Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Өзара түсінісу 

Адам  өмірін  бақытты  ететін  фактордың  бірі  –  бақытты  шаңырақ  құру.  Ал  оған  жетудің 

алғашқы қадамы, жоғарыда айтылғандай, ер мен әйел табиғатының айырмашылығын ұғыну.  

Ажырасқан адамдардан ажырасу себебін сұрасаңыз, «бір-бірімізді түсіне алмадық» дейді. Ал 

араларынан қыл өтпейтін тату жандардан сұрасаңыз,  

«бір-бірімізді жақсы түсінеміз» деп жауап береді. Олай болса түсінісудің сыры неде?  

Түсінісу немесе өзара тіл табысу – қасымыздағы адамға қалаған нәрсесін беру арқылы, одан өз 

қалаған нәрсемізді алу. Негізгі қағида – осы. Яғни, сіз күйеуіңізден қалаған нәрсеңізді алғыңыз 

келсе (еркелеткенін қаласаңыз, жылулық т.б.), оған да қалаған нәрсесін беруіңіз керек.  

Адам қасындағы кісіден қалағанын алу үшін мына үш әдісті қолданады: 

1. Қорқытып немесе күшпен тартып алады; 

2. Жалынып-жалбарынып алады

3. Өзара тіл табысу арқылы келісіп алады. 

Әрине, ең дұрысы – үшінші жол. Сіз де күйеуіңізбен болған қарым-қатынаста түсінісу әдісін 

қолданыңыз.  Өзара  тіл  табысуға  апаратын  төте  жол  –  күйеуіңіздің  ер  адам  екенін,  яғни 

табиғаты сізден мүлде бөлек екенін ұмытпау. 

Американдық  философ  әрі  психолог  Джон  Грей  өзінің  «Мужчины  с  Марса,  Женщины  с 

Венеры»  атты  кітабында  мынадай  мысал  келтіреді:  «Джим  және  Сьюзен  есімді  ерлі-

зайыптылардың үйленгеніне тоғыз жыл болған екен. Басқалар секілді олар да өмірлерін бір-

біріне деген махаббатпен, ыстық ықыласпен бастайды. Бірақ уақыт өткен сайын аралары суи 

береді.  Бір-бірінен  бұрынғы  махаббат  пен  жылулықты  таппаған  соң,  ақыр  аяғы  екеуі  де 

ажырасуға  бел  буады.  Ажыраспас  бұрын  олар  менің  «әйел  мен  ердің  қарым-қатынасына» 

арналған  семинарыма  келіп  қатысуды  ұйғарады.  Сол  кезде  олардан  сұрағанымда,  Сьюзен 

маған: «Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ еш нәрсе өзгерген жоқ», – деп жауап 

берді.  

Бір қызығы, олар семинарда өздерінің табиғаттары екі бөлек адам екенін естіген кезде, қатты 

таң қалды. Осы нәрсе ол екеуіне жаңа бір серпініс сыйлады. Екі күн ішінде Джим мен Сьюзен 

ер  мен  әйел  жайында,  олардың  өзара  қарым-қатынасына  байланысты  жаңа  бір  көзқарас 

қалыптастырды.  Араларындағы  махаббат  қайта  жаңғырды.  Бір-біріне  деген  көзқарастары 

дұрысталған соң, қарым-қатынастары да жақсара түсті. Енді олар ажырасуды ұмытып, өмір 

бойы қол ұстасып өтуге белді бекем буды. Кейін Джим маған: «Әйелім екеуміздің бар болғаны 

табиғатымыз бөлек екенін ұғыну маған әйелімді қайтаруға себеп болды. Бұл мен үшін үлкен 

сый! Біз қайтадан бір-бірімізді бұрынғыдай жақсы көреміз!» – деген еді»

109


  

109


 Джон Грей «Мужчины с Марса, Женщины с Венеры», Москва, София, 2014. 


31 

 

Расында  да  отбасылық  өмірде  өмірлік  серігіңіздің  сізге  түсіністікпен  қарай  білуі  неткен 



керемет нәрсе! Түсіністік пен кешірім бірге жүрсе, кешірім жүрген жерде махаббат болады. 

Өзіңіз  де  байқаған  боларсыз,  отбасыдағы  проблемалар  көбінесе  ерлі-зайыптылар  арасында 

түсініспестік  болғанда  туындайды.  Олар  бір-бірін  жақсы  көріп  тұрса  да,  түсіне  алмай  дал 

болады.  Неге?  Өйткені  арадағы  табиғи  айырмашылықты  ұғына  алмаған.  Сол  себепті 

проблеманы шешудің тәсілдерін де біле бермейді. Сөйтеді де қарсысындағы адамның әлеміне 

сай тілде сөйлеудің орнына өз тілінде сөйлей бастайды. Мәселе болса ушыға береді. Бұл жалпы 

өмірде, адамдар арасында да солай. 

Есте сақтаңыз: 

Күйеуіңіздің  өзіне  тән  табиғаты,  сөйлейтін  тілі  бар  екенін  ұмытпаңыз.  Осыны  ескерер 

болсаңыз, арадағы қарым-қатынас пен ортақ тіл табысу жақсара түседі әрі оңай болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет