Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет70/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(«Бірлік туы», 09.04.1918) 

– деп, күйзеле жазыпты. 

Бұл  кезде  ресми  партиялық  газеттер  Ұлы  Қазан  төңкерісінің  жа-

сампаз  жеңістерін  «шабытпен»  жазып  жатса,  ащы  шындықты  бүк-

песіз жайып салған Сұлтанбектің  бұл әрекеті партиялық тура жол-

дан ауытқушылық та болатын. Шындығына келгенде, бұл халықтық 

трагедияны  бар  болмысымен  жеткізе  айтқан  азаматтың  жан  айғайы 

да еді. 


С.  Қожановтың  Түркістан  республикасының  басшылығында  ат-

қарған қызметтері халықшылдығымен көзге түсіп, төңірегіне ұлтын 

сүйген  азаматтарды  жинады.  Алашордашылармен  тығыз  байланыс 

орнатып, идеялас болды. Олар қуғынға түскенде, қолдап, өзіне шақы-

рып, қорғады; қызмет беріп, шығармаларын бастырып шығарды.  Ол  

Түркістан автономиясының кеңес өкіметінің әскер күшімен құлаты-

луын айыптап,  мұны халықтың өзін-өзі билеу құқығын мойындамау-

шылық деп бағалады.

Әрине, Сұлтанбектің мұндай іс-әрекеттері большевиктердің негізгі 

саяси бағыттарына сай келе бермейтін. Мұны аңғарған іштегі қызыл 

көздер    де  қарап  жатпады;  С.  Қожановтың  «антипартиялық  іс-әре-

кеттері» жайлы Кремльге қарай арыз-шағымдар ағылып жатты. Со-

лардың бірін сөйлетіп көрейік. Ташкеннен Мәскеуге жөнелтілген бір 

арызда мынадай жолдар жазылыпты: 

«Біздің осы жөнелтпемен жолдап отырған құпия баяндамалық жаз-

бамызда Қожанов пен оның адамдарының (түгелге жуық «Бірлік туы-

нан»)  бұрынғы  буржуазиялық-ұлтшыл  ұйым  «Алаш-Орданың»  аса 

көрнекті басшыларымен идеялық байланысы және бірлесіп атқарған 

жұмысы дәл анықталған. Осы «бірлік-туылық» ұйымның «солшыл» 

коммунизмді жамылғы етіп, партия мен совет өкіметін ірітетін жүйелі 

контрреволюциялық  жұмысын  біз  құжатты-деректі  түрде  айқындап 

отырмыз... 




155

Қызметкерлердің  қазақ  бөлігінің  басынан  Компартияға  жат  адам-

дарды  көргенде,  оларды  іс  жүзінде  компартияға  ымыраласпас-жау 

адамдардың, (формалды түрде) партияда жоқ адамдардың басқарып 

отырғанын  көргенде, олардың жастарды анық антикоммунистік рухта 

тәрбиелеп жүргенін, Партия мен Совет өкіметінің негізін туземдік ха-

лықтың өзінің қалың ортасында анық қажап-шайқалтып отырғанын, 

партияның үлкен материалдық шығындармен жасағандарының бәрін 

біртіндеп қаусатып жатқанын, топшылдық ырың-жырың салдарынан 

партияның атын асыра пайдаланып жүргендерін көргенде — мұндай 

жағдайда кез-келген одан арғы  жұмыс әрбір адал партия мүшесі үшін 

мәнсіз және тіпті қауіпті болып кеткенін сезесің...

Ал тура осы кезде артта қалған Түркстанда (қазақ бөлігінде) бар-

лық  саясатқа  бұрынғы  «Алаш-Ордашылар»  басшылық  жасауда.  өте 

қалыпты емес және шатасқан ахуал орнап тұр. Сондықтан біз: шетсіз-

шексіз топшылдық-ұлттық қатығыстар ахуалындағы жергілікті ұйым-

дар дегенмен біздің арызымызға сәйкес тиісті сауықтырғыш шаралар 

қабылдай алмайды ғой деп ойлаймыз, сондай-ақ тіпті біздің көтеріп 

отырған  мәселемізді  бүркемелеп  тастай  ма  деп  қауіптенеміз  (оның 

үстіне  қазір  РКП  ОК  Оразбюросының  (Средазбюро,  Орталық  Азия 

Бюросының  —  Б.Қ.)  басшылары  жаңа  адамдар  болып  табылады).  

Сондықтан бұл іске ОБК мен РКП ОК-нің тікелей араласуын күтеміз. 

Бірақ  мынаны  мәлімдейміз:  қазақ  қызметкерлерінің  шын  мәніндегі 

коммунистік  бөлігі  мен  жастар  арасында    мұндай  бас  көтеру  пісіп-

жетілді және оны басып тастау қиын.

Бұл мәселе жөнінен біз өз тарапымыздан ең алдымен ГПУ желісі 

бойынша  Қожанов  пен  оның  адамдарының,  сондай-ақ  Түркістанда 

және оның сыртында тұрып жатқан Алаш-Орда қайраткерлерінің  пә-

терлеріне тінту жүргізуді талап етеміз. Бұл шара Алаш-Орда ұйым-

дарының  осы бағыттағы қызметін сөзсіз көзбе-көз анықтап береді. 

Шындап келгенде онсыз да фактілер жетіп артылады. Партияның са-

налы  мүшелерінің  тұтас  бір  қатары  қандай  да  бір  антикоммунистік 

ұйым туралы айтып тұрса, тиісті мемлекеттік органдар шара қолдану-

ға тиіс, бұл шара адамдардың алып отырған лауазымына қарамастан 

жүргізідуі керек деп ойлаймыз.

Қалай болғанда да ОБК мен РКП ОК тарапынан не олай, не былай 

бағытталған шұғыл шешім мен іс-шарасы жасалуын күтеміз» (Б. Қой-

шыбай. Т. Рысқұловтың Сталинге хаттары.  «Абай» ақпарат порталы). 

1924 жылы бұрын біртұтас Түркістан өлкесіне қарап келген Орта 

Азия  халықтарын  ұлттық  республикаларға  бөліп,    территориялық 

жағынан межелеу жүргізіліп, одан Жетісу мен Сырдария облыстары 

бөлініп  алынып,  Қазақстанға  қаратылды.  Бұл  өзгерістер  қазан  төң-

керісінің  барысында  азаттық  алған  әрбір  ұлт  өзін-өзі  билеуі  керек 

деген  «лениндік  ұлт  саясатын»  жүзеге  асыру  деген  ұранмен  өткені 

белгілі.  Мұны  бұрындары  бодандықта  болып  келген  Орта  Азия  ха-

лықтарының көпшілігі енді жеке азат ел боламыз деп, бөркін аспанға 

лақтырып, қуанғаны да, қолдағаны да рас. Солай бола тұра мұндай 



156

саясаттың  шын  мәніндегі  азаттық,  халықтық  сыпатына  С.  Қожанов 

күмәнмен  қарады.  Отаршылдардың  зымиян  саясатына  деген  іштей  

сенімсіздік  көңілді  күпті  қылып,  тұтас  жатқан  халықтың  бөлшекте-

нуге түсіп  жатқаны  алаңдатып, онша елпілдей қоймады.  Сөйтіп, ол 

біртұтас елді бөлшектеуден гөрі экономикалық және саяси-әкімшілік 

жағынан біртұтас Орта Азия федерациясын құруды жақтады.

С. Қожанов  «түркі тайпалары бірыңғай түркі тектес халықтарды 

құраған»,  сондықтан да түрлі түркі тайпаларынан тұратын біртұтас 

түркі  халықтарын  бөлшектеуге  болмайды;  «оларды  жасанды  түрде 

айыруға  болмайды»  деп,  жазды.  Шындығына  келгенде,  мұның  өзі 

біртұтас жатқан түркі әлемін іштей этностық белгілеріне қарай, бөл-

шектеп бұзу да болатын. Мұны алғаш рет сезіне білгендердің қата-

рында С. Қожанов та болды. Оның үстіне мұның өзі біртұтас Орта 

Азиялық экономикалық аймақтың бұзылуына алып келетіндігін де ес-

кертті. С. Қожановтың осы кезде ұстанған бағыты оны тек өз ұлтының 

қамын ойлаған тар ұлтшыл ретінде емес, күллі түркі бірлігін ойлаған 

түркішіл қайраткер биігіне көтерді. 

Ол  басқа  амалдың  жоқтығынан    жұртының  жайын  ойлап,  жоғын 

жоқтауды  жалғастыра  берді.  Осы  кездерде  жазылған  «Осы  күнге 

дейін  бір  болып  келген,  шаруа  жағынан  жігі  ашылмаған  Түркістан 

енді тозып, төрт-бес мемлекет болып отыр. Басқалар Орта Азия ша-

руа бірлігін жасап, бірден бөлініп кетпестен, шаруа істерін бір жөнмен 

жүргізбек болып отырғанда, Орта Азиядан қазақ облыстары шықты 

саналып отыр. Жетісу мен Сырдария шаруа жағынан, әлі де болса, Қа-

зақстаннан гөрі, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет