жағалай берсем, ел шетіне жетер едім, маған, мүмкін, жәрдем берушілер
табылар еді; немесе Еуропа халқының бір кемесіне кездесер едім; егер кемеге
кездессем, мені құтқарып алады ғой деп ойлағанмын; кӛп болса бір жерде
қаңғырып ӛлермін, осы халімде қайда ӛлсем де бәрібір емес пе дегенмін.
Әрине, бұл пікірлердің бәрі де неше жылдар зәбір-жапа шегіп, талай
қиыншылықты бастан кешіріп, құр қарай отырып құтылудан әбден күдер
үзіп, шыдамдылықтың шегінен шығып шатасқан ақыл-ойдың салдары еді,
дегенмен ол кез ӛзім кӛксеп ынтызар болған кезіме жетуіме тым қашық емес,
жақын кез еді. Мен тірі қалған адам бар ма екен, бола қойса олардан ӛзімнің
қайда тұрғанымды және осы халден қалай құтылудың жӛнін білейін деп,
қираған кемеге барғаным туралы айтып отырмын. Есіл-дертім осы пікірде
болды, қайтсем құтылам, қалай еткенде құрғақ жердің шетіне жетем деумен
болдым; құдай ӛзі кӛрер, бұл халден құтқарар, рақымы кең алла кӛздің жасын
иер деген үміт босқа шықты, құдіреттің кӛмегінен күдерді үздім. Құрғаққа
барып шығудан басқа ой-пікір менде болған жоқ. Осындай ойдың
шырмауында қалдым, бұлқынуға шамам келмеді, қарсыласуға хал жоқ, не
ойласам — соны істемекшімін.
Осы пікірдің үстінде екі-үш сағаттай азап шектім, қаным қайнады,
безгек аурудай денем қалтырады, ұзақ ойдың ұшы-қиырына шыға алмай,
әбден титығым құрып шаршадым, табиғаттың ӛзі кӛмекке келгенге дейін нақ
121
Sauap.org
осындай халде болдым: сӛйтіп жатқанда кӛзім ұйқыға кетті, жатып түс
кӛрдім. Ӛңімде ойлағаным түсімде кӛріну керек еді, бірақ олай болып
шықпады: менің түсте кӛрген оқиғаларым әлгі айтқан ой-пікірлермен үш
қайнаса сорпасы қосылмайды; ешбір қатынасы жоқ. Кӛрген түсім мынау:
күндегі әдетше ертеңгісін қорғанымнан кӛтеріліп тысқа шығып қарасам,
теңіздің жағасында екі қайық тұр, қайықтың қасында он бір кісі жабайылар
отыр. Орталарында тұтқынға алған тағы біреуі бар, сонымен барлығы он екі
еді, тұтқындағыны ӛлтіріп, етін жеудің қамына кірісіп жатыр. Бір кезде әлгі
тұтқындағы адам атып тұрды да, қаша жӛнелді, ышқынғандығы сондай, бар
пәрменімен ӛкпесін қолына алып, менің қорғанымның қасындағы қалың
ағашқа қарай жүгіріп келеді, не, бұл сорлы менің ағашымның ішіне келіп
жасырынғысы келген екен ғой деп ойладым. Оны қуған ешкім жоқ, бәрі де
орнынан қозғалмай отыра берді, артынан қуып келе жатқан адам болмағасын,
не қылар екен деп, ағашты тасалап алдынан шықтым, қасыма осындай
жақындап келгенде, қорықпа, үрікпе, мен саған тимеймін, мен сенің
досыңмын, қауіпсінбей-ақ келе бер деп, жылы жүзбен күлімсіреп ишарат
қылдым, менің қалпыма түсінді де, не қылсаң да ӛзің біл, мені бәледен
құтқар деген кісіше бір тізелеп отырды да, жалбарынып аяғыма бас ұра
бастады. Мен сол кезде оған мына басқышқа мін де үйге кір деп ишарат
білдірдім де, ертіп үңгірге әкелдім, сол уақыттан бастап ол менің
қызметкерім болды. Қасымда серігім болғасын ӛзіме-ӛзім былай дедім:
«Құрғаққа барып жету енді маған қиын емес, енді қорқатын еш нәрсе жоқ;
бұл адам маған лоцман болады, не істеуім керек, азық-түлікті қайдан тауып
алуым керек, бұл маған бәрін үйретеді; бұл адам мен баратын жақтың елін,
жолын жақсы біледі, қай жерде сақтану керек, қайткенде жабайылардың
қолына түспеуді де үйретеді». Ояна кетсем, түсім екен, бойым кӛтеріңкі,
кӛңілім сергек, түсте кӛргендеріме қарағанда, қазіргі халден тез құтылатын
сықылдымын, бірақ мұның тек түс екенін білгесін қайғым күшейген үстіне
күшейіп, ішім шерге тола бастады, құтылудан күдерді үздім.
Бірақ солай десем де, бұл халден ада-жұда құтылудың жолы: аралға
келіп жүретін жабайылардың тұтқынындағы біреуді қалай да болса құтқарып
алуым керек деген қорытындыға келдім. Бірақ бұл жоспарды жүзеге асыру
ӛте қиын, себебі: ӛзіме керекті жабайы адамды қолға түсіріп алу үшін адам
етін жеушілердің қанша болса да барлығымен тӛбелесіп, бірін қалдырмай
қыруым керек; әрине, бүкіл бір отряд адамды қырып бітіру оп-оңай нәрсе
емес және болмайды да; сондықтан бұл ойымның жүзеге асатынына
күмәндандым: ӛз басымның қамы үшін болса да кӛп адамның қанын тӛгуге
тура келеді-ау деген ой түскенде, жаным түршігіп, денем мұздап қоя берді.
Ондай қылмысты жасауға мынадай себептер болды, оған мынадай дәлелдер
бар деп қайталап айтудың қажеті жоқ, себебі ол туралы мұнан бұрын айтып
ӛткенмін. Осылай етуім керек, себебі мен олардың қолына түссем бәрібір
ӛлтіреді, сондықтан олар — менің жауым. Оларды ӛлтіргенім заңды, дәлелді
деп қорытынды шығарсам да, адам ӛлтіріп қанын тӛгуге беттегім келмеді.
122
Sauap.org
Осы ойлаған ойымды орындап шығуым керек пе, жоқ па, тұжырымды
түрде шеше алмай кӛп дағдардым; бірақ қазіргі тұтқыншылық халден
босанып шығуға ынтықтығым ӛз ықпалына кӛндірді, қалай етсем де бір
жабайыны қолға түсіріп алуға бел байладым, қайткенде осы жоспарды
жүзеге асыруым керек, ендігі ойым осы болды. Ал енді бұл жоспарды қалай
еткенде жүзеге асыруға болады? Бірақ қанша ойлап бас қатырсам да, еш
нәрсе шығара алмадым. Ақырында жабайылардың келгенін аңдымақшы
болдым, әуелі олар келсін, содан кейін не боларын жағдайдың ыңғайына
қарай кӛрермін дедім. Осы қорытындыға келіп қарауылдай бастадым, кӛп
уақыт оздырдым, аңди-аңди ішім пысты, қарай-қарай кӛзім талды; жыл
жарым уақыт ӛтті, бірақ ешкімді кездестіре алмадым, уақытым босқа ӛтті.
Осы жыл жарымның ішінде жабайылар кӛрінбес пе екен деп, аралдың батыс
және оңтүстік жағына күнде баратын болдым, бірақ қайық кӛзіме түспеді.
Қанша әуреленіп аңдығаныммен, кездестіре алмағаныма қапа болып,
тынышым кетті, ішім шерге толды, бірақ кӛздеген мақсаттан күдер үзіп,
еңсем түсіп, салым суға кеткен жоқ, қайта бұрынғысынан күшейе түсті.
Бұрын қайткенде жабайылардың кӛзіне түспеймін, қайткенде оларға ізімді
білдірмеймін деп әуреленсем, енді оларға қайткенде жолығар екенмін деп
ынтық болдым.
Мен мынадай ойға келдім: мен біреу емес, екі-үш жабайыны да
құтқарып, ӛзіме құл етіп ала аламын, олар менің бұйрығымды бұлжытпай
орындайтын болады, мен оларды ӛзіме қауіп келтірмейтін жағдайда
ұстаймын. Мен осы туралы кӛп ойладым, бірақ оны жүзеге асыруға тура
келмеді, ӛйткені жабайылар аралға кӛп уақытқа дейін келмеді.
Сондықтан аралға жабайылар келеді екен, мен оның біреуін ұстап алады
екенмін деген үміт менде болған жоқ. Бір күні ертеңгісін үйден шығып
тӛңірекке қарасам, аралдың жағасында қатарластырып қойған бес-алты
қайық тұр, кӛрдім де таң қалдым, маңында жан адам жоқ: мініп келген
жабайылар бір жаққа кетіп қалған болу керек немесе жасырынған болу керек.
Менің білуімше, әр қайыққа тӛрт немесе алты кісіден мініп келгендігі ӛзіме
белгілі, әрқайсысын алтыдан есептегенде саны бірталай, қорқайын дедім.
Отыз-қырық адаммен қалай соғысатынымды, соғысқанда оларды қалай
жеңетінімді ӛзім де білмеймін, бірақ күні бұрын қамданып, ойлаған ойды
жүзеге асырудың қамына кірісе бердім. Бұлар зым-зия қайда құрып кетті,
бұлар қайда жүр екен, дыбыстары естілмес пе екен деп, әрі-бері тыңдап ем,
ешбір дыбыс білінбеді; шыдап отыра алмадым, ақырында үйден шықтым да,
мылтығымды басқыштың басына қойып, үйдің жанындағы тӛбенің басына
шықтым. Тӛбенің басына шығып, басымды кӛтерместен ептеп жатып, дүрбіні
қолыма алдым да, жан-жағыма қарай бастадым. Келген тағылардың саны
отыз-қырықтан кем емес, от жағып бір нәрсе пісіріп жатыр. Қалай пісіріп
жатқанын, не пісіріп жатқанын анықтап айыра алмадым, анықтап кӛргенім:
олардың билегені, билері тым сорақы, құр ордалаңдап секіре береді, бір
аударылып, бір тӛңкеріледі.
123
Sauap.org
Бір кезде әлгі билеп жатқан адамдардан бірнеше кісі бӛлініп шықты да,
қайық тұрған жаққа қарай жүгіріп кетті. Барды да кӛп кешіккен жоқ, бір-екі
нәрсені сүйреп, жанып жатқан оттың қасына әкелді; бұл алып келгендері қол-
аяғын байлап қайықтың ішіне қалдырып кеткен тұтқындары болу керек. Әлгі
тұтқындардың біреуін келген бойдан бір нәрсемен (шоқпар немесе ағаш
қылыш болу керек) басқа ұрды да жықты, жықты да айнала қоршап
жұлмалап соя бастады, ішін жарды да, етін бұтарлады. Тұтқынның екіншісі
кезек күтіп, сүмірейіп тұр. Бір кезде оның да қол-аяғын шешіп, соятын жерге
алып келді. Бейшараның қол-аяғын шешуі-ақ мұң екен, тұрды да қашты,
қашса ӛзінің құтылатынына сенген адам сықылды. Сол бойымен жаны
ышқынып, жиекті жағалап, тап менің үйіме қарай тұп-тура салып келеді.
Шынымды айтайын, тұп-тура ӛзіме қарай қаша жӛнелгенде зәрем ұшып,
жаман қорықтым және әлгі отыз-қырық кісінің бәрі бірі қалмастан артынан
жабыла қуып келе жатқан сықылды болды. Сонымен, кӛрген түсімнің
жартысын ӛңімде кӛрдім: қашқан жабайы менің үйімнің жанындағы қалың
ағашқа келіп жасырынбақшы, бірақ мен кӛрген түстің екінші жартысы түгел
келеді деп ойлағаным жоқ, бӛтен сӛзбен айтқанда, қашқан жабайыны
басқасы қумайды, қуғанмен жасырынған жерінен таба алмайды, сол күйінде
құтылып қала береді деп тағы ойлағаным жоқ. Отырған орнымнан қозғалмай,
жабайының қашқанын қадағалап, қарадым да отыра бердім. Қашқан
жабайыны бәрі бірдей жабылып қуған жоқ, қуып келе жатқандар екеу-
үшеуден артық болмағасын қорқып кӛп қысыла да қойғаным жоқ, қашқан
жабайы әзір жеткізер емес, едәуір жер алда келеді, егер сол қарқынымен
жарты сағаттай жүгірсе, қарасын да кӛрсететін емес, қуғыншылар біртіндеп
артта қалып келеді; әлгінің жеткізбейтін шамасын кӛргесін ішім қуанып,
лоблыған жүрегім орнына түсіп, кӛңілім тұрақтайын деді.
Қашып келе жатқан жабайының жолында жағадан сүйірленіп шыққан
ӛзекше бар, суы терең, кешіп ӛтуге болмайды. Бұл ӛзекше — әңгіменің
басында айтып кеткен баяғы менің сал буып кемеден жүк тасығанда келіп
шыққан шығанағым. Менің білуімше, қашқан жабайы ол ӛзектен қалай да
болса жүзіп шығуы керек, әйтпесе қуғыншылардан құтыла алмайды.
Айтқанымша болған жоқ, келді де, суға қойып кетті, судың тереңдігі оған
бӛгеу бола қойған жоқ. Әрі-бері құлаш ұрып жүзді де, бергі жағына аман-сау
шыға келді, бір минӛт кідірген жоқ, сол бойымен жүгіріп, қаша берді.
Артынан қуып келе жатқан үшеудің екеуі суға қарғып түсті де, біреуі тұрып
қалды; суға түскен екеудің артынан біраз қарап тұрды да, ақырындап кейін
қайтты. Түспегені ӛзіне жақсы болды, себебін қазір оқушылар кӛре жатар.
Суға түскен екеуі анадай жып-жылдам жүзіп ӛте алмады, малтығып
біраз жүрді. Енді осы арада маған ой түсті: егер ӛзіме қызметкер немесе
жолдас, я жәрдемші тауып алу керек болса, енді қимылдайтын уақыт жетті;
осы мүсәпірді ӛлімнен құтқарып жәрдем беруге мені жаратқанның ӛзі
шақырып отырған шығар дедім. Осыны ойлағаннан кейін, уақыт оздырып
тұрғаным жоқ, басқышты ӛрмелеп таудың етегіне түсіп, тӛменге қойып
кеткен мылтығымды алдым да, тез таудың басына қайта шығып, екінші
124
Sauap.org
жағынан ылдиға түстім. Түстім де, қашып келе жатқан жабайының алдына
қарай қарсы жүгірдім. Тӛтелеп, ылдиға қарай жүгіргесін, кӛп ұзамай-ақ
қашушы мен қуушы — жабайылардың арасына келіп киліктім. Менің
айқайлаған даусымды естіп, қашып келе жатқан жабайы жалт қарады,
бейшара мені кӛргенде ӛзін қуып келе жатқан жауларынан да жаман
қорықты. «Қашпа, тоқта кейін қайт»,— деп ымдап, ишараттадым да, ӛзім
қуып келе жатқандарға қарсы ақырындап жүре бердім. Әлгі қуып келе
жатқандардың біреуін осындай қатарласып қасыма келе бергенде,
мылтықтың дүмімен сирағынан ұрып жықтым. Атуға, басқалары мылтықтың
даусын есітер, немесе түтінін кӛрер деп қорықтым. Алдыңғысы құлаған
кезде, артқысы ілгері жүруге қорықты білем, қалшиып қарап тұрып қалды,
тез жүгіріп қасына келдім. Қасына жақындап келе бергенімде қолындағы
садағын кезеп, мені атуға оңтайланды, қарап тұруға хал жоқ, мылтықпен
аттым да, тұрған жерінде оны да құлаттым. Әлгі бейшара қашқын әлгі
екеуінің ӛлгенін кӛріп тұра қалды, бірақ мылтықтың даусынан
қорыққандығы сондай, есі шығып, не қыларын білмей аласұрды, байқаймын,
тіпті маған да жоламай, қашқалы тұр; түрін байқадым да: «Қашпа, бері кел»
— деп айқайлап қолымды бұлғап шақырдым; ымыма түсінді де, қаша түсіп
тағы тоқтады. Бірден келуге қорқады, аяғын бір басып, екі басып тұра береді.
Қарасам, денесі қалтырап, иегі-иегіне тимейді: бейшара қолына түссем
аналарға ұстатып бәрібір ӛлтіреді ғой деп ойлады білем. Қорықпа, мен саған
тимеймін деп, жылы жүзбен, ӛзіне аяушылық білдіріп, білгенімше тағы
ымдадым. Он қадамдай жүріп келіп, басын жерге қойып құлай берді,
ажалдан құтқарғаным үшін алғыс айтқан белгісін білдірді. Жақындаған
сайын достық қалпымды білдіріп, ымдап шақыра бердім. Тізесін бүгіп бір
отырып, бір тұрып қасыма жақындап келді де, басын жерге қойып, жерді
сүйді, аяғымды құшақтап ӛзінің басына қойды. Мұнысына қарағанда, ол
ӛлгенше сенің құлың болам деген серті болу керек. Басын ақырындап
кӛтердім де: «Менен қорықпа» — деп жауырынынан қақтым. Бірақ менің
бастаған ісім әлі аяқталып болмаған еді: әлгі мылтықтың дүмімен ұрып
құлатқан жабайым әлі ӛлмеген, есін жинап тұруға айналды. «Мынау сенің
дұшпаның әлі ӛлген жоқ. Мұны қайтеміз?» — деп қолыммен ымдап
кӛрсеткенімде, ӛзінше былдырлап бірдеңе айтты, бірақ айтқан сӛзінің
біреуіне түсінбедім, түсінбесем де оның үні менің құлағыма жақсы күйден
кем естілген жоқ: себебі жиырма бес жылдан бері адам баласының үнін — ӛз
үнімді былай қойғанда — бірінші рет естігенім ғой. Бірақ ол туралы ойлап
уақыт ӛткізуге болмайды: себебі әлгі жабайы есін жинап, басын жерден
кӛтеріп алды, әлгінің бас кӛтергенін кӛріп, бейшара жаман қорықты.
Қорыққанын біліп жүрегі орнына түссін деп мылтықты әлгіге қарай кезеп ем,
құтқарған жабайым менің иығымдағы асулы тұрған қанжарды сұрады. «Мә»
— деп қолына бердім. Қанжарды алды да, жүгіріп ӛзінің дұшпанының
қасына барды, барысымен құлаштап тұрып бір ұрып еді, басы сылқ етіп
жерге түсті. Қанжар жұмсауға мұнша шебер болар ма, тӛмпештеп ұрып,
мылжалап жатқан жоқ, басын жұлып түсті, қанша айтқанмен бас кесерлері де
125
Sauap.org
мұндай бола алмас. Ӛмірінде ағаш қылыштан басқа түк кӛрмеген адамның
қанжарға мұндай ебдейлілігіне таң қалдым. «Бақсам, бақа екен» дегендей,
жабайылар ағаш қылышты ең ауыр және қатты ағаштан жасап, әбден
ӛткірлейді екен, ӛткірлігі сондай, адамның басын бір шапқанда допша қағып
түсіреді екен, мұны артынан барып білдім. Менің жабайым ӛзінің жұмысын
бітіріп бұрынғыдай емес, кӛңілі кӛтеріңкі, қуанышты түрмен ӛзіме қайтып
келді; бір нәрселер айтып былдырлап денесін қимылдатты, бірақ не екеніне
түсіне алмадым, қанжармен ӛлген жабайының басын әкеліп қасыма қойды.
Бірақ ол екінші жабайының қасына жақындамай-ақ едәуір жерде тұрып,
қалай ӛлтіргенімді білмей аң-таң болды және сол ӛліп жатқан жабайының
қасына барып қарауға ыммен ишарат қылып, менен рұқсат сұрады. Мен
басымды изеп ем, соған қарай жүгіріп кетті. Қасына барып қарағанмен, оның
қалай ӛлгенін білмей таң-тамаша қалып біраз тұрды да, әр жерін шұқып
қарады, аударып қырынан салды, тағы аударды, тесірейіп оқтың тиген жеріне
үңілді. Оқ жүректен тиген, сыртқа аққан қаны шамалы, бірақ қан ішке ағып,
жүрегіне қан толған болу керек, ӛйткені құлаған бойдан тіл тартуға шамасы
келмей, бірден жан тапсырды. Ӛлген жабайылардың қолындағы жебесі мен
жағын алды да, қасыма қайтып келді. Келісімен бұрылып кейін қайттым, бұл
жерде кӛп тұруға қауіпті, тағы артымыздан қуғыншы келіп қалар, тез кетейік,
менің артымнан ер деп ымдадым.
Мен әлгідей дегенімде, ол маған егер олар бұл жерге келе қойса,
мыналарды таба алмас үшін ӛлгендерді кӛму керек еді деп ымдап жауап
берді. Олай болса кӛме ғой деп ем, жұмысқа кірісті. Ә дегенше болған жоқ,
қолымен тырналап, құмды едәуір терең етіп қазды да, біреуін аяғынан сүйреп
әкеліп шұқырдың ішіне салып, бетін топырақпен кӛміп тастады; екіншісін де
осылай етіп кӛмді, қысқасы, не керек, екеуін жарты сағатқа жеткізбей-ақ
жайластырып болды. Кӛміп болған соң соңыма ертіп, қорғанның екінші
жағымен айналдырып, ағаштың арасындағы үңгірге алып келдім. Бұлай
еткендегі ойым — түсімнің бұл бӛлімі келмей-ақ қойсын, жабайы баспананы
менің ағашымнан іздемей-ақ қойсын деген ырым еді.
Үңгірге алып келгесін бір тілім нан, бір бӛлек жүзім бердім және шӛлі
қанғанша су ішкіздім, бейшара қатты жүгіргендіктен, ӛкпесі ұшып, әбден
қалжыраған еді. Үңгірдің бұрышында үстіне кӛрпе жайылған күріштің
сабаны бар еді, келгенде осы тӛсекке ӛзім жатып жүретінмін, тамақ ішіп
әлденгеннен кейін: «Соған жатып демал, ұйықта» деп ишарат қылдым.
Бейшараның әбден қалжырағаны ғой, қисайып жатқан бойдан ұйықтап
қалды. Ӛзі сұлу, орта бойлы, дембелше, аяқ-қолдары тіп-тік, білектері жұп-
жұмыр, ербиген-сербиген емес, денесі сұлу, түріне қарағанда, жасы жиырма
алтыдан артық емес. Келбетті, бет-әлпеті әп-әдемі, жабайылық белгісі жоқ;
бір түрлі сүйкімді, әсіресе, күлгенде, қылымсып қарағанда Еуропа халқының
адамдарының бет-әлпетінен бір де кем емес. Шашы кӛмірдей қап-қара,
негрлердің, қойдың жүніне ұқсап, ширатылып ұйысқан шашындай емес, әрі
салалы ұзын, жалбырап иығына түседі; маңдайы жап-жалпақ, теп-тегіс,
денесі Бразилиядағы виргин уәкілдерінің денесіндей, қарауға жиіркенішті
126
Sauap.org
сары шұбар, тарғыл емес, ӛте сүйкімді және қазанның күйесіндей қап-қара да
емес, тек қоңырқай қара торы. Дӛңгелек жүзді мұрны қолағаштай тым үлкен
емес, пісте мұрын. Кӛзі қап-қара жайнап тұр, аузы кішкене, ерні жұп-жұқа,
тісі аппақ, кіршіксіз. Жарты сағаттай жатып кӛзінің шырымын алды да,
үңгірден шығып, менің қасыма келді. Ол келген кезде үңгірдің жанындағы
қорадағы ешкілерімді сауып жатыр ем. Мені кӛрісімен-ақ, жүгіріп қасыма
келді, басын шұлғып, бетін басып, неше түрлі қимылдарға салып, бар
ықыласымен алғыс айтты. Бетін жерге тӛсеп, менің аяғымды кӛтеріп, тағы да
басына қойды. Неше түрлі ишараттар етіп, ӛле-ӛлгенше маған жолдас
болатынын айтып достық қалпын кӛрсетті. Мен де білгенімше оған жылы
жүзбен, жұмсақ сӛзбен ризалық білдірдім. Сол арада-ақ мен онымен
сӛйлесіп, айтқан сӛзге жауап беруге үйрете бастадым. Ең әуелі мен оған
сенің есімің Жұма болады дедім: себебі мен оны ажалдан құтқарған күні күн
— жұма еді. Бұдан кейін «мырза» деген сӛзді үйреттім, мырза деген менің
есімім; «я», «жоқ» деген сӛздерді үйреттім және бұл сӛздердің мағынасын
түсіндірдім. Әуелі ӛзім іштім де, саздан жасаған ожауға құйып сүт бердім,
сүтке батырып нан бердім; мен не істесем, о да соны істесін деп тағы бір
күлше нан бердім: тамақтың дәмінің ӛзіне ұнағанын ишаратпен білдірді.
Сол күні екеуіміз үңгірге қондық, таң сарғайып, ондағы-мұндағы
кӛрінгесін соңыма ер, жүрейік деп қолыммен сілтеп ым қақтым. Үстіне киім
кигізем деп ем, ӛте қуанып кетті, себебі ол анадан туғандай жалаңаш еді.
Әлгі ӛлген екі жабайының моласының жанынан жүріп ӛте берген кезде тұра
қалып: — Мыналарды ашып, етін жесек қайтеді деп ымдады. — «Мұны
жемек түгіл, ойыма түссе жүрегім айнып құсқым келеді, адам етін жеуге
болмайды, моланың жанында тұрма, жүр» — деп жауап беріп ем, қайтарып
ештеңе айтқан жоқ, мақұл деді де, елпеңдеп артымнан ере берді. Бұдан кейін
әлгіні ертіп, жабайылардың кеткен-кетпегенін байқайыншы деп, тӛбенің
басына шықтым. Дүрбіні алып, келіп түскен жеріне қарап ем, ешкім
кӛрінбеді, соған қарағанда, жоғалған жолдастарын іздемей-ақ, қайтып кеткен
болу керек.
Бірақ мен: «Құрсын, әйтеуір кеткен екен»,— деп қойғаным жоқ, ол
жерге барып, не болғанын кӛзіммен кӛргім келді. Айбалтаны Жұманың
беліне қыстырдым, садақты қолына бердім, садақ тартуға Жұманың шебер
екенін бірден-ақ білгенмін, ӛзім екі мылтықты алдым, бір мылтықты Жұмаға
кӛтерттім, сӛйттім де, Жұмаға соңыма еріп жүр дедім. Жүріп отырып,
жабайылардың той жасаған жеріне келдік. Мен енді олар туралы анағұрлым
анық ақпар жинағым келді. Келіп қарап, кӛз алдымдағы суретті кӛргенде
жүрегім мұздап, денем суып, не қыларымды білмедім, қаным жүрмей қатып
қалған тәріздімін Бұл кӛрініс шынында да, кісінің тұла бойы тітіркенерліктей
орасан сұмдық кӛрініс еді; Жұма бұған қобалжыған жоқ, тек немқұрайды
қарады да қойды. Жаға толы адамның сүйегі, жердің беті қып-қызыл қан,
адамның ішек-қарны, домаланып жатқан адамның бастары, жартысын жеп,
жартысын қалдырып кеткен кесек-кесек еттер, шала мүжілген сүйектер;
қысқасы, әлгі қанішерлер жауларын жегенде осылай тойлайды екен.
127
Sauap.org
Менің санағаным — үш адамның бас сүйегі, буынынан кесіп тастаған
бас, қолы және де басқа, қаңқаның бӛлек-салақтары. Жұманың ымдап
түсіндіруіне қарағанда, жабайылардың алып келгендері — тӛрт адам екен,
үшеуін жеген, тӛртіншісі Жұманың ӛзі. Жұманың айтуынша, менің түсінуім:
ол жабайылармен кӛршілес жабайылардың арасында үлкен соғыс болып,
Жұмалар жағы жеңіліп, кӛп адамдары тұтқынға түскендерді той жасау үшін
әрқайсысын әр жерге таратып алып кеткен.
«Ӛлгендердің барлық сүйектерін, бӛлек-бӛлек еттерін жинап, бір жерге
үй де, үстіне от жағып ӛрте», — деп Жұмаға тәртіп бердім. Менің ӛмірім
бойынша бәрін жинап бір жерге үйсе де, ӛртеуге кӛзі қимай, жегісі келіп
күйбеңдей бергенін сездім. Бірақ мен оған жеуге рұқсат етпедім, жемек түгіл
қолыңмен ұстап аузына жақындатсаң, сені де атып ӛлтіремін дедім, Жұмаға.
Достарыңызбен бөлісу: |