376
көтеріліп отырған жоқ. Өткен ғасырдың бас шенінде көтерілген
болатын. Мысалы, 1926 жылы түркітілдес халықтардың өкілдері
Бакуде бас қосып ортақ әліпбиге көшу туралы шешімге келген тұ-
ғын. Сол шешімнен кейін, түркі халықтары түгелге жуық латын
әліпбиін қолданысқа ендірді. Бірақ кейін Кеңес үкіметі бір күнде
оны өзгертіп, орыс графикасына көшіріп жіберді. Ал сол бұрын-
ғы шешім бойынша Түркия латын әліпбиінде қалып қойды. 1991
жылы түркітілдес халықтар тәуелсіздік алған кезде, осы мәселе
қайтадан көтерілді. Сөйтіп, ғалымдардың көпшілігі түркітілдес ха-
лықтардың бірлігін сақтау үшін, басқа ұлттарға сіңіп кетпеу үшін,
жаһандануға жұтылып кетпеу үшін, ортақ әліпби жасауды ұсынған
болатын. Түбінде біз латын әліпбиіне көшуіміз керек. Мұның бір-
неше себептері бар:
Біріншіден, түркі халықтарының бірлігі үшін. Түркі халықтары
бүгінге дейін жасанды түрде бөлшектенген. Күні кешеге дейін
Ташкент қазақтың қаласындай болып келді. Менің ауылым сол
маңда болды да той томалақ, ас беретін болса біздің елдің қазақ-
тары керек-жарақтарын Ташкенттің базарынан әкелетін. Керек
болса, қазақтың ұлт зиялыларының біразы сол жерден шыққан.
Шекара деген болмаған. Қырғыз, өзбек деген қазақтың рулары
секілді әсер еткен. Ал мына тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті бізді
жасанды түрде бөліп тастады. Бөлшектенген мықтылық емес. Бұл
әлемдік жаһанданудың аузына бөлшектеп-бөлшектеп салып беруге
дайындағанмен бірдей. Шекараның болғаны дұрыс, болсын. Бірақ,
түркі тектес халықтардың рухани құндылықтары бірге болуы ке-
рек. Оған жеткізетін бірден бір құрал – тіл, әдебиет, мәдениет. Жаңа
әліпби міне, осыған қызмет етеді.
Осы жерде тағы бір мысалды айта кеткен жөн. Араб тілінде
жиырма шақты елде тұратын екі жүз миллиондай халық сөйлейді.
Тілі бір болғанмен, араб әлемінің шығысындағы Ирақтық пен ба-
тысындағы Морокколық бір-бірімен сөйлескенде, еркін кете алмай-
ды. Ал арабтың әдеби тілімен сөлескенде, жақсы түсініседі. Сонда
екі жүз миллиондай халықты араб қылып отырған – әдеби араб тілі.
Араб елінің барлығында бүкіл білім, ғылым, саясат осы әдеби араб
тілінде, яғни Құранның тілінде жүреді. Шетелдерде араб тілін оқы-
ғанда, осы жалпы араб елдеріне ортақ әдеби араб тілін үйренеді.
Сөйтіп, арабтың әдеби тілі екі жүз миллионнан астам халықты тегі
жағынан да, рухы жағынан да туыстырып, үлкен бір ұлттың ша-
ңырағы астында ұстап отыр. Ортақ тілдің құдіреті деген мына осы
жерден айқын көрінеді. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, латын
графикасына негізделген түркі халықтарының әліпбилері түптің
түбінде туыстас халықтарды жақындата түсуге қызмет етуге тиіс.
Екіншіден, қазақ әліпбиінде қазір 42 әріп бар. Соның он шақты-
сы – қазақ тілінде жоқ артық таңбалар. Бұл харіптер орыс тілінен
енген сөздерді түбірін сақтап жазу үшін керек болған. Орыс тілі-
нен енген сөздерді түбірін сақтап жазу – қазақ тілінің негізгі заңы
377
– үндестік заңына тіпті қайшы. Латын әліпбиіне көшу тілімізді,
сөзімізді басқа тілдерден жөнсіз енген қоқыстардан тазарту үшін
де керек. Тіліміздің өзіндік заңдылықтарын қалпына келтіріп, жат
әріптердің көзін жоғалтуға таптырмайтын бірден бір амал.
Үшіншіден, қазіргі заманның талаптарына сәйкес. Бүкіл әлем-
дегі білім-ғылымның 80 пайызы латын графикасындағы ағылшын
тілінде. Жақында мен Қытайға бір халықаралық конференцияға ба-
рып келдім. Бір жарым миллиард халқы бар ұлт тек ханзу тілінде
сөйлейтін шығар десем, олай емес екен. Ол жақта да білім-ғылым
ағылшындана бастаған. Конфренция бастан-аяқ ағылшын тілінде
өтті. Сондықтан біздің жастарымыз мына өркениеттен өзінің ор-
нын алу үшін, әлемдік, қоғамдық дамудан қалмауы үшін білім-ғы-
лыммен қарулануы керек. Ол білім-ғылымның негізі, әдебиеттегі
көзі осы латын әліпбиінде жатыр. Оның үстіне компьютер, интер-
неттің бәрі осы ағылшын тілінде ғой, сол үшін де латын әліпбиі
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: