Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Қазіргі қазақ әдебиетінің хал-ақуалы қалай?



Pdf көрінісі
бет164/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Қазіргі қазақ әдебиетінің хал-ақуалы қалай? 

– Қазақ әдебиеті, мәдениеті, өнері қазір тыныстап тұрған сияқты. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық әдебиет дүркіреп дамып кетпеді, 

керісінше,  кібіртіктеп  қалғандай.  Азат  елдің  халықтық  рухы  кө-

теріліп, әдебиетіміз мен мәдениетіміздегі  ұлттық дәстүрді әлемдік 

өркениетке бір-ақ шығарамыз деп ойлап едік, бірақ олай болмады. 

Мұның бірнеше себебі бар:

 Бірінші, жүз елу жылға созылған отарлаудың салдарынан ұлт-

тық рухымыз әбден тапталыңқырап қалған еді. Содан күні бүгінге 

дейін езіліп қалған ұлттық рух қалпына келе алмай жатыр. Бізден 

басқа ұлттық республикалар бірден ұлттық тілі мен ұлтық рухын 

көтеріп, сана-сезімін қалпына келтіріп алды да бүкіл мемлекеттік 

саясаты ұлттық арнада жүріп кетті. Түрлі обьективтік және субь-

ективтік себептерге байланысты бізде бұлай болмады да мұның өзі 

әдебиетіміздің тоқырауына алып келді.

  Екінші себеп, біздің тәуелсіздігіміз мынау жаһандану үрдісіне 

қабат келді. Есімізді енді жиямыз деп жатқанда, жалғанды жалпа-

ғынан басып, жұтып келе жатқан жаһандануға душар болдық. Жал-

пы ашық демекратиялық қоғам құрып жатқан бағытымыз дұрыс. 

Солай деп, бірақ өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық 

мұрамызды  толық  игермей  жатып,  еңсемізді    көтермей  жатып, 

екінші  соққыға  ұшырап  жатырмыз.  Бұдан  әліге  дейін  есеңгіреп 

тұрмыз. «Жаһандану» – ұлт атаулыға түбегейлі қарсы. Әдебиет пен 

мәдениет бірі бірімен араласып, тоғысып жатады ғой, ал қазіргі ға-

ламдасудың мақсаты мүлдем бөлек. Мұның басты мақсаты – бүкіл 

әлемді батыстық мәдениетке көшіру. Әлем халқын бір тілде сөй-

лейтін, батыстық өмір салтымен өмір сүретін халыққа айналдыру.  

Кеңес үкіметі кезінде кеңес халқын бір ұлт болуға шақырмады ма? 

Оның қателігі де осында. Міне, біз осылайша жаһандануға қойып 

кеттік. Егер біз ұлттық рухымызды, ұлттық құндылықтарымызды 

көтере алмасақ, қаптап жатқан рухани соққылардан тұра алмай қа-

луымыз әбден мүмкін.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет