Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет78/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

 (Замандас. «За партию». 1929,  № 1-2).

 Бұл жерде Сұлтанбектің «Сұлушаш» романын сол кездегі көркем 

шығармаға  қойылатын  таптық  өлшем  тұрғысынан  келіп,  тізені  ба-

тырыңқырап  жібергені  де,  артықтау  кеткен  тұстары    да  байқалады. 

Бүгінгі күн оқырманын ойландырарлық, пікір таластырарлық  мәсе-

лелері де баршылық. 

С. Қожановтың осы кездердегі саяси-мәдени қызметін С. Мұқанов 

төмендегіше  бағалапты:  «Менің  Сұлтанбек  Қожанов  туралы  бұған 

дейін білетіндерім: 1.Совет өкіметіне қарсы өлең-жыр жазудан танбай 

келе жатқан алашордашыл ақын Мағжан Жұмабаевтың Қазақстанда 

бастыра  алмаған  өлең-поэмаларын  1923  жылы  Ташкент  қаласында 

бастырды да өзі кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспаңға шығара мақта-

ды; 2. «Алаш» лидері Ахмет Байтұрсыновтың 1923 жылдың күзінде 

Орынборда құлаған 50 жылдық юбилейін Ташкентте өткізіп, Түркіс-

тан республикасының басқарушысы газеті «Ақ жолда» Байтұрсынов-

ты мақтаған мақалалар бастырды, портретін жариялады; 3. Түркістан 

республикасын  Қожанов  басқарған  кезде  (1923-1925  жылдар)  Ала-

шорда  партиясының  лидерлері:  Халел  Досмұхамедов,  Хайретдин 

Болғанбаев,  Мырзағали  Есполов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  тағы  басқа-

лар Ташкент қаласынан пана тапты да, ондағы «Ақ жол» газеті мен 

«Шолпан» және «Сана» журналдарында ұлтшылдық бағытта, кейде 

совет өкіметіне ашық қарсы шыққан бағытта жазған шығармаларын 

жариялап тұрды. Сондай Қожанов енді Қазақстанды басқаратын бол-

са, нені оңдырмақ»



 (С. Мұқанов. Таңдамалы шығармалар. Он бірінші том. 

Алматы, 1977, 124-125 беттер). 

С. Қожановтың саяси қарсыластарының бірі болған С. Мұқановтың 

бұл жазбаларынан автор сол кездің көзқарасымен Сұлтанбекті қара-

лап отырғанымен де бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, шындықтың 

шырайы ашыла түседі. Бұл жерде халықшыл, ұлтшыл азаматтың осы 

бағытта атқарған қызметі саяси оппонентінің сөзі арқылы  біршама 

ажарымен көрінген.

Сөйтіп,    С.  Қожанұлы    жиырмасыншы    жылдардағы  қазақ  әдеби 

өмірінің қақ ортасында жүріп, оның өзекті мәселелері хақындағы ба-

тыл да  өміршең ойларын ұдайы ортаға салып отырды. Сұлтанбектің 

өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы аласапыран кездерде  

Абайды, онымен бірге қазақ әдебиетінің бүкіл өткенін жоққа шыға-

рушыларға,  әдебиеттегі  әсіре  тапшылдыққа,  «пролеткультшілдікке» 



168

қарсы шығуы,  Мағжан қудалауға түскен кезде оның  ұлылығын жұрт-

тан бұрын танып, кітабын бастырып, ақындық қуатын аса жоғары ба-

ғалауы  қазақ әдебиетінің, мәдениетінің тарихында алтын әріптермен 

жазылып қалды.  

Жан-жақты дарын иесі Сұлтанбек мемлекеттік, қоғамдық жұмыс-

тардан қолы қалт еткен сәттерде көңіл күйін өлең қылып ақ қағазға 

түсіріп отырған.

«Мен-дағы өлең айтсам ұнамай ма?

Ақын да жоқтан бар ғып құрамай ма?

Өлең ғып, ұйқастырып тізіп қойсам

Бір надан білгішсынып, сынамай ма?» 



(С. Қожанұлы. Шығармалары. Алматы, 2009, 217-бет) 

– деген сияқты 

жолдардан өлеңді оқырман үшін емес, өзімен-өзі қалып, ойға қалған, 

толғанған бір сәттерде  өзі үшін жазғандығы көрінеді. Тақырыптық 

жағынан келгенде – әралуан: тіршілік-тұрмыста, қызмет бабында кез-

десіп, айтарлықтай әсер қалдырған  түрлі түйткілді мәселелер жайлы 

кейбір ойларын ақ қағазға түсіріп отырған.

«Көрерміз» деген өлеңінде ол:

  «Орыс тілі үлкендікке жеткізіп,

  Жұртты сатып, болыс болған өткізіп. 

   Орысқа құл, қойдай айдап қазақты

   Жетіскен ұлт намысын тепкізіп. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет