Даниель дефо робинзон крузо



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата19.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4510
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
қайғылы ауыр халдің одан да жаман ауыр халге айналатынын түсіндім. Мен 
енді  ӛзімнің  жапан  дала  аралыма  жер  жұмағы  сықылды  қарадым,  ендігі 
тілегім осы жұмаққа қайтып оралу болды. Аралыма қарап қолымды создым 
да: «Ой! Жұмақтан артық жапан далам-ай! Енді маған сені еш уақытта кӛру 
жоқ! Мен нендей бақытсыз адаммын! Енді күнім не болар?» — дедім. Жылы 
орнымды  суытып,  жалғыздық  халімді  аяққа  басқаным  үшін  ӛзімді-ӛзім 
қарғадым.  Анау  тұрған  адамсыз  аралға  апарып  тастайын  деген  күшке  не 
сұраса да берер ем! Я, адамзат сондай болады: біз ӛзіміздің жақсы халімізді 
жаман халге ұшырамай тұрып білмейміз, қолдағы игіліктен айрылып қалмай 
тұрып,  оны  бағалай  алмаймыз.  Мені  ӛзімнің  шамшырақ  (я,  енді  ол  маған 
шамшырақ болып кӛріне бастады ғой) аралымнан ұлы мұхитқа алты мильдей 
жер алыстатып алып кеткен кезде не болып, не қойғанымды суреттеуге тілім 

86 
Sauap.org
 
жетпейді,  қайтып  кӛремін-ау  деген  үміт  менде  болған  жоқ.  Бірақ  құр  ӛлдім 
ғой деп қарап отырғаным да жоқ, бар күшімді салып ескекке жабыса бердім, 
ағыстың  солтүстік  жағына  қарай  қайықты  бұруға  тырысып,  арпалысып 
келем.  Себебі  ағыстың  оңтүстік  жағы  қарсы  ағысқа  жақындап  жанасайын 
деді. Күн тӛбеден ауа берген мезгілде тап менің қарсы алдымнан жел шықты. 
Қарсыдан жел шыққасын қуанып, жүрегім кішкене орнына түсейін деді. Жел 
кӛп  ұзамай-ақ  күшейді,  жел  күшейген сайын  маған да  ӛң кіре  бастады.  Бұл 
кездерде қанша екенін құдай білсін, аралдан кӛп жер алыстатып алып кеткен 
еді.  Егер  сол  кезде  тұман  кӛтеріліп  немесе  күннің  кӛзін  бұлт  басқанда  мен 
мүлде  құритын  едім:  құбылнама  менде  жоқ  еді,  сондықтан  арал  кӛрінбей 
кӛзден  таса  болып  қалғанда,  қалай  қарап  жӛн  тартуды  мен  білмеген  болар 
едім.  Бірақ  менің  бақытыма  күн  ашық  болды.  Діңгекті  орнатып,  желкенді 
кӛтердім  де,  тезірек  ағыстан  құтылу  үшін  солтүстікке  қарай  қайықты  бұра 
бердім. 
Желдің  ығына  қарай  қайықты  бұрысымен-ақ,  ағысты  қақ  жарып  кесіп 
ӛте шықтым, сол кезде ағыстың күші әлсіреуге айналған сықылды болды. Су 
бұрынғыдай  емес  тынық  бола  бастады.  Мұны  кӛрдім  де,  мынадай 
қорытындыға келдім: осы жерде ағыстың күші әлсірейін деді-ау, себебі қатты 
ағып  жатқан  кезінде  су  лай  еді.  Шынында  да  солай  болу  керек,  мұның 
артынан  кӛп  кешікпей-ақ  күншығыс  жағымда  бір  топ  жартастар  кӛрінді 
(мұның  жартас  екенін  алыстан  байқап  айыруға  болатын,  ӛйткені  жиегіне 
соққан  толқындар  кӛбіктеніп  кӛрінеді),  бұл  жартастар  ағысты  екіге  бӛледі 
және  сол  кезде  ағыстың  күштісі  кері  бұрылып  солтүстік  пен  батыстың 
арасына қарай жӛнеп жатыр. 
Эшафоттың

үстінде  тұрып  немесе  ұрының  қолына  түсіп  кеңірдегіне 
пышақ  тақалып  жатқан  кезде  кешірім  алудың  қандай  болатынын  басынан 
кешірген  адамдар  ғана  біледі,  менің  осыны  кӛріп  білгеннен  кейін  қарсы 
ағыстың  ығымен  қайықты  кейін  қарай  бұрып  тура  тартқан  кездегі  қуаныш 
халдерімнің қандай күйде болғанын да солар түсіне алады. 
Осы қарсы ағыс ықтырып отырып мені бірден аралға әкеліп салды, келіп 
шыққан жерім— әуелгі теңізге түскен жерімнен алты мильдей шамасы. 
Қарсы  ағыстың  ығымен  үш  мильдей  жер  жүріп  ӛткесін  ағыстың  күші 
әлсіреп,  мені  еріксіз  бұдан  әрі  әкете  алмайтыны  байқалды.  Бірақ  мен  енді 
аралды кӛріп, екі ағыстың арасында, яғни мені ашық теңізге қуалап әкеткен 
оңтүстіктегі  ағыс  пен  кілт  кейін  бұрылып  мені  тура  аралға  қарай  айдаған 
солтүстік  ағыстың  арасында,  мүлде  қауіпсіз  жерде  келе  жатырмын, 
сондықтан  арттан  соққан  желді  пайдаланып,  жүрісім  тым  ӛніңкіремесе  де 
тӛтелеп жиекке қарай тура тарттым. 
Кешкі  сағат  тӛрттің  шамасында  аралға  үш  мильдей  жер  қалды,  сол 
жерге  келгенде  менің  обалыма  ортақ  болған  оңтүстікке  қарай  іркес-тіркес 
созылып  жатқан  кӛп  тастардың  солтүстікке  қарай  жӛңкіп  жатқан  тағы  бір 
қарсы ағыс туғызатынын байқадым; ағыс ӛте күшті, бірақ батысқа қарай бет 
алып бара  жатқан менің  жолыма  келіп  килігетін  түрі  кӛрінбейді.  Осы  араға 

87 
Sauap.org
 
келгенде жел тағы да күшейе түсті, арттан соққан желдің күшін пайдаланып, 
әлгі ағысты да кесіп ӛтіп, бір сағаттан кейін аман-сау жағаға келіп шықтым. 
Аяғымның  ұшы  қара  жерге  келіп  тигенін  сездім  де,  екі  тіземді  бүгіп 
құдайға  жалына  бастадым,  құтқарғаны  үшін  алғыс  айттым,  ендігәрі 
қайықтың кӛмегіне сүйеніп аралдан құтылу ниетінен аулақ болуға ант еттім. 
Тамақ  ішіп  кішкене  әлденіп  алғасын,  қайықты  жылжытып  әкеліп,  жағаның 
түбіндегі бір ағашқа байладым да, тӛсек салып жатуға кірістім; ӛзім де әбден 
шаршап қалжырадым, тынығып алмай жүруге әлім келмеді. 
Қайықты  үйге  қалай  жеткізудің  есебін  таба  алмай  кӛп  аңырдым. 
Қайыққа  мініп  бұрынғы  ізіммен  үйге  қайтуға  қорқып  қалғандығымнан 
жүрегім  дауаламады;  екінші  жолмен  —  жағаның  батыс  жағымен  қайтуға 
жолы таныс болмағасын тәуекел ету тағы қиын болды. Таңертең тұрдым да, 
қайықты  сол  араға  тастап,  керек  кезінде  пайдалану  үшін,  тасалау  жер 
қарадым.  Үш  мильдей  жүргесін  қолайлы  бір  жер  кездесе  кетті.  Сол  жерге 
әкеліп  қайықты  қойдым  да,  ӛзімнің  қайда  тұрғанымды  білейін  деп  жиекке 
шықтым. 
Байқап  қарасам,  тұрған  жерім  ӛзімнің  бұрын  жаяу  келіп  белгі  салған 
жиегіме онша қашық емес екен. Мылтықты қолға алып, қол шатырды басыма 
кӛтеріп  (күн  ӛте  ыссы  еді),  солай  қарай  жүріп  кеттім.  Теңізге  түсіп 
жолаушылаймын  деп  қайғылы  халге  ұшырағаннан  кейін,  бұл  саяхат  ӛзіме 
кӛңілді  болып  кӛрінді.  Ӛзімнің  ағаш  саяжайыма  кеш  жақындағанда  келіп 
жеттім, келсем, бәрі де аман, бұрынғысындай, әрқайсысы ӛзінің орнында. 
«Қорғаннан  кірдім  де,  кӛлеңкеге  жаттым,  әбден  шаршағанмын  ғой, 
жатқан  бойда-ақ  ұйықтап  кетіппін.  Бірақ  «Робин,  Робин,  Робин  Крузо! 
Бейшара,  Робин  Крузо!  Сен  қайдасың,  Робин  Крузо!  Сен  қайдасың?  Сен 
қайда  болдың?»  —  деп  әлденеше  рет  атымды  атап  шақырған  біреудің 
даусынан шошып оянған кездегі менің қандай халде болғанымды, оқушылар, 
ӛздеріңіз ойлаңыздар. 
Ертеңгісін қайық есіп, түстен кейін біраз жер жаяу жүріп шаршап қатты 
ұйықтап  қалғандығымнан  ояна  алмай,  бұл  дауысты  кӛпке  шейін  түсім  ғой 
деп  жаттым.  «Робин  Крузо»,  Робин  Крузо»  —  деп  қайта-қайта  айқайлай 
бергесін  зәрем  ұшып  жаман  қорықтым.  Ұшып  түрегелдім  де,  алақтап  жан-
жағыма  қарадым,  бір  кезде  басымды  кӛтеріп  жоғары  қарасам,  қорғанның 
үстіндегі  ағаштың  бұтағында  ӛзімнің  тотым  отыр.  Кӛрдім  де,  шақырған 
кісінің  сол  екенін  бірден  біле  қойдым.  Мұңды  дауыспен  осы  сӛздерді 
айтқанымда,  маған  еріп  ол  да  қайтарып  айта  беретін,  қолыма  қонады  да, 
тұмсығын  менің  бетіме  таман  жақындатып  басын  шұлғып:  «Бейшара, 
Робинзон  Крузо!  Сен  қайдасың?  Сен  қайда  болдың?  Сен  бұл  жерге  қалай 
келдің?» — деп тағы да басқа ӛзім үйреткен сӛздерді айтатын. 
Бірақ  мұны  айтып  отырғанның  тоты  екенін  біліп  және  одан  басқа 
менімен сӛйлесер кісінің жоқтығын түсінсем де, кӛпке шейін аң-таң болып, 
есімді жия алмай біраз отырдым. Біріншіден, оның бұл жерге қалай келгенін, 
екіншіден, оның басқа жаққа ұшып кетпей, тап осы араға қалайша келгеніне 
түсіне  алмай  біраз  отырдым.  Осы  отырған  ӛзімнің  тотым  екенін  білдім  де, 

88 
Sauap.org
 
қолымды  созып,  атын  атап  ӛзіме  шақырдым.  Үйреніп  қалған  құс  қой, 
бұрынғысындай бас бармағыма келіп қонды да: «Бейшара, Робинзон Крузо! 
Сен  бұл  жерге  қалай  келдің?  Сен  қайда  болдың?»  —  деп  сӛйлей  бастады. 
Мені кӛргеніне қуанды. Үйге ӛзіммен бірге алып қайттым. 
Енді  теңізге  түсіп  саяхат  жасау  кӛп  заманға  шейін  қойылды.  Кӛрген 
қорқынышым  кӛп  уақытқа  дейін  ойымнан  кетпеді.  Әрине,  аралдың  ана 
жағында  қайығым  болса,  жаман  болмас  еді,  бірақ  оны  қайтып  ол  араға 
әкелудің  есебін  таба  алмадым.  Аралдың  батыс  жақ  бӛлігі маған  тіпті  таныс 
емес. Егер ол жақтағы ағыстар да мына жағындағыдай қатты болса? Тағы да 
ағып теңізге түсіп кетермін, қайығым жарға соғып, сүйегім күл-талқан болып 
ӛлермін. Осының бәрін ойлап-ойлап, қайықты жасап, оны суға салу үшін кӛп 
айлар  бойы  ауыр  жұмыс  істесем  де,  қайықсыз-ақ  күн  кӛрермін  деген 
ұйғарымға келдім. 
Осы  қалыпта  жылға  жақын  уақыт  ӛтті.  Әрі  жалғыз,  әрі  тыныш  ӛмірім 
ӛтіп  келеді.  Менің  пікірлерім  толық  теңдестікке  келді;  құдайдың  әмірі 
бойынша  ӛмір  сүргенім  үшін,  ӛзімді  бақыттымын  деп  есептедім.  Тек  адам 
баласының  қоғамынан  аулақ  болғаным  болмаса,  басқаға  мұқтаж  болғаным 
жоқ. 
Бұл  жылы  тұрмыс  жағдай  тілеген  ӛнерпаздық  білімімді  арттырдым. 
Құралымның кемдігін есепке алып қарағанда, мен ӛзімді, жақсы ағаш шебері 
болып  шығар  еді  деп  ойлаймын.  Мен  гончарлық  істерінде  де  едәуір  алға 
бастым; гончарлық заттармен пайдалана білдім, осының арқасында жұмысым 
жеңілейіп  және  оның  сапа  жағы  да  тәуірлене  бастады;  бұрын  істегендерім 
қалай  болса,  солай  қиқы-жиқы  болып  шықса,  енді  әдемі  етіп  жасайтын 
болдым.  Ӛзіме  темекі  тартатын  қалиян  істеп  шығарған  күнгі  қуанғанымдай 
еш  уақытта  да  қуанбаған  шығармын.  Әрине,  менің  саз  балшықтан  күйдіріп 
істеген қалияным басқа істеп шығарғандарым сықылды нағыз барып тұрған 
жабайы қалиян еді; сырт пішіні келіссіз, бірақ мықты, түтінді жақсы тартады, 
маған әйтеуір темекі тартуға жараса болғаны, ӛйткені қалиянды қалай жасап 
алуды  кӛптен  бері  ойлайтынмын  және  ӛзім  шылым  тартуға  құмар  едім. 
Кемеде толып жатқан қалияндар бар еді, ішіне салатын темекісі жоқ, мұның 
керегі не деп алмағанмын, аралда темекі ӛсетінін мен ол кезде тіпті білгенім 
жоқ еді. Соңынан кемеге барып қарағанымда қалияндардың бірде-бірін таба 
алмадым. 
Мен бұрынғыдай емес, себет тоқу ӛнерімді де жетілдіре түстім, себеттің 
алуан  түрін  істеп  шығардым.  Түрі  сұлу  болмағанмен,  астық  салып  қоюға, 
нәрсе  салып  тасуға  толық  жарамды  еді.  Енді  мен  атып  алған  ешкімді  үйге 
арқалап  қайтпай,  сол  жердің  ӛзінде  сойып,  етін  себетке  салып  әкелетін 
болдым. Тасбақаны да сӛйтіп әкелетін едім: оның ішін жарып, жұмыртқасын 
алам, керекті жерінен кесіп аламын да, керексізін сол жерге қалдырып кетем. 
Жинап алған астығымды да үлкен себеттерге салып қоятын болдым. 
Бір  заманда  байқап  қарасам,  оқ-дәрімнің  бірте-бірте  азая  бастағаны 
сезілді. Әрине, оқ-дәрі таусылса, оның орнын мен ӛмірде толтыра алмаймын 
ғой.  Егер  оқ-дәрі  бітсе,  мен  не  істемекшімін  және  аңды  қалай 

89 
Sauap.org
 
ауламақшымын.  Аралға  келіп  тұра  бастағаныма  үш  жыл  толған  кезде, 
ешкінің  бір  жас  лағын  ұстап  алып  асырағаным  туралы  әңгімемнің  бір 
жерінде айтып ӛткенмін. Мен лақты тағы да ұстап аламын ғой деп сенгенмін, 
бірақ  ұстап  алуға  реті  келмеді.  Менің  баяғы  ұстап  алған  лағым  серігі 
болмағасын  тұқым  бермей,  әбден  қартайды.  Әбден  қартайып  барып  ӛлді. 
Бірақ сойып тастауға кӛзім қимады. 
Он  жыл  толып,  он  бірінші  жылға  аяқ  басқан  кезде  оқ-дәрім  азаюға 
айналды, енді мылтықпен атуды қойып ешкіні тірілей ұстап алудың амалын 
ойладым.  Ең  алдымен  ешкіні  лағымен  ұстап  алғым  келді.  Бас  салып  тұзақ 
құрдым. Бірнеше жерге тұзақты жайдым да аңдыдым. Тұзаққа келіп ешкілер 
түсті,  бірақ  одан  кӛрген  пайдам  шамалы  болды.  Себебі  сым  темірдің 
жоқтығынан тұзақты ескі жіп арқандардан жасап, ешкінің тартуына шыдамай 
үзіле берді. 
Енді қамба қазғым келді. Ешкінің кӛп жайылатын жеріне терең етіп үш 
қамбаны  қаздым  да,  бетіне  шыбық  тастап,  үстіне  жапырақ  сеуіп  жасырдым 
да,  айналасына  күріш  пен  арпаның  бастарын  тастадым.  Кӛп  кешікпей-ақ, 
ешкілердің  арпа  мен  күріштің  басын  жеп  қамбаның  айналасын  шарлап 
тастағанын  кӛрдім.  Бірақ  екі-үш  күнге  дейін  тастаған  жемді  жеп  ӛздері 
түспей  кетіп  жүрді,  әрине  бұл  маған  ӛте  ауыр  тиді.  —  Бірақ  рухым  түсіп 
шаршағаным  жоқ,  қамбаның  бетін  бұрынғыдан  басқаша  етіп  жасырдым 
(қалдырмай  түгел  айтып  оқушыны  жалықтырғым  келмейді),  келесі  күні 
барсам  қамбаның  біреуіне  бір  үлкен  теке,  екінші  біреуіне  үш  лақ  түсіпті, 
лақтың екеуі— ұрғашы, біреуі— еркек. 
Әлгі  текені  шығарып  қоя  бердім,  ӛйткені  оны  не  қылуға  білмедім.  Ӛзі 
сондай ашушаң, қолға тірі түсер емес, осқырып маңына жолатпайды (қамбаға 
түсуге  қорықтым),  ұрып  ӛлтіргім  келмеді,  қамбаның  тӛбесін  ашып  ем, 
қарғып  шықты  да  алды-артына  қарамай  зытты.  Бірақ  дым  бермей  бірнеше 
күн  қамап  қойса,  аштық  ешкі  түгіл  арыстанды  да  жуасытатынын  ол  кезде 
білмей, артынан барып білдім. Егер мен сонда текені дым жегізбей қамбада 
үш-тӛрт  күн  ұстап,  артынан  барып  шӛп  және  су  әкеліп  бергенімде,  лақтан 
жаман  жуасиды  екен,  оны  мен  білсемші!  Үркітпей,  жақсылап  бақса,  ешкі 
деген асырауға ӛте кӛнгіш болады. 
Тағы да айтайыншы, ол кезде мен оны білгенім жоқ. Текені жібердім де 
лақтар  жатқан  қамбаға  келдім,  бірінің  артынан  бірін  суырып  алып,  арқанға 
матап байластырдым да, ӛліп-талып үйге әрең әкелдім. 
Кӛпке  дейін  лақтарға  еш  нәрсе  жегізе  алмадым.  Берсем  жемеді,  бірақ 
пісіп  жетпеген  арпа  мен  күріштің  сабақтарын  бірнеше  рет  алдарына  тастап 
кӛріп  ем,  аздап  үйрене  бастады.  Енді  ешкіні ӛсіріп  кӛбейткім  келді,  оқ-дәрі 
бітіп таусылған кезде ӛзімді етпен қамтамасыз етудің әдісі тек осы ғана болу 
керек.  Бұлай  ету  үшін  ең  әуелі  оларды  жабайы  ешкілерге  қосылмайтындай 
етіп  айыруым  керек,  әйтпесе  олар  ӛскесін  бәрібір  орманға  қашып  кетеді. 
Бұған  қарсы  қолданатын  бір-ақ  шара  бар,  ол  —  сындырып  шығып  кете 
алмайтындай етіп, қазықтан қағып қора жасау. 

90 
Sauap.org
 
Ондай  қора  жасау  бір  кісіге  оңай  жұмыс  емес.  Бірақ  ол  ӛте  қажет. 
Сондықтан  кӛп  кешікпей-ақ  қолайлы  орын  іздеуге  кірістім,  қолайлы 
болғанда оты-суы қасында және күн түспейтін кӛлеңке болуы шарт. 
Ондай  орын  кӛпке  созылмай-ақ  табылды:  іші  тегіс  кең  тоғай,  екі-үш 
жерде  ағып  жатқан  бұлағы  бар,  суы  мӛп-мӛлдір  тап-таза,  бір  жақ  шетінде 
кӛлеңкесі  кең  топтанып  шыққан  биік  ағаштар  тұр.  Тоғайдың  айналасы  екі 
мильден  артық  болмаса  кем  емес.  Менің  әуелгі  жоспарым  бойынша  осыны 
түгел қоршап шықпақшымын. Ақыр-түбін ойламай жоспар жасағаныма жұрт 
қарқылдап тұрып күлер еді, дұрысында да менің бұл ойым күлкі боларлық іс 
қой,  ондай  қораның  қалай  болып  жасалатыны  және  одан  шығар  нәтиже 
білетін кісінің бәріне мәлім. Менің ақымақшылығым екі миль жерді қоршап 
шығаруға кіріскенімде емес: екеу түгіл ұзындығы он миль жерді де қоршау 
қолымнан  келеді  және  уақытым  да  жетеді.  Бірақ  айналасы  бітеу  болғанмен 
кӛлемі сондай кең-байтақ дала сықылды қорғанда ешкі бағудың аралға айдап 
жіберумен бірдей екенін ескермеуімде, егер жібере қойсам бұрынғы жабайы 
қалпында  ӛсер  еді  де,  маған  құйрығын  да  ұстатпас  еді.  Ұстай  қойғанда  да 
оңайлықпен қолға түсіре алмас едім. 
Қызу  үстінде  әуелгі  қарқынмен  елу  метрдей  жерін  шығарып-ақ 
тастадым,  бірақ  әлгі  айтылған  жағдайлар  еске  түскесін  жоспарды  ӛзгертіп 
қайта жасауға тура келді. Ендігі ойым— ұзынын — жүз елу, енін — жүз метр 
шамасындай  етіп  тоғайдың  бір  бұрышын  болу;  оның  ӛзі  де  әзірінше  менің 
бар  малыма  жайылым  бола  алады,  тұқымы  кӛбейіп  басы  ӛскен  кезде 
жайылымға жаңадан жер бӛліп ӛрісін кеңейтермін деген ұйғарымға келдім. 
Осылай деп ұйғардым да, бас салып жұмысқа кірістім. Бірінші учаскені 
үш  айда  қоршап  бітірдім,  мұнан  кейін  лақтың  үшеуін  де  әкеліп  ішіне 
кіргіздім  де  әбден  үйренгенше  босатпайын  деп  аяқтарын  тұсап  ӛзімнің 
қасыма  қойдым.  Қастарына  үнемі  келіп  қарап  тұрам  және  келген  сайын 
арпаның  басын  немесе  күріштің  сабақтарын  әкеліп  қолыма  ұстап  тұрып 
жегізем.  Қорған  әбден  бітіп  болғаннан  кейін  тұсауларын  шештім  де  айдап 
жӛніне қоя бердім, әбден үйренгені ғой, кетуге айналған кезімде жем дәметіп 
маңырап соңымнан қалмады. 
Жыл жарымнан кейін ешкінің саны он екіге жетті, енді екі жылдан соң 
қырық үшке жақындады. 
Сонымен,  менің  соғымым  таусылмастай  мол  болды,  ет  түгіл  сүтім  де 
бар. Сүт — кӛрнекті табысымның бірі, ойда жоқ жерде тап болған сыйлық, 
себебі  мен  ешкі  ӛсіруді  ойласам  да  онан  сүт  шығатынын  ойламаппын  ғой, 
ешкіні  саууға  болатын шығар деп ойлағаннан кейін барып  аузым  аққа  тиді. 
Сӛйтіп жүріп сүт фермасын ұйымдастырдым, кейде екі күршекке жақын сүт 
сауып  алған  күндерім  де  болды.  Барлық  жан-жануарларға  қорек  беретін 
жаратылыс тамақтың неше түрін істеуге мені де үйретті. Мен ӛмірімде ешкі 
түгіл,  сиыр  сауып  та  кӛргенім  жоқ,  майды  қалай  шайқайтынын,  ірімшікті 
қалай  қайнататынын  тек  бала  кезімде  кӛруші  ем,  дегенмен,  «Басқа  түссе 
баспақшы»  деген  ғой,  мұқтаждық  не  қылдырмайды,  мұны  да  үйрендім, 
әрине,  бірден  біліп,  билеп-тӛстеп  кете  алғаным  жоқ,  бірнеше  үйлесімсіз 

91 
Sauap.org
 
тәжірибелерден  кейін  барып  түсіндім,  қысқасы,  не  керек,  ешкі  саууды  да, 
май шайқап, ірімшік қайнатуды да үйрендім, үйреніп алғасын бұл азықтарға 
мұқтаж болып кӛргенім жоқ. 
Мінезі  қандай  ауыр  адам  болса  да,  менің  үй  ішіммен  тамақ  ішіп 
отырғанымды  кӛрсе,  шыдап  тұра  алмай,  күлер  еді.  Ең  әуелі  қақ  тӛрдің 
басына  мен  —  аралдың  қожасы,  ӛзінің  қарамағындағылардың  бәріне  не 
істеймін десе де еркі бар, әмірі толық жүретін ұлы король — ӛзім отырамын; 
қасымдағыларды ӛлім жазасына бұйыруға да, күнәсын кешіруге де, қарғауға 
да және басына бостандық бермей еркінен айыруға да менің еркім бар, менің 
бұлай  етуіме  ешкім  наразылық  та  білдірмейді.  Айналамды  қоршаған 
нӛкерлеріммен құдіретті патша сияқты бір ӛзімнің тамақ ішіп отырғанымды 
кӛрсе  ғой  жұрт.  Менімен  әңгімелесуге  ӛзімнің  сүйікті  тотыма  ғана  рұқсат 
етілді. Итім әбден қартайып алжыды, аралдан ӛзіне сәйкес серік таба алмай 
күшіктеуден  де  қалды,  тамақ  ішерде  ол  менің  оң  жағымда  отырды;  ал,  екі 
мысықтың  біреуі  үстелдің  бір  жағына  келіп,  екіншісі  екінші  жағына  келіп 
қашан алдына бір нәрсе тастағанымша кӛзін айырмай қарайды да отырады. 
Бірақ  бұлар  менің  кемеден  әкелген  мысықтарым  емес:  олар  әлдеқашан 
ӛліп,  бәрін  де  ӛз  қолыммен  үйдің  жанынакӛмгенмін.  Оның  біреуі  нендей 
екенін  білмеймін,  бір  айуанатқа  шатысып  балалаған  болатын;  балаларының 
екеуін  алып  қалып  асырадым  да,  қалғандары  орманға  қашып  тағы  болып 
кеткен. Ол мысықтар бір кезде ӛзіме бәле болған: сарайдағы азық-түлікті жеп 
қоймағасын, кӛбін атып ӛлтіріп тыныш тапқанмын. Міне, мен осы жағдайда 
ӛмір  сүрдім,  тек  адам  баласының  қоғамы  болмаса,  басқа  мұқтаж  болғаным 
жоқ. 
Ендігәрі  теңізге  түсіп  қауіпті  сапар  шекпеске  серт  қылсам  да,  аздап 
саяхат  жасау  керек  қой  деп,  қайықтың  қолда  болғанын  тәуір  кӛрдім.  Оны 
аралдың  ӛзім  тұрған  жағына  қалай  әкеліп  жеткізудің  есебін  таба  алмай  кӛп 
ойландым,  бірақ  ойлауын  ойласам  да,  оны  жеткізудің  қиын  екенін  түсініп, 
қойшы, қайықсыз тұрғанымның ӛзі жақсы емес пе деп ӛзімді-ӛзім жұбатушы 
ем. Бір күні, неге екенін білмеймін, ең соңғы рет қайықпен саяхатқа шығарда, 
теңіздің  ағысының  бет  алысын  және  жағаны  байқау  үшін  басына  шыққан 
биік  тӛбеге  барып  қайтқым  келді.  Бармайыншы  десем  де,  шыдап  тұра 
алмадым,  жағаны  бойлап  солай  қарай  жүрмекші  болдым.  Егер  біздің 
Англияда  жүргіншілер  үстінде  мен  сықылды  киімі  бар  біреуді  кӛрсе, 
қорыққанынан есінен танып, шалқасынан түсер еді немесе ішек-сілесі қатып 
күлер  еді;  олар  түгіл  кей-кейде  менің  ӛзім  де  осы  күйіммен  ел  араласам  не 
дер  еді  деп  езу  тартып  күлуші  едім.  Енді  маған  сырт  пішінімнің  қандай 
екенін суреттеуге рұқсатетіңіздер. 
Менің  басымда  арт  жағы  салбырап  желкемді  жапқан,  маңдайы 
қайырылып  екі  жағы  миыққа  түскен,  сырт  пішіні  тым-ақ  келіссіз,  тӛбесі 
шошақ,  ешкінің  терісінен  тіккен  қоқиған  қауғадай  қара  бӛркім  бар.  Бұл  бір 
жағынан  мені  күннен  қорғаса,  екінші  жағынан  жаңбырдан  сақтайды,  себебі 
желкені  жауып  тұрғасын,  жаңбыр  жағадан  ӛтіп,  ішке  кетпейді.  Ауа  райы 
ыссы жерлерде киімнен ӛткен жаңбырдан залалды нәрсе жоқ. 

92 
Sauap.org
 
Үстімде  белуардан  келетін  қысқа  қамзол,  шалбарым  шолақ,  ұзындығы 
тіземнен аспайды, бұлар да ешкінің терісінен істелген; шалбарым ӛте жүндес, 
жүні  салбырап  қызыл  асығыма  түсіп,  үкінің  балағынша  жалпылдайды. 
Шұлық, башмақ деген менде тіпті жоқ болатын. Аяғымда ешкінің терісінен 
тіккен шарық, қонышы қоржиып аяғымның басына түседі, тұмсығы шананың 
басындай қайқайып кеткен, мұның түрі де тым жаман, кигенде бір жағынан 
түймелеп қоям. 
Камзолдың  сыртынан буғаным  — жүнін қырып  ешкінің  терісінен  тіліп 
істеген кере құлаш белбеу; белбеудің доғасы кішілеу екі қайыстан жасалған, 
соған іліп тартамын да, айналдырып әкеліп екінші жақ бүйірімнен қыстырып 
қоям.  Белбеудің  бір  жағында  тігілген  қын  бар.  Ол  қанжар  салып  қою  үшін 
емес,  балта  мен  ара  қыстырып  қою  үшін  жапсырылған.  Иықтың  үстінен 
тартқан тағы бір былғары белбеу бар, бірақ бұл анадай емес, жіңішкелеу. Бұл 
белбеуде  оқ-дәрі  салу  үшін  сол  жақ  қолтықтың  астына  келтіріп  тіккен  екі 
дорба бар; арқамда себет, иығымда мылтық, басыма кӛтергенім — дағарадай 
қолшатыр;  қолшатыр  —  мылтықтан  соңғы  жан  сақтайтын  ең  керекті 
затымның  бірі.  Бірақ  ыссы  жерде  тұрғанмен,  күннен  сақтануымның 
арқасында, бет-әлпетім негрлерге ұқсаңқырамайды, қара қожалақтанып, тым 
күйіп  кете  қойған  жоқ.  Менің  бір  кезде  сақалымның  ұзындығы  сала  құлаш 
болған;  бірақ  әр  түрлі  қайшы  мен  ұстарам  болғандықтан,  оны  қырып, 
мұсылмандардың үлкен мұрты сияқтандырып үстіңгі ерніме ғана қойғанмен, 
осындай  қысқартқан  мұртты  Салехадағы  түріктерден  кӛргенмін,  ал 
мароккалықтар  ондай  мұрт  қоймайды;  ал  мұртымды  қырмай  сол  күйінше 
ӛсіріп  қоя  бергенімде,  сұмдық  болып  ӛсе  беретін  еді,  ұзындығы  сондай, 
мынаның мұртына ат арқандап қоюға болар еді деп ойламағанмен, егер сол 
мұртыммен Англияда болсам, кішкене балалар қорқар еді. 
Я,  мұны  тек  жол-жӛнекей  еске  түсіріп  отырғаным  ғой,  әйтпесе  аралда 
менің бетіме қарайтын ешкім жоқ, түрімнің қандай болғаны бәрібір емес пе? 
Енді бұл туралы әңгімені доғарайын. Міне, осы жоғарыда суреттелген түрде 
бас-аяғы  бес-алты  күншілік  жолға  жаңадан  сапар  шектім.  Әуелі  жағаны 
бойлап баяғы қайықты тоқтатып теңізді байқау үшін басына шыққан тӛбеге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет