қамау керек (бұлай ету үшін жаңадан үңгір қазуға тура келер еді) немесе
кӛзге түспейтін таса жерден бірі-бірінен аулақ екі-үш қора соғып, түнге қарай
соған апарып қамау керек; бұлай етудің пайдасы: егер бір кездейсоқ
бақытсыз себептермен ешкінің кӛбі қырылып қалса, аз да болса бірнеше ешкі
қолда қалады, сол қалғанының ӛзін ӛсіріп күнелтуіме болады. Ақырында
соңғы жобаға тоқтадым, кӛп еңбек сіңіруді тілесе де, осы соңғы жобаға
тоқтағым келді.
Қора салуға түбекті (таса) жер іздеп барлық аралды кездім, ойлаған
жерім ойдағыдай болып табылды. Ортасы — тегіс ойпат алаңқай жер, қалың
ағаштың іші, бұл — кәдімгі аралдың күн шығыс жағын аралап келе жатқанда
адасатын жерлерім. Әлгі айтылған алаңқай жердің кеңдігі үш десятина
шамасы бар; жан-жағын қоршаған зәулім ағаш қолдың саласындай қаз-қатар
100
Sauap.org
тізіліп тұр, қолдан соққан қорған сықылды; қалай дегенмен қора соғу басқа
жерден гӛрі бұған уақыт аз кетеді.
Тез жұмысқа кірістім, тӛрт аптадан кейін қора-қопсыны бітірдім, енді
ешкіні айдап келсе де болады. Ешкіні айдап келу маған қиын емес, себебі
қолда туып ӛскен жас лақтар ӛзіме әбден үйреніп жабайылығынан арылды.
Жұмысты кешіктіргенім жоқ. Келдім де он ешкі, екі текені бӛліп алдым да
әлгі жаңа соққан қораға айдап келдім. Қораның жетіспей қалған жерлерін
ешкілерді келтіргеннен кейін асықпай, саспай жайыммен істеп бітірдім.
Осынша еңбек және қаншама әуреленушілік, құмда адамның ізін кӛріп
үрейімді ұшырған қорқыныштың салдарынан туған еді! Мен әлі осы кезге
дейін не аралда, не оған жақын жерде ешбір адамды кӛрген емеспін.
Жоғарыда суреттеліп ӛткен бақытсыздық жағдайға тап болғаннан кейін,
ӛзімнің бұрынғы тыныш тұрмысымнан айрылғаныма, міне, екі жыл болды,
мәңгі-бақи қорқыныштың қол астында ӛмір сүрудің қандай екенін басынан
кешкендер жақсы біледі және оның шындығына сенеді. Бұл жерде тағы бір
айтып кетейін дегенім, ӛне бойы зәрені ұшырып, жан түршіктірген
қорқыныш менің діншілдік сезіміме жаман әсер етті. Таң атқанша тірі
қалмаспын, түнде келіп жабайылар ұстап алар да ӛлтірер, етімді жер — міне,
жатсам да, тұрсам да ойлайтыным осы болды. Қорқыныш жанымды әбден
қинады жаншып, қалжыратты. Осының салдарынан құдайға құлшылық етуім
бұрынғыдай емес, ӛте сирексіді. Намаз оқып алладан тілек тілеп отырайын
десем, артымнан біреу келіп ӛлтіріп кететіндей болады да тұрады. Ӛз
тәжірибеме қарағанда, кісінің құдайға құлшылық етуі, намаз оқуы, тағы да
басқа дін заңдарын орындауы — жайшылықта, жайбарақат кезде болатын
нәрселер, қорқыныштың салдарынан рухы ұшып, жаны түршіккен кездерде,
адам баласының намаз оқуға, дұға қылуға және де басқа дін заңдарын
орындауға мойны жар бермейді; қорқыныш адамды қатты аурудан және таяқ
жегеннен кем әлсіретпейді. Қорқыныштың зардабы тіпті таяқ жегеннен де
күштірек, себебі дұға — тәнге түскен таңба емес, әншейін рухани нәрсе ғой.
Енді әңгімеме қайтып оралайын. Ӛзімді азық-түлік қорымен қамтамасыз
еткенімді жоғарыда айтып ӛттім. Бірсыпыра ешкіні бӛліп басқа бір жерге
орналастыру үшін тағы бір таса орын іздегім келді. Бір күні әлгі жерді іздеп
келе жатып, аралдың батыс жақ жиегіне бардым, осы кезге дейін бұл араға
бұрын келіп кӛрген емес ем. Жиекке жақындап келдім де, бір тӛбешіктің
басына шықтым, тӛбенің басына шыққанымда теңіз бетінде қайық сықылды
қараңдап бір нәрсе кӛрінді. Кемеден алған сандықтардың бірінен алыстағыны
қарайтын бірнеше дүрбі тауып алғанмын, бірақ бұл сапар менде ол жоқ еді,
қанша қадалып қарағанмен әлгі кӛрінгеннің қайық екенін, әлде басқа бір зат
екенін айыра алмадым, қарай-қарай кӛзім талды. Тӛбеден ылдиға түстім, еш
нәрсе сезілмеді, жайлап жағаға келдім. Әлгі қарайып кӛрінгеннің не зат
екенін біле алмай-ақ қойдым. Оны айыра алмағаным ӛзіме сабақ болды,
ендігәрі дүрбісіз далаға шықпайтын болдым.
Жағаға келісімен-ақ, менің аралымда адамның ізі кӛп екендігі
анықталды, бұрын бұлай деп ойламаушы ем; олар келгенде тек анда-санда
101
Sauap.org
бір соғып қана кетпейді екен, жиі-жиі саяхаттап адам етін жейтіндердің
қанды тойларын тойлап жүретін жері осы екен, бұл тағы белгілі болды.
Тӛбеден түсіп, теңіздің жағасына жақындап келгенде, арылмастай ауыр
халге душар болдым, кӛзіме түскеннің бәрі қорқыныш. Жаға толы адамның
сүйегі: адамның басы, омыртқасы, қабырғасы, аяғы, қолы, тағы басқалары.
Осыны кӛргенде ӛзімнің қайдан келгенімді, қайда тұрғанымды білмей
есімнен тандым, суреттеуге тіл жетпейді. Жабайылардың ӛзара
соғысатындығы маған бұрыннан-ақ белгілі болатын. Соғысқан кезде жеңген
жағы қолға түсіріп алған тұтқындарын ӛздерінің әдет-ғұрпынша сойып,
етінжейтіндерін де естуім бар еді. Бір жерде оттың күлі жатыр, айналасы
толған адамның сүйегі: соған қарағанда ӛздерінің қанды тойларын жасап
мәслихаттасқан жері болу керек.
Осының бәрі мені таң қалдырды, не қыларымды білмей тұнжырап
тұрдым да қалдым, сол тұнжыраған бойыммен жағада тұра берсем, үлкен
қауіп-қатерге ұшырайтындығым да есіме келмеді. Адам баласының
жаратылысындағы айуандық халге жеткен мұндай азғыншылықты кӛргенде,
қара басымның қамын ойлаудың қорқынышы ойдан шығып кетті. Мұндай
айуандық кӛріністер туралы әлденеше рет естігенмін, бірақ бұрын-соңды
кӛзім кӛрмеген соң, жүрегім мұздап, қарауға жүзім шыдамай теріс айналдым;
жүрегім айнып лоқсыдым егер жаратылыстың ӛзі кӛмек беріп құстырып
ішімді тазаламағанда, есім ауып сол жерде сӛзсіз құлап қалатын едім.
Артық бір минӛт тоқтап тұрғаным жоқ: аяғымның әлі барда тырмысып
тӛбеге шықтым да, жүгіре басып ӛзімнің үйіме қайттым.
Аралдың бұл бӛлімінен біраз жер ұзап шыққасын, есімді жиып,
ойланайыншы деп тоқтай қалдым. Кӛзім жаутаңдап аспанға қарадым екі
кӛзден аққан жас бетімді жуды, сол бойыммен тұрып: адамдардың бір-біріне
қиянатты жоқ дүниенің екінші бір қиыр шетінде тууды маған нәсіп еткені
үшін жаратушыға алғыс айттым.
Кешікпей ӛзімнің қамалыма қайттым, сол күннен бастап жабайылардан
қорқуым бәсеңсіді. Менің ойлауымша, бұл қанішерлер аралға тамақ іздеп,
олжа табу үшін келмеген болу керек, мүмкін, олар еш нәрсеге мұқтаж емес
шығар, бұл сықылды жапан далада күнелтерлік не бар дейсің деп ойлаған
шығар; олар аралдың ағашты жағына бір емес, әлденеше рет келген болар,
бірақ ӛздеріне қолайлы нәрсе таба алмаған шығар деп ойладым. Ең дұрысы
мынау: мен аралға келгелі он сегіз жыл болды, содан бері осы соңғы кезге
шейін адамның ӛзі түгіл ізін де кӛргенім жоқ, солай болса ӛзімнің
абайсыздығымнан кездесіп қалмасам, жабайылардың кӛзіне түспей әлде де
сонша уақыт тұруыма болады. Бірақ бұдан қорқатын еш нәрсе жоқ, себебі
менің аралда бар екенімді ашатын белгілердің бәрін жақсылап жасыруым
керек және қанішерлердің қоғамынан гӛрі жақсырақ қоғамға араласқанға
шейін ӛзімнің үңгірімнен сирек шығуым керек.
Алайда осы жабайы жауыздардың бірінің етін бірі жейтін айуандық
әдет-ғұрыптары жер жебіріме жетіп еңсемді кӛтертпеді, ӛне бойы мең-зең
болып тұнжырадым да жүрдім. Екі жылға жақын ӛзімнің жерімнің, үйімнің
102
Sauap.org
және ешкіме салған қора-қопсымның маңынан басқа жаққа аттап шыққаным
жоқ, бұл жауыздарға қаным қатып, жүрегімнің мұздағаны сондай, оларға
жолыққаннан шайтанды кӛруге ырза болар ем. Содан кейін қайыққа да
барғаным жоқ, жаңадан қайық жасау әрекетін ойландым, ӛйткені қайықты
аралдың ана жағынан мына жағына алып келуден мүлде бас тарттым. Еш
уақытта жабайыларға соқтыққым да келмеді, себебі олардың қолына түссем
сыбағамның қандай болатыны ӛзіме белгілі еді.
Болар іс болды, бояуы сіңді, сақтану қамының неше түрлерін істедім,
бұл жӛніндегі шараның бәрін қолдандым, енді жабайылар мені іздесе де таба
алмайды, қорыққанмен жан қала ма, қорқудың енді қажеті жоқ, бұрынғы
жайбарақат қалпымда ӛмір сүруім керек, солай етіп ӛмір де сүре бастадым.
Бұрынғы тұрмысымнан қазіргі тұрмысымның айырмашылығы, аяғымды
ептеп басып ӛте сақтықпен жүретін болдым, дұшпанның кӛзіне түспеу үшін
қолдан келген шараның бәрін қолдандым. Аралға келген кезде даусын естіп
біліп қала ма деп мылтық атуды да қойдым. Ол уақыт аң ауламай-ақ та, тамақ
асырарлық халге жеткен кезім еді; себебі асыранды ешкілерім бар, осы
уақыттың ішінде сойып жеген жабайы ешкілерді тұзақ құрып немесе апан
қазып ұстадым. Сонымен осы екі жылдың ішінде жүргенде, тұрғанда
мылтығым қолымнан түспесе де, бір рет те атып даусын шығарғаным жоқ.
Бір жаққа шыққанда қолымда — мылтығым, белімде — кемеден алған екі
тапаншам және арқамда асынған — ұзын қанжарым болды. Сонымен менің
түсім сұсты, айбыным күшті: мылтық, балта, екі тапанша және қынсыз ұзын
жалаңаш қанжар.
Тек сақтықты күшейткенім болмаса ӛстіп тұрмысым бұрынғы
жайбарақат қалпына түсті. Әрі-бері ойлаған соң, осы менің халім онша
жаман емес қой, басқалардың кӛбінен тәуір ғой, егер құдай тағала бұдан да
гӛрі нашар халге душар қылса қайтер едім деген пікір туып, ӛзіме бір түрлі
сенім пайда бола бастады. Егер бұларды ертерек ескеріп ойлансам, тағдырға
кӛп наразылық білдірмей, аруаққа да сүйкімді кӛрінген болар едім.
Қазіргі халімде мен еш нәрсеге мұқтаж емеспін, жоқшылықтың зарын
тартқаным жоқ: осы қанішер жабайылардың қорқынышы қара басымның
қамын ойлаудан қолымды босатпады, тұрмысымды жақсылап жайғастыруға
мұрша бермеді, мұнан былай да ӛнерпаздығымды ӛркендете беруге бӛгеу
болды. Мысалы, кӛптен бері ойлап жүрген бір нәрсемді осының салдарынан
орындап шыға алмадым. Менің бір ойым — арпа қайнатып, сыра істеп
шығару еді. Әрине, бұл әшейін қиял ғой. Себебі оны істеп шығару үшін
керекті заттардың менде жоқтығы және оның табылмайтындығы белгілі еді.
Бірінші, сыра құйып қоятын бӛшке жоқ, бӛшке істеймін деп кӛп уақыт
әуреленсем де, еш нәрсе шығара алмағаным оқушыларға мәлім. Екінші,
менде не құлмақ не ашытқы, не қазан жоқ, сондықтан оны қайнатудың ӛзі
мүмкін емес еді. Егер қарғыс атқан жабайылардың лаңы кедергі болмағанда,
кім біледі, бір нәрсе істелер еді, бұрын қолға алған нендей жұмысты болса да
аяқтап шықпай қоймаушы ем.
103
Sauap.org
Ал кейінгі кезде менің ӛнерпаздық жұмысымның бағыты басқа жаққа
ауды. Күні-түні ойлағаным: қанды тойын тойлап, мәз-мейрам болып
жатқанда, осы жауыздардың бірнешеуін ӛлтіріп, тас-талқанын шығарып,
мүмкін болса, олардың ӛлтіріп етін жеуге алып келген бір адамын құтқарып
алсам, егер олардың бірнешеуін қыруға реті келмесе, ең болмағанда аралға
қайтып келмейтіндей етіп қорқытсам деген ой еді. Осы туралы жасаған
жоспарымды, ойлаған түрлі пікірлерімді қалдырмай айта берсем кітабым
мүлде қалыңдап кетер еді. Бірақ мұның бәрі бос қиял болды да ӛте шықты.
Адам етін жейтіндерді жазалау үшін олармен соғысу керек, соғысқанда
жалғыз ӛзім не істемекшімін, кӛпке топырақ шашам ба, олар да тым құр
алақан емес, қолдарында садақ, найза сықылды құралдар бар, садақты
тартқанда кӛздеген жерінен кӛктей ӛткізеді.
Әрі ойлап, бері ойлап, тапқаным мынау болды: от жағатын жерлеріне
бес-алты қадақ дәріні кӛмейін де, әлегін аспаннан келтірейін, олар жаққан
кезде дәрі жарылады да, маңындағының бәрін ӛртейді, осылай етуім жӛн
болар, осылай етсем әрі қырылады, әрі қорқады. Бірақ бұлай етуге біріншіден
дәрімді аядым, себебі: оқ-дәрінің азайып шамаланған кезі еді, екінші: кӛмген
дәрі тап солар от басына жиналған кезде жарылса, жақсы болар еді, егер олар
от маңынан аулақ жүрген кезде жарылса қайтем.
Ал солай ете қойғанда одан келер маған пайда қанша? Кӛп болса
бірнешеуінің бет-аузы күйер, әрине, олар қорқар, сол қорыққан бойдан беті
бері қарамай безіп кетсе жақсы, егер тағы қайтып келсе қайтем? Ойға
салыстырып қарадым да, болмас, мұнан іштеңе шығара алмаспын дедім де
қойдым. Ойыма тағы бір келгені мынау болды: тұтқындарын сойып, кӛздері
қызарып, қолдары қанға тиіп жатқан кезде мылтық біткеннің бәрін оқтап
алайын да, тасаланып қастарына барайын, мылтықтың бірінен соң бірін алып
үсті-үстіне атайын, әр атқанда екеу-үшеуін ӛлтіріп немесе жарақаттауым
анық, мылтықтың оғы біткесін қалғандарына тапаншамен, найзамен тиісейін
дедім; егер осылай етсем жиырма шақты адам болса да жалғыз ӛзім жайын
табатыным анық және солай ете алатыныма да сенем. Ақыры осылай етіп
тиісуге тәуекел етіп, бел байладым, осы ойым ұйықтасам түсімнен
шықпайтын болды, ұйықтаған сайын таса жерде тұрып атып жатам немесе
тӛбелесіп жүрем.
Кейін әлгі айтып ӛткен ойды орындау үшін бекінуге қолайлы жер қарап
кӛп әуреге түстім; олардың жиналатын жерлеріне барып, таныстым.
Ӛшіккенім ғой, бірінің етін бірі жейтін жауыздардың қанын судай шашып,
қынадай қырғым келді.
Ақыры іздеп жүріп бекінуге қолайлы екі орын таптым: біреуінде тұрып
жабайыларға мылтық атпақшымын да, екіншісінен олардың келгенін, қай
жерге келіп тоқтағанын күн ілгері бақылап тұрмақшымын, екеуі де таса,
үстінен түспесе кӛрінбейтін жер. Бұл тӛбенің түсе берісі, сол жерде тұрып
аралға келген қайықтарды бақылап біліп алуға, олар жиекке келіп жеткенше
жасырынып үлгіруге болады. Қасында іші қуыс бір жуан ағаш бар, соған
жасырынып қалуыма да болады. Сол ағаштың қуысында отырып,
104
Sauap.org
жабайыларды бас қосып топтанған кезін аңдып тұрып атса, бір атқанда
бірден үшеу-тӛртеуі құлайтыны анық.
Бекінуге қолайлы орын табылысымен-ақ, жорыққа аттануға әзірлендім.
Ӛзімнің тапаншаларымды, екі мүшкетімді және құс мылтықтарымды мұқият
тазарттым. Мүшкеттің әрқайсысына жетіден оқ салдым: жетеудің екеуі —
қолдан жасаған қорғасын оқ, бесеуі — тапаншаның оғы; құс мылтығымды ірі
бытырамен оқтадым. Бұдан кейін үш-тӛрт атымдай оқ-дәріні алып жорыққа
шықтым.
Бұл жӛніндегі жоспарымды әбден жасап бітіріп қиялымды жүзеге
асырғаннан кейін күн сайын тӛбеге шығып қарай бастадым, тӛбенің
алыстығы менің қамалымнан үш мильдей жер еді.Теңізде кеме кӛрінбес пе
екен, я болмаса қайықтарына мініп аралға жабайылар келмес пе екен деп кӛп
уақыт қарап туратын болдым. Екі-үш айға дейін үздіксіз қарауылдап ақыры
шаршадым, ұдайы үш ай күзетсем де, жаға түгіл тіпті теңіз бетінде де кӛзіме
еш нәрсе түспеді.
Қарауыл тӛбеге күнде барып жабайылардың келуін бақылап жүрген
кезімде, менің жауынгерлік қалпым, желіккен кӛңілім бәсеңдеген жоқ, қан
тӛгу ниетімнен қайтқаным жоқ және ӛзімнің бұл істерімде оғаштық бар-ау
деп сезгенім де жоқ, мұным ӛзіме дұп-дұрыс сықылды кӛрінді. Қолдарында
құралы жоқ, отыз-қырық адамды қирату маған оп-оңай сықылды.
Жергілікті халықтың жаратылыстың заңына қарсы осындай айуандық
салтына шыдай алмай ызаланып жүрген уақытымда, оларға мұндай жаза
беруге бола ма? Және олардың ісі осындай жаза беруге тұрарлық па, жоқ па?
Бұл туралы да еш нәрсе ойлағаным жоқ. Құдайдың рұқсаты бойынша,
олардың тұрмыстарында ӛздерінің айуандыққа салынып азғындаудан басқа
сезімдерінің жоқ екені де есіме келген жоқ. Осылармен катар, бұл
адамдардың да құдай тағаланың жаратқан мақлұқтары екенін, олардың
ғасырлар бойы жер жүзінде ӛмір сүріп келе жатқанын, дүниенің бір
бұрышындағы бір тайпа елдің, адам баласының әдет-ғұрпына жатпайтын
істерін, қылықтарын кӛре тұрса да, біле тұрса да кедергі жасамай қазынасы
кең құдіреттің шыдап отырғанын, әрине ондай қылықтарды істеу құдайдың
ықылас-қаласынан қағыс қалып ұмытылған пенделеріне ғана тән екенін, егер
солай болса, олардың үстінен билік айту маған табиғи емес екенін де
ойламаппын. Жабайылардың келуін аңди-аңди әбден жалықтым, шаршадым,
енді қайтып қарауыл қарауды қойдым, кӛзқарасым да ӛзгерді, жайыма
жатып, тыныш тұрғым келді. «Осы менің оларда нем бар, бет-алды
тызалақтауымның мәнісі не?» — деп бір күні отырып ӛзіме-ӛзім сұрау
бердім. Мейлі олар қылмысты-ақ болсыншы. Бола қойғанда да олар
құдайдың әмірін орындап отыр ғой, олардың сондай істерді істеуіне
құдайдың ӛзі рұқсат етіп отырған жоқ па екен? Солай болса, не істеймін десе
де ықтияры ӛздерінде емес пе? Кім біледі, бірін-бірі қырғанда, бірінің-бірі
етін жегенде, мүмкін, олар құдайдың әмірін орындайтын шығар. Бұлардың
маған істеген жауыздығы жоқ, маған келіп олар соқтыққан жоқ, солай болса
олардың ішкі істеріне қол сұғатын менің не жӛнім бар? Бұған ешбір дәлел
105
Sauap.org
жоқ, қанды қанмен қайтарам деп ӛшігерліктей дәлел менде тағы жоқ, алғанда
кім үшін және кімнің қанын алмақшымын? Тағы бір ойыма келгені: «Оларды
жазаға тартатын-тартпайтынын кім білген? Дұрысы мынау болу керек: адам
етін жеушілерге қан тӛгу — қылмыс емес, олардың ақыл-ойынша бұның
айыбы жоқ, тек үйреншікті әдет сықылды. Олардың бұл ісі ӛздерінің ар-
ұятына жанаспайтын ӛрескел іс болып та кӛрінбейді. Олар сана-сезімнің
жоқтығынан жанға батарлықтай жаман іс істейді, күнәға батқан кезде, егер
күнәға батса, біз сықылды олар да кешірім сұрайды, құдайдан әділдік күтеді.
Олардың тұтқынды ӛлтіруі — біздің сиыр сойғанымыз сықылды, олардың
адам етін жеуі — біздің жайласып отырып мал етін жегеніміз тәрізді».
Олардың қолына әзір түскенім жоқ, олар әзір менің бұл жерде бар екенімді де
білмейді, солай болса, я, осылар мені ӛлтіргелі жүр-ау деп босқа бал ашуға
тағы болмайды ғой. Осылар біле қойса бәрібір түбінде ӛлтіреді, онан да күні
бұрын қару қылайын деудің тағы жӛні жоқ, қарап жүрген кісіге қару
жұмсасам, ӛзіме-ӛзім ор қазып, жатқан жыланның құйрығын баспаймын ба?
Егер мен солай ете қойсам, мысалы: қарап жүрген кісінің қанын тӛксем, онда
менің бұл қылығым,— ӛздерінің тас жүрек жауыздығынан миллиондаған
адамның қанын судай шашып қыратын Оңтүстік Америкадағы испандардың
ӛрескел қылығынан артық болмаса, кем болмас еді. Айтайық, бұл адамдар
мал орнына кісі бауыздап құрбанға шалу үшін жіберген құдайдың елшілері-
ақ болсын; бірақ солай бола тұрса да, ӛздерінің мейірімсіз жауыз әдет-ғұрпы
бойынша адамның қанын ішіп, дін заңын орындаулары испандықтардікінен
сорақы емес. Қазіргі біздің заманымыздағы Еуропаның христиан дініндегі
елдері де және сол испандықтардың ӛздері де Америка халықтарын қырып
қанын тӛгушілікке қатты кейістік білдіріп, бұл қылық — қасапшылық,
жаратылысқа жанаспайтын мейірімсіздік, бұл құдай алдында да, адам
алдында да кешірілмейтін іс деп бостан-бос айтып жүрген жоқ қой. Сол
заманнан бастап испан деген атақтың ӛзі барлық адам баласының жанын
түршіктіреді, Испанияны христиан дініндегі халықтың тәртібін үйрену
қолынан келмейтін, ешбір мейірбаншылығы жоқ, ізгілік етуді білмейтін
жауыздыққа жақын адамдарды жасап шығарады деп есептейді.
Осы пікір менің желіккен кӛңілімді басып, қайнаған қанымды суытты,
аз-аздап әуелгі бағыттан тая бастадым; жабайыларды ӛлтіруге менің хақым
жоқ, ӛзіме тигенше олардың ісіне қол сұғудың қажеті жоқ, маған керегі —
олардың кӛзіне түспеу жағын қарастыру: егер олар мені тауып тие қойса, бас
қорғау шарасын қолданып, міндетімді орындармын дедім.
Осы қалыпта жылға жақын ӛмір сүріп тұрдым. Осы уақыттардың ішінде
жабайыларды қыру ниетінен бас тартып, бойымды аулақ салдым және
жабайылар кӛрінер ме екен немесе келіп-кеткен іздері бар ма екен деп,
тӛбенің басына шығып я жағаға барып қарағаным да жоқ; бармағаныма бір
себеп: кӛзіме кӛріне қойса, я бәлем, сені ме деген ой қайта түсіп және
ыңғайға келсе, арқам қозып кетіп, соқтығып қалам ба деп қорықтым. Тек бір
күні қайыққа барып, оны аралдың күн шығыс жақ жиегіне әкеліп, бір таса
106
Sauap.org
жерге қойдым да, үйге қайттым, олай еткен себебім: жабайылар әлгі мен
қайық қойған жерге ағыстан қорқып келе алмайтын еді.
Қайықтың немесе адамның барлығының ешбір белгісі қалмасын деп
қайықтың бӛлек-салақ, керек-жарақтарының бірін қалдырмай түгел әкелдім,
қолдан істеген діңгегін, қолдан жасаған желкенін және зәкірін (зәкір деуге де
болмайды, дегенмен одан артық етіп істеуге қолымнан келмеді) қалдырғам
жоқ.
Жабайылардың қорқынышынан бұрынғыдай емес, бой жазып, онда-
мұнда жүре алмай, тұйық тұрмысқа душар болғаным туралы жоғарыда айтып
ӛткенмін, ӛте бір қажет уақыттарда болмаса, үйден шығып, олай-былай
жүргенім жоқ. Бірақ ешкілерімді уақытында сауып, кезінде қарап тұрдым.
Ешкілердің тұрған жері жабайылардың жолында емес еді, сондықтан оған
барарда, келерде маған кездесетін ешбір қауіп-қатер де жоқ еді. Жабайылар
аралға арнайы бір нәрсе іздеп келген жоқ, ол ӛзіме мәлім, сондықтан олар
аралды бойлап ішін аралаған жоқ деп айтуға болады. Олар аралға мен ізін
кӛріп қорыққаннан бұрын да, бір емес, әлденеше рет келген болар, оған
таласуға болмайды. Одан бұрын болашақ қауіп-қатердісезбей бүкіл аралды
кезіп, бұта-бұтаның түбін шарлап жүргенде жабайыларға кездессем, менің
күнім не болар еді, сонда мен не істер едім? Ол кезде ұсақ бытырамен
оқтаған құс мылтығынан басқа құралды қолыма алмаушы едім, міне, осылар
еске түскенде қарап отырып қорқам. Қуса, құтқармайды. Жабайылар ӛте
жүйрік болады, егер олар мені бас салып қуса, сонда мен не қылар ем?
Рақымы мол тәңірі жолымыздағы қауіп-қатерден бізді сақтайды,
қорғайды, тәңірінің бізді бәле-жаладан сақтайтынына кӛзім жетіп түсіне
бастағаннан бері бір ой менің есімнен кетпеуші еді, ол туралы бұдан бұрын
да бірнеше рет ойлаған едім. Біз кӛбінесе қамап тұрған бәледен қалай
құтылып кеткенімізді ӛзіміз сезбей қаламыз! Кейде адам тоғыз жолдың
торабына кездесіп, қай жолмен жүрерін білмей дағдарып тұрған кезінде, я
Достарыңызбен бөлісу: |