Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Сіздің осы әңгімеңізден кейін біздің ғалымдар ойланатын



Pdf көрінісі
бет157/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   191
– Сіздің осы әңгімеңізден кейін біздің ғалымдар ойланатын 

шығар?

–  Біртіндеп,  біртіндеп  мұны  мойындай  бастадық.  Біздің  әде-

биетіміздің тарихын кешегі  1960 жылға дейін ХVІІІ ғасырдан бас-

тап келдік қой, Б.Кенжебаевтың бастауымен Мұхтар Мағауин қазақ 

әдебиетінің тарихын арғы қазақ хандығынан бастаса, ал Мырзатай 

Жолдасбеков VI-VII ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларына дейін 

апарды ғой. Ал қазір қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу  тереңдеп 

бара жатыр. «Авеста» тек парсылардікі ғана емес, оған түркі ха-

лықтарының да қатысы бар» деген сипаттағы пікірлер жоғары оқу 

орындарының бағдарламасына кіре бастады.

  Ең ежелгі мәдениеттің өкілдеріне шумерлер, ал «шумер жазула-

ры» алғашқы тарихи ескерткішке деп саналып келген болатын. Ал 

шумерлер кім дегенде, «ол – еврейлердің арғы аталары» деген пікір 

айтылатын.  Ал  Әзірбайжан  ғалымдары  «шумерлер»  түркілердің 

арғы аталары деп отыр. Түріктің ғалымдары да осындай пікірде. 

Ал бізде – басқаша. Сондықтан бізде қазақ халқының, оның әде-

биетінің тарихын зерттегенде, тереңінен ойланатын мәселелер бар-

шылық  керек. Әзірбайжан ғалымдарының зертеулерімен танысып, 

олармен пікір алмасқанымыз пайдалы болмақ. Олардың ғалымда-

ры  бізге  келіп,  конфренцияларға  қатысып,  біздің  ғалымдар  олар-

ға барып, аралас-құралас болу өзімізді-өзіміз тануға, түркі тілдес 

халықтардың тамыры, түбірі бір екендігіне, рухани бірлігіне, бұл 

түркі  тілдес  халықтардың    Еуразияда  есте  жоқ  ескі  замандардан 

келе жатқанына көзімізді жеткізе түсер еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет