Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет117/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

148 


қалдырады,  бірақ  таңбалардың  сызба  мәнерінде  шеберлердің  таңдаған  әдісі 

осындай  бір  жағдайды  тудыруы  аңғарылады.  Яғни  бұл  жерде  аты  аталған 

шеберлердің  бірі  таңбаны  көлденең,  басқасы  тік  бедерлеуі  қарастыратын 

бір  мәселен: 

  - 

  - 


.  Осылайша,  «бұлардың  қайсысы  шынайырақ 

немесе бұрынырақ?» деген сауал қойылғанда, не деп жауап бере аламыз? Бұл 

секілді сұрақтар алайда түрк таңбашылық дәстүрінің болашақта егжей-тегжейлі 

зерттелуімен шешімін табады.

Орта ғасырлардың соңына қарай түрк тайпаларының таңбалары, олардың 

тайпалық  тиесілілігі  және  атаулары  бойынша  бірқатар  дереккөздер  мен 

зерттеулер  бар

213


.  Алайда  Шивээт-улаан  таңбаларын  оқыған  кезде  олардың 

іске жарауымен бірге, арада мың жылдан астам уақыт өткендігі, осындай ұзақ 

заман  ішінде  таңбалардың  әжептәуір  өзгеріске  ұшырағандығы  және  түрлі 

тарихи-саяси құбылыстар қорытындысында біршама қол ауыстырғандығы көз 

алдымыздан  өтіп  жатыр.  Яғни  бұл  жерде  ұзақ  ғасырлар  ішінде  тайпалардың 

бірінің басқасымен араласуы, сондықтан таңбалардың да осылайша бір үдерісті 

кешіруі және түпкі тамырларынан алыстауы себепті көне түрк таңбаларын орта 

ғасыр  және  одан  кейінгі  кезең  түрк  таңбаларымен  араласқан  кезін  біршама 

мұқият назарға алу қажет. Əлбетте, кейбір түрк таңбалары байырғы тиесілілігін 

сақтап қала алған, бірақ сондай бір әдіс қолданған кезде тағы да мұқият болған 

ләзім.

Және  де  әуелі  қазақ,  қырғыз,  ноғай  халықтарын  қосқанда,  бірқатар  түрк 



халықтарында  кейінгі  орта  ғасырларға  қарай  сақталған  тайпа  таңбаларының 

үлкен  бір  бөлігі  Шивээт-улаан  таңбаларымен  дәлме-дәл  сәйкесетіндігін 

растаймыз

214


.  Көктүрк  кезеңі  түрк  тайпа  атауларының  көпшілігі  бүгінгі  түрк 

тайпалары тайпа атауларымен аса ұқсастық таппаса да, көне түрк таңбалары 

бойынша  болашақта  зерттеулер  жүргізген  кезде  бұл  секілді  ұқсастықтарға 

назар аудару қажет екендігін айтуға тиіспіз. Осылайша, ұзақ ғасырлар ішінде 

тайпа аттары өзгеріп, ескілерінің орнына жаңалары ортаға шыққандықтарына 

қарамастан,  Көктүрк  кезеңі  таңбаларының  үлкен  бір  бөлігінің  бірқатар  түрк 

тайпаларында осы күнге дейін сақталып қалуы таңбалардың ұрпақтан-ұрпаққа 

мұра болғандығын дәлелдейді.



Шивээт-улаан Мәңгі тасының аналогтары. Мұндай таңбалы ескерткіштер 

Орталық  Азия  жерлерінің  түрлі  аймақтарында,  әсіресе  түрк  тайпаларының 

мекендеген  бөліктерінде,  бірінші  кезекте  тау  жартастарында  көне  түркше 

жазулармен  бірге  орналасқаны  байқалады.  Шивээт-улаан  ескерткішінің  ең 

жарқын аналогы Моңғолияда табылған Бөмбөгөр бітік-жазуы болуымен қатар, 

аймақтағы Шығыс Алтай жартасындағы таңбалар, Бага ойгор бітіктасы, Гурван 

мандал, Их бичиг, Дел ұұл, Бичиг (Бичигти Улан Хад), Хар хат, Тайхар чулуу, Өнгөт 

213


 Akçoraklı, 1927; Gülensoy, 1989; Аманжолов, 1959, C. 11-17; Karataev, 2002, S. 386-390.

214


  Akçoraklı,  1927;  Кеңесбаев,  1977; Aksoy,  2015,  S.  427-428;  Керейтов,  71-72,  123-139;  Samashev, 

Yatsenko, 2010, P. 331-340.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет