Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет29/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Жігіт: 

–Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз, жар-жар,

Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар, жар-жар.

Қыз:   

– Қайын атасы бар дейді осы қазақ,  жар-жар,

Айналайын әкемдей қайдан болсын жар-жар.

Осы ретпен жігіттер жағы әзіл-қалжың араластыра отырып, қалың-

дыққа әкеңнің орнын қайын атаң, шешеңнің орнын қайын енең баса-

ды; үйден кеттім деп налыма, ол жақта да үйге барасың, ол күйеуіңнің 

отау үйі деп жұбату айтады. 

Жар-жар  көбіне  бұлайша  айтыла  бермейді.  Еріксіз  ұзатылып 

бара жатқан қыз сүймеген адамына еріксіз бара жатқандығын, әйел 

теңсіздігін туғызып отырған заманға, оның кейбір әдет-ғұрыптарына 

қарсы шығады. Тіпті, өзін асырап өсіріп есейткен ата-анасына да риза 

еместігін, өзінің қарсылығын ашық айтады. 



Қыз: 

– Төркіндегі үйімнен кеттім әке,

Қыз да болсам сізге мен перзент едім, жар-жар.

Жалғыз басым симастай не еттім, әке, жар-жар.

Қыз: 

– Жетім балаға ұқсатып жалтаңдатты,

Байлап беріп жат елге танымаған.

Өмірің қысқа жалған жар-жар, – ойбай елім, аман бол!

        


Өз баласын қызығып малға сатты

Әке менен шешнің мейірі қатты,

Өмірің қысқа жалған жар-жар, – ойбай елім, аман бол!

 Уылжыған ақша бет, қуарсайшы,

 Мөлдіреген екі көзі суалсайшы.

 Бір жаманға қор болып кеткеніңше,

 Өліп қана қыз сорлы уансайшы! 

(Сәкеннің кітабы, 62-бет)

Жоғарыда келтірілген мысалдарда бұрынғы заманның қатал да қаті-

гез заңдары өзінің бар болмысымен, рухымен көрініс береді. Мұндай 

өлеңдерде бұрынғы қазақ қоғамы туғызған салт-сананың жалпы әйел 

қауымына деген көзқарасы, сыпаты көрінеді.

Жар-жар өлеңінде ескі қоғамдағы қазақ қыздарының арман-мұраты 

жырланады. Қыздар жағы айтатын жар-жар көбіне ауыр, мұңлы, ауыр 

азап пен ащы зарға толы болып келеді. Жігіттер жағы айтатын өлең-

дер көбіне көңілді әзіл, ойнақы түрінде болады. Бұлар жат жұрттыққа 

жаралған қыздың ертеңгі ауыр өмірін ұмыттырып, өкінішке толы сол 

сәттегі қыз көңілін көтеру үшін қажет.

Жігіт: 

–Жас күнімнен өлеңге 



82

Қойдым қадам, жар-жар.

Ескі досын ұмытар

Кейбір надан, жар-жар.

Бір сөзім бар сақтаған

Айтайын деп, жар-жар.

Болмағанда қасыңда

Бөтен адам, жар-жар.

Қыз:

Мен де өзіңдей өлеңге

Құрдым дүкен, жар-жар.

Бөрі жортар қой аңдып,

Бүкең-бүкең, жар-жар.

Сөзің болса бұйымтай,

Оңаша айт та, жар-жар.

Түйе болып түнде кеп

Үйге сүйкен, жар-жар 

(С.Сейфуллин, Шығ. 6 том, 1964ж. 102-бет)

Жар-жар өлеңдерінде көбіне дайын мәтіндер пайдаланылған. Кей-

де, өлеңді орындаушылардың ішінде өлең шығаруға ебі барлар болса, 

бірден ойдан шығарылып та айтады. Жар-жар өлеңдерінің осылайша 

айтылуы нәтижелерінде әртүрлі нұсқалары пайда болған. 

Қазіргі  үйлену  тойларында  жар-жар  өлеңдері  үзбей  айтылып  ке-

леді. Бұл өлеңдердің бұрынғы кезде айтылған жар-жарларға қараған-

да түбірлі айырмашылықтары бар. Ең алдымен, жалпы әдебиетте өз 

көрінісін табатын замана рухы анық көрінеді. Ең бастысы бұрынғы 

заманда  қыз  тағдырын  басып-жаншып  билеген  қалың  мал  салтына 

байланысты көрінетін қыз басының аянышты халі бүгінгі жар-жарла-

рымызда жоқ. Қазір әрбір жас өзінің сүйгенімен қалыңсыз-ақ қосыла 

алады. Бұл – ең алдымен, жүрек қалауымен болатын жұмыс.

–Құтты болсын тойыңыз тілек бірге

Махаббатпен түйіскен жүрек бірге 

(Қ.Елімбаева. Жар-жар. «Қазақс-

тан әйелдері», 1966,№1).

Бір-бірінің  жүрек  лүпілін  жете  ұғынысқан  екі  жастың  қосылуы 

тойларында жиі айтылып жүрген жар-жарларда жаңа заманның лебі, 

бүгінгі дәуіріміздегі жастарымыздың жарқын бейнелері көрінеді. Той 

қызығы – тек екі жастікі ғана емес, бүкіл жора-жолдастарының, бірге 

қызмет істейтін ұжымының да ортақ қуанышы. Өйткені, әрбір адам-

ның өмірдегі сәтті қадамына қуанып отыру, біздің заманымыздың дағ-

дысына айналған. Жар-жар өлеңдерінде жас жұбайлардың құрбы-құр-

дастарының қуанышы мен құттықтауы айтылады.

– Екеу болды бүгін кеп, бір бастарың

Құттықтайды күлімдеп құрдастарың.

                                                 («Мәдениет және тұрмыс»,1966,№1)

– Жаңа отаудың еңсесі мықты болсын,

Қадамдарың екі жас құтты болсын.

Гүлдей шыққан көктемгі көңілдерің 



83

Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің.

Ата-ананың ақ сүтін ақтаңыздар,

Махаббатты мәңгілік сақтаңыздар. 

Соңғы  шумақтан  көрініп  тұрғандай,  екі  жасқа  игі  тілектер  айты-

лады.  Өмірлерінің  келешекте  гүлдей  жайнап  бақытты  болуларына 

тілектестік білдіреді. Бұрынғы жар-жарлардағыдай қалыңдыққа бар-

ған жеріңде де «қор болмайсың» демейді, керісінше, алдағы өмірдің 

жарқын өмір екендігі, сол жарасқан қоғамды құрушы осы жастардың 

өзі екендігі, ол үшін еңбек ет, сонда сендер нағыз бақытты бола ала-

сыңдар дейді:



– Ұлы еңбекке үлес қос

Қарлығаштай, жар-жар.

Жаңалыққа жаршы бол

Түлеп бірге, жар-жар 

(«Қазақстан әйелдері», 1965, №1).

Жар-жар өлеңдерінің кейбір түрлері республикалық баспасөз бет-

терінде жарияланып жүр. Бұл, әрине, осы өлең түрлерінің жаңа үлгі-

лерін жұртшылық пайдалануына ұсыну еді. Шындығында да, мұндай 

өлеңдерге деген қажеттілік аса күшті. Ал енді осы қажеттіліктің жер-

жерлерде  орындалу  барысы  қалай?  Мәселеге  осы  тұрғыдан  келсек, 

біраз жағдайлардың куәсі боламыз.

Қазір жер-жерлерде жастардың үйлену тойлары көптеп өтіп жатады. 

Осы тойлардың бір де бірі жар-жарларынсыз өтпейді. Осында айтыла-

тын өлең түрлеріне қарасаңыз, республикалық газет-журналдар бетін-

де жарияланып, үлгі ретінде ұсынылған жар-жар өлеңдері кездепейді 

десе  де  болады.  Ойын-тойларда  көбіне  жастардың  өздері  шығарған 

жар-жарлар  айтылып  жүр.  Бұдан  аңғаратынымыз,  біздің  ақындары-

мыз  жазған  жар-жарлар  көпшілік  талғамынан  шыға  бермейді  екен. 

Мұндағы басты себеп көркем сөз шеберлерінің халқымыздың ертеден 

келе жатқан өлең түрінің бірі жар-жардың жалпы өлеңдік табиғатын, 

ондағы дәстүр мәселесін жете түсіне бермейтіндігінде, сол дәстүрді 

жаңаша жырлай алмай келе жатқандығында болса керек. Оның үстіне 

жастар «Жар-жарды» өздерінше айтуға құмар.

Жалпы  үйлену  тойына  байланысты  қалыптасқан  дәстүр  бойынша 

өлеңді алдымен, жігіттер жағы бастайтын да қыздар жағы іліп алып 

жар-жар айтысы басталып кететін. Жоғарыда аталған өлең бойынша, 

бұл реттілік бұзылуы керек те, өлеңді қыздар тобы бастауы керек. Мұ-

ның өзі аса жарасымды да емес сияқты.

Бұл өлең бұрынғы жар-жарларда кездесетін ата-анаңның орнын қа-

йын атаң, қайын енең басады деген ретпен құрылған. Мұнда тұрмысқа 

шығып ұзатылатын қыз ата-анасына, туған жеріне, еліне енді қайтып 

оралмастай, налып қоштасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет