Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет72/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(«Еңбекші қазақ», 22.03.1925)

Өкінішке орай, бір кездерде Сұлтанбектер осылайша бағалаған осы 



бір нағыз халықтық мейрамның кеңестік кезеңде көп уақыттар бойы 

бағы ашылмай, өткен ғасырдың сексенінші жылдарына шейін жалпы-

халықтық деңгейде өткізілмей келгені тағы да шындық. 

Міне, осы сияқты халық үшін атқарған қызметтері үшін Сұлтанбекті 

онша жақтыра бермеген замандастарының өзі оның адамгершілік, іс-

керлік, ұйымдастырушылық, қарапайымдылық, ұлтшылдық, қайрат-

керлік секілді жан-жақты азамат екендігін мойындауға мәжбүр бол-

ған. Солардың бірі Сәбит Мұқанов өмірбаяндық «Менің мектептерім» 

романдарының үшінші кітабында былай деп жазыпты:



158

«Сұлтанбекті «өзімшіл, кекшіл, шамасы келсе қырына алған адам-

ды оңдырмайды, қузаған адамның қыр соңынан қалмайды, құртпай 

тынбайды» деп естігем. Сондықтан «батырға да жан керек» дегендей, 

«барсам, барайын, -деген ой келген маған, -сөйлесейін, өзінің әуеніне 

қарай кеңесейін, аржағын көре жатармын. 

Обкомдағы  кабинетіне  барған  мені  Сұлтанбек  жылы  шыраймен 

қарсы алып, шүйіркелесе, теңдесе сөйлесті. Оның да өлең жазатынын 

сонда ғана білдім. Ташкентте қазақ тілінде шығатын «Ақжол» газеті 

мен  «Шолпан»  журналындағы  «Тоқпақ»  және  «Замандас»  соның 

псевдонимі екен. Бірінші рет сөйлесуім демей, ол біраз пікірін ашық 

айтып салды. Саясат жайын, оның өткені, кәзіргісі, болашағы жайын 

айта  кеп,  менің  баспасөзде  жариялаған  шығармаларыма  (ол  жалпы 

әдебиетті, оның ішінде қазақ баспасөзін көп оқитын адам екен) баға-

сын бере кеп, былай деді (бұдан былай оны оқушыға түсініксіз тілмен 

сөйлетпей-ақ қоялық): 

– Сен, Сәбит шырағым,  – деді жасы үлкен ағалық ақылы сияқты 

дауыспен, – «пролетприат жазушысы болам» дегенді қойсайшы. Сә-

кен ғой осы жоқ нәрсені бар қылам деп жүрген. Ең алдымен, сол Сә-

кеннің өзі бола алмайды ғой пролетариат жазушысы. Қайдан болады 

ол? «Бай ұлы болсаң, Адай бол, Арғын болсаң, Алтай бол» демей ме 

қазақ? Сол Алтайдың ішінде Сәкен ең ірі атаның бірі Жәнібекке жа-

татын көрінеді. Әкесі Сейфолла серілік құрғаннан басқаны білмеген. 

Сәкен соның мырза баласы боп өскен. Революцияға араласуы – әлде-

қалай бір нәрсе. Мырзадан революционер шыққан емес... Іштей толып 

жатқан таласым бола тұра, «бетін түгел көріп алайын» деген оймен 

Сұлтанбекке қарсы жауап айтқан жоқпын. Менің өз жайыма келгенде, 

астыма көпшік қоя сөйлеп:

– Сен, әрине, талантты жастың бірісің. Биографияңнан да хабарым 

бар. Сенің әдебиетте де кедейшіл болмауға правоң жоқ. Өлеңдеріңнің 

көркемдігі жетіп болмағанмен, мазмұн жағынан өз бағытыңда жаман 

шықпайды. Көркемдік жағынан өсуге уақытың бар, әлі жассың. Қы-

зыл езулікті қою керек те, шеберлену жағына күш салу керек. Бұл са-

ған шын ағалық, адамдық жүректен айтып отырған сөзім, – деді»



 (С. 

Мұқанов. Таңдамалы шығармалар. Он бірінші том. Алматы, 1977, 131-132 

беттер).

Бұл Сәбиттің  С. Қожановпен алғашқы кездесуінен алған әсері бол-

са, екінші рет кездесуі жайлы төмендегідей жолдар қалдырыпты: «Со-

дан кейін Сұлтанбек Қожановпен кездесуім – Орынбордан Ақмешіт-

ке жөнеп бара жатқан поездың үстінде. Оған да себеп – Сұлтанбек 

Қожановтың өзі болды. Ол мейлінше көпшіл адам болатын. Естуіміз-

ше, «үлкен қызметкермін» демей, бұрын да базарларға, мектептерге, 

студенттердің жатақ үйлеріне... дегендей, көпшілік жүретін жерлерге 

жиі араласады дейтін. Ол сөздің анығын Орынборда көрдік. «Қожа-

нов онда барыпты, мұнда барыпты, олай депті, бұлай депті...»деген 

хабар күн сайын естіліп жатты. Бір күні біздің рабфактың жатақхана-

сына келіп (мен жоқ едім), бөлмелерді аралап, студенттермен кеңесіп, 




159

қалжыңдасып, асханаға барып, тамақ ішіп кетіпті. Бұнысын біреулер 

«көпшілдігі»  десе,  енді  біреулер  «көсем  болуға  даярланып  жүруі, 

көптің ықыласын өзіне тартуы» деседі. 

Сұлтанбек осы көпшілдігін бір күні поезд ішінде де көрсетіп, состав 

жүйтки айдап келе жатқан шақта біздің вагонға да кіріп келді... 

– Бәріңді қонаққа шақыра келдім, – деді ол... Сонда көрсем, Сұл-

танбек  шынында  да  адамшылық  қасиеттері  мол,  ойыншы,  күлкіші, 

әзілқой, кеңесқор, әдебиет пен көркемөнерді сүйетін кісі екен» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет