Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет120/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

151 


Жоғарыда аталғандай, Шивээт-улаан ескерткішінде орналасқан таңбалардың 

әрқайсысы  бір  тайпаға  тиесілі  болғандығы  Моңғолия,  Оңтүстік  Сібір  мен  

Орталық Азияда табылған бітіктас, жартас суреттері, балбал тастар, тиындар, 

қыш және металл бұйымдар сыртындағы ұқсас таңбалар арқылы айқындалады. 

Оған  қоса,  көне  түрк  бітіктастарынан  бастап,  қытай  жылнамалары,  басқа  да 

жазба деректердегі мәліметтер де осыны нақтылайды.

“Шивээт-улаан”  таңбалы  ескерткішіндегі  таңбаларды  айқындауды 

бастамастан  бұрын  бұл  ескерткіште  басында  көмескі  болғандықтан  жоқ  деп 

есептеліп келіп, Халықаралық Түркі академиясының 2016 жылғы экспедициясы 

кезінде таңбатастан бірқатары жаңадан айқындалған.

Шивээт-улаан  кешеніндегі  арыстан  таста  айпарадай  бейнеленген  ашина 

таңбасына тоқталуды жөн көріп отырмыз:



Ашина таңбасы - 

.

Шивээт-улаан кешеніндегі екі арыстан мүсінінің әрқайсысының сол жақ артқы 



аяғында  таңба  бар,  олардың  бірі 

  түрде,  екіншісі 

  түрде  (VI,  1-2  сурет). 

Бұл  таңбатастың  аяғын  ала  салынып  көп  таңбалармен  аралас  белгіленгені 

жаңадан айқындалды. Бұл белгілердің Ашина таңбасы екендігі және рәміздік 

«тау  ешкісін»  білдіретіндігін  зерттеушілердің  көпшілігі  мойындаған

218

.  Орхон 



жазулары зерттеле бастаған XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында белгілі 

түрколог  В.  Радлов  Күлтегін  мен  Білге  қаған  бітіктастарында  кездесетін  бұл 

белгілерді «Хандық таңбасы» деп атады

219


.

Кейбір  зерттеушілер  бұл  таңбаны  Ашина  тайпасының  әулет  таңбасы 

деп  қарастырып,  оның  этникалық-семантикалық  жағынан  «бөрі»-ні  (қасқыр) 

білдіретіндігін  айтқан

220

.  Олардың  ойынша,  көне  түрктер  бұл  таңбаны  «бөрі» 



немесе «бөрі құт» (құт иесі қасқыр) деп атаған, моңғолдар және олар арқылы 

қытайлар бұл таңбаны чоно / ашина «бөрі/қасқыр» деп таныған. Яғни көктүрк 

билеуші  әулетінің  аты  болып  қытай  деректерінде  әрқашан  Ашина  делініп 

келген бұл этноним негізінде моңғолша чину-а ˃ чину ˃ чоно «қасқыр» сөзімен 

байланысты. Осылайша, олар бұл таңбаның 

 пішінінде бейнеленуін қасиетті 

саналған көптеген жануарлардың дене мүшесінің бірі қосылып, сондай қалыпқа 

ие болғандығын және көне түрктерше «бөрі» (қасқыр) деп қабылдағанын алға 

тартады. Бұл дегеніміз, «құстың тұмсығы мен қанаттары, қасқырдың денесі мен 

аяқтары,  бұғы  мүйізі,  сондай-ақ  аттың  құйрығы» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет