Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет80/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(Сұлтан-

бек Қожанов.  Шығармалары. Құрастырып, кіріспесі мен соңғы сөзін жазған 

профессор А. Шәріп. Алматы, «Арыс», 2009, 352 бет)

С. Қожановтың көсемсөзі қоғамдық, экономикалық, мәдени өмірдің 



барлық  саласын  қамтыған  тақырыбының  ауқымдылығымен,  өмір 

ұсынып отырған аса зәру мәселелерді батыл көтере алуымен, тілінің 

өткірлігімен,  нақтылылығымен,  фактілерінің  молдығымен,  қысқа-

нұсқалығымен ерекшеленеді. Жанрлық жағынан келгенде, қысқа ха-

барлардан бастап, проблемалық мақалаға шейігі газет жанрларының 

барлығында дерлік қалам тербеген. Мақалаларын оқып отырғанда, ой 




170

өрісінің кеңдігі, жан-жақты білімдарлығы,  ойын ұтымды жеткізе ала-

тын шеберлігі өзіне тартып отырады. 

Қазақстан жаңадан мемлекет болып, ел қатарлы өмір сүре бастаған 

кездерде отаршылдықтың салдарынан бұрындары қолға алынбай кел-

ген қыруар жұмыстарды басынан бастауына тура келді. Сондай жұ-

мыстардың бірі ұлттық оқу-ағарту саласы болатын. Қазақ халқының 

жұрт  қатарлы  ел  болып,  қатарынан  қалмай,  өзгеге  құл  болмай  өмір 

сүруін  қамтамасыз  ететін  саналы  жастарды  дайындау  күн  тәртібіне 

өткір қойылды. Міне, осы бір ұлттық ауқымдағы аса маңызды іске қа-

зақ оқығандары түгелдей дерлік ат салысып, өздері атқарып жүрген 

жұмыстарын тоқтата тұрып, мектеп оқулықтарын жазуға кірісті. 

Ақын  А.  Байтұрсынов  «Тіл  құралын»,  «Әдебиеттанытқышты», 

ақын М. Жұмабаев «Педагогиканы», жазушы Ж. Аймауытов «Психо-

логияны», ақын С. Сейфуллин «Қазақ әдебиетін», жазушы М. Әуезов 

«Әдебиет тарихын», теміржолшы  М. Тынышбаев пен дәрігер С. Ас-

фендияров «Қазақстан тарихын»,  т. б. жазуға мәжбүр болды. Міне 

осы кезде арифметика пәнінің қажеттілігін өтеу мақсатымен С. Қожа-

нов орта мектепке арналған “Есептану құралы” (1924)  атты оқулық 

жазды.  


Көлемі  60  беттік  оқу  құралында  ауылда  өскен  қазақ  балаларына 

түсінікті тілмен қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарынан бастап, бастап-

қы математикалық ережелер түсіндірілген. 

Сондай-ақ,  саяси-әлеуметтік  тақырыпқа  арналған    “Түркістанның 

Кеңестік Автономиясының он жылдығы” (1928) тақырыпты зерттеуі 

орыс тілінде жарық көрген. 

1925 жылы Қазақстанның партия ұйымын басқаруға Ф. Голощекин 

келді. Сталиннің арнайы тапсырмасымен қазақ даласындағы револю-

циялық өзгерістерді жылдамдатуға келген ол билік маңында жүрген 

халыққа  жақындауларын  қыспаққа  ала  бастады.  «Азуы  алты  қарыс, 

өзінің айтқанынан басқаны жөн деп білмейтін бұл кісі ұлт кадрымен 

ә дегеннен-ақ тістесе кетті» 



(Ж. Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы. Алма-

ты, «Қазақстан», 1994, 64-бет). 

Бұрынғы  бірінші  хатшы  Нанейшвилимен  біршама  тіл  табысып, 

жақсы  жұмыс істеген С. Қожанов жаңа басшының мұндай өрескел 

бағытына ашық қарсы шықты. Екеуінің бірігіп жұмыс істеуі мүмкін 

болмаған соң, Сұлтанбектің бұл қызметтен кетуіне тура келді. Ф. Го-

лощекин де С. Қожановтай аса ірі қайраткерден құтылудың жолы оны 

қызмет бабымен өсіріп жіберу екеніне көзі жетіп, оны Орта Азия мен 

Қазақстандағы аса ірі мемлекет, партия, қоғам қайраткері деген мінез-

демемен Орталық комитетке қызметке ұсынды. 

С. Қожановты  1925 жылы  қараша айында Мәскеуге шақырып, ұлт 

республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға 

жіберді. 1928 жылы  Ташкентке, Орта Азия бюросына қызметке ауыс-

ты.  Мұнда  ол  үгіт-насихат  бөлімі  меңгерушісінің  орынбасары,  хат-

шысы болды. Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы Ғылым Академия-

сының (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жылы 



171

Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын (САХИПИ) 

құрып, оның алғашқы директоры, 1929 – 31 жылдары  Орта Азия мақ-

та комитетінің директоры болып,  1931 – 32 жылдары БК(б)П ОК ап-

паратында жауапты қызметтер атқарды.

Өмірінің  соңғы  жылдарында    Өзбекстанда  түрлі  лауазымдық 

қызметтер  атқарған  С.  Қожановтың  соңынан  «қожановшылдық», 

«түрікшіл», «ұлтшыл», «жікшіл» деген сияқты айыптаулар бір сәтке 

де тоқтамады. Қазақстандық әсіре белсенділер, қызыл көз коммунис-

тер алыстағы Ташкентте жүріп жатқан Сұлтанбекке тыныштық бер-

мей, оның халық алдында «қожановшылдығы», «ұлтшылдығы» үшін 

кешірім сұрауын талап етті.  Сол кездегі саяси жағдайға байланысты 

С. Қожанов өзінің «саяси кемшіліктері» үшін кешірім сұрауға мәжбүр 

болған.  Бұл  «Еңбекші қазақ» газетінің 1928  жылғы 2 қарашадағы 

санында «Сұлтанбек Қожанұлы қателерін мойнына алды. Шынды жа-

сыруға,  партияны  алдауға  болмайды!»  деген  үлкен  бас  тақырыппен 

берілді.

Бір қызығы  Сұлтанбектің сұраққа берілген жауаптар түрінде беріл-

ген  кешірімінен  кейін  Сталиннің  С.  Қожанов  туралы  пікірі  де  қоса 

беріліпті: «Қожанұлы ылғи да қазақ елінің өзгешелігін тым көпіртіп, 

ұлғайта айтады. Күншығыс ұлт республикалары мен Кеңес одағын-

дағы кәсібі күшті аудандардың тағдыры, тілегі бір екенін ұмытады. 

Социалдық жұмыстарды ескермейді. Бар жұмысы – ұлт тілегін үстем 

қылу, соған лайықтап қана істейді. Бұл пікірдегі жолдастар ұлт ішін-

дегі, ұлт республикаларындағы істерге аз көңіл бөледі. Ісінің бұл жа-

ғын бұлар өз бетімен өше берсін деп біледі. Мұны үлкен жұмыс деп 

білмейді. Бұларша ең үлкен жұмыс – республиканың шегін кеңейту, 

«сыртқы» саясатпен шұғылдану – іргелес отырған республикалармен 

айтысып, таласу. Көбірек жерін, елін өзіне қосып алу; сөйтіп, өз елін-

дегі байшылдарға, ұлтшылдарға жақсы кісі болып көріну. Бұл пікірдің 

аяғы келіп, мұндай коммунистерді социалшылдық тілектен – жолдан 

алыстатады.  Мұндай  коммунистер  кәдімгі  байшыл,  ұлтшылдардың 

бірі болып шығады»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет