– Бұл процесс қай кезге дейін жалғасады деп ойлайсыз?
– Мемлекет ұлттық тіл, ұлттық құндылықтарға өктемдік беруі
керек. Ал «ұлттық құндылық» дегеніміз жалпы «адамзаттық құн-
дылыққа» қайшы емес. Керісінше, солардың бір бөлшегі, солармен
сәйкес, үндес келіп, сол арқылы ұлт танылады. Әлемдік өркениет-
ке өзіндік үлесін қоса алады. Міне, осы жағы бізде өз дәрежесінде
жүрмей отыр. Социлизм кезінде әдебиет барынша дамыды. Өткені
коммунистік партия ұлттың зиялы қауымын, ұлттың қаймағын,
элитасын коммунистік идеяларды жүзеге асыру жолында үгіт-наси-
хат жасауға барынша пайдаланды; оларға барлық жағдай жасалды.
Ал қазір де сондай болуға тиісті еді. Ұлттық тілге, ұлттық құнды-
лықтарға барынша басымдылық беріп, ұлттық зиялыларымызға,
ұлттық элитамызға барынша құрмет көрсетілуі керек. Ұлтты алға
сүрейтін осы – ұлттық элита, ұлт зиялылары. Ал бізде – керісінше.
Капитализмнің жақсы қағидалары бар. Нарықтық қатынас бо-
йынша, ұлттық байлықтың 50 пайыздайы 10 пайыздай ұлттық
элитаның қолына жинақталып, ұлттық мүдденің аса маңызды са-
лаларына жұмсалуға, яғни тек қана ұлттық мүддеге қызмет етуге
тиіс. . Бұл нарықты коғамның ең жақсы жағы, ал бізде керісінше
болып жатыр. Осы ұлттық байлық ұлт зиялылары мен ұлт мүддесін
ойлайтындарға емес, басқаша тәрбиеленген, басқаша ойлайтын,
бізге жат мүддеге қызмет жасайтындардың қолында. Олар ұлттық
байлықтарымызды шетелге алып кетіп жатыр. Мәселен, Машке-
вич Қазақстан экономикасының бір тұтқасын ұстап отырған азамат
қой. Мен оны Қазақ еліне, қазақ халқына қызмет етеді дегенге сен-
беймін. Ал енді ол бүкіләлемдік еврей радиосын ашып, ақшасын
соған бөліп, еврей үшін қызмет жасап жатыр. Еврей ұлтына, еврей
ұлтының ұлы ұлт екендігіне, Израиль мемлекетінің саясатын жүзе-
ге асыруға жанын сала қызмет жасап жатыр. Ал өзіміздің қазақтан
шыққан миллионерлердің ұлтына қызмет жасап жатқан атақтыла-
ры – жоқтың қасы. Құдайға қараған бірлі-жарымдарын баспасөзден
оқып қалағанымыз болмаса, нағыз ұлт жанды миллионерлер сирек.
387
Көпшілігі жеке басының қамы үшін жүр. Керісінше, ұлтқа зиянын
тигізіп, ұлттың материалдық байлығын итше талап, шетелге әкетіп
жатыр. Мұндай жағдай тоқтауы керек. Өзімізге өзіміз келіп, ұлттық
құндылықтарды жасайтын, соны бойына сақтап, кейінгі ұрпақтар-
ға шырқын бұзбай бере алатын болса, ұлттық әдебиетті жазатын,
ғылымды жазатын ақын-жазушы, зертеушілерге кең жол ашылады.
Содан барып ұлттық құндылықтар өрмірге келетін болады, дами-
тын болады. Ұлттық әдебиетіміздің бойына қан жүгіріп, жандана-
тын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |