Даниель дефо робинзон крузо



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата19.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4510
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Қанды  тойдың  қалдықтарын  отқа  ӛртеп,  жоқ  қылып  болғаннан  кейін, 
үйге  қайттық,  келісімен  кідірместен  қызметкеріме  киім  тігуге  кірістім.  Ең 
алдымен  оған,  апатқа  ұшырап  қираған  кемеге  барғанда  сандықтан  тауып 
алған  кенеп  шалбарды  бердім;  кейін  ешкінің  терісінен  үстіне  шолақ  шапан 
тігіп  бердім,  шапаны  сұлу  болып  шықсын  деп,  қолдан  келген  ӛнерімді 
аяғаным жоқ (ол кезде мен қатардағы тәуір тігіншінің бірі болған кезім еді). 
Басына  қоянның  терісінен  әдемілеп  бӛрік  тіктім,  тіккен  бӛркім  үйлесіп, 
басына  қона  кетті,  сонымен  менің  қызметкерім  үстіне  киім  киіп,  ӛзінің 
мырзасына  ұқсас  адам  болғанына  қатты  риза  болды.  Бірақ  әуелгі  кезде 
киімінің  әр  жері  тарлау  болып,  о  жер,  бұ  жерін  қажап  мазасын  алды,  бірақ 
тарлау  жерін  кеңітіңкіреп  қайта  тіккесін  үйлесіп,  артынан  кӛп  ұзамай-ақ 
киіммен  жүруге  үйреніп  кетті  және  үстінен  тастамайтын  болды,  киімге 
қуанып бір түрлі кӛңілденді. 
Келесі  күні  оны  қай  жерге  орналастырсам  екен  деген  ойға  қалдым, 
ӛзіммен бірге жатқызуға, «Жаман айтпай жақсы жоқ», қауіпсіндім. Жататын, 
тұратын  жері  оған  да  қолайлы  болып  және  ӛзімді  де  қауіп-қатерден  аман 
сақтау  үшін,  қорғанымның  сыртқы  қабырғасы  мен  ішкі  қабырғасының 
арасындағы ашық алаңқай жерге кішкене шатыр тігіп, соған орналастыратын 
болдым, ал үңгірдің сыртқа шығатын есігін түнге қарай кесе кӛлденең ағаш 
тығып  бекітіп  қоятын  болдым.  Сонымен,  Жұма  түнге  қарай  менің  жатқан 
жеріме  келе  алмайды,  егер  келуге  әрекет  жасаса,  салдыр-гүлдір  дыбыстан 
мен  бәрібір  оянып  кеткен  болар  едім.  Іс  мынада:  менің  ішіне  шатыр  тігіп 
қойған қорғанымның айналасы бітеу, жанынан келетін жол жоқ, тӛбесі жуан-
жуан  сырғауылмен  жабылған,  ал  сырғауылдың  бір  ұшы  таудың  жарына 
тіреулі.  Ол  сырғауылдардың  үстінен  кесе  кӛлденең  жуан-жуан  ағаш  салып, 
үстін  күріштің  сабанымен  қалың  етіп  жапқанмын;  тӛбесіндегі  басқышпен 
түсіп-шығатын  тесікке  ашылып-жабылатын  есік  жасадым,  есік  жабылғанда 
тарс етіп қатты жабылады. Барлық мылтық, құралдарды түнге қарай қасыма 
алып жататын болдым. 
Бірақ  мұның  бәрі  әншейін  кӛлеңкесінен  қорыққан  қоянға  ұқсап  және 
сақтықта қорлық жоқ дегендік қой, болмаса ондай таза, ақкӛңіл, досына жан-
тәнімен  берілген  Жұма  сықылды  адамды  ӛмірде  кӛргенім  жоқ.  Еш  уақытта 

128 
Sauap.org
 
ашуланбайды,  ӛзінікін  дұрыстап,  қасарысып  та  тұрмайды,  рұқсатсыз  ӛз 
бетімен еш нәрсе істемейді, әр уақытта жылы жүзбен, жұмсақ сӛзбен келеді, 
бір нәрсе қоссаң қабақ шытпай, жып-жылдам істей қояды, мені ӛзінің туған 
әкесінен бір де кем кӛрмеді. Егер керек болған жерлерде мен үшін жанын да 
қияр еді; бұған менің ешбір күмәнім жоқ, маған шын дос екенін, жан-тәнімен 
берілгендігін  бір  емес  екі  емес,  әлденеше  рет  кӛрсетті,  осыларына  кӛзім 
жеткесін, одан қауіпсініп бӛлектенудің қажеті жоқ қой деген пікірге келдім. 
Осылардың  бәрін  ойлап,  аудара  қарап,  ақтара  тексергеннен  кейін,  ӛзім 
таң  қалып,  мынадай  сенімді  қорытындыға  келдім:  он  сегіз  мың  ғаламның 
қожасы  алуан  түрлі  мақлұқтарды  жаратты,  ол  мақлұқтардың  кӛбі  алла 
тағаланың бізге белгісіз  әмірі бойынша  ӛздерінің  бас  пайдасына  тиімді  етіп 
қолдану мүмкіншілігінен жұрдай болған, одан айырылған, ал ол қабілеттілік 
бізде қандай болса, оларда да нақ сондай. Біздікі сықылды ақыл-ой оларда да 
бар,  біреуге  жақын  тарту  сезімі,  ізгілік  ету  міндетін,  борышын  білу,  досқа 
достық  кӛрсету,  әділсіздікке  наразылық  білдіру,  ізгілікке  ізгілік  ету  бізде 
қандай  болса,  оларда  да  нақ  сондай;  егер  де  алла  тағала  оларға  сол 
қабілеттерді  дұрыс  және  толық  пайдалануға  мұрсат  берсе  олар  ол  қабілетті 
бізден де гӛрі артығырақ қолдана алар еді. 
Енді ӛзімнің жаңа жолдасыма қайтып оралайын. 
Жолдасым  ӛзіме  ӛте  ұнады,  мен  оған  қолдан  келер  пайдалы  нәрсенің 
бәрін  істеуге  тырыстым.  Ең  алдымен  —  тіл  үйрету,  ӛзіммен  әңгімелестіру. 
Ол  сондай  зерек,  сондай  ыждағатты,  айтқанның  бәріне  түсінетін  шәкірт 
болып  шықты,  еш  уақытта  қабағын  шытып,  ренжімейді,  қашан  да  болса 
кӛңілді  жүреді;  егер  ол  менің  айтқаныма  түсінсе,  ӛзі  соған  едәуір  қуанып 
қалады немесе кей-кейде маған бір нәрсені айтып түсіндірсе, менің де тӛбем 
кӛкке жетіп мәз болып қалам, жалықпай әңгімелесем. Ол келіп қосылғаннан 
бері  тұрмысым  жеңілейіп  және  кӛңілді  бола  бастады,  егер  мен  ӛзімді  басқа 
жабайылардан  енді  қауіпсізбін  деп  есептейтін  болсам,  ӛмір  бақи  аралда 
тұрып қалуға ризамын. 
Жұманы үйге ертіп әкелгеннен кейін екі-үш күн ӛткен соң, осының адам 
етін жейтін жаман әдетін тастатып, басқа тамаққа үйретсем қайтер еді деген 
ой  түсті.  Бір  күні  Жұманы  ертіп  орманға  шықтым.  Орманға  шыққандағы 
мақсатым  қорадағы  ешкінің  біреуін  сойып,  етін  үйге  алып  қайту  еді,  бірақ 
келе жатсам алдымыздағы ағаштың түбінде, соңына ерткен егіз лағы бар бір 
жабайы ешкіні кӛрдім. Кӛрдім де Жұмаға «тоқта» дедім; жеңінен ұстап ӛзіме 
қарай тарттым да, осы тұрған жеріңнен қозғалма деп ым қақтым; содан кейін 
жалма-жан  мылтықты  алып  атып  ем,  бір  лақты  құлаттым.  Бейшара  ӛзінің 
қуып келе жатқан жауын анадай жерде тұрып мылтықпен атып ӛлтіргенімді 
білмей,  есінен  танып  еді;  ал  енді  лақты  атып  ӛлтіргенімде,  не  қыларын 
білмей  тұла  бойы  қалтырап,  олай-бұлай  теңселе  берді,  есінен  танып 
жығылып  қалар  ма  екен  деп  ем.  Атып  құлатқан  лақты  ол  әлі  кӛрген  жоқ, 
бірақ шапанының етегін түріп, ӛзімнің бір жеріме тимеді ме деген кісіше әр 
жерін  қолымен  сипалай  берді.  Бейшара  ӛзін  ӛлтіреді  ғой  деп  ойласа  керек, 
алдыма  келіп  жығылды  да,  аяғымды  құшақтап,  ӛзінше  бірталай  сӛз  айтты. 

129 
Sauap.org
 
Әрине,  мен  оның  не  айтып  жатқанын  түсінгенім  жоқ,  бірақ  түсінбесем  де 
мені ӛлтірме, күнәмды кеш, қанымды қи деп жалынып жатқаны анық. 
Қорқып  жатқанын  білдім  де:  «Шырағым,  қой,  қорықпа,  мен  сені 
ӛлтірмеймін,  ӛлтіру  менің  ойыма  келген  нәрсе  емес,  қорықпа,  үрікпе, 
ӛксігіңді  бас!»  — деп  маңдайынан  сипап,  арқасынан  қағып,  азар  жұбаттым. 
Қолынан  тартып  тұрғыздым  да,  ӛліп  жатқан  ешкіні  кӛрсетіп,  бетіне  қарап 
күлдім,  содан  кейін,  бар,  анау  ешкіні  алып  кел  дедім,  жүгіріп  ешкіге  кетті. 
Ешкіге  баруын  барса  да,  қалай  ӛлгеніне  сенбей,  әр  жерін  шұқылап, 
күйбеңдей  берді,  сенбей  тұрғанын  сездім  де,  мылтықты  тағы  оқтадым.  Бір 
шамалы  уақыт  ӛткесін  анадай  жердегі  бір  ағаштың  басында  қаршыға 
сықылды бір үлкен құс отыр, онша қашық емес, мылтық жететін жер, кӛрдім 
де,  Жұманы  қасыма  шақырып  алдым:  «Анау  отырған  ағаштың  басындағы 
құсты кӛрдің бе? Мен сол құсты мына қолымдағы мылтықпен атам, атқасын 
ол ағаштың басынан жерге құлайды, құлағанын қарап тұр» — деп қолыммен 
әрі-бері  ымдадым.  Сӛйттім  де,  құсты  аттым,  атып  ем  құлап  жерге  түсті, 
қаршыға  дегенім  тоты  болып  шықты.  Құс  құлады,  оның  қорыққаны  — 
мылтықты  оқтағанымды  кӛрген  жоқ,  сондықтан  осы  мылтықтың  ішінде  кез 
келген жерден адам болсын, аң болсын, нендей тірі жәндік болса да ӛлтіретін 
бір құдіретті күш отыр ғой деп ойлады білем. Мұнан былай да кӛп уақытқа 
дейін  мылтықтың  не  екенін,  оның  қалай  ӛлтіретініне  түсіне  алмай  аң-таң 
болып  жүрді.  Егер  рұқсат  етсем,  маған  және  менің  мылтығыма  бас  ұрып 
құдай  деп  құлшылық  қылудан  да  бас  тартпайтын  түрі  бар.  Әуелгі  кезде 
мылтықты  қолымен  қозғауға  да  қорықты,  бірақ  мылтық  қасында  тұрса 
онымен тірі адам сықылды сӛйлесіп жүретін болды. Берірек келгесін айтады-
ау, мені мылтықпен ӛлтірме деп жалынады екен ғой. 
Енді  әлгі  әңгімемді  аяқтап  ӛтейін.  Қорыққаны  басылып,  есін  жиғасын 
құсты алып кел дедім. Айтысымен-ақ кетті, бірақ таба алмай бірталай іздеді, 
себебі құс бірден табан жерде ӛлмей, едәуір жер ұшып барып құлаған екен. 
Бірақ  әрі  іздеп,  бері  іздеп,  ақыры  тауып  алып  келді;  байқаймын  Жұма 
мылтыққа әлі түсініп жетпеген, құс кездессе тағы атып кӛрсетермін дедім де, 
ол жоқта мылтықты тағы оқтап қойдым, бірақ ол сапар құс кездесе қоймады. 
Ешкіні  үйге  әкелдім  де,  терісін  етін  бұтарлап  жайғастырдым:  етінің  тәуір 
жерінен кесіп алып, саз күршекке салып асып ем, сорпасы ӛте дәмді болып 
пісті.  Әуелі  ӛзім  жедім  де,  артынан  Жұмаға  бердім.  Оған  ұнады,  бірақ  ол 
менің  етті  тұздап,  жегеніме  таң  қалды.  Неге  тұздайсыз,  еттің  дәмін  бұзады 
ғой  деді  ымдап.  Тұздың  кішкене  бір  қиқымын  алып  аузына  салып  еді,  бет-
аузы тыржиып, түкіре бастады және жүрегі айнып, құсқысы келіп отырғанын 
білдірді, сумен аузын шайды. Сол кезде мен де тұз себілмеген бір бӛлек етті 
аузыма  салдым  да,  міне,  кӛрдің  бе,  тұзсыз  жесем  жүрегім  айниды  деп 
жиіркеніп  түкіре  бастадым.  Бірақ  бұл  Жұмаға  ешбір  әсер  еткен  жоқ;  кӛпке 
дейін асты тұздап жеуге үйрете алмадым. Кӛп уақыт ӛткеннен кейін барып, 
аз-аздап асына тұз себетін болды. 
Сол күні жабайымды піскен етпен, сорпамен тамақтандырдым да, келесі 
күні  ешкінің  қуырған  етін  бергім  келді.  Оттың  екі  жағына  екі  сырғауылды 

130 
Sauap.org
 
қададым  да,  екі  ағаштың  ортасына  кесе-кӛлденең  біреуін  салып,  мосы 
құсатып астым да, үлкен бір бӛлек етті ортасына салбыратып іліп, әбден пісіп 
шыққанша  бір  олай,  бір  бұлай  аудара  бердім;  кей-кейде  ағылшындар  етті 
осылай етіп пісіретін. Менің ет пісіргеніме Жұма таң қалды; аузына бір кесіп 
салып,  еттің  дәмін  байқағаннан-ақ  таңдайын  жұлып  кетті  білем,  тәттілігін 
айтып  жетістіре  алмады,  мұнан  былай  еш  уақытта  адам  етін  жемейтіндігін 
айтты, әрине, мұнысына мен де қуандым. 
Келесі  күні  мен  оны  жұмысқа  қостым:  қалай  істейтінін  әуелі  кӛрсетіп 
бердім  де,  арпа  тарттырдым,  тартылған  ұнның  кебегін  ұшырттым.  Бәріне 
бірден-ақ түсінді, мұның бәрі нан пісіруге керек дегесін, жұмысқа аянбай бар 
ынта-жігерін  сала  қимылдады;  кӛзінше  қамыр  бастым  да,  нан  пісірдім.  Кӛп 
уақыт ӛтпей-ақ Жұма нанды ӛзі пісіретін болды. 
Енді  бұрынғыдай  емес,  тамақты  жейтін  ауыз  екеу  болды,  солай 
болғансын, егіс  кӛлемін  кеңейтуге  тура  келді.  Бір үлкен бӛлік  жерді  таңдап 
алдым да, айналасын қоршауға кірістім. Жұма ынта-жігерін сала қимылдап, 
жұмысқа қызу кірісті, ӛзіме үлкен жәрдем берді. Мұның не үшін керектігін, 
қазір  екеуіміз,  солай  болғасын  нан  да  екі  есе  кӛп  болуы  керек  деп  Жұмаға 
түсіндірдім. Қамын ойлап, қамқорлық еткеніме ӛте риза болды. Ол маған тек 
кӛрсетіп берсеңіз болғаны, таудай жұмыс болса да қашпаймын, еңбек етуден 
қорықпаймын деп түсіндірді. 
Бұл менің аралда ӛткізген ӛмірімнің ішіндегі ең барып тұрған бақытты 
жылы  болды.  Жұма  ағылшынша  едәуір  сӛйлейтін  болды:  барлық  заттың, 
жұмсағанда  барып  қайтатын  орындардың  барлығының  атын  білді;  ӛзі 
әңгімелесуге  ӛте  құмар,  әңгімені  тәуір  кӛреді;  баяғыдан  бері  байланып 
жүрген  тілім  енді  шешілді.  Баяғыдан  бері  булығып,  шыға  алмай  жүрген 
сӛздер  аузымнан  енді  будақтап  шыға  бастады.  Жұмамен  сӛйлескенде  бір 
түрлі  рақаттанып,  тӛбем  кӛкке  жеткендей  болып  қуанушы  ем.  Оның 
тазалығына,  арам  пейілі  жоқ,  ақ  жүректігіне  әбден  сене  бастадым.  Шын 
ниетіммен тәуір кӛре бастадым, ол да мені тәуір кӛруші еді, сірә, осы кезге 
дейін мендей етіп ешкімді тәуір кӛрмеген шығар деп ойлаймын. 
Бір күні осы туған жерін сағынып жүрген жоқ па екен, еліне қайтқысы 
келмей  ме  екен,  сұрап  білсем  қайтер  екен  деген  ой  түсті.  Себебі  ол  кезде 
ағылшын тілін жақсы үйреніп, барлық сұрақтарыма жауап берерліктей болып 
еді.  «Соғыста,  осы,  сіздің  жақтың  жеңгені  бар  ма?»  —  дедім,  ол  жымиып 
күлді де: «Я, болғанда қандай, біз әр уақытта да жеңеміз, біздің ел жауынгер 
келеді»,— деді. Бұдан кейін екеуіміз әңгімеге кірістік: 
Мырза.  Соғысқан  кезде  біз  әр  уақытта  жеңеміз  дедің,  олай  болса  сен 
неғылып қолға түстің, Жұма? 
Жұма. Дегенмен біздің жақ та бірталайын ұрып жықты. 
Мырза.  Егер  сенің  жағың  оларды  ұрып  жыққан  болса,  олар  сені  қалай 
ұстап алды? 
Жұма.  Себебі  мен  болған  жерде  олар  бізден  әлдеқайда  кӛп  еді. 
Сондықтан  үшеуін  және  мені  ұстап  алды.  Біздің  жақ  оларды  екінші  жерде 
жеңді, бірақ ол жерде мен болғаным жоқ, олардың да кӛп адамы қолға түсті. 

131 
Sauap.org
 
Мырза. Сіздің жақтың адамдары сені неге арашалап алмады? 
Жұма.  Аналар  бізді  қайыққа  салып  алып  кетті,  ол  кезде  біздің  жақтың 
қолында қайығы бол май қалды. 
Мырза.  Жұма,  кәне  айтшы,  сіздің  жақтың  адамдары  тұтқынға 
алғандарына не істейді? Бір жаққа  алып кетіп аналар сықылды олар да етін 
жей ме? 
Жұма. Иә, етін жейді, адам етін бәрі де жейді. 
Мырза. Әкеткенде оларды қайда апарады? 
Жұма. Түрлі жаққа алып кетеді. 
Мырза. Мұнда алып келе ме? 
Жұма. Иә, иә, мұнда да алып келеді, түрлі жаққа алып барады. 
Мырза. Олармен бірге сенің бұл жерде болғаның бар ма? 
Жұма.  Болдым.  Анау  жақта,—  деп  болған  жерлерін  қолымен  сілтеп 
кӛрсетті.  (Кӛрсетуіне  қарағанда,  бұлардың  жиналатын  жері  аралдың 
солтүстік батыс жағы екен). 
Сонымен, сұрастыра келгенімде, менің жолдасым Жұма да бұдан бұрын 
аралға бір рет келіп қанды тойға қатысқан екен. Біраз уақыт ӛткеннен кейін 
әлгі  айтып  ӛткен  аралдың  жиегіне  ертіп  апарғанымда,  бір  рет  осы  арада 
ӛздерінің  адамдарымен  келіп,  жиырма  тӛрт  еркекті,  екі  әйелді  және  бір 
баланы  ӛлтіріп,  етін  жегендерін  айтты.  Жиырма  дегенді  ағылшынша  қалай 
түсіндіруді  білмеді,  бірақ  қанша  адамды  ӛлтіріп  етін  жегендерін  түсіндіру 
үшін, кішкене тастардан жиырма тасты жинап алды да, бірінің қасына біріне-
бірін қосып маған: «Санаңыз» — деді. 
Жұмамен  сӛйлескен  осы  әңгіме  туралы  айтып  отырғанымның  себебі, 
келешек  әңгіменің  басы  ғой.  Әлгі  әңгімені  аяқтағаннан  кейін,  сіздің  елдің 
тұрған  жері  менің  тұрған  аралымнан  алыс  па  және  сол  жерден  осы  араға 
келгенде  қайықтары  апатқа  ұшырап,  ӛздері  қырылып  қалатын  реттері  бола 
ма?— деп сұрадым. Жолы қауіпсіз, бір қайық та суға кеткен жоқ, неге десеңіз 
осы  арадан  кӛп  ұзамай-ақ,  ағыс  жүреді,  жел  ертеңгісін,  бір  жағынан  соқса, 
кешкісін екінші жағынан соғады деп жауап берді. 
Әлгі Жұма айтқан ағысты судың тасуы мен қайтуына байланысты ағыс 
қой деп, әуелі солай ойлап ем, бірақ олай емес екен, артынан барып білдім. 
Ол  ағыс  Ориноко  ӛзенінің  құйылысының  жалғасы  екен,  оның  теңізге  келіп 
қосылып  жатқан  жері  менің  аралыма  жақын  болып  шықты.  Баяғы  менің 
кӛріп  жүрген  қылбуыт  жерім  құрғақ  жердің  шеті  емес  екен,  әлгі  ӛзеннің 
құйылысының солтүстік жағына ұштасып жатқан Тринидад деген арал екен. 
Ол  не  қылған  жер,  оның  жиегі  қандай,  ол  қандай  теңіз,  оған  жақын  жерде 
нендей  халықтар  тұрады  деп,  Жұмаға  үсті-үстіне  сұрақты  бере  бастадым. 
Жұма  іркілмей  білгенінше  жауап  берді.  Ол  жерлерде  тұратын  халықтардың 
аты кім деп сұрап ем, жӛндеп түсіндіре алмады. Ойланып тұрды да: «Кариб, 
кариб» — деді. Әрине, оның айтып отырғаны караибтер туралы, неге десеңіз 
Американың  сол  бӛлімдерінде,  Ориноко  ӛзенінің  бүкіл  жағасын  ӛрлеп 
Гвинеяға  шейін,  одан  әрі  Әулие  Мартаға  дейін,  караиб  дейтін  елдің  мекен 

132 
Sauap.org
 
ететіні  карта  бойынша  бұрын  ӛзіме  белгілі  болатын.  Жұма  бір  әңгімесінде 
«айдын  барып  бататын  жиегінің  ар  жағында»,  бӛтен  сӛзбен  айтқанда,  оның 
тұрған  жерінің  күнбатыс  жағында  маған  ұқсаған  ақ  адамдардың  (ақ  адам 
дегенде  ол  менің  сала  құлаш  сақалымды  кӛрсетті)  бар  екенін  айтты,  осы 
адамдар кӛп кісіні ӛлтірді деді. Мұның айтып отырғаны, ӛздерінің мейірімсіз 
қаталдығымен  Америкаға  атағы  жайылған  испандар  ғой  деп  түсіндім, 
олардың  айуандығы  туралы  әңгіме  Америкадағы  тайпалардың  арасында 
атадан балаға қалып келеді. 
Сол ақ адамдарға осы арадан қайықпен ӛтіп баруға мүмкіншілік бар ма 
деп сұрағанымда, ол: «Иә, баруға болады, екі қайықпен жүзу керек»  — деп 
жауап берді. 
Бірақ  мұның  «екі  қайығы»  несі  деп  кӛпке  дейін  түсіне  алмадым, 
ойластырып, сұрап қарасам, екі қайық деп отырғаны үлкендігі екі қайықтай 
кемемен баруға болады деген сӛзі екен. 
Осы әңгіме ӛзімді жұбатты: сол күннен бастап қашан да болса аралдан 
құтылып,  сол  араға  бір  күні  барамын  ғой,  бұл  ретте  осы  жабайы  маған 
жәрдем береді ғой деген сенім туды. 
Жұма  менімен  бірге  кӛп  уақыт  ӛмір  сүрді.  Осы  уақыттың  ішінде,  яғни 
ӛзіммен  сӛйлесіп,  айтқаныма  түсіне  бастаған  кезде,  мен  оның  қанына  дін 
негіздерін  сіңіріп,  ӛзін  дін  жолына  түсіруге  әрекеттендім.  Бір  күні 
Жұмаға:«Осы  сені  кім  жаратты?  Білесің  бе?»  —  дедім.  Бейшара  бұл 
сұрағыма кӛпке  дейін  түсіне  алмай:  «Әкең  кім деп  айтасыз  ба?»—деді.  Сол 
кезде сұрақты ӛзгертіп: «Мына теңізді, жерді, тауды, тасты және ағашты кім 
жаратты?»—дедім.  «Бұларды  жаратқан  Бенамуки  деген  шал,  ол  ӛзі  ӛте 
жоғары  тұрады»  —  деп  жауап  берді.  Оның  жасы  (әлгі  шалдың)  жерден  де, 
судан  да,  айдан  да  және  жұлдыздан  да  үлкен  дегеннен  басқа,  оны  сипаттап 
еш нәрсе айта алмады. Егер бәрін жаратқан сол болатын болса, барлық заттар 
оған  неге  бас  ұрып  бағынбайды  дегенімде,  түсі  ӛзгеріп  бір  түрлі  кейістік 
қалыппен:  «Е,  дүние  жүзіндегінің  бәрі  соған  бағынулы  емес  пе?»  —  деді. 
Бұдан соң: «Сіздің жыныстарыңыз бұл арадан кеткен соң қайда барады?» — 
деп  сұрадым.  «Олардың  бәрі  де  Бенамукиге  барады»  —  деп  жауап  берді. 
«Оларды ӛлтіріп, етін жегендері де Бенамукиге бара ма?» — дегенімде, «Иә, 
оларда сонда барады» — деді. 
Сӛйтіп,  мен  оған  құдайды  осылай  таныта  бастадым.  Барша  ғаламды 
жаратушы  кӛкте  тұрады.  (Қолымен  кӛкті  кӛрсетіп),  дүние  жүзінің  қожасы 
сол, бәрінің билігі ӛзінде, бізге не істеймін десе де еркі бар, бергенін қайтып 
аламын  десе  де  ӛзі  біледі  дедім.  Осылай  етіп,  мен  бірте-бірте  оның  кӛзін 
аштым.  Айтқанымның  бәрін  ӛте  ықылас  қойып  тыңдады.  Алла  тағала 
аспанда  тұрса  да,  жерде  отырып,  айтқанымызды  әрқашан  да  естиді.  Айса 
пайғамбар  бізді  күнәдан  аршып  алу  үшін  құдайдың  жіберген  елшісі  дедім. 
Біздің құдайға ғибадатымыз туралы айтқан әңгімелерінің бәрін ықыласымен 
тыңдап,  біріне де  қарсылық  еткен  жоқ,  бәрін де  мақұл  деп  қабыл  алды.  Бір 
сӛзінде: 
«Сіздердің 
құдайыңыз 
күннің 
ар 
жағында 
тұрғанмен, 
айтқандарыңыздың  бәрін  есітеді,  солай  болса,  ол  Бенамукиден  де  үлкен 

133 
Sauap.org
 
болды  ғой,  Бенамукидің  тұрған  жері  бізден  онша  кӛп  алыс  емес,  бірақ  ол 
біздің  айтқанымызды  тауға  шықпасақ  естімейді»,  —  деді.  «Ӛзің,  онымен 
сӛйлесу үшін тауға шыққаның бар ма?»  — дедім. «Жоқ, — деді, — шалдар 
болмаса  жас  адамдар  бармайды,  тек  шалдар  барады,  біз  оларды  увокек  деп 
атаймыз  (менің  түсінуімше,  және  оның  түсіндіруінше,  оның  тұқымы 
ӛздерінің  дінін  немесе  құдайын  солай  деп  атаса  керек).  Увокектер  тауға 
барады  да,  «О!»  дейді  (оларша  «О!»  дегені,  сыйынып,  дұға  еткені  болу 
керек), сӛйтеді де, үйге қайтып келіп, Бенамукидің айтқанын елге таратады». 
Осыны естігеннен кейін, діншілердің алдауы нағыз барып тұрған надан, 
жабайылардың  арасында  да  болады  екен  ғой,  дін  ӛнерін  жасырын  түрде 
таратып, діншілерді халық тарапынан құрметтеуді талап ету тек Римде ғана 
емес, бүкіл дүние жүзіндегі діннің бәрінде бар екен ғой деген қорытындыға 
келдім. 
Жаңағы  айтылғанның  алдамшы  нәрсе  екенін,  тауға  шығып  «О»  айтып, 
құдайға  құлшылық  еттік,  Бенамукимен  сӛйлестік,  ол  бізге  олай  деді,  бұлай 
деді,  осы  айтқанымды  халыққа  барып  жеткіз  деді  деп  жүрген  шалдардың 
ӛтірігі екенін, егер олар тау үстінде біреумен сӛйлессе, оны тек жын-шайтан 
деп білу керек деп, Жұмаға барынша түсіндірдім. Осы арада шайтан туралы 
біраз  сӛйлеп  ӛттім,  оның  қайдан  шыққанын,  оның  құдайға  қарсы 
қылықтарын,  оның  адам  баласына  қаны  қас  екенін  және  оның  неге  олай 
болатынының  себептерін  айттым;  оның  халық  арасында  ӛзін  құдай  етіп 
кӛрсететінін,  құдай  қоспаған  сӛздерді  айтып  жұрттың  бәрін  ӛзіне 
бағындырғысы  келетінін,  адам  баласын  әлекке  салу  үшін  қандай  айланы 
болса да істейтінін, жасырын түрде біздің ішімізге кіріп азғыратынын, қандай 
әдіспен аяғымызға қақпан құратынын, сӛйтіп, адам баласын азғырып, жолдан 
тайдырып ӛлімге айдайтынын түсіндірдім. 
Қолымның  бос  уақытында  Жұмамен  ылғи  әңгімелесіп,  уақыт  оздырып 
жүрдім.  Екеуіміз  арадан  қыл  ӛтпейтін  дос  болдық,  бір-бірімізге 
жақындығымыз  сондай,  соңғы  үш  жылдың  қалай  ӛткенін  сезбей  қалдым. 
Қазіргі  халіме  ризамын,  ай  астындағы  дүниеде  толық  бақытты  адам  екеу 
болса,  ӛзімді  соның  бірімін  ғой  деп  есептеймін.  Жабайы  христиан  дініндегі 
жақсы  адамның  бірі  бола  бастады,  бұл  жӛнінде  менен  анағұрлым  артық 
болды;  бұл  үшін  жаратушыға  алғыс  айтам,  егер  мен  жаратылыстың  осы 
ұлынан да гӛрі күнәкар болсам да, бірақ екеуіміз де құдайдан қорқып, райдан 
қайтып, жаратушының рақымына бой ұсындық. 
Түрлі аят, дұғаның үтір-нүктесін қалдырмай қарау немесе тағы да басқа 
кітаптарын  тәпсірлеу,  осыдан  барып,  толып  жатқан  талас-тартыс,  ашу-
араздық туғызатын жақтары бізде болған жоқ. Қандай шіркеу жақсы, қандай 
шіркеу жаман деп, олардың билеу мәселелеріне де кӛп кӛңіл бӛлгеніміз жоқ; 
бұл  туралы  біздің  арамызда  әңгіме  де  болып  кӛрген  жоқ,  шынында  мұның 
кімге  қажеті  бар?  Менің  осы  айтқаным  дұрыс  қой  деймін;  жер  жүзінде 
сансыз  шатақ,  күмәншылдық  туғызатын  уағыздың  талас  тармақтарын 
талқылап, зерттеп, әркімнің ӛзінің пікірін айтқанда, бізге келер пайда қанша? 
Меніңше,  түк  пайдасы  жоқ.  Құдай  —  ӛзі  біздің  аман  сақтау  жолымыздағы 

134 
Sauap.org
 
басшымыз; адам баласының одан да гӛрі сенімді басшысы болуы мүмкін бе? 
Мен  әңгімемнің  ұзақ  бӛліміне  қайта  оралып,  болған  уақиғаларды  ретімен 
айта беруім керек. 
Жұмамен танысып, сӛз алысып жақын болған кезде, ол менің айтқаныма 
түсінетіні  былай  тұрсын,  тым  таза  сӛйлемегенмен,  ӛзінің  шалдыр-бұлдыр 
тілімен  ойын  ағылшынша  айтып  түсіндіретін  болды.  Мен  оған  ӛзімнің 
жорықтарымның  тарихын  сӛйлеп  және  аралға  қалай  келгенімді,  содан  бері 
қалай  ӛмір  сүріп  тұрғанымды  айттым.  Мен  оған  оқ-дәрінің,  жалғыз  оқтың 
құпиясын  аштым,  ӛзін  мылтық  атуға  үйреттім;  әрине,  оған  мылтықтың,  оқ-
дәрінің  сыры  мәлім  емес  еді.  Жұмаға  сыйлық  етіп  бір  пышақ  бердім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет