Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет30/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   191
Қыздар

–Айналайын, жан әкем, анамменен

Мен кеткен соң қызықты табар неден.

Болып па еді ой менде қос ардағым

Сені тастап өзгеге барам деген.


84

Жігіттер:

–Қызығы өтіп алдағы жолың да асар,

Қызғалдақтай құлпырып көңіліңді ашар. 

Қос ардағым қалды деп нали берме

Ата-енең бар олардың орнын басар.

Ең соңында қыздар:

– Талай ұл-қыз баурыңда өсіп-өнер,

Бір балам деп аларсың есіңе ел.

Бақыты боп, біреудің жаралған соң,

Амалым жоқ қайтейін кешіре гөр.

Бұл өлеңнің ерте кездерде айтылған жар-жарлардан ешқандай айыр-

машылығы жоқ десе де болғандай. 

Үйлену тойы – үлкен қуаныш. Бірін бірі сүйіп ұғынысқан екі жас-

тың бақытты өмір туралы арманының алғашқы босағасы (орындалуы) 

осы үйлену тойы емес пе!? Бұл – үлкен оқиға. Сондықтан да үйлену 

тойын салтанатты, қуанышты түрде өткізу – біздің қоғамымызда қа-

лыптасқан құбылыс. Мұндай тойларда айтуға мұңлы әуендер қажет 

емес. Өмірдің соны сүрлеуіне қадам басқан жастарға осындай үлкен 

қуаныш  үстінде  ақыл-кеңестер,  игі  тілектер,  құттықтаулар  айтылса, 

мұның  өзінің  пайдасы  да  мәні  де  зор.  Қазіргі  жар-жарлардың  дені, 

осындай мақсаттарда айтылып жүр.        

Тағы бір айта кететін нәрсе – жалпы үйлену тойларына байланысты 

салт өлеңдерінің баспасөз беттерінде насихатталуы өте қанағаттанды-

рарлықсыз. Айында-жылында дегендей, оқта-текте газет-журналдар-

да жылт ете қалған мұндай өлең түрлері жұртшылықты қанағаттан-

дыра алмайды.

Жуырда, ауылдың бір үйлену тойына қатысуға тура келді. Той жап-

жақсы-ақ қызықты өтті. Осы тойда «әттең» деп, көңілге ой салған бір 

ыңғайсыз жағдай болды – тойда жар-жар айтылмады.  Айтылмайын 

деген жоқ еді-ау, айтылатын жар-жар өлеңінің мәтіні табылмады. Га-

зет-журнал беттерін ақтарыстырып тауып алудың қиын екендігі пе-

шенеден белгілі. Қапелімде өлең шығара қоятын адам да табыла қой-

маған. Болмағасын, жар-жардың орнына «Махаббат вальсін» айтуға 

тура  келді.  Осындай  қиыншылықтардың  нәтижесінде  кей  жерлерде 

өткізіліп жүрген кейбір үйлену тойларында жар-жар, тойбастар өлең-

дері айтылмай қалуы да кездесіп жүр. Халқымыздың тамаша дәстүр-

лерінің бірінен саналатын мұндай өлеңдердің жаңаша түрлерінің ел 

арасына кеңінен тарамауы біз үшін қуанарлық жәйт емес. 

Жар-жар, беташар, тойбастар сияқты өлеңдердің жаңаша түрлерін 

көптеп жазуға көрнекті ақындарды кеңінен тарту қажет. Ол үшін жер-

жерлерде, баспасөз беттерінде, шығармашылық ұйымдарда осындай 

өлеңдердің жақсы үлгілеріне конкурстар ұйымдастырған жөн. Мұн-

дай  конкурстар  тек  қана  өлеңдерге  ғана  емес,  сол  өлеңдердің  көр-

кемдік, эстетикалық қасиеттерін асыра түсетін музыкалық шығарма-

ларға да жариялануы керек. Салт әндеріне деген қажеттілік біздерде 

орасан зор. Бұл реттерде біз басқа республикалардан үлгі алуымыз ке-



85

рек. Латвияда конкурстарда үздік шыққан салт өлеңдерінен құрасты-

рылып  жинақтар  шыққан.  Украинада  «Социалистическая  культура» 

журналына қосымша ретінде ай сайын салт өлеңдерінің жинағы үзбей 

шығып тұрады. Мұндай жұмыстар орыстарда, эстондарда жақсы нә-

тижелер беріп жүр. Осындай шараларды біздің елімізде де неге ұйым-

дастырмасқа? Мұны біздің заманымыздың өзі талап етіп отыр. Мұн-

дай игілікті істің іске асуына ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің 

тамаша  дәстүрлеріне  деген  ыстық  ілтипат  пен  қамқор  жандар  ғана 

керек.


***



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет