(«Еңбекші қазақ», 19.2.1924)
атты мақа-
ла жазып, әдебиет тарихын жасау мәселесін көтеріп, осыған қатысты
ойларын ортаға салды. Осы мақалаға байланысты «Ақ жол» газетін-
де бірнеше пікір шықты. Соның бірі Темірбайдың «Қазақ әдебиетінің
тарихынан»
(«Ақ жол», 1924, №132)
атты мақаласы еді. Оңда Темірбай
Сәкеннің пікірлеріне қарсы бес түрлі дау айтты; жеке басына тиіскен
жерлері де бар.
Темірбайдың осы мақаласына орай Ғ.Мүсірепов «Қисық сынға әділ
төре»
(«Еңбекші қазақ», 24.ІІІ.1924)
атты ескертпе мақала жазды. Онда
Темірбай айтқан сындарды түгел келтіріп, осының дұрыс-бұрыстығы-
на өздерің төрелік етіңдерші дегендей қылады. Ғабит: «Темірбайдың
жұмысы әдебиетті сынауда емес, Сәкенді сынауда... бұл мақаладан
Темірбайдың Сәкенге дұшпандығын, аяғынан қалай шалуды аңдып
жүргендігін, оны көре алмайтындығын ұқтым» – деп, Темірбайдың
дәлелсіз біреуге күйе жаққанын, осындай мақаланы жариялаған «Ақ
жол» басшыларына қайран қалғанын білдірген.
Көп ұзамай-ақ осы тақырыпты әрі қарай жалғастырған С. Қожанұ-
лының «Жақындық па, жалақорлық па?»
(«Ақ жол», 3.IV.1924)
деген
мақаласы шығып, тағы да Сәкеннің жоғарыдағы айтылған мақала-
сы сынға алынды. Мұнда Сұлтанбек сөз болып отырған мақаладағы
әдебиеттің тарихына қатысты айтылған пікірлеріне қарсы 8 пунктпен
нақтылы дау айтқан.
165
Алдымен, «Зарқұм», «Сал-сал», «Кербалаға» ұсаған қиссалар қа-
зақтың ұлт әдебиетіне һәм жазба әдебиетіне жатар ма? Қазақтың ұлт
әдебиетіне орыс тілі кіріп кетті қылып, бір-екі қылжақпас тілмаштың
өлеңін келтіріп, мұны әдебиеттің бір дәуірі деп, санауға бола ма?»-
деп, Сәкен мен Сәбиттің әдебиеттің тарихына байланысты ойларына
күмән келтіреді.
4-ші пунктпен «Қазақта жазба әдебиеттің ағасы Абай болмаса, Ах-
мет болмаса, кім болады? Басқа да аға бар ма? Бар болса – кім?» -деп
мәселені төтесінен қойған.
Сұлтанбек Сәкеннің «Төңкеріске дейін жасап келген әдебиет
дәуірінде алға шығып бәйге алатын кісі қазақта жоқ. Көптің күші-
мен атау алып, отырғандарды әдебиет ағасы деп санауға болмайды»
дегеніне «Бұл пікірді Сәкен айтты ма, жоқ тағы да Төңкерісұлының
жаласы ма? Бұл өзі оза алмағанға ыза болғанның сөзі ме...? ұлт әде-
биетінің түп қазығын мықтап қағуға еңбегімен себеп болған, қазақ ұлт
мәдениетінің бірінші қайраткері Байтұрсынұлы Ахметін Омар Қара-
ши муфтиге неге қоңсы қондырмайды?» – деп, дауыс көтереді.
Мақаланың соңы «Жоқты жазып, бар әдебиет маңайын былапыттап,
басына бір, аяғына бір Сәкен жолдастың атын келтіріп, өзі жазушы
болып қол қойған Төңкерісұлының бұл қылығы Сәкенге жақындық
па, жоқ жалақорлық па?» Осы сұрауларға не лекция оқыған Сәкен, не
көшіруші Төңкерісұлы, не мақаланы басып отырған «Еңбекші казақ»
басқармасы берген жауабына қарай әдебиет тарихы һәм әдебиетші-
лердің жайынан білгенімізді ортаға салмақпыз»-деген жолдармен аяқ-
талған.
Сөйтіп, «Ақ жол» газетінің редакциясы алдағы уақыттарда қазақ
әдебиетінің тарихы, жалпы әдебиет мәселелері жайында пікірталасу-
лар ұйымдастырмақ ниетін білдірді. Көп ұзамай-ақ басылым бетінде
көркем әдебиет дегеніміз не, қазақ әдебиеті қандай бағытта дамуы ке-
рек, кімнен үлгі аламыз деген сауалдар төңірегінде пікір алысулар
жүріп кетті.
Ж.Аймауытовтың «Әдебиет мәселесі»
(«Ақ жол», I.IV.1925)
атты ма-
қаласында сол кез әдебиеті алдында тұрған бірсыпыра өзекті мәселе-
лерді қозғап, парасатты пікірлер ұсынған. Өткендегі қазақ әдебиетін
«Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты– ұлт теңсіздігіне,
мәдениетке талпыну, ішкі мазмұны– қазақтың халіне қайғыру, патша
үкіметінің отаршылдық саясатына, қала берсе орыс атаулыға ереуіл
жасау еді» – деп сипаттап, «Әдебиетіміздің ендігі беті төңкерісшілдік,
бұқарашылдық болуы керек. Бұрын оянған ұлт сезімін тұншықтыру
емес, тегістік, теңдік жолына икемдеп, дұрыс жүйеге, қалыпқа түсіру
керек» – дей келіп, сол кезде бас көтеріп келе жатқан тапшылдарға
қарсы «тап өзіндік ерекшеліктері ескерілуі тиіс»- деді. Автор әде-
биетті бағалауға таптық тұрғыдан келуге қарсы екендігін ашық білдір-
ген. «Ақ жол» газеті осы пікір талас барысында әдебиеттің таптық
өлшемін жоққа шығарған Сұлтанбекті қолдаған осы сияқты бірнеше
мақала жариялады.
166
С. Қожановтың әдебиет жайлы жазған мақалаларынан оның қазақ
әдебиетін таптық тұрғыдан пролетарлық, байшылдық бағыттағы деп,
бөле-жара қарауға мүлдем қарсы болғандығы көрінеді. Сондықтан да
ол Қазақстандағы пролетарлық әдебиеттің көшбасшылары саналған
С. Сейфуллин мен С. Мұқановпен аралары принципті түрде күрделі
болған. Әдебиет, саясат мәселелеріне келгенде, екі жақ принцип ұс-
тап, ымыраға келмей айтысып өткен.
Бұл пікірімізді жуырда табылған С. Қожановтың мына бір мақаласы
да дәлелдей түскендей. 1929 жылы «За партию» журналында жарық
көрген «Жылтырағанның барлығы алтын емес» деген мақаласында
С. Мұқановтың өлеңмен жазылған «Сұлушаш» романын қатал сын-
ға алыпты. Мақаланың авторы алдымен, шығарманың оқиға желісі-
мен, кейіпкерлерімен таныстыра келіп, романда әлеуметтік мәселелер
дұрыс көтерілмеген деп табады. Орыс жазушысы И. С. Тургеновтің
«өмірдің мәні әйелге деген махаббат деп түсінген азамат емес, еркек
қана, керек десеңіз адам да емес, хайуан» дегенін алға тарта отырып,
Сәбиттің бүкіл романында бір ғана Алтайдың Сұлушашқа деген ға-
шықтығын тап күресінің жоғары формасы түрінде суреттелуін сынға
алады. Сұлтанбектің романды сынауы төмендегідей бағыттарда өрбі-
ген:
«В свете такой оценки роман С.Муканова надо отнести к разряду
идеологически вредных произведений. ...это извращение понятия
о классах и классовой борьбе обязывает судить строже. Круглое не-
вежество автора и скудость его творческой фантазии не могут быть
возмещены не к месту пришитными заплатами из текста азбуки по-
литграмоты.
С.Муканов написал вне времени и пространства, вне конкретных
возможностей, вне реальной жизни романтическую дребедень в стиле
фантастических сказок, сохранив и даже увеличив характерные для
этих сказок суеверность сюжетов, оценку женщины, как низшего су-
щества для забавы мужчины-героя, и скабрезность стиля до нецензур-
ности и т.д. Налицо – полный животный подход к женщине; по роману
– в красоте и любви вся человеческая функция женщины.
...А мы считаем его не только на пролетарским, но и неприличным
произведением. После такой оценки, конечно, бесцельно для нас расп-
ространяться о художественном оформлении романа и о художествен-
ных приемах автора его.
По форме «Сулу-Шаш» – нечто среднее между романтическими
произведениями казакского националистического писателя Магжана
и скабрезно-фантастическими восточными сказками.
Язык поэмы достаточно красочный. Художественные приемы авто-
ра обычные, как и других современных казакских поэтов, но с претен-
зией на нововведения, обычные для т.Сейфуллина, учеником которого
считается т. С.Муканов. И по форме роман «Сулу-Шаш» имеет весьма
посредственную художественность.
167
Подводя итоги, мы вынуждены признать, что автор не оправдал на-
дежд читателей. Со своей задачей автор не справился. Роман «Сулу-
Шаш» ни в какой мере не есть пролетарское произведение.
У нас нет основания не верит автору, что он задумал и хотел сде-
лать крупный вклад в пролетарскую художественную литературу. Но,
как видно, это ему не удалось. Вместо ожидаемого положительного
результата, получился отрицательный, с полным извращением проле-
тарской идеологии и пролетарской морали. Роман «Сулу-Шаш», без
сомнения, будет вписан, как отрицательный капитал, в писательский
баланс т. С.Муканова»
Достарыңызбен бөлісу: |