Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет27/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Бұл тойға жер менен көк таңқалғандай

Айрылып ақылынан сандалғандай, –  деп, той бастаушы адам той-

дың өте үлкен, керемет той екендігін жер-көкке сыйғызбай мақтайды.



– Біздің сөз хан төренің кеңесіндей,

Зер басып ақылменен аңғарғандай.

Ежелден үлгі көрген ер болмаса,

Кім істер мұндай тойды бұл жалғанда-ай! 

(сонда, 94-бет),

 – деп, 


той істеуші адамның өте ақылдылығын, бұрыннан көргені барлығын 

өлеңге қосады. 

Профессор Б.Кенжебаев тойбастар өлеңінің қасиеттерін айта келіп 

былай дейді: «Қалай да, тойбастар өлеңі құттықтау, бата, тілек, той іс-

теген үй адамдарының қалпын, көңілін суреттеу болып келеді» 

(Қазақ 

әдебиетінің тарихы, I том, 1948).

 Бұл айтылған сөздердің жалпы тойбас-

тар өлеңдерінің табиғатын түсіндіруде көмегі зор.

Той  бастаушы  адам  реті  келген  жерлерде  өзінің  де  осал  ақын 

еместігін айта өтеді:

– Кез келдім мерекеге тәңірім айдап,

Қызыл тіл бұлбұл құсша сөйлер сайрап.

Жүйрікпін топтан озған суырылып,

Сан топта топ жарып жол алған сайлап.

Жалпы үйлену тойларында айтылатын өлең түрлерінде қыз баласы-

ның мәселелеріне тоқталмай кететіндері кездеспейді. Қыз баласының 

ауыр тағдыры ұзатылар үстінде көңіл аудармай қоймайтын. Тойбастар 

өлеңдерінде де қызға арналып айтылатын «ақылдар» едәуір кездеседі. 

Ата-анасын, елі-жұртын тастап кетуді қимай отырған қыздың көңілін 

көтеріп, «ата-ананың жолы осы» деп көрсету, ақыл айту той бастаушы 

адамның көп міндетінің бірі болған. 

Ал қазіргі айтылып жүрген тойбастарларда мұндай сарындар үшті-

күйлі жоқ. Адам арманының ең бір өзектісі бақыт болса, сол ниетке 

жұп  болып  қана  жете  алады.  Адам  өмірінде  шаңырақ  көтеру  үлкен 

роль атқарады, өйткені сәтті құрылған қосақ – бақытты өмірдің негізгі 




79

шарттарының бірі. Ұзақ жолға шыққан жолаушыға «жолың болсын!» 

дейді халық. Бақытты өмір сүру жолына түскен жас жұбайларға үй-

лену тойларында жақсы тілектер айту – бүгінгі күнгі үйлену тойла-

рымыз  да  қалыптасқан  дәстүр.  Той  бастаушы  адам  айтатын  өлеңде 

заманымызға жарасымды игі тілектер айтылады.



– Ел тілегі бұл саған,

Қосағыңмен қоса ағар.

Құтты болсын келінжан

Келген алтын босағаң 

(«Мәдениет және тұрмыс», 1966, 11).

–Жас семья болсын бақыт бесігі,

Шалқып тұрсын берекесі, несібі.

Жас жұбайлар, алдарыңнан ашылғай,

Әруақытта адамдықтың есігі 

(Сонда).

Қазіргі  үйлену  тойларының  түрі  өткен  кездегісімен  салыстыр-

ғанда, көп өзгерістер тапты. Бұрынғының тойларын ауқатты байлар 

өздерінің атақ-дәрежесін шығару үшін ойды-қырды шақырып ұлан-

асыр қып өткізетін. Қазіргі үйлену тойларын көбіне екі жастың туыс-

тары, құрбы-құрдастары, ұжымдастары боп бірге өткізеді. Бұлар – той 

иесінің ең жақын адамдары. Жақын адамдардың қуаныштары да ор-

тақ. Айтылып жүрген тойбастар өлеңдерінде осындай ойды білдіретін 

сарындар көп кездеседі:

–Жас құрбылар, шықсын асқақ үндерің,

Мәңгі есте қалсын тойлы күндерің.

Той жасатып, думандатсын құлпырып,

Жас ата-ана, сендердің де гүлдерің.

Әрбір адам бұл шаттықты армандар,

Бұл шаттыққа бар өнерді арнаңдар.

Тойдың әнін асқақтата бастадық,

Дос-құрбылар, енді өздерің жалғаңдар 

(Сонда).

Той бастайтын адамның негізгі міндеті – той иесін құттықтау емес, 

сол тойды «бастап» қыздыру, оны ойын-сауықтың думанына айнал-

дыру үшін өлең-жырдың кілті болу. Ол үшін өлең айтушы барынша 

жігерлі, қызу түрде екпіндете бастап, тойды «жандырып» жіберуі тиіс.

–Ал, кәнекей, жолдастар,

Шық біреуің той бастар.

«Той дегенде демей ме,

Домалайды қу бастар»...

Кімдер әнші, кім биші?

Домбырашы, кім күйші?

Әнді шырқа, биді теп,

Домбыра тарт, күйді төк

 (Қазақ әндері, 3 том, А.,1968, 41 бет).

Кәне, достар шырқат әнді, тарт күйді,

Құтты болсын, бүгінгі той шаттығы.

Той-думанның аштық, міне, түңдігін,



80

Ақ әжелер шашу шашар күн бүгін.

Бұрынғы той бастар өлеңдерінде айтушы адам өзінің ақындығын, 

білімділігін, әдептілігін көрсету үшін термелеп, біраз жерге дейін ба-

рып қайтатын. Тіпті, кейбір өлеңдерде тойбастар, беташар өлеңдерінің 

шығу тарихын түсіндірмек те болған кездері кездеседі. Мысалы:

–Қай жалған, мына жалған, дүние жалған,

Төрт бұрышын дүниенің өртпен шалған.

Бір қызын пайғампардың Ғали алып,

Тойбастар,  беташармен  содан  қалған  –  деп,  мұндай  өлеңдердің 

шығу тегін діни аңызбен байланыстырады. Бұлайша түсіндіру, әрине, 

ғылыми  тұрғыдан  емес,  халықтық  сана-сезіміне  байланысты,  құпия 

сырларды білсем деген ізгі ниетпен діни наным-сенімдердің әсерінің 

күшті болуы нәтижесінде шыққан түсініктердің бірі еді. Кейінгі кезде 

айтылып жүрген тойбастарларда мұндай ұзақ термелетіп ойды-қырды 

шарлап, өткендерді қозғап, «алысқа шабу» кездеспейді.

Тойбастар өлеңдері төрт жолды, он бір буынды, біреуден біреудің 

жаттап алып, ойын-тойларда айтып жүруіне тілі жеңіл, ңғайлы болып 

келеді. Сондықтан да, тойбастар өлеңін тек қана ақындар ғана айта 

бермейді. Той ішінде ақындар болмай қалған кездерде, мұндай өлең-

дерді сөзге ебі бар жігіттер де айтатын болған. Бұлар бұрыннан бар 

тойбастар  өлеңдерінің  үлгілерін  пайдаланып  отырған.  Қазіргі  кезде 

тойбастарда үйлену тойы үстінде бірден шығарып айту да, өлеңді ай-

тушы адам бұрыннан дайындалған мәтінді пайдалануы да кездеседі. 

Ол өлеңдердің бұрыннан айтылып жүрген болуы да, немесе, сол тойға 

арнап ақындық қабілеті бар адамдардың арнайы шығаруы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет