пышағына қын жасап бердім, қуанып мәз болды, пышақтың әдемілігіне таң
қалды; қанжардың орнына балта бердім. Себебі ол бір жағынан жаудан
қорғануға құрал болса, екінші жағынан жұмыс істеуіне аспап болды.
Жұмаға Еуропа елі туралы, оның ішінде Англия туралы, ӛзімнің сол
елдің адамы екенімді, ол жақта біздің қалай тұратынымызды, ол елдердің
халқының құдайға қалай ғибадат қылатынын, кемемен түрлі жақтарға барып
сауда жасайтынын айтып түсіндірдім. Менің мінген кемемнің апатқа
ұшырағанын айттым, бүгінде ол кеменің сынығы жоқ, теңізге ағып кетті,
тұрған жері анау еді деп орнын кӛрсеттім. Жан сауғалап жиекке шығу үшін
мінген қайықтың сынықтарын кӛрсеттім, қайық аударылып, ішіндегі
адамдары суға кеткеннен кейін, қайықты толқын айдап жиекке шығарып
тастағанын, оны әкеліп суға салуға жалғыз ӛзімнің күшім жетпей, ақырында
күнге қаңсып, енді іске аспай қалғанын айттым.
Қайықты кӛрді де, бір нәрсені ойлап, кӛпке дейін үндемеді. Не ойлап
тұрсың деп сұрағанымда:«Біздің елге ағып келген осындай бір қайықты кӛріп
едім» — деді. Не айтып тұрғанына әуелі кӛпке дейін түсіне алмадым. Ол не
қылған қайық, қайық ӛзінен-ӛзі қалай келеді деп әрі-бері сұрағаннан кейін,
түсінгенім: тап осындай бір қайықты жел айдап, соның елінің түбіндегі
жиекке шығарып тастаған екен. Е, сол жерде Еуропа елінің бір кемесі азапқа
ұшыраған екен, ол қайық сол кемеден ағып келген екен деп ойладым. Неге
екенін білмеймін, ол қайықта мүмкін адам болған шығар, оның адамдары
қайда кетті деп сұрауға есіме келмеді, тек қайық туралы сұрай беріппін.
Жұма ол қайықтың тарихын толық суреттеп, сӛзінің ақырында: «Оның
ішінде ақ адамдар бар еді, олар суға кеткен жоқ, біз оларды аман-сау
құтқарып алдық» — деді; мен содан кейін уақиғаның мән-жайына түсіне
алмадым. «Қайықта ақ адамдар бар ма еді?» — деп сұрағанымда: «Бар, іші
толы ақ адамдар еді», — деп жауап берді. «Қанша адам?» — дегенімде,
саусақтарын санап, «он жеті» деді. «Бұл күнде олар қайда? — деп ем, «Бәрі
де тірі, бәрі біздің елде тұрады» — деді.
Осы сӛзді естігеннен кейін, толып жатқан ой келді: бұл он жеті адам ана
бір жылғы менің аралыма келіп тасқа соғып қирайтын кеменің адамдары
емес пе екен? «Сірә, сол болу керек, кеменің қирап, істен шыққанына кӛздері
жеткен шығар да, жан сауғалау үшін қайыққа мінген шығар, жағаға шығуға
шамаларын келтірмей ығыстырып, жабайылардың елінен апарып шығарған
135
Sauap.org
шығар, сӛйтіп, сол бойымен сол жерде қалған болу керек» — дедім ішімнен
«Анық білесің бе, олар тірі ме?» — деп сұрағанымда: «Тірі, тірі болу керек,
келгеніне тӛрт жылға жақындап қалды, оларды ешкім зәбірлемейді, оларға
ешкім тимейді, қайта қарасып тұрады» — деді. Оларды жабайылар неғып
ӛлтіріп тастамады дегенімде: «Ақ адамдар бізге ағайын-туған болып
саналады» — деді; менің түсінуімше, келісім жасап татуласқан сияқты;
ӛздерінің адам етін тек соғыста тұтқынға түскенде ғана жейтінін айтты.
Осы әңгімеден кейін кӛп уақыт ӛтті. Бір күні екеуіміз аралдың
күншығыс жағындағы биік тӛбенің басына шықтық, бұлт жоқ, тұман жоқ,
күн ашық еді. Егер оқушылардың есінде болса, баяғыда мен осы тӛбенің
басына шыққанымда, алыстан қарайып кӛрінген Америка материгін байқаған
тӛбем еді. Жұма сол жаққа тесіліп біраз қарап тұрды да, бір кезде секіріп
билей бастады, дауыстап мені қасына шақырды. Ол кезде екеуіміздің арамыз
едәуір жер еді. Келдім де, мән-жайды сұрастырдым. «Қуанғаннан не
қыларымды білмей тұрмын, әне, қараңызшы, осы арадан туған елім, ӛскен
жерім кӛрініп тұр» — деді.
Қуанғаннан түсі ӛзгеріп, кӛзі жайнап қоя берді; қуанғандығы сондай
ӛзін-ӛзі ұстай алатын емес, ұшып кетуге дайын тұр. Қалпын байқағаннан
кейін маған бір пікір пайда болып, ӛзімнің жолдасыма сенімсіздік кӛзбен
қарай бастадым. Себебі бұл бір ретін тауып еліне қайтады, барғаннан кейін
ӛзінің кірген жаңа діні түгіл, менің істеген ізгілігімді де, оған ӛтейтін
борышын да ұмытады, кім біледі, жӛні келсе ұстап та берер: бір-екі жүз кісіні
ертіп келер де, мені ӛлтіріп, етімді жер, сӛйтіп бұрынғыша қанды тойларын
тойлар деген ойға келдім.
Бірақ олай ойлауым қате екен, қателігін артынан барып білдім орынсыз
ойлағаныма ӛзім ӛкініп, бейшараны аядым. Сенімсіздік күннен-күнге
күшейді, бұрынғыдай емес, суық жүзбен қарап, бейшараны (Жұманы)
бӛтенсіте бастадым. Осы қалыпта әлденеше апта ӛтті, тағы айтып ӛтуге тура
келеді, менің сезіктенуім тіпті дұрыс болмай шықты: оның ойында мен
туралы ешбір арамдық ниеті жоқ еді, ондай таза жігіттің табылуы ӛте сирек
болар; ол христиан дініне қарсы болған жоқ, достығын да ӛзгерткен жоқ,
мұның бәріне ақырында барып әбден сендім.
Осының ойында арам пікірі бар-ау деп, сенбей жүрген кезімде, неше
түрлі қулық-сұмдықтарды қолданып, сырын айттыруға тырыстым; айтқан
сӛздерінің бәрі рас, ішінде бүкпесі жоқ; не айтса да дұрысын айтады екен,
жасырайын деген ешбір ойы жоқ, осының бәріне кӛзім жеткесін, ӛзімнің
сенімсіздік кӛзбен қарағаныма ӛзім ұялып, бетімнен бастым; енді
сезіктенуімді қойып, достық қалыпқа кӛштім. Ол менің оған осындай суық
жүзбен қарап, сенбей жүрген қалпымды сезбей де қалды, әрине, бұл — оның
маған нағыз дос екеніне анық дәлел еді.
Бір күні сол тӛбеге Жұма екеуіміз тағы да шықтық (бұл сапарда теңіз
беті тұманданып, құрғақ жердің шеті кӛрінбеді), мен оған: «Жұма, шыныңды
айтшы, еліңе қайтқың келе ме?» — дедім. «Қайтқым келеді, келгенде
қандай», — деп жауап берді. «Қайта қойғанында не істер едің, бұрынғы
136
Sauap.org
қалыпқа қайта түсіп, адам етін тағы да жер ме едің?» — деп сұрағанымда,
басын шайқап: «Жоқ, жоқ, олай етпес ем, олардың бәріне де жақсы
тұрыңдар, жабайылықты қойыңдар, құдайға құлшылық етіңдер, нан жеңдер,
ешкінің етін жеп, сүтін ішіңдер, адам етін жемеңдер деп айтар едім», — деді.
«Егер сен олай десең, олар сені ӛлтіріп тастамай ма?» — дедім. Басын
кӛтеріп алып, маған жалт қарады да: «Жоқ, ӛлтірмейді, жақсылыққа үйренуді
олар жақсы кӛреді. Әлгі қайықпен келген сақалды адамдардан біздің ел біраз
нәрсе үйреніп қалды», — деді. «Сонымен, еліңе қайтқың келеді ғой?» — деп
тағы сұрадым. Кішкене кідіріп, жымиып күлді де: «Алыс қой, жүзіп бара
алмаймын ғой», — деді. «Егер қайық тауып берсем, барар ма едің?» —
дегенімде «Егер сіз баратын болсаңыз, мен дайынмын», — деді.«Мен қалай
барам, барсам жеп қоймай ма?» «Жоқ, жоқ, айта кӛрмеңіз, жемейді, мен
жегізбеймін, қайта сіз олардың тәуір кӛретін адамдарының бірі боласыз» —
деді. Оның айтайын дегені, еліме барған соң, мен оның дұшпандарын ӛлтіріп,
ӛзін аман алып қалғанын айтам, сонсоң олар мені тәуір кӛреді дейін дегені
еді. Бұдан кейін Жұма қайықпен ағып келген он жеті адамға ӛздерінің қалай
жәрдем бергенін, жақсылық жасағанын айтып берді.
Сол уақыттан бастап, сол жерге тәуекелдеп барып, әлгі Жұма айтқан он
жеті адамды іздесем қайтеді деген ой түсті; ол он жеті адам испандар немесе
португалдықтар болу керек, егер соларға барып қосыла қойсам, бәріміз
жиналып бір амалын табар едік те, бірер мәдениетті елге жетер едік, бұл
арада жалғыз тұрған кезде құтылуға мүмкін емес қой дедім. Бірнеше күн
ӛткенсін Жұмамен осы туралы тағы әңгімелестім. Еліңе барып жету үшін мен
саған қайық берейін деп, жағада тұрған астаушама ертіп бардым. Ішіндегі
суын тӛктік те (ешкімнің кӛзіне түспесін деп суға батырып кеткенмін),
екеуіміз де қайыққа міндік.
Жұма қайық есуге ӛте шебер екен, ескенде ӛзім сықылды жостырып
жіберді. Жағадан шамалы жер жылжып шыққасын: "Е, Жұма, сонымен енді
сіздің елге барамыз ба?" — дедім. Осы шын айтып тұр ма, ӛтірік айтып тұр
ма деген кісіше,— ондай алыс жерге жетуге қайық тым кішілеу кӛрінді
білем,— бетіме бұрылып қарады. Олай болса, менің бұдан үлкен де қайығым
бар деп, суға салуға шамам келмей тастап кеткен әуелгі қайығыма ертіп
әкелдім. Қайық Жұмаға ұнады. Бірақ, не пайда, бұл қайықтың жасалғанына
жиырма үш жылдай уақыт ӛтті, ӛне бойы ашық жатқасын, күнге қурап,
жаңбырға тиіп шіріп, істен шығып қалыпты. Міне, қайық осындай болса
жарайды, мұндай қайыққа жеткілікті етіп азық-түлік тиеп алуға болады
дегенді айтты Жұма.
Жұмамен бірге құрғақ жерге баруға белді бекем будым, содан кейін
Жұмаға: қайық бүлініп қалыпты, сау тұрса баруға жарар еді, егер сен елге
қайтуға ынтық болсаң, жаңадан нақ осындай қайық жасайық, сонымен еліңе
барарсың деп, ұсыныс жасадым. Бірақ ол менің бұл ұсынысыма жауап
бермей, томсырайып тұрып қалды, бір түрлі қайғыланып еңсесі салбырап,
тӛмен түсті, бет аузы түтігіп, терең ойға шомды. Жұма, неге үндемейсің,
саған не болды деп сұрағанымда: «Мырза, маған неге ӛкпеледіңіз,
137
Sauap.org
ӛкпелегендей мен сізге не жаздым?» — деді. «Мен, сірә, ашуландым ба,
саған? Мен саған ашуланғаным жоқ, болмаған нәрсені қайдан айтып тұрсың»
— дедім. «Егер ашуланбасаңыз, еліңе қайт деп неге айтасыз». «Е, ӛзің емес
пе, елге қайтамын деп жүрген», — дедім. «Елге қайтқым келетіні рас, бірақ
екеу болып қайтсақ деймін. Мырза барса, Жұма да барады, Мырза бармаса,
Жұма да бармайды», — деді. Қысқасы, не керек, ол мені тастап кету түгіл,
ондай сӛзді естігісі де келмеді. «Ау, Жұма, ӛзің бері қарап, айтқан сӛзді
тыңдашы, мен ол жаққа не үшін барам, барғанмен онда мен не істеймін?» —
дедім. Жалт бұрылып бетіме қарады да: «Істейтін іс толып жатыр: жабайы
адамдарды ескі тұрмыстан жаңа тұрмысқа кӛшіру керек, оларға ӛнер үйрету
керек, олар құдайға құлшылық ете білетін болсын, татушылықты үйрету
керек, жаратушыны танытыңыз» — деді. «Ойбай, достым-ай!» — деп қатты
күрсіндім де, не айтып тұрғаныңды ӛзің білмейсің. Басқаны ізгілікке үйрету
мен сықылды кӛзі ашық, кӛңілі соқыр надан адамның қолынан келе ме!» —
дегенімде: «Дұрыс емес, олай демеңіз, жақсылыққа мені де үйреттіңіз ғой,
оларды да үйретіңіз». «Жоқ, Жұма, баратын болсаң, ӛзің бар, мен қалам,
бұрынғыдай жападан-жалғыз, ӛмір сүріп тұра беремін» — деп, даусымды
қаттырақ шығарып, тұқыртып жауап бердім. Сол кезде Жұманың кӛзі тұнып,
түсі бұзылып, бір ауыр халді басынан кешіргендей болды; үндемей біраз
отырды; бір кезде жүгіріп барды да, анадай жерде жатқан балтаны алып,
маған қарай ұсынды. «Балтаны маған неге бересің?»— деп сұрағанымда:
«Жұманы ӛлтір!» «Мен сені не үшін ӛлтірем?»—дедім. «Жұманы қасыңнан
неге қуасың?» — деп шар ете түсті. «Қуғанша, Жұманы ӛлтіріп таста».
Осының бәрін шынымен айтып тұрғаны белгілі еді, кӛзінен мӛлтілдеп жас
ақты. Ӛзің кетпесең мен сені еш уақытта қумаймын, кет деп айтқаным да жоқ
дедім, бұдан кейін бірнеше рет айтып түсіндірдім.
Сонымен, Жұманың маған ӛмірлік дос болып жан-тәнімен
берілгендігіне ӛзім әбден сендім, елге қайтамын деуінің себебі ӛз елін сүйіп,
оларды ақылға үйретеді ғой деп маған сенгендігі еді. Бірақ жабайылардың
арасына барып, халық ағарту жұмысын жүргізу туралы менде ешбір ой
болған жоқ, әйтсе де аралдан кету талабым күшейе түспесе, әлсіреген жоқ.
Жұманың айтқан он жеті адамы осы аралдан онша қашық емес дегенсін,
соларды кӛруге асық болып, қашан жеткенше ынтық болдым. Кешікпей-ақ
Жұма екеуіміз қайық істеуге қолайлы жуан ағаш іздей бастадық. Аралда
ағаш қисапсыз кӛп, қайық түгіл кеме жасасаң да жеткілікті. Баяғы қателікті
енді қайталамай суға жылжытып салуы аса кӛп қиыншылыққа соқпастай ету
үшін, қайыққа қолайлы ағашты жағаға жақын жерден қарауға тура келді.
Кӛп уақыт іздегеннен кейін Жұма бір қолайлы ағашты тапты; ол қандай
ағаштың қолайлы болатынын менен артық білуші еді. Әлгі құлатқан
ағашымыздың нендей ағаш екенін білмеймін, түріне, иісіне қарағанда, сумах
немесе никарагву дейтін ағаш сықылды. Жұма ішін ӛртеп қуыстайық деді,
себебі жабайылар қайықты осылай істейді; мен шеберлердің құралдарымен
қашап, ояйық дедім және оның артықшылығын айттым. Жұма кӛнді, тез
жұмысқа кірістік. Бар күшімізді салып қимылдағанымыздың арқасында бір
138
Sauap.org
айдың ішінде қайық дайын болды. Сырт жағын балтамен жондық (Жұма
мұны кӛзді ашып-жұмғанша үйреніп алды), нағыз теңіздің қайығы болды да
шықты. Бұдан кейін суға апарып салуға екі жеті уақыт керек болды, себебі
астына ағаш салып сырғытқан сайын еліден артық жылжыта алғанымыз жоқ.
Қайықты әкеліп, суға салған кезде, Жұманың есуге шеберлігіне таң
қалдым, қайық қандай үлкен болса да еркіне қоймады, қалай болса солай
бұра берді. Мұндай қайықпен теңізге түсіп сапар шегуге бола ма дегенімде:
«Болғанда қандай, мұндай қайықпен нағыз қатты желде де қорықпай жүре
беруге болады» — деп жауап берді Жұма. Жолға шықпай тұрып, ең әуелі бір
жұмысты бітіріп алу керек, әрине, мұны Жұма білген жоқ. Ол жұмыс
қайыққа діңгек, желкен, зәкір орнатып, арқан тағу еді. Діңгек жасау аса қиын
емес, себебі арал толған балқарағай, оқтай түп-түзу балқарағай кез келген
жерден табыла береді. Жақын жерде тұрған бір жас ағашты таңдап алдым да,
Жұманы шақырып алып, мына ағаштың бұтағын кесіп, қабығын жонып
тегісте дедім, қалай етіп жонуды ӛзім кӛрсетіп бердім. Бірақ желкенді ӛзім
істеуге тура келді. Менде ескі желкеннің қалдығы толып жататын; бірақ мен
оны осы түбінде бір нәрсеге керек болар, бір қажетіме жарар деп ойласамшы,
сол күйінде жата беретін, одан бері не заман, жиырма алты жыл уақыт ӛтті,
ендігі шіріп қалған шығар деп ойладым. Шынында да солай болып шықты.
Кӛпшілігі шіріп кеткен екен, дегенмен, шірімегендері де бар екен, мықтылау
бір-екі бӛлегін таңдап алдым да, желкен тігуге кірістім. Желкен тігуге еңбек
сіңіріп кӛп уақыт оздырдым, себебі, ине болмады, қойшы әйтеуір жобасын
келтіріп, долбарлап желкен тәрізді бір нәрсе тігіп шығардым-ау, түрі тым
жаман, амал бар ма, сұлулап шығаруға тиісті құрал болмады. Желкенім үш
бұрышты үлкен болыпшықты, мұндай желкенді Англияда кӛбірек
қолданушы еді және осындай желкенмен ӛзім жақсы жүргізуші едім, себебі
баяғы әңгімемнің басында айтып ӛткен Маврдан қашқан баркастағы да
осындай желкен еді.
Қайықтың керек-жарағын түгел істеп шығуға екі айға жақын уақыт ӛтті,
бірақ кӛп уақыт ӛтсе де, ісім таза және жақсы болып шықты. Әлгі айтып
ӛткен екі желкеннен басқа тағы біреуін істедім, сонымен желкенім үшеу
болды, оны әкеліп қайықтың тұмсығына орнаттым, себебі ол ауа райының
ӛзгерген кезінде қайықты бұруға жәрдемші болуы керек. Бірақ ең бастысы —
руль еді, оны да істеп, тиісті жеріне орналастырдым. Мен әйгілі кеме шебері
болмағанмен, бәрінің де қажет екенін түсініп, ерінбей еңбек сіңірдім, кӛп
уақыт оздырдым, мысалы сәтсіздікке ұшыраған кейбір тәжірибелерге кеткен
уақыттарды есептемегенде бүкіл қайықты жасауға қанша уақыт еңбек
сіңірсем, руль істеудің ӛзіне сонша уақытым кетті.
Бәрін жасап бітіргесін, Жұманы қайықты қалай етіп басқаруды үйреттім,
ол есуге шебер болғанмен, рульден және желкеннен ешбір хабары жоқ екен.
Рульді қалай қолданғанымды және желкеннің ауаның ӛзгеруіне қарай біресе
ол жағынан, біресе бұл жағынан үріп томпайтып қайықты жүргізгенін кӛріп,
Жұма таң қалды. Желкен мен рульдің не үшін қажеттігін тез ұғып, шамалы
уақыттың ішінде-ақ нағыз теңізші болып алды. Бірақ құбылнаманы қалай
139
Sauap.org
пайдалануды тіпті үйрене алмады, әрине, бұл оның түсінігінен тым жоғары
тұрған зат еді. Бірақ ол аралдарда тұман, бұлтты күндер ӛте аз болады,
сондықтан құбылнаманың қажеттілігі шамалы еді. Күндіз жағаны белгілеп
жүруге болады, себебі ол алыстан кӛрінеді, ал түнге қарай жұлдызды
бағдарлап жүруге болады. Жауын-шашында, әрине, құрғақпен де, сумен де
жүруге мүмкін емес.
Менің тұтқынға түскеніме жиырма жеті жыл толды. Бірақ мұның ішінен
соңғы үш жылды шығарып тастасам да болады. Себебі менің сүйікті досым
Жұма келіп қосылғаннан бері қарай күнім шаттықта ӛтіп, ауыр халдерім
жеңілейген еді. Осы ӛмірімнің жиырма алты жылдығын бұрынғыша құдайға
ғибадат етумен мейрамдадым: жападан-жалғыз аралда тұрған кезімде кӛп
рақымшылық еткеніне жаратушыға алғыс айттым. Мұнан бұрын да айтқан
болсам, енді одан да асырдым, құдайдың үнемі біздің қамымызды жейтініне
толып жатқан жаңа дәлелім бар; енді жапан далада тұра беруіме кӛп уақыт
қалған жоқ, құтылатын кезім жақын, енді кӛп болса, аралда бір жылдан
артық тұрмайтыныма ӛзім де сендім. Бірақ кӛп кешікпей кетемін ғой деп
сенсем де, шаруашылығымды тастағаным жоқ. Сол бұрынғымша жер
жыртып, егін ектім, егістік жерлерімнің айналасын қоршадым, малымды
қарадым, жүзім жинап кептірдім, қысқасы не керек, бұрын не істесем,
сонымды істей бердім.
Үйде отыратын уақыт жетті, себебі жаңбырлы мезгілдің басталуы
жақындады. Сондықтан сапар шегуді әзірше қоя тұруға тура келді, оған дейін
жаңа қайықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек болды. Қайықты әкеліп
қуысқа қойдық, бұл қуыс ең әуелі аралға келген кезімде сал буып кемеден
жүк тасығанда келіп тоқтаған қуыс еді, ол туралы әңгімемнің басында айтып
ӛткенмін. Су кӛтеріліп саласына шыққанда, қайықты жиекке шығарып
байладым да, қайық сиярлықтай етіп осы арадан бір апан қазшы деп Жұмаға
бұйрық бердім, қазбастан бұрын ұзыны, кӛлденеңі және тереңдігі мынадай
болсын деп бәрін ӛлшеп кӛрсетіп бердім. Теңізден шашыраған су ішіне
кірмес үшін айналдыра бӛгет салдық, жаңбырдың суы тимесін деп үстін
ағаштың бұтақтарымен жаптық. Енді қауіп жоқ, сапар шегу үшін қараша
немесе желтоқсан айларының туғанын күтіп, тыныш отыруға болады.
Жаңбыр басылып, ауа райы жӛнделгесін жолаушы жүруге әзірлене
бастадым. Қанша азық-түліктің керек екенін күн ілгері есептеп, керекті
заттың бәрін әзірлей бастадым. Екі аптадан кейін апанды ашып, қайықты
теңізге түсіргім келді. Бір күні ертеңгісін жолға керек заттарды жинастырып
ӛзім үйде қалдым да, тасбақа іздеп келуге Жұманы жағаға жібердім: жинаған
тасбақамыздың жұмыртқасы мен еті бір жетілік азық болды. Жұма үйден
шықты да, жүгіріп қайта келді. Қалай секіргенін білмеймін, ұшып керменің
ішіне түсті. Мән-жайды сұрағанымша болған жоқ: «Мырза! Мырза! Бәле!
Жаман!» —дей берді. «Саған не болды, не болып қалды!» —деп
сұрағанымша болмай: «Жағада бір, екі, үш... Бір, екі, үш қайық тұр!» — деді.
Санағанына қарағанда, қайық алтау-ау деп ойладым, бірақ алтау емес, үшеу
болып шықты. «Не кӛрдің! Неге қорықтың?» — дегенімде, бейшара не
140
Sauap.org
қыларын білмей, есінен танып қала жаздады, жабайылар ӛзін іздеп жүр ғой
деп түсінсе керек. Тұла бойы қалтырап, аузынан сӛзі шықпай қалды.
Қапелімде қорқынышын қалай басарымды білмей, мен де жаман састым.
«Қой, қорықпа, қорқатын еш нәрсе жоқ, олардың қаупі саған қандай болса,
маған да сондай, олар тек сені жеп қана қоймайды, жесе екеуімізді бірдей
жейді, сені ӛлтірсе, мені де ӛлтіреді», — дей, білгенімше әрі-бәрі түсіндіріп,
жұбата бастадым. «Бірақ біз ӛзімізді оларға ұстап бермейміз, тӛбелесеміз, сен
тӛбелесуге әзірмісің? Мен оларды атам!» — дегенімде: «Олар тым кӛп қой»,
— деп жауап берді. «Кӛп болғанда қайтушы еді, біреуін ӛлтірсек басқалары
мылтық даусынан қорқып ӛздері-ақ қашып кетеді, қорықпа, мен сені
қорғаймын, бірақ сен қорықпай мен не айтсам соны істеймісің? Осыған уәде
бересің бе?» — дегенімде: — «Сіз не айтсаңыз мен соны істеймін, ӛл деген
жеріңізде ӛлемін, Мырза» — деп жауап берді. Осыдан кейін үңгірге бардым
да, бір рюмка ром әкеліп ішкіздім (ӛте үнемдеп ұстағандығымнан ромым әлі
біткен жоқ), бұдан кейін мылтықтарды ретке келтірдік те, бәрін оқтап
әзірледік. Екі құс мылтық, бұларды үйден шыққан кезде қай уақытта болса да
тастамайтынбыз, құс мылтықтарына бытыраның ең ірісін салдық; мүшкеттің
әрқайсысына бес-бестен жалғыз оқ, екі-екіден қорғасын салдым, тапаншаның
әрқайсысына екі-екі оқтан салдым. Бұлардан басқа беліме қанжар асындым,
Жұманың қолына балта бердім.
Құралданып болғасын дүрбіні қолыма алдым да, байқайыншы деп
тӛбенің басына шықтым. Кӛп кешікпей-ақ жабайыларды кӛрдім, барлығы
жиырма бір адам, орталарында үш тұтқындары бар, қайықтары үшеу. Әрине,
аралға келген мақсаттары айтпай-ақ белгілі, кісі сойып той жасау, ол
мұндарларға адам еті, шақырып берген қонақасыдан бір де кем емес және
оларша адам етін жеу айыпқа саналмайды.
Бұл сапарда олардың келіп түскен жері — баяғы Жұманы алып
келетіндегі жер емес, менің қайық қойған қуысымның тап қасы. Бұл жерде
жаға биік емес, жайпақ, тегіс және теңіздің кіре берісіне дейін ит тұмсығы
батпайтын қалың ағаш болады. Taп үйімнің түбіне келіп түскеніне қатты
ашуым келді, дұрысында оған ашуланып жүргенім жоқ-ау, қанды тойына
қатты наразылық білдірудің әсері ғой. Таудан тӛмен түстім де, Жұмаға қарап,
мен осыларға тиіп, бірін қалдырмай қырғым келіп тұр, сен қалай қарайсың,
маған кӛмектесесің бе? — дедім. Ол бұрынғысындай емес, айбынды,
қорқынышы басылған (мүмкін, ром әсер еткен шығар) сіз не айтсаңыз мен
соны істеймін, ол деген жеріңізде мен ӛлемін дейді.
Ашу үстінде құралды ӛзара бӛлісіп алдық та, солай қарай жүріп кеттік.
Тапаншаның біреуін Жұманың беліне қыстырып, екі мылтықты иығына
асып, қалғанының бәрін ӛзім алдым. Керек болып қала ма, қайтеді деп бір
бӛтелке ромды қалтама салдым да, оқ-дәрі салған қапшықты Жұмаға
арқалаттым. Жұмаға артымнан екі адым ұзап қалма, дыбысыңды шығарма,
менен биліксіз мылтық атушы болма дедім. Кӛп жер айналып жүруге тура
келді, себебі мылтық жететін жерге келіп жауға тиісу үшін әлгі қуыстың ар
жағына шығып, ағашты тасалап келмесек, болмайтын болды.
|