ҰЛЫ ДАЛА тарихы
150
құдандалық байланыстардың болуы сынды саяси, этномәдени үдерістер.
Яғни түрлі тілдерде сөйлеген тайпааралық қатынастардың болғандығы терең
зерттеуді қажет етеді.
Таңбалардың семантикасы. Жоғарыда айтылғандай, Шивээт-улаан
ескерткішінің бетінде шамамен алпысқа жуық таңбалар бедерленген. Олардың
жартысынан көбі жақсы сақталса, бір бөлігі жартылай жеткен немесе бір-біріне
кірігіп кеткендіктен таңбалардың толық санын анықтау қиындық тудырады.
Кейбір зерттеушілер 59 (Х.Пэрлээ), кейбіреуі 40-50 шамасындағы таңба
белгіленгендігін алға тартуда
217
. Бұндай айырмашылықтар бір-біріне араласып
кеткен белгілерді әртүрлі зерттеушілердің бірдей немесе бөлек таңба деп
тануынан болып отыр.
Ескерткіштегі таңбаларды көлденеңінен тізімдегенде, оңнан солға қарай 3-4
таңбаның қатар келуі, тігінен қарағанда 9-11 таңбаның үсті-үстіне орналасқандығы
анықталады. Тік қатарда 1-4 жол таңбаларының жақсы сақталуы мен жүйелі
болуы, одан кейінгі қатарлардың төменге қарай көмескіленуі немесе бір-біріне
шатасып кетуі байқалады.
Таңбалардың бұлайша қатарынан немесе үсті-үстіне орналасуы тайпааралық
иерархияны немесе олардың Көктүрк қағандығының саяси өміріндегі қызметімен
байланысты болуын білдірсе керек.
Жаңадан анықталған
таңба. Көне түрктердің
"Ашина" әулетіне тиесілі
таңба.
Кескіндері жаңадан
анықталған таңба
Кескіндері жаңадан
анықталған таңба
Халықаралық Түркі академиясы, Моңғолия Тарих,археология институтының
«Шивээт-улаан-2016» бірлескен экспедициясы материалынан)
217
Пэрлээ, 1975,175 х.
|