1) табиғи түрде бір руға тиесілі болады. Мұндай таңбалар ұзақ замандар
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
144
әулет, империя) әкімшілік басқару шарасын жүзеге асырған кезде әкімшіліктегі
бірліктерге арнайы таңбалар тағайындалды. Айталық, Шыңғыс хан өз империясын
ұлдарына бөлек-бөлек ұлыс етіп үлестіргенде, олардың әрқайсысына әртүрлі
таңбалар берді. Демек, кей кезде таңбалардың белгілі біреудің тарапынан
руларға немесе адамдарға берілу дәстүрі болған. Алайда, мифологиялық
жайт болғанына қарамастан, Оғыз қаған өз ұлдары мен немерелеріне жеке-
жеке қызмет пен таңбалар беруі туралы мәліметтердің бірқатар дереккөздерде
сақталуы
201
бұл дәстүрдің тамыры өте ертедегі дәуірлерге тартатындығын
дәлелдейді. Осылайша, Шыңғыс ханның ұлдарына түрлі таңбалар беруі қандай
ереже мен дәстүрлерге сүйенгендігі, басқа түрк және түрк-моңғол әулеттерінде
байқалған осыған ұқсас құбылыстардың негізінде не жатқандығы болашақта
зерттелуі керек тақырыптардың бірі.
Көне түрктердің таңбалар жүйесі дәстүріне сәйкес, кейде таңбалар бірнеше
бөліктен тұрады:
1) таңбаның негізгі бөлігі – «жүрек» (негізгі таңба / негізгі ру);
2) жалғамалар – «құйрық» немесе «аяқ» (жалғамалы таңба / төмен ру)
202
;
3) таңбаның жанында орналасқан рәміздік нышандар (жарты ай, күн және
сол сияқты әртүрлі молшылық пен билік рәміздері).
Таңбалар бастапқыда бірнеше шынайы өрнектен, мысалы, тотем немесе
қасиетті жануар бейнесінен жасалады. Мысалы, ашина тайпасының таңбасы
киелі жануар саналатын
Достарыңызбен бөлісу: