381
– Біз емес, орыстардың өзі бұдан қорғануға көшті. «Литератур-
ная газетаның» бетінде осы мәселе бойынша бір жылдай талқылау
жүрді. Соңында «постмодернизм» деген – ұлттық әдебиетке қазыл-
ған көр. Сондықтан мұны қабылдай алмаймыз, өзіміздің ұлттық
әдебиетімізбен жүруіміз керек» деген қорытындыға келді. Постмо-
дернизм адамға көркемдік, эстетикалық ләззат бағыштай алмайды,
амамгершілік тәрбие бере де алмайды. Әдебиеттің заңдылығын
жоққа шығарады. Шығармасын жаман деп сынасаң да мойында-
майды. Өмірді осылай көрдім, осылай жаздым, менің пікірім осы
дейді. Кейіпкері жоқ емес, бар. Бірақ кейіпкерінің бейнесі ашыл-
маған. Мысалы, Алатауды алыстан көргенде, басқаша да, ішіне
барсаң тіпті өзгеше ғой. Әр адам әр түрлі сезінеді, ақын басқаша,
ал жазушы тағы басқаша дегендей. Міне, мен өмірді осылайша кө-
ремін дейді постмодерншіл. Оған не дейсің сонда. Бұл – ұлттық
құндылықтарды жоққа шығарудың бірден бір рухани құралы.
Біздің қазақ әдебиетінде де батыстың ықпалы күшті болып тұр.
Өйткені еліміздің экономикалық жағдайы жақсарғанымен, рухани
өмірімізде, әдебиетімізде мұның ықпалы ашық көріне бастады.
Біздің жастарымыз электронды құралдар мен батыс баспасөздері
арқылы батыстық өмір салтының құндылықтарымен «сусындап»
жатыр. Ұлттық құндылықтарымызды тәрк етіп, батысқа бет бұ-
рып барады. Тіпті ұлттық кадрларымыздан гөрі, қазақтың тілін
білмейтін, батыстан ағылшынша оқып келген «болашақшылдар»
бірінші кезекте мемлекеттік қызметтің тізгінін қолына алып жа-
тыр. Бізде әліге дейін ұлттық құндылықтар мемлекеттік тұрғыдан
бағаланып, соған жол ашу жағы жетіңкірей бермейді. Адамның
өмір сүруіне екі түрлі нәрсе қажет қой. Біріншісі – материалдық
құндылық, екіншісі – рухани құндылық. Өкінішке орай, бізде мате-
риалдық құндылыққа көңіл бөлу басым да, рухани құндылықтарға
әліге дейін ықылас жетісіңкірей бермей жатады. Шындығында да
бұл екеуі құстың қос қанатындай қатар жүруі керек.
Құдайға шүкір, қазір қарнымыз тоқ, киіміз бүтін, бірақ ішіміз
түтін болып тұр. Халықаралық экономистердің есептеуіне қараға-
нада, Қазақстан бай он елдің қатарында. Енді ұлттық құндылық-
тар мен ұлттық мүддені бірінші кезекте ойлап, ұлттың ертеңіне
мемлекеттік тұрғыдан қызмет ететін кез жеткен секілді. Ұлттық
әдебиетке, ұлттық мәдениетке, ұлттық өнерге жағдай жасап, соны
дамытуды қолға алмасақ, оны ұлтымыздың санасына сіңірмесек,
ұзын арқан, кең тұсау жарға соқтыруы әбден мүмкін. Мұның кілті
атқарушы биліктің қолында тұр.
Достарыңызбен бөлісу: