Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет79/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   191
           Бұл сұмдардың кім ұмытар қылғанын? 

           Сатты, жанышты, тепті, қылды сиғанын. 

           Бұл иттерде ұлт бар ма еді, тап бар ма ед? 

           Дін аударып, сатқаны аз ба иманын?» –  деп, билік үшін орыс 

отаршылдарына ар-иманын, дінін, тіпті ұлтын, халқын сатуға дейін 

барып жүргендігін аяусыз сынаған.  

«Қу заман, ит тіршілік қорладың ғой

 Көрсем де қанша икемдеп, болмадың ғой.

Жете алмай, дегенімнің жалғызына, 

Талап көп, талайсыз боп, сорладым ғой.

Кері кетіп, алға қарай бассам аяқ,

Барады қылған ісім бір оңбай-ақ. 

Адал ой, ақ көңілмен тырыссам да,

Еңбек еш, көңілім жүр тына алмай-ақ»

(сонда,  210-бет) 

-деген  өлең  жолдарынан  өмірі  «тар  заманда»  өт-

кен, қиын-қыстау жылдарда отаршылдардың қысымына шыдас бере 

жүріп,  халқына  адал  қызмет  еткен  ардагер  азаматтың  асыл  тұлғасы 

көрініс  бергендей болады. 

Сұлтанбектің кей өлеңдерінің шығыстық үлгідегі дидактикалық сы-

паты басым:

«Өлшенбей салмақ, білінбес, 

Сыналмай адам ашылмас. 

Түсуге сынға мүдірмес, 

Ер қайда сырын жасырмас». 



169

            «Жұртқа сенген тарықпас

            Кісіге сенген молықпас.

            «Жеген ауыз жесін» деп, 

           Тышқанды қасап сойсын деп, 

           Құрғақ ақыл соқтырар». 



«Қашқан жауға – қатын ер, 

 Талапкер көп олжаға.

 Зорға қосшы табылад, 

 Жолдас қайда сорлыға» 

(сонда)

 – деген сияқты шумақтардың өмірлік 

философиясы терең. 

Өмірдің әр түрлі сәттеріндегі көңіл күйлерінен, ойларынан туында-

ған «Қайтейін», «Кім жауапты?», «Ойлап көрші», «Бұл кім?», «Нені 

айтайын?»,  «Жас  қосын»,  «Көрерміз»,  «Тілегіміз»,  «Шынға  ұсаған 

пікірлер», «Тілмаштарға бір сын», т. б. өлеңдері түрлі басылым бет-

терінде жарық көрген. 

Сұлтанбек бірсыпыра орыс ақындарынан еркін аудармалар жасаған. 

Мысалы, Демьян Бедныйдың «Емен мен сыналар», «Жауап» секілді 

мысалдарын тәржімәлап, «Ақ жол» газетінің беттерінде жариялаған. 

«Сонымен бірге ерекше назар аударатын құбылыс – Сұлтанбектің 

ақын ретінде жазған өлеңдерінің дені ел қамы, көпшілік жайы болып 

келіп, махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына мүлдем бармауы. ...өлеңді 

кәсіп етпей, тек қана елдіктің жайын ойлап, жұртқа қамқоршы болып, 

тілекші  көңілдің  жай-күйі  тебіренткенде  ғана  қолына  қалам  алған 

тәрізді... Сондықтан ол кісіден қалған аз-кем мұралардан сыршылдық 

сезімді  немесе көркемдік қуатты емес, керісінше қайраткерлік қуат-

ты аңғаруға болады. Кикілжіңі көп күресті күндерде жаны жабырқап, 

көңілі қалғанда ғана қалам қуатының құдіретіне жүгінгендей» 



(Н. Нұр-

пейісов. Әдебиет және сын мәселелері. Шымкент, 2009, 123, 125 беттер). 

С.  Қожанов  жауапты  лауазымдық  қызметтер  атқара  жүріп,  негізгі 

міндеттерін  қоғамдық,  ғылыми,  әдеби,  сыншылық,  көсемсөзшілік 

шығармашылық    жұмыстармен  тығыз  ұштастырып  отырды.  Ғалым 

Амантай Шәріп  Сұлтанбектің «Бірлік туы», «Ақ жол», «Еңбекшіл қа-

зақ», «Тілші» газеттерінің, «Шолпан», «Қызыл Қазақстан», «Жас қай-

рат», «Лениншіл жас», «Сана»  журналдарының беттерінде «Топақ», 

«Тарпаң», «Замандас» деген бүркеншік аттармен жариялаған 135 ма-

қаласын, бірсыпыра өлеңдерін  тауып, кітап қылып шығарды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет