Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Қылышынан қан тамған Кеңес одағының кезінде биліктің



Pdf көрінісі
бет169/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

– Қылышынан қан тамған Кеңес одағының кезінде биліктің 

өзі ұлт зиялыларымен санасатын болған екен, ал қазір тәуелсіз 

мемлекет құрған Қазақ елінде зиялылардың үні шықпай қал-

ғаны қалай? 

– Интеллигенция «зиялы қауым» деген сөз ғой баяғы. Осы «зия-

лының» өзін әртүрлі түсінуге болады. Ал бізде оқыған мен қызмет 

істегеннің барлығын зиялы деп жүр. Әдетте «Зиялыны» ұлттық са-

на-сезімі жоғары, оқыған, білімі жоғары азамат деп түсіну дұрыс 

емес. Қарабасының қамы үшін жүргендердің бәрі зиялы емес. Зия-

лы деген жеке басының, әйтпесе бір тайпаның немесе бір рудың 

күні үшін емес, ұлттың қамын ойлап, бүкіл өмірі мен ақыл параса-

тын ұлтына, қызмет етуге арнағандар.  Бұлардың қатарында ақын-

жазушылар,  ғалымдар  мен  қоғам  қайраткерлері  көбірек  көрінеді. 

Осы тұрғыдан келгенде, кез келген адамды зиялы деп айтуға бол-

майды. Зиялы – ұлттың қаймағы, оны өрге сүйрейтін рухани күші. 

Халық зиялыларға қарайды, зиялыларға сеніп, соңынан ереді.

    Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  зиялылардың  арасына  жік  түсіп 

кетті. Екі топ бар. Көпшілігін түрлі тәсілдермен, қызмет бар, мара-

паттар бар, көп қой, билік өзіне қаратып алды.  Содан барып біздің 

көптеген ақын-жазушыларымыз өздерінің зиялылық қасиеттерінен 

арыла бастаған жағдай да бар. Бірақ өзінің пендешілігі болғанымен 

де өзінің ары мен ұжданын сақтап қалғандар да жеткілікті. Көп-

теген ақын-жазушыларымыз билікті мақтап өлең шығарып, поэма, 

әйтпесе  романдар  жазып,    түрлі  жоғары  сыйлықтарды  алып  жа-

тыр. Бірақ олардың шығармасын оқып жатқан халықты көру қиын. 

Керісінше, ұлттық идеяларды, ұлттық мүдделерді жырлайтын, ха-

лық  сүйіп  оқитын  ақындарымыз,  жазушыларымыздың  күн  көріс 




384

жағдайы мақтарлық емес. Міне, өмір деген – осындай аумалы-төк-

пелі.

  Халық – биліктің көзі. Биліктің басында отырған адамдар ха-



лықтық мүддеге қызмет етуі керек. Халық пен биліктің арасында 

алшақтық болмау керек. Билік халық, оның өкілі зиялылар айтқан 

ой-пікір, идеяларға ылғи да назар салып отырғаны жөн. Ақын-жа-

зушы – халықтың құлағы, көзі, миы, сана-сезімі. Олар қоғамдағы 

жағдайларды  алдын  ала  сезіп,  билікке  айтып  отыруы  керек.  Ал 

қазір  бізде  билік  басқаша  ойлайды,  ұлт  зиялылары  деп  жүрген-

деріміз  басқаша  ойлайды.  Десек  те  ұлтжандылықтан  таймаған 

азаматтарымыз да баршылық. Күні кеше ғана өмірден өткен Рах-

манқұл Бердібай ағамыз таяқтың бір ұшы келіп өзіне тиіп жатса 

да шындықты батыл айтып кеткен арыстарымыздың бірі еді. Бұл 

тізімді соза беруге болады. Әрбір саналы азамат халқының бақы-

тымен бақытты. Сол үшін күйіп-піседі, отқа да суға да түседі. Хал-

қы бақытсыз болса, онда ол – да бақытсыз. Қазақтың тарихындағы 

ең  бақыты  кез  қазіргі  уақыт  деп  ойлаймын.  Өйткені,  ең  бастысы 

тәуелсіздігіміз бар, қалғанының бәрі біртіндеп бола береді.

  Қазір бізде жетіспей отырған бір ғана нәрсе, ол – ұлтқа қызмет 

ету жағы. Ұлтты сақтап қалу – үлкен мәселе. Міне, осыған жаны 

ашитын  азаматтар ащы айтып жатыр. Олар биліктің жауы емес, 

халықтың қасы емес. Олар – нағыз ұлттық батырлар. Соларды қол-

даудың орнына, керісінше кеудеден итеріп жатырмыз. Жаңа айтыс 

өнері жайлы айттық қой. Сонда айтылған ащы шындықтарды жүзе-

ге асырудың орнына, керісінше оны теледидардан бермей, өткізбей 

жатуымыздың  өзі  әлі  де  ұлттық  сана-сезімінің  жетілмеуінен  дер 

едім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет