Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет69/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(А.  Шәріпов.  Сұлтанбек  Қожанұлы  –  әдебиетші. 

Алматы, «Ер-Дәулет», 1994, 98 бет)

, Бейбіттің 



(Б. Қойшыбаев. Сұлтанбек 

Қожанов. Алматы, «Қазақстан», 2007, 320 бет) 

еңбектерін алдымен, атап 

өткен жөн. 

Соңғы жылдарда Сұлтанбектей сайыпқыранның қайраткерлік тұл-

ғасын  тануда    тарих  ғылымының  докторы,  профессор  Хазіретәлі 

Тұрсынның  біршама  жемісті  еңбек  етіп  келе  жатқанын  айта  кеткен 

лазым.  Ол  шәкірті  А.  Әбікеймен  бірге    өмірі  мен  қызметінің  негізі 

өткен Ташкент қаласының мұрағаттарынан көптеген деректер тауып, 

Сұлтанбектанудың  деректік  негіздерін  байыта  түсті.  Х.  Тұрсынның 

жетекшілігімен дайындалып жатқан С. Қожановтың көптомдығының 

алғашқы шыққан бірінші томы түгелдей бұрын белгісіз болып келген 

мұрағаттық құжаттар мен материалдардан тұрады. 

Десек те еліміз дамудың тәуелсіздік жолына түсіп ұзаған сайын  С. 

Қожанов мұрасының ұлттық қырлары жарқырай түсуімен бірге  Сұл-

танбектану да мұнымен тоқталып қалмайды. Уақыт өтеді. Зымыраған 

уақытпен бірге заман да өзгеріп, алға жаңа міндеттер қойып отыра-

ды.  Алда  тұрған  сондай  міндеттердің  бірі  ұлтымыздың  ұлт  болып, 

еліміздің ел болып қалыптасуына тарихи үлес қосқан ерен тұлғала-

рымыздың артында қалған мұрасына, үлгісіне бүгінгі күн сайын өз-

геріп жатқан биіктен көз жіберу, топалаң уақыттардың басып қалған 

тозаңдарынан аршып, жаңадан жарқырай түскен қырларын аша түсу, 

ең соңында ұлы арыстарымыздың рухани мұрасын, асыл өсиеттерін 

бүгінгі ұрпақтың кәдесіне жарату мақсатымен насихаттау болмақ. Өт-

пелі кезеңде әрі-сәрі күйде тұрған бүгінгі қазақ елі үшін С. Қожанов-

тың артында қалған мұрасы Шолпан жұлдыздай жарқырап, алға басар 

жолды  нұсқап  тұрғаны  тарихи  шындыққа  айналып  келе  жатқанын 

әрдәйім еске салып тұрғанның артықтығы жоқ. 



153

С.  Қожанов  1894  жылы  қыркүйек  айының  10-шы  жұлдызында 

қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Ақсүмбе аулын-

да өмірге келген. Көпбалалы отбасында өскен ол жастайынан пысық 

болып өседі. Ауыл молдасынан ерте  хат таныған Сұлтанбек Түркіс-

тан қаласындағы орыс-түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық 

қалалық мектепті (1913) бітірген. Оқып жүрген кезінде әке-шешесіне 

салмақ түсірмеу үшін қосымша түрлі жұмыстар істеп, өз күнін өзі кө-

руге ұмтылған. Осылайша ерте есейе түскен жас талап мектепті жақсы 

бітіріп, білімін жалғастыру мақсатымен Ташкентке аттанады. Сол кез-

дегі Түркістан өлкесінің орталығы Ташкент қаласында Сұлтанбектің 

студенттік жылдары өтеді. Ол осындағы Мұғалімдер семинариясын, 

одан кейін  Мәскеудегі БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) 

тамамдайды.  

Оның еңбек жолы Өзбекстанда басталады;  Ташкендегі үш жылдық 

мұғалімдер семинариясын  үздік  аяқтаған  ол  жолдамамен    Әндижан 

уезіндегі орыс-түзем мектебіне мұғалімдікке келеді. Осында бір жыл-

дай жұмыс жасап,  туған жеріне оралып, ауыл мектебінде бала оқы-

тады. 

Бозбала жігіттің Ташкентте, Мәскеуде білімнің, қызметтің соңында 



жүріп өткізген жылдарында ол азамат ретінде есейіп, қоғамдық-әлеу-

меттік көзқарастары қалыптаса түсті.  Сұлтанбектің қоғамдық-саяси 

жұмыстары Ташкент қаласында «Кеңес» атты жасырын ұйым құрудан 

басталған.  «Кеңестің»  төрағасы  генерал  Сейітжаппар  Асфендияров, 

орынбасарлары  Мұстафа  Шоқай,  Садық  Өтегенов,  алқа  мүшелері 

Санжар  Асфендияров,  Қоңырқожа  Қожықов,  Сұлтанбек  Қожанов, 

Алдабек Мангелдин, Серікбай Ақаев, Зұлқарнайын Сейдалин, Әлмұ-

хамбет Көтібаров болды. 

Осы үйірменің баспасөз органы ретінде “Бірлік туы” газетін шығар-

ды. Оның алғашқы редакторы Мұстафа Шоқай, редактордың орынба-

сары  С.  Қожанов  болып,  басылымның  негізгі  ауыр  шығармашылық 

жұмыстарын атқарды; кейін біраз жыл редакторы болды. Осы уақыт-

тарда  Сұлтанбектің  ұйымдастырушылық,  көсемсөзшілік  қабілеттері 

жарқырай  көрінді.  «Бірлік  туы»  басылымы  бетінде  Орта  Азия,  Қа-

зақстан  халықтарының саяси-қоғамдық, экономикалық, мәдени өмірі 

жайлы  көптеген  материалдарын  жариялады.  Оның  осы  кезде  қазақ 

әдебиетіне  тікелей  қатысты  жазылған  мақалалары  көтерген  мәселе-

лерінің  зәрулігімен,  өткірлігімен,  негізділігімен,  нақтылығымен,  ба-

тылдығымен ерекшеленеді. 

Ол  Түркістан  өлкелік  аштықпен  күресу  комиссиясының  мүшесі 

(1918-19),    Сырдария  уездік  революциялық  комитет  төрағасының 

орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария 

облыстық  революциялық  комитетінің  төрағасы  (1919  –  20),  Түркіс-

тан уездік атқару комитетінің төрағасы, Түркістан республикасы Ішкі 

істер  комиссариатының  комиссары,  Түркістан  Орталық  атқару  ко-

митетінің орынбасары қызметтерін атқарады. 1921 жылы Түркістан 

республикасы  Халық ағарту халық комиссары, 1922 жылы Жер ша-



154

руашылығы  халық  комиссары,  1922  –  1924  жылдары  Түркістан  КП 

Орталық комитетінің хатшысы, атқару комитеті төрағасының орынба-

сары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды.

Орта Азия мен Қазақстанды  аштық жайлағанда, аштықпен күре-

сетін орталық  комиссияның мүшесі ретінде оңтүстік Қазақстанның 

Қызылқұм, Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Шиелі өңірлерінде ашық-

қан  адамдарды  тамақтандыратын  арнайы  орындар  ашуды  ұйымдас-

тырды.  Қазақ  халқының  басына  төнген  осы  бір  ауыр  шақ  туралы 

Сұлтанбек «Түркістан ауданының қазақтарының жайы күн санап тө-

мендеп келіп, осы уақытта тым-ақ жаман болып тұр. Жұрт харап бо-

луға айналды. Көшелерде шұбырып жүрген аш қазақ. Екінің бірінің 

аштықтан көзі іскен, беті іскен. Ана жерде де, мына жерде де аштан 

өліп жатқан адам. Осы кезде өлікті жинап алуға да шама келмей бара 

жатыр. Ақыры не болары белгісіз. Бұл бетпен бара берсе, Түркістан-

да қазақтан тұқым, ұрпақ қалуына көз жетпейді. Бір шараны құдай 

өзі таппаса, бұл жердегі жұрттың жақын арада жақсылық болар деп, 

үміті аз... Жұрттың күні не күн санап бетер болып барады. Аяғы неге 

тірелерін қайдам?» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет