141
Sauap.org
Келе жатқанда біраз пікірлер ойыма түсіп, соғысуға тәуекелім бармай
бәсеңдей бастады. Жаудың кӛптігі, кӛп еместігі есеп емес қолында түк
құралы жоқ жалаңаш адамдарды жалғыз болсам да жеңетінім ӛзіме мәлім. Ол
жағынан сенімсіздік туған жоқ, тек сенбейтінім, осы, ӛзімнің істегелі келе
жатқан ісімнің дұрыс, бұрыстығы еді. «Осы мен неге келе жатырмын,
адамның қанын не үшін тӛгем, айтшы осыны? — деп ӛзіме-ӛзім сұрау
бердім. — Осы мені айдап келе жатқан кім? Ешбір жазығы жоқ, жауыздық
істейін деген ешбір ниеті де жоқ адамдарды ӛлтіруге маған кім құқық берді?
Шынында солар маған не істеді? Неден жазықты болды? Олардың айуандық
әдет-ғұрпына менің не жұмысым бар? Бұл бақытсыздардың ата-бабасынан
бері қарай істеп келе жатқан кәсібі; бұлар — құдайдың кәріне тап болып,
қарғысқа ұшыраған адамдар. Бірақ құдай тағала оларды солай ете қойсыншы,
оларды мал есебінде-ақ жаратсыншы, бірақ ол маған соларға тӛреші болып,
үстерінен үкім шығар деп тапсырған жоқ қой. Бірер ұлтқа тән кемшілікке,
қылмысқа ерегісіп, олардан жеке адамдардың ӛш алуы дұрыс емес қой,
қысқасы, не керек, қай жағынан алып қарасам да, адам етін жеушілердің
жазасын тартқызу менің ісім емес. Жұма ӛлтірсе бір сәрі, себебі олар мұның
ата жауы, бұлар оның әулетімен ӛмір бақи ӛштесіп келе жатқандар,
сондықтан Жұманың оларды соғыс кезінде ӛлтіруіне болады ғой, ал маған
олай істеуге болмайды». Менің басыма бір емес, әлденеше рет келген бұл
дәлелдер ӛзіме ӛте орынды болып кӛрінді, сондықтан жабайыларға шабуыл
жасаудан бас тарттым. Ағаштың тасасында отырайын да, не істеп
жатқандарын кӛзіммен кӛрейін, егер тағала шабуыл жасауға рұқсат деп анық
нұсқау бере қойса, тек сонда ғана қимыл жасайын деген қорытындыға
келдім.
Осындай шешімге келдім де, ақырындап ағаштың ішіне кірдім. Жұма
артымнан екі елі қалған жоқ, ӛкшелеп еріп келеді. Біз аяқты ептеп басып, ӛте
сақтықпен жүрдік, қақырынып, түкірінгеніміз де жоқ. Жұманың айтқанының
бәрі дұрыс, байлаулы жатқан ақ адам екен. Қозғалуға шамасы жоқ, ӛйткені
құртқа шаш сықылды шӛптерді есіп қол-аяғын тас қылып байлап тастапты.
Үстінде киімі бар, оның Еуропа халқының адамы екені тек киімінен емес,
бет-әлпетінен-ақ белгілі болып тұр.
Жиекке алыстығы елу метр шамасындағы бір тӛбешіктің етегіне біткен
бір бӛлек қалың ағаш бар, ол ағаш жабайылардың отырған жеріне ӛте жақын,
ол ағашқа ешкімнің кӛзіне түспей жасырынып баруға болады, себебі біздің
тұрған жеріміз бен жабайылардың отырған жерінің арасы қалың дүлей,
даусын естімесең, ӛздерін кӛрмейсің. Бойды билеп, жүректі тоқтатып,
ақырындап әлгі ағаштың түбіне келдік, келіп қарағанымда жиекте болып
жатқан уақиға айнадағыдай айқын кӛріне қалды.
Отты қоршап он екі жабайы отыр. Бір-екеуі жерде жатқан ақ адамның
жанына барып еңкейіп әлгі кісінің аяқ-қолын шешіп жатыр, соған қарағанда,
оны алып келуге жаңа ғана жіберілген болу керек. Сәл бір минӛт кешіккенде,
қойша бұтарлап сойып, етін пісіруге кірісетін еді. Енді титтей кідіріп тұруға
уақыт жоқ. Бұрылып Жұмаға қарадым да: «Әзірлен» — дедім. Жұма
142
Sauap.org
жарайды деп басын изеді. «Енді маған қара, мен не істесем, сен де соны істе»
— дедім; осыны айтып, екі құс мылтық пен бір мүшкетті жерге қойдым да,
мүшкеттің біреуімен жабайыларға қарай кӛздеп кеп қалдым. Жұма кӛздеді,
«әзірмісің?»— дедім.«Әзірмін», — деді. Мылтықты басып-басып қалдық.
Жұма менен де мерген болып шықты, екеуін ӛлтіріп, үшеуін жаралады.
Мен біреуін ӛлтіріп, екеуін жарақаттадым. Біз мылтық атқан кезде
сасқалақтап, не қыларын білмей, жабайылардың ойпаң-тойпаңы шықты.
Аман қалғандары секіріп тұрды да, қайда қашарын білмей, бір ілгері, бір
кейін аласұрып, тек болғаны ышқынып жүгіре берді: оқтың қайдан
жауғанын, адамдарының қалай ӛлгенін де білмеді. Жұма менің бұйрығым
бойынша қасымнан қозғалған жоқ. Енді мүшкетті тастай беріп, құс
мылтығыммен кӛздедім. Мен не істесем, Жұма да соны істеді. «Әзірмісің?»
«Әзірмін!» — деді Жұма. — «Ал, құдайға сыйынып, атайық». Топқа қарай
екі рет аттық. Бұл жолы да екеуін ӛлтірдік, бытыралы құс мылтығымен
аттық. Бірақ кӛбі жарақаттанды. Үстерінен қаны сорғалап, ащы дауыспен
ақырып-бақырып, жиекті жағалап қаша берді. Ӛте ауыр жарақаттанған болу
керек үшеуі қашуға жарамай, құлап қалды.
Құс мылтығын қоя салып. жасаулы тұрған мүшкетті қолыма алдым да:
«Ер менің артымнан!» — дедім Жұмаға. Содан кейін ағаштың ішінен жүгіріп
шыға келдік. Менің жау жүрек жабайым бір қадам қалған жоқ. Орманнан
шыға бергенімде жабайылар мені сезіп қалды, сезіп қалғанын кӛрдім де, мен
не істесем, сен соны істе деп даусымды қатты шығарып Жұмаға айқайладым,
бар пәрменіммен жүгіріп отырып (шынында, үстім толған қару-жарақ, қатты
жүгіруге шамам келмеді), теңіз бен оттың арасында жатқан бақытсыз
құрбанның қасына келдім. Оны бұтарлауға кірісіп жатқан екі жабайы
мылтық даусы шыққан бойда-ақ тұтқынды тастап зыта жӛнелгенді. Олар
жанталасқан бойымен теңізге қарай ұйлығып қашты да, жиекте тұрған
қайықтарына барып мінді, ол екеуіне тағы үш жабайы келіп қосылды. Сол
кезде Жұмаға бұрылып қарадым да: «ат» деп бұйрық бердім. Жұма менің
ойыма түсінді ме, жүгіріп отырып оқ жететіндей жерге барды да, атып салды,
әуелгі атқанда бәрі қырылып қалды ғой деп ойлап ем, себебі бәрі қайықтың
түбіне етпеттей құлады; бірақ екеуі артынан тез бастарын кӛтеріп алды, соған
қарағанда, қорқып құлаған екен.
Жұма оларды атып жатқанда, мен келіп сорлы тұтқынның қол-
аяғындағы тұсауын кестім. Қол-аяғын босатып, қолынан тартып тұрғыздым
да, португаль тілінде сӛйлеп, аты-жӛнін сұрадым. Ол: — «Христианмын» —
деп латынша жауап берді. Әбден әлі бітіп қалжыраған, тәлтіректеп тұра
алмады және сӛйлеуге де шамасы келмеді. Қалтамдағы ромды алдым да,
аузына тақап, бір жұт деп ым қақтым; ромды жұтқаннан кейін, бір үзім нан
бердім. Нанды жеп болғасын қай ұлттан боласыз деп сұрағанымда:
«Испанмын», — деп жауап берді. Кішкене халін жиғаннан кейін, ажалдан
айырып алғаным үшін толып жатқан алғыстар айтты. Испан тілімен: «Мырза,
әңгімені артынан сӛйлесерміз, қазір қимылдау керек, егер соғысуға шамаңыз
келетін болса, қолыңызға мына мүшкет пен қылышты алыңыз,дұшпанға
143
Sauap.org
тиелік»— дедім. Ұсынысымды қуанышпен қарсы алды, айтқаныма риза
болып, алғыс айтты. Қолына мылтық тиген кезде әлгі қалпынан ӛзгеріп, бір
түрлі мылтық даусынан үрейі ұшып қалғандықтан, қарсыласпақ түгіл,
қуаттанып кетті. Мұндай күш оған қайдан пайда болды? Құрал қолына тиюі-
ақ мұң екен, тұрды да ұмтылды, жабайыларды қуғанда аяғы-аяғына тимей
құйынша ұйытқыды. Әй-шайына қаратпай, кӛзді ашып-жұмғанша екеуін
сұлатты. Сорлы жабайылар мылтық даусынан үрейі ұшып қалғандықтан,
қарсыласпақ түгіл, қашуға да әлі келмей тоңқалаң асып құлай берді. Жұма
атқан қайықтағы алты жабайылар да осы халде болды: тіпті оқ тимесе де бір-
екеуі ӛзінен-ӛзі есінен танып құлап қалды.
Қиын-қыстау жерде керек болар деп оқты сақтадым да, ӛзім атқаным
жоқ, жасаулы мүшкетті қолыма ұстап, тек әзірлендім де тұрдым. Себебі
мүшкетім мен қылышымды испанға бергенмін Атылған үш мылтық әуелі
соғысқан жеріміздегі ағаштың түбінде қалды. Жұманы шақырып алдым да,
әлгі қалған мылтықтарды алып келуге жібердім. Жүгірумен барды да алып
келді. Қолымдағы жасаулы мүшкетті Жұмаға бердім де, атылған
мылтықтарды оқтай бастадым. Егер мылтық керек болса маған келіңіздер
дедім екеуіне. Мен мылтықты оқтап үлгіргенімше, испан мен жабайының
арасында қатты соғыс болды. Әлгі жабайының қолында үлкен ағаш қылышы
бар, испанға қылышын ала-ақ ұмтылды, егер мен жүгіріп жетпегенде
испанды сӛз жоқ ӛлтіретін еді. Дегенмен испан да ер жігіт екен, ӛзі бұрын
қалжырап шаршаған адам, сонда да кӛпке шейін беріспеді, қолындағы
қылышпен жабайының басынан ойсыратып екі ұрды, ол да бір еңгезердей ірі
неме екен, қандай ауыр жарақаттанса да жығылмады, келіп айқаса кетті,
екеуі кӛп алысты, әрі-бері алысқасын жабайы қоймады, испанды құлатты,
испан құлаған кезде қолындағы найзасын қоя берді де, беліндегі мүшкетпен
жабайыны атып ӛлтірді, сол кезде мен келіп үлгірдім.
Біз ӛстіп жатқанда Жұма, қолында балтадан басқа дымы жоқ, қашқан
жабайылардың артынан қуып кетті. Әуелгі атқанда жарақаттанған үшеуін
қуып жүріп, балтамен ұрып жықты; не керек жалғыз ол үшеуі емес. Жұмадан
басқалары да сазайын тартты. Испан да уақытын босқа ӛткізген жоқ. Менің
қолымдағы құс мылтықты алды да, қашып бара жатқан бір-екеуін бұл да қуа
жӛнелді; жүгіріп келе жатып атып екеуін де жарақаттады, бірақ оқ әлсіздеу
тиіп, ӛлтіре алмады, қуа беруге бұрын қалжырап халі біткен адам шамасы
келмеді, сонымен әлгі екеуі қолға түспей құтылып, қалың орманның ішіне
барын жасырынды. Жұма кӛре салды да, әлгі екеуінің соңына тағы түсті.
Біреуін ӛлтірді, екіншісі жеткізбей ақыры құтылып кетті. Жеткізбей кеткен
жабайы жарақаттанса да болмады, сол бойымен барып суға түсті, о дегенше
болған жоқ, қайыққа мініп қашып бара жатқан үш жолдасын жүзіп қуып
кетті. Жиырма бір адамнан колға түспей құтылып кеткен осы тӛртеуі (оның
ішінде әлгі жараланған да бар, мүмкін, ол ӛлген болар, бізге мәлімсіз),
қаншасының ӛліп, қаншасының қалғанын есептеп қарайық.
Әуелі ағаштың тасасында тұрып атқанымызда үшеуі ӛлді. Екеуі сол
жерде тұрып екінші атқанымызда ӛлді.
144
Sauap.org
Жұма қайықтың ішінде екеуін тағы ӛлтірді. Бұрын жарақаттанған екеуін
тағы ӛлтірді. Біреуін орманның ішінде ӛлтірген.
Үшеуін испан ӛлтірді.
Тӛртеуі әр жерде ӛліп жатыр екен, артынан тауып алдық.
Тӛртеуі құтылып кетті.
Сонымен барлығы — жиырма бір.
Қашқан үшеуі алды-артына қарамай, бар күштерін салып қайықты есе
берді. Жұма артынан қуалай екі-үш рет атып еді, тимеген шығар деймін.
Мырза, қайықтың біреуіне мінейік те, қашқындарды артынан қуайық деді,—
Жұма. Әлгілердің құтылып кеткені маған үлкен уайым болды: себебі, еліне
барар да екі-үш жүз қайыққа тиеліп келіп, сорымызды қайнатар деп
қорықтым. Не де болса мұның біреуін де тірі жібермеу керек деген ой түсті
де, Жұманы ертіп жүгіре басып қайыққа келдім, келген бойдан біреуінің
ішіне секіріп мініп те алдым. Қарасам, қайықтың ішінде қол-аяғы байлаулы
тағы біреу жатыр, мұны да жеуге алып келген болу керек. Есі жоқ шала-
жансар болып жатыр, айналасында не болып жатқанын білмей, мылтықтың
даусынан үрейі ұшып кеткен болу керек. Кӛзін ашуға да шамасы жоқ, демін
әрең алады.
Қол-аяғындағы тұсауын кесіп, қолынан тартып басын кӛтеріп едім,
аяғына басып тұра алмады, тұру түгіл, сӛйлеуге де шамасы келмеді, уһлеп
ыңқылдай берді: бейшара қол-аяғын шешкен соң союға апарады екен деп
ойласа керек.
«Мына кісіге түсіндір, қорықпасын, ажалдан аман құтылды, кішкене ром
жұтқызып жібер» — дедім Жұмаға. Әлгідей қуаныш хабарды естіп, оның
үстіне ром ішкесін бейшара басын кӛтеріп, есін жиды. Әлгінің даусын естіп
бетін кӛргенде, Жұманың не болғанын кӛрсеңіз: ойбайын салып, шап беріп
құшақтай алды, біресе жылап, біресе күлді, айнала жүгіріп секіріп биледі;
бұдан соң тағы жылады, бір кезде жынды кісі секілді ӛзінің басын ӛзі ұрып,
ӛз бетін ӛзі тырнай бастады.
Кӛпке шейін ешбір түсінік ала алмай, аң-таң болдым, бір кезде басылып,
тыныш тапқасын: «Мырза, бұл менің әкем болады»— деді.
Менің досымның әкесін кӛрген кездегі қуанышын сӛзбен айтып жеткізе
алмаспын. Сүйікті әкесін ажал аузынан аман алып қалып, қосылғандағы
қуанышын кӛзге жас алмай қарауға мүмкін емес еді. Бірақ түрлі ӛрескел
қылықтарына күлмеске де болмайды. Кемінде қайыққа жиырма рет секіріп
мініп, жиырма рет секіріп түскен болар; біресе отырады, біресе тұрады,
шапанын ағытып омырауын ашады, әкесінің басын тӛсіне қойып
құшақтайды, аяғын сүртеді. Әкеңнің аяқ-қолын роммен уқалап жібер деп
Жұмаға кеңес бердім. Бұл ақылым ӛте орынды болды,— тез қуат кіре
бастады.
Қашқан жабайыларды қуу қайда, ӛйткені кӛп жер ұзап, кӛзден таса
болды, қууды қойдық. Олар ширек мильдей ұзап шыққасын қатты жел
тұрды, жел сол күні түнімен соқты және қарсы алдынан болды, ендігі олар
еліне барудан күдер үзген болар.
145
Sauap.org
Жұма туралы әңгімеге келелік. Сағынғандығы сондай, айналсоқтап,
әкесінің жанынан шықпады, әкесінен айыруға менің де ұжданым бармады.
Қуанышы қойнына сыймады, екі құлағы езуінде, жүгіріп қасыма келді. Әкеңе
нан бердің бе дегенімде, басын шайқап: «Нан жоқ, әкемді кӛрем деген менде
ой бар ма, керемді жегендей болып бәрін ӛзім жеп қойып едім» — деді.
Азық-түлік салған дорбамды қарасам, азын-аулақ нан қалған екен, мә әкеңе
апар, дедім де Жұманың қолына бердім. Ӛзің де тамақ ішіп әлден, деп
ромның қалғанын ӛзіне беріп едім, ӛзі ішпестен апарып әкесіне берді. Қайта
айналып, қайықтың қасына бара түсті де, бір жаққа қарай жүгіріп алды да
жӛнелді, алды-артына қарамайды, артынан жау қуып келе жатқан тәрізді. Ӛзі
де тым жүйрік еді, апыр-ау, бұл қайда кетіп барады деп ойланғанымша
болған жоқ, кӛзден ғайып болды.- «О, қайда барасың?» — деп айқайлап ем,
естімеді, зым-зыя жоқ болды. Ширек сағаттан кейін қарасам қайтып келе
жатыр. Бұрынғыдай емес, жүрісі жай.
Жақындаған кезде абайласам, арқалаған нәрсесі бар, бұл не десем, үйге
барып бір құмыра су және екі-үш бӛлек нан алып келіпті, мұнысы ӛте ақыл
болды. Әуелі шӛлдеген шығарсыз деп суды маған берді, шӛлдегенім де рас
еді. Ішіп рақаттанып қалдым. Су ішкеннен кейін шал тіріле бастады,
бейшараның таңдайы кеуіп, тілі аузына сыймай ӛлуге жақындаған екен.
Шал әбден қанғаннан кейін, Жұманы шақырып алдым да, құмыраның
түбінде су қалды ма деп сұрадым. Қалды — деді. Ендеше, қалғанын ана
жатқан испанға алып барып бер дедім, себебі, о да қатты сусаулы еді.
Бейшара испанның қозғалуға халі келмей, ағаштың кӛлеңкесінің астында
сұлық түсіп жатты да қойды. Жауыздар аяқ-қолын нықтап-ақ байлаған екен,
күп болып ісіп кетті Су ішті, бір үзім нан жеді, бұдан кейін қасына келдім де,
қалтамнан алып бір шумақ жүзім бердім. Жүзімді қолына бергенімде басын
кӛтерді де, кӛзі жасаурап маған қарады; сансыз алғыстар айтты, жақындық,
достық қалпын білдірді; ӛзі әбден арықтап әлсіреген, оның үстіне, соғысқа
кірген кісі, қанша тырысып қараса да орнынан тұра алмады, тұрғанмен де
аяғын басуға жарамайтын болды; ӛзіңізді-ӛзіңіз күштемеңіз, бұдан да жаман
шаршап қаларсыз, дедім де, Жұманы шақырып алып: мына кісінің аяқ-қолын
роммен сүртіп, тез уқалап жібер дедім.
Байқаймын, испанның аяқ-қолын сүртіп отырып, Жұма қайықта қалған
әкесіне бұрылып, жалт-жұлт қарай береді. Бір қарағанда әкесі кӛрінбеген еді,
кӛзді ашып-жұмғанша болған жоқ, бір ауыз сӛз айтпастан, орнынан секіріп
тұрды да, жүгіріп қайыққа барды. Әкесінің жай тынығып жатқанын кӛріп,
бізге тез қайтып келді. Мына жігітке сүйеніп қайыққа барып мініңіз, үйдің
жанына барған соң тағы бір амалын табармыз дедім испанға. Жұма секілді
қайратты жігітке жүк болсын ба, арқалап алды да, апарып әкесінің жанына
жайлап отырғызды. Қайықты итеріп суға түсірді де, ӛзі секіріп қайта мініп,
қайықты есе берді. Мен жаяу кеттім, Жұманың уысына түскесін қойсын ба,
жел қатты болғанмен жиекті жағалап қайық зырғып келеді, аман-сау
ӛзіміздің қайық қоятын жерге апарды, мен жүріп ілесе алмай, артынан
келдім. Екі мүсәпірді сол жерге қалдырды да, Жұма жүгіріп екінші қайықты
146
Sauap.org
әкелуге кетті. Жолшыбай маған қарсы жолығып қалып, қайыққа бара
жатырмын деген белгісін білдірді де тоқтамай сол бойымен жүгіре берді. Ой
сабаздың жүйрігін-ай, атты кісі де ілесе алмас. Мен ӛзекке жақындағанда,
екінші қайықпен ол да артымнан қуып жетті. Қайығын тоқтатып, секіріп
түсті де, шал мен испанды қолтығынан сүйеп тұрғыза бастады, бірақ екеуінің
де қозғалуға шамасы келмеді. Енді не қыларын білмей, бейшара Жұма жаман
састы.
Бұл қиын халден шығудың амалын ойлап тұрдым да, екеуін түсіріп
жиекке әзір отырғыза тұр дедім Жұмаға. Солай дедім де, Жұманы қасыма
алып екеуіміз зембіл жасауға кірістік. Әрі-бері icтеп бітірдік те, екеуін
зембілге салып кӛтеріп үйге алып келдік. Келуін келсек те, үйге қалай
кіргізерімізді білмей тағы састық. Әп-әйдік екі адамды биік керменің үстінен
кӛтеріп, ішке кіргізу қиын болды, әліміз келмеді, ал кермені қиратып,
жанынан кіргізейін десем, бітулі істі бұзуға кӛзім қимады. Бұл жерде де
ӛзімнің ӛнерпаздығыма сүйеніп, бұл қиыншылықты жеңдім. Қалың ағашпен
жауып әдемілеп тұрып екеуіне шатыр тіктік, жаңбырдың суы, күннің кӛзі
ӛтпесін деп, тӛбесін жапырақпен, ағаштың, жас бұтақтарымен қалың етіп
жаптық. Шатырдың ішіне жақсылап тұрып екеуіне тӛсек салдық; күріштің
жұмсақ сабанынан тӛсеніш жасап, бір кӛрпені астына тӛсеп, бір кӛрпені
үстеріне жаптық.
Енді менің аралым елге толды, қарамағымда толып жатқан адамдарым
бар. Осылар ойыма түскенде, ау, осы мен енді ханға ұқсас емеспін бе деп
қарап отырып күлкім келетін еді. Біріншіден, барлық арал менің жеке
меншігіме жатады. Солай болса, оның бәріне қожалық етуге менің толық
қақым бар. Екіншіден, халқымның бәрі түгел ӛз қол астымда, қандай үкім
шығарсам да ықтиярым мол, қолымды қағатын ешкім жоқ. Бәрі де маған
бағынулы, егер керек болған жерде мен үшін бәрі де жанын қияды, жолыма
құрбан болуға әзір. Ең бір жақсы жері — үшеуі де әр ұлттан: Жұма басқа
дінге кірген, ол — протестант, оның әкесі адам етін жейтін мәжуси, ал, испан
болатын болса, ол — католик. Мен ӛлаятымда ұждан бостандығына кең жол
бердім, қай дінде болам десе де ықтияр ӛздерінде.
Қонақтарды жайластырып болғансын, тамаққа не беруіміз керек, енді
осы туралы ойлауға тура келді. Әрқайсысын әкеліп ӛздерінің орнына
отырғызғасын, қорадан барып ешкінің бір маңқа лағын алып кел деп,
Жұманы жұмсадым. Барып алып келді. Сойдық та, артқы екі санының
біреуін уақтап турап сорпа жасадық, біреуін отқа қақтап пісірдік, пісіріп
жүрген Жұма сорпаның ішіне күріш, арпа салып, ӛте дәмді етіп пісірді. Отты
сол шатырдың қасына жақтық (мен еш уақытта керменің ішіне от жаққан
емеспін), сондықтан үстелді жаңа шатырға алып келдік, қонақтарыммен бірге
отырып тамақ іштім, әңгіме айтып кӛңілдерін кӛтердім. Әкесімен
сӛйлескенімде, Жұма маған тілмаш болды, испан да жабайылардың тілін
жақсы үйреніп қалған екен.
Тамақ ішіп болғаннан кейін, соғысқан жерде қалған мылтықтарды алып
келуге қайыққа мінгізіп, Жұманы жібердім; келесі күні ӛліктерді кӛмуге
147
Sauap.org
жұмсадық, себебі тездетіп кӛмбесе, сасып жұқпалы ауру тарайтын қауіп
туды. Сонымен қатар Жұмаға кешегілердің жегендерінен қалған ет,
сүйектерді де кӛмуге тапсырдым, ӛзім барып кӛмуге жүзім шыдамады, тіпті
ойыма түссе жүрегім айнып, лоқсып жаман болатын болды. Жұма
айтқанымның бәрін бұлжытпай орындады. Жұманың ыждағаттылығының
арқасында жабайылардың келген ізіне дейін жоқ қылдық. Сондай етіп
тегістеген — артынан барғанымда ұрыстың қай жерде болғанын әуелі айыра
алмай қалдым; жиектегі ағаштың түбіне келгенде әнеугі жабайылардың ет
жеген жері осы ара екен ғой деп, сонда барып білдім.
Кӛп кешікпей-ақ ӛзімнің қол астыма келген адамдарыммен әңгімелесе
бастадым. Ең алдымен Жұмаға: «Әкеңнен сұрашы, тӛрт жабайының қашып
кетуіне қалай қарайды? Олар еліне барып жүздеген адамды жинап келіп
жүрсе, қырып кетеді ғой деп қорықпай ма екен? Егер олар сӛйте қойса,
оларды жеңіп шығуға біздің күшіміз жетпейді ғой» — дедім. Менің бұл
сұрағыма қарт мынадай жауап берді: «Меніңше, қашқан жабайылар еліне
аман-сау барып жеткен жоқ, себебі ол күнгі соққан жел ӛте күшті болды,
сондықтан олар бір жерде қайықтары аударылып суға кеткен болу керек, ал
егер бір кереметтің күшімен ӛлмей тірі қалған күнде де еліне бара алмайды,
себебі жел ығыстырып оларды оңтүстіктегі жиекке апарып шығарады,
барғасын бәрібір олар ӛледі, неге десеңіз ол араның халқы — қашаннан бері
қандасып, қырық пышақ болып келе жатқан ата жауы» — деді. «Егер аман-
сау еліне бара қойса, олар не істер еді?» — дедім. Пәлен істейді деп тура айта
алмады; бірақ оның ойынша: олар енді қайтып бұл жерге жолар ма екен,
себебі, мылтық даусынан жаман қорықты ғой, оларға бұл оқиға ойда жоқ
жерде кездесті, олар жолдастарын адамның қолынан ӛлді деп ойлаған жоқ,
күн күркіреп, жасыл түсіп ӛлтірді деп біледі, Жұма мен сізді, оларды қыру
үшін ашуланған рухтың аспаннан тастаған адамы деп біледі, осылай деп
айтқандарын байлауда жатқанда ӛз құлағыммен естідім. Олар қашып
қайыққа келгенде, бір-біріне былай деген еді: жай адам аузынан жалын
шығара ала ма, тіпті қолын бір сілтемей-ақ алыста тұрып кісі ӛлтіре ала ма?
Бұлар кәдімгі ӛзіміз сықылды адам емес, бізге қаһарын тіккен аруақтың ісі,
— дегенін ӛз құлағымен естідім, — деді қарт. Қарттың айтқаны дұрыс болып
шықты. Содан қайтып менің аралыма келген жабайыларды кӛргенім жоқ.
Біздің ӛлді деген тӛрт жабайымыз аман-сау еліне барып болған уақиғаны
сӛйлеп, басқаларының үрейін ұшырған болу керек, сондықтан ол аралға
барған кісі аспанның отына күйіп ӛледі екен деп қорыққан болу керек.
Бірақ мен ол кезде мұны білгенім жоқ, сондықтан жабайылар келіп қала
ма деп, үнемі қорқып жүрдім. Мен де, менің аз ғана әскерім де қашан да
болса ұрысқа дайынбыз: біз тӛртеуіміз, кӛрейін десең келіп қара! Жүзің келіп
жабылсаң да оңайлықпен берісе қоятын біз емес, тасасы жоқ ашық жерде
Достарыңызбен бөлісу: |