379
йынша жоғары білім алған Хуаң қытай, қазақ тілдеріне қоса, түркі
тілдерінің көпшілігінде, ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлейді.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде эпостық жырларын
зерттеп, қытай, қазақ тілдерінде монографиялар жазған, жүзде-
ген ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрген танымал ғалым
екен. Қытайда болғанымызда, қазақ тілін жақсы меңгерген қытай
ғалымдарымен жүздесіп, дидарластық. Олардың қатарында қазақ-
тың тілін, әдебиетін зерттеп жүрген Бейжіңдегі Ұлттар универси-
теті әдебиет факультетінің деканы Жаң Діңжің мен Құлжадағы Іле
педагогикалық институты филология факультеттерінің деканы У
Жинфың және әйгілі ғалым, профессор Би Хун бар.
Қытайдың экономикасы да, тұрмысы да, рухы да біраз көтеріл-
ген. Әлемнің әр жерінен барған ғалымдардың келіп-кету ақысын,
жатын-тамақ шығынын толық өздері көтерді. Демек, бұл Қытай
экономикасының көтерілуінің арқасында ғылымға ден қоя баста-
ғанын көрсетеді. Ғылымға қанша қаржы керек болса, соның бәрі-
не ақша тауып беруге мүмкіндігі бар. Қытайда тұрып жатқан 55
ұлттың барлығының ұлттық мәдениетін зерттеуге жағдай жасауға
кіріскен. Аз ұлттардың әдебиетін, мәдениетін, тарихын зерттеуге
толық мүмкіндіктер берілген. Мәселен, бізбен көрші Шыңжаңға
соңғы жылдары 100 миллиардтай доллар ақша бөліп, ол аз санды
ұлттардың әлеуметтік, рухани жағдайын жақсартуға жұмсалған.
Жазушылардың кітаптарын шығарып, қалам ақыларын беріп
отыр. Одан артық оларға не керек. Үй мәселесін де шешіп қойған.
Біздікілер сияқты үйсіз-күйсіз жүрген адамдарды кездестіру қиын.
Айтыстың өзіне жылына пәлен миллиард ақша бөлінеді екен. Ау-
дан, облыс, республикалық айтыстар жыл сайын өтеді. Ақындар
әлеуметтік келеңсіздіктерді сынға алды ма, ол биліктің құлағына
сол мезетте жетіп, тезге салынып отырады екен. Айтысты мемле-
кет тікелей өзі қаржылардырып отыр. Қытайда айтысты ғылыми
түрде зерттеу иниституты жұмыс істейді. Іле қазақ автономиялы
облысының Күйтін қаласындағы университетте айтысты зерт-
тейтін ғылыми орталық (бастығы Жәкен Қауытұлы) және болашақ
айтыс ақындарын арнайы тәрбиелейтін бөлім бар. Төрт жыл бойы
әдебиетті, оның ішінде сөз өнері – поэзия тереңдетіліп оқытыла-
ды. Енді термені де осылай жасауды қолға алмақшы екен. Терме де
айтыстан бірде бір кем емес, нағыз ұлттық, нағыз философиялық,
нағыз тәрбиелік, нағыз гуманитарлық бағыттағы өнер ғой. Термені
қолға алудың өзі бұл елде гуманистік рухта адамзаттық тағылым-
дық тәрбие беруге барынша мән беріп отырғанын байқатса керек.
Шыңжаңдағы елге белгілі Шәміс Құмарұлы, Әуелхан Қалиұлы,
Бексұлтан Қасейұлы, Лұқтархан Әділханұлы, Еркін Ауғани, Мұх-
тар, Иясын Құмарұлы, Ыдырыс Әділқанов, Бақтыхан Біләлұлы,
Үрімжібай Жетібайұлы, Нұрсейіт Мамырбекұлы, Иясын Жұбпай,
Әбдіхалық Оспанқарыұлы, Мәтқабыл Мұхамедкәрім, Сырайыл
Ысқақұлы сияқты қазақ зиялылары мен ғалымдары қазақ тіл мен
380
әдебиеті, мәдениеті мен өнеріне айтарлықтай үлестерін қосыпты.
Айтысты ЮНЕСКО ұйымына қазақтың атынан тіркетеміз деп біраз
еңбектенген екен, біздің елдің наразы болуымен тоқтатыпты. Тоқ
етерін айтқанда, бізде жасалуға тиісті біршама істер сондағы қазақ
зиялыларының ат салысуымен атқарылып жатыр.
Бізде де осындай айтысқа мемлекеттік қолдау көрсетілуі тиіс.
Айтыс – ұлттық рухтың шынайы көрінісі. Қазақстанда да айтысқа
барлық жағдай жасалып, ұлттың рухын көтеруге, ұлы істерге бас-
таушы, әділдікке, адалдыққа, ұлтқа қызмет көрсетудің үлгісін наси-
хаттайтын нағыз өнер болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: