдебиет және искусство”, 1956,
N-12; “Көкшетау правдасы”, 1954, 4 қаңтар)
атты проблемалық мақала-
сы айқын көрсетеді.
Мұнда қазақ әдебиетінің өткендегі мұраларын игеру мәселесін кө-
теріп, оған идеологиялық тұрғыдан біржақты баға берушілікті сы-
найды. Бұл кездің “Сталиндік ұлт саясатының” барынша “салтанат
құрып”, кереғар пікірлердің айтылуына жол берілмейтін, ал шығып
кеткеннің өзінде де оған тиісті қатал шаралар қолданылатын қуғын-
сүргін заманының соңғы толқындарының уақыты екенін ескере оты-
рып, мақалаға көз жіберсек, сыншының сол қилы кезеңнің өзінде-ақ
ұлттық әдебиетіміз жайлы еш қаймықпай, батыл айтқан пікірлерінен
азаматтық үлгісін көреміз: “Бір де бір азамат өз халқының мәдени
187
мұрасына енжар қарай алмайды. Әсіресе жазылып қалған тарихи де-
ректері көп емес қазақ халқының жағдайында әдеби шығармалардың
танытқыштық рөлі аса зор... Көптеген зерттеулер мен мақалаларда
көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігі ескерілмеді. Ғылыми дәлелдің
орнына жалған саясатшылдық догма үстем болып келді. Шығарма-
лардың рухы ескерілмей, жекелеген фактілер ғана есепке алынды...
Көркем шығармадан “идеялылық” дегенді бөліп алып, жеке дара
қараушылық пайда болды. Есте жоқ ескі заман туған шығармаға да
қазіргі күннің талабы тұрғысынан қарадық. Көркем шығармада бай,
молданың аты аталса, нағыз бисаясаттық болып көрінеді. Міне, осын-
дай көзқарастың нәтижесінде “Қамбар батыр” мен “Қозы Көрпештен”
басқа жырдың бәрі де құбыжық болып көрінеді. Жылдар бойы небір
халықтық шығармалар жарық көрмей кетті... Жырда немесе жеке шы-
ғармада орыс патшаларына қарсы ілуде бір сөз айтылса, ол шығарма
халықтар достығына зиян деп табылды. Міне, осындай жалған кон-
цепция осы күнге дейін жойылып біткен жоқ. Бұл әдебиет зерттеуінің
тым табандап қалуына себеп болған жайлар. Осы тұрғыдан алып қара-
ғанда, әдебиет тарихын қайта қарау мәселесі қазіргі мәдени өмірімізде
аса зор маңызы болмақ...”
Мақалада қазақ әдебиетінің, әсіресе оның тарихын зерттеудің аса
зәру мәселелері батыл көтерілді: «Әдебиет тарихын зерттеудегі басты
кемшілік қайсы?.. Бәрінен бұрын көптеген зерттеулер мен мақалалар-
да көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігі ескерілмеді. Ғылыми дәлелдің
орнына жалған саясатшылдық, догма үстем болып келді. Шығарма-
лардың рухы ескерілмей, жекелеген фактілер ғана есепке алынды.
Сол себепті қазақтың бай ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті құс түткендей
жұлмаланып, шым-шытырық болды. Әдеби зерттеулерде ғылыми те-
реңдіктен гөрі, нигилистік «ұр да жық» әдет басым орын алды... Әр
заманның әдебиетінде өз дәуіріне лайық идеялардың ғана айтылаты-
нын мойындамадық. Көркем шығармадан «идеялылық» дегенді бөліп
алып, жеке дара қараушылық пайда болды. Есте жоқ ескі заманда туған
шығармаға да қазіргі күннің талабы тұрғысынан қарадық. Көркем шы-
ғармада бай-молданың аты аталса, нағыз бисаясаттық болып көрінді».
“Қазақ әдебиеті” газетінде жылдар Рахаңның қаламын ұштаған,
әдеби-мәдени-әлеуметтік өмірге еркін араласқан, әдебиет майданына
өзіндік мінезімен топ жара кіріп, қазақ әдебиетінің шешілмей жатқан
күрмеулі мәселелерін батыл көтеріп, бетің бар, жүзің бар, партия ба-
қылап тұр-ау деп, ешкімнен қаймықпай өміршең пікірлер айта алған,
журналистикадан басталған жолдың сыншылыққа ұласып, жауынгер
сыншы ретінде танылған шыңдалу мектебі болды. Жұмыссыз қалған
оны өмірдің толқыны Қазақ Республикасы Ғылым Академиясының
Әдебиет және өнер институтына алып келді; алдымен осында аспи-
рантураға түсіп (1959), оны бітірген 1961 жылдан бері кіші ғылыми
қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы болып, әдебиетта-
ну ғылымы саласында жемісті еңбек етті. Арада аз ғана уақыт (1968-
1970) Қазақ совет энциклопедиясында бас редакцияның жауапты
188
хатшысы болып істеген кездерінде де жаңа жұмыстың бастан асып
жатқанына қарамастан, әдеби процеске араласуын, ғылыми ізденіс-
терін үдетпесе, әлсіреткен жоқ.
Р.Бердібайдың сыншылық, ғалымдық шығармашылығының бас-
ты ерекшелігі дегенде, алдымен, оның диапазоны кең, жан-жақты
білімдар ғалым екендігі бірден көзге түседі. Ол – мейлі, бүгінгі әде-
биетіміздің жай-күйін, немесе ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының
әлі де жете зерттелінбей жатқан өзекті өңірлерін барласын, немесе
туысқан халықтар әдебиеті жайлы ой бөліссін, әдебиеттің теория-
лық мәселелерін әңгімелесін, әдебиет атты алтын қазынаның терең
қыртыстарын қопарып, сыр тарта алатын, толғанысқа толы пайымды
пікірлерін дәлелді де сенімді жеткізе білетін әмбебап қаламгер.
Оның әдебиет саласындағы еңбектері іштей жіктегенде, бірнеше
бағыттарда көрінеді. Ол ең алдымен, публицист, әдебиет сыншысы,
бүгінгі әдебиеттің тамыршысы ретінде танылды. Елуінші, алпысыншы
жылдардың әдеби сынында Р.Бердібай қалам тартпаған тақырып жоқ
шығар, сірә. Ол қазіргі қазақ әдебиетінен бастап, әдебиеттің тарихы-
на, фольклорына, туысқан халықтар, шетел әдебиетіне арнап ондаған
мақалалар жызып, сын майданының алдыңғы шебінде жүрді. Жаңа
шығып жатқан кітаптардан бастап, жекелеген қаламгерлерге дейін
сыншының сын назарына ілінбегендері некен-саяқ қана. Оның қазақ
әдебиеті мен мәдениетінің зәру мәселелерін көтеріп батыл жазған мақа-
лалары кезінде қоғамдық пікір туғызып, қызу пікірталасуларға ұласып
жататын. Өткір жазылған кей мақалалары сол заманның стандартты
саясатына сәйкес келмей, жоғарыда саясатты жүргізіп отырғандар-
дың мазасын алып, өзі де сол үшін пайда таппай, саяси сенімсіздердің
қатарында жүрді. Есесіне ғасырлар бойғы бодандықтың салдарынан
мүлгіп жатқан туған халқының ұйқыдағы сана-сезімін оятып, ұлттық
дамуға қарлығаштың көмегіндей болса да өз үлесін қосты.
Елуінші, алпысыншы жылдардағы қазақ жастарының біразының
сол кездері газет-журнал беттерінен түспейтін Рахманқұлдың ойлы
мақалаларын оқып, нәр алып өскені де рас. Ғалым сыншының қо-
ғамдық өмірге белсене араласып, пікір білдіріп отыруы дәстүрге ай-
налған. Сексеннің сеңгірінен асып кетсе де оның қаламынан шыққан
әдебиетіміз бен мәдени өміріміздің өзекті өңірлерін терең барлаған,
мәселе көтеріп, парасатпен пайымдаған проблемалық мақалалары
қазір де республикалық басылым беттерінен көрініп тұрады.
Р.Бердібай – қазіргі қазақ әдебиетінің үлкен зерттеушілерінің бірі.
Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасу мәселелерінен кандидаттық, қазақ
романының теориялық проблемаларынан докторлық диссертация-
лар қорғады. “Әдебиет және өмір” (1964), “Октябрь және қазақ совет
әдебиеті” (1966), “Социалистік реализм туралы” (1966), “Роман және
заман” (1967), “Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы” (1968), “Қа-
зақ совет әдебиетінің қалыптасуы” (1971), “Дәстүр тағлымы” (1973),
“Қазақ романы” (1975), “Аңыздан романға” (орыс тілінде, 1976),
“Ғасырлар толғауы” (1977), “Қазақ тарихи романы” (1979), “Биік
189
парыз” (1980), “Замана сазы” (1985), “Тарихи роман” (1997) секілді
кітаптарында бүгінгі кез әдебиетінің даму, теориялық, практикалық
мұқтаждықтары жайлы толғамды ойлар айтылады. Дәуірдің жазушы
шығармашылығына тигізер әсері, социлистік реализм әдісінің көркем
әдебиетте көрінісі, сюжет пен характер, замандас бейнесі, жанр сипат-
тары нақтылы қарастырылған.
“Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы” атты монографиясында оты-
зыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің поэзия, проза, драматургия,
сын мен әдебиеттану салаларында туған татымды туындылары диа-
лектикалық даму тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттелінген. “Әдебиет
және өмір”, “Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы”, “Биік парыз”
сияқты еңбектерінде бүгінгі әдеби өмірдің өзекті мәселелері, жекеле-
ген қайраткерлері, көркемдік процестердегі жаңалықтар, кейіпкерлер
келбеті, т.б. ғылыми тұрғыдан талданылады.
Ал “Роман және заман”, “Қазақ романы”, “Қазақ тарихи романы”,
“Аңыздан романға”, “Тарихи роман” атты кітаптары түгелге жуық қа-
зақ прозасына, оның ішінде роман жанрының жай-күйіне арналған.
Ғалымды қазақ әдебиетінің өресі биік жанры романның жанрлық, ти-
пологиялық мәселелері көп қызықтырады; сол себепті де қазақ рома-
нының теориялық жақтарын зерттеуге едәуір көңіл бөледі. Зерттеуші
қазақ романшыларының өнерпаздық ерекшеліктерін, жанрдың даму
тенденцияларын жан-жақты ашып көрсету мақсатымен типологиялық
зерттеу әдісін көбірек қолданады.
Ғалым қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің романдық шы-
ғармашылықтарын арнайы зерттейді. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жан-
сүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты
классиктермен бірге І.Есенберлин, А.Тоқмағанбетов, Х.Есенжанов,
З.Шашкин, Т.Әлімқұлов, Т.Ахтанов, Д.Әбілов, Ә.Әлімжанов, С.Жүні-
сов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, З.Ақышев, Т.Молдаға-
лиев, Қ.Сәрсекеев, Ш.Мұртаза, С.Сматаев, Д.Досжан, т.б. тарихи ро-
мандары жайлы қызықты байқаулар жасап, толымды ойлар қорытады.
Сондай-ақ басқа да халықтар әдебиетіндегі осы тақырыптағы таңдау-
лы тарихи романдарға да назар аударып, салыстырулар жасайды.
Тарихи тақырыпқа жазылған романдарды іштей роман-хроника,
тарихи-көсемсөздік, тарихи-ғұмырнамалық, тарихи-этнографиялық
секілді түрлерге жіктеп, оларға тән өзгешеліктерді сипаттайды. Ең
бастысы қазіргі қазақ романының дамуындағы басты бағыттар, жанр-
лық ерекшеліктер, көркемдік құбылыстар, жетістіктер мен кемшілік-
тер, әрбір қаламгердің қазақ прозасына әкелген жаңалығы, қосқан
үлесі, өзіндік қолтаңбасы, бейнелеу өрнектері сияқты көптеген сауал-
дарға тиянақты жауаптар беріліп, ғылыми тұжырымдар түйілген.
Р.Бердібайдың зерттеулерінде М.Әуезовтің шығармашылығы едәуір
орын алады. Оның жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәсе-
лелеріне арналған зерттеулерінің барлығында дерлік ұлы жазушының
шығармаларына соқпай кетпейді.
190
“Уақыт – әділ сыншы” дейді дана халық. Тарихымызда қаншама
ақындар, жазушылар өткен. Бірақ солардың қаншамасының шығарма-
лары уақыт тезінен өте алмай, тарихтың шаңына көміліп, бүгінгі күн-
ге жете алмай қалған. Ал, Мұхтар сияқты біртуар даналардың өлмес
өнер туындыларының уақыт өткен сайын асыл тастай құбылып, қызыл
гүлдей құлпырып, жарқырай түсетіні неліктен? Р.Бердібайды жазушы
прозасының, оның ішінде қазақ әдебиетінің жиырмасыншы ғасырда-
ғы шырқау шыңы саналатын “Абай жолы” роман-эпопеясының өмір-
шеңдік сырлары қызықтырады. Қазақ романына арналған еңбектерінің
негізін де осы “Абай жолы” эпопеясы жайлы зерттеулері құрайды.
Ұлы жазушының жүз жылдығы қарсаңында бұрынғы ізденістерінің
нәтижесі, қорытындысы іспеттес “Мұхтар шыңы” атты жаңа кітабы
өмірге келді. Еңбекте М.Әуезовтің қаламынан шыққан “Абай жолы”
роман-эпопеясы тек “Мұхтар шыңы” ғана емес, сонымен бірге қазақ
әдебиетінің де шырқау шыңы тұрғысынан жан-жақты зерттелінеді.
Жазушыны осындай биікке көтерген өмір жолы, шығармашылық мек-
тебі, дарын қуаты, өнерпаздық қырлары, шеберлік сырлары сияқты
көптеген мәселелерге тереңдеп бару арқылы “Абай жолы” романда-
рының көркемдік құпияларын аша түседі. Сонымен бірге атақты эпо-
пеяның шығармашылық тарихы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік
қасиеттері, әдеби сында бағалануы, ең соңында ұлы жазушының осы
шығармасы үшін қудалануы нақтылы талдауларға, деректерге сүйене
отырып, қызықты әңгімеленген. Р.Бердібайдың бұл еңбегі – бүгінгі қа-
зақ әдебиеттану ғылымының биік өресін байқатып, Мұхтартану ілімі-
не қосылған сүбелі үлес.
Ғалым зерттеулерінің үлкен бір саласы – фольклористка. Жиыр-
масыншы ғасырдағы қазақ әдебиетін даму үстінде типологиялық тұр-
ғыдан зерттеу оның арғы тамырлары ауыз әдебиетінде жатқандығына
көз жеткізді. Осы мәселеге арналған кітаптарының “Аңыздан роман-
ға”, “Сарқылмас қазына”, “Кәусар бұлақ” аталуы да осы себептен бол-
са керек. Зерттеушінің көзінің жеткені – сөз өнерінің төркіні фольк-
лорда жатыр; халықтың ғасырлар бойы жасаған, уақыт тезінен өтіп,
рухани қазынасы жинақталған ауыз әдебиетінен нәр алып суарылған
шығарма ғана шын мәніндегі өнер туындысы болмақ.
“Қазіргі әдебиетіміз профессионалдық жағынан қаншама биікке кө-
теріліп, кемелдене түссе де өзінің нәр алатын қуатты бұлақтарының
бірі фольклор екенін “ұмытатын” емес”. “Фольклор туындыларының
кейбіреулері шындығында да көркемдік ойлаудың өткен кезеңдегі
деңгейінің белгісі, көрсеткіші болса, қайсы біреулері өзінің ішінде
қаншама қуатты идеяларды “сақтап” жататынын көреміз. Көптеген
аңыздың, символдардың, мифтердің, тарихи әңгімелердің талантты
ойшыл жазушылар назарына ілініп, қуатты көркемдік күшейткішке
айналып отыратыны осыдан” (“Сарқылмас қазына”, Алматы, 1983,
240, 245-беттер) – деген сияқты жолдардан күні кешеге дейін ауыз
әдебиеті сөз өнерінің төменгі сатысы деген жалған саяси теориясы-
мақты жоққа шығарған алғашқы пікірлердің бірін көреміз.
191
“Қазақ эпосы” (1982), “Эпос – ел қазынасы” (1995) сияқты күрделі
еңбектерінде қазақ халқының аса бай эпостық мұрасының проблема-
лары зерделенген. Эпостанудың келелі мәселелеріне арналған “Қазақ
эпосында” осы тақырыпты зерттеу тарихы, көне эпос, қаһармандық
эпос, ғашықтық эпос, тарихи жырлар арнайы тарауларда қарасты-
рылған. Ал “Эпос – ел қазынасында” қазақ фольклористикасында
бұрын-соңды арнайы сөз болмаған, болса да аз зерттелінген эпостық
жырлардың біразын алғаш рет ғылыми айналымға қосады. Ертегілік
эпос, діни дастандар, көне аңыз-әпсаналар, ноғайлы дәуірінің жырла-
ры, билер сөзі жайлы тыңға түрен салғандай, соны пікірлер айтады.
Бұрындары “жабық” болып келген “Қырымның қырық батыры”, “Еді-
ге батыр”, “Ер Шора”, “Ер Сайын”, “Қарасай – Қази”, Абылай хан,
Кенесары туралы жыр-дастандар хақында мол мағлұматтар берілген.
Олардың халықтық сипаты, отаншылдық рухы, көркемдік қасиеттері
бүгінгі оқырманды елітпей қоймайды. “Эпос – ел қазынасы” – қазақ
ауыз әдебиетін, оның ішінде эпостың түп-төркінін, тарихи негіздерін,
жанрлық түрлерін, типологиясын тереңдей зерттеп, тың деректермен
байытқан, бүгінгі фольклористика ілімінің биігінен жаңаша пікірлер
айтқан іргелі еңбектердің бірі.
Жалпы Р.Бердібай фольклорлық, әдеби мұраға қатысты еңбектерін-
де әдебиет атты мұхитта еркін жүзіп, тереңіне еркін бара алатын айы-
рықша қабілеттілік танытады. Ол ауыз әдебиетінің тарихилық, ха-
лықтық, көркемдік қатпарларына жаңаша көзқараспен қарап, оларды
игеру, бүгінгі егеменді елдің рухани игілігіне айналдыру мақсатында
қыруар игілікті істер атқарды.
Ғалымның бұл саладағы соңғы елеулі еңбегі – “Эпос мұраты”
(1997). Мұнда автор өзінің бұрынғы эпос туралы зертеулерін әрі қа-
рай жалғастырып, өзі ұсынған жүйелеуін ғылыми тұрғыдан негіздей
түскен. Мысалы, ол көне эпос, қаһармандық эпос, ғашықтық эпос, та-
рихи жыр туралы ойларын өрбітіп, жаңа деректермен толықтырады.
Қазақ эпосының шығу тарихы, жанры, көркемдік ерекшеліктері жай-
лы ғылыми маңызы бар пікірлер баршылық. Сондай-ақ эпосты шы-
ғарып, айтып, таратушы жыршы, жырау, термеші сияқты қазақтарға
ғана тән өнер құбылыстары жайлы да әңгімеленеді. Кітаптың екінші
бөлімінде қазақ эпосын халықтың тарихымен, басқа да елдер эпосы-
мен, әсіресе Шығыс поэзиясымен, моңғол эпосымен байланыстарын,
ортақ шежірелерін салыстыра отырып зерттеуі ғалымның аса білікті
мол эрудиясын байқатады; қазақ эпосын әлемдік фольклористика дең-
гейіне шығарып, көкжиегін кеңейте түскен.
Рахманқұл Бердібай әрқайсысы екі кітаптан тұратын үш томдық
“Қазақ әдебиеті тарихының” үшінші томын жазуға атсалысты; жауап-
ты редакторы болды. Мәскеуде шыққан “Көп ұлтты совет әдебиетінің
тарихы”, он екі томдық “Қазақ совет энциклопедиясының”, төрт том-
дық “Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедиясының” авторларының бірі.
192
Достарыңызбен бөлісу: |