– Әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі ұлттық дәстүрді әлемдік
өркениетке шығара алмауымыздың мүмкіндіктері қандай дә-
режеде?
– Социализм дәуірінде орыс тілін жақсы білген адам ғана, мә-
дениетті саналған болса, жаһандану дәуірінде ағылшын тілін бі-
летіндер ғана мәдениетті деген ұғым пайда бола бастады. Бүгін-
де қазақ тілінің болашағына күмәнмен қарайтындар өркениетке
өзге тілдер арқылы ғана қол созамыз деген таяз түсінікте жүр. Біз
әлемдік өркениетке орыстың, я болмаса ағылшынның тілі арқылы
бармаймыз. Қазақтың тілімен, әдебиетімен, мәдениетімен, өнері-
мен жетеміз. Шет тілдерін білу әлем елдерімен қарым-қатынас
жасау үшін, солардың озық үлгідегі дәстүрлерін пайдалануымыз
үшін керек. Біз әлемдік өркениетке қазақы қалпымызбен, қазақты-
ғымыздың ең бірінші көрсеткіші болып табылатын туған тіліміз-
бен, сол тілде жасалынған әдебиетіміз бен мәдениетімізбен, өзге
ұлттан даралап тұратын ұлттық ерекшелігімізбен көптің бірі бо-
лып емес, қазақ болып, қазақтың атынан баратындығымызды ес-
тен шығармайық.
Жаһанданудың басты мақсаты – бүкіл әлемді батыстық мәде-
ниетке көшіру. Әлем халқын бір тілде сөйлейтін, батыстық жол-
мен өмір сүретін халыққа айналдыру. Кеңес үкіметі кезінде кеңес
халқын бір ұлт болуға шақырмады ма? Оның қателігі де осында.
Ұлттық тәуелсіздігімізді алғаннан соң, біз бодандық санадан арыл-
май жатып, бірден жаһандануға қойып кеттік. Егер біз ұлттық ру-
хымызды, ұлттық құндылықтарымызды қалпына келтіріп, көтере
алмасақ, қаптап жатқан рухани соққылардан тұра алмай қалуымыз
да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |