Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет118/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

149 


т.с.с. тас жәдігерлерде де көптеген көне түрк таңбалары бірге таңбаланғандығы 

көрінеді (V сурет). 

Моңғолияның  Баянхонгор  аймағы  Бөмбөгөр  сұмынының  солтүстік-

батысындағы  Шивээний  хэрэм  маңында  табылған  Бөмбөгөр  таңбалы 

бітіктасында 30 таңба белгіленіп, олардың шамамен жартысынан көбі Шивээт-

улаан  таңбаларымен  бірдей  (V,  1-2  сурет).  Яғни,  15  көне  түрк  таңбасының, 

ал  Шығыс  Алтай  олжаларындағы  шамамен  10  таңбаның  Шивээт-улаан 

таңбаларына ұқсастығы бар (V, 4 сурет).

Моңғолиядағы  Бичигт  Улаан  Хадтағы  таңбалардың  үлкен  бөлігі  Шивээт-

улаан  ескерткішіндегі  таңбаларға  ұқсас  келеді.  Əсіресе,  төменде  көрсетілген 

жәдігердегі  таңбалар  Шивээт-улаан  ескерткішінің  жоғарғы  бөлігіндегі 

таңбаларға ұқсап ашида, қарлұқ, яғлақар, едіз, т.с.с. билеуші, яғни текті тайпа 

таңбаларымен  бірдей  болуы,  сондай-ақ  олардың  ашина  таңбасымен  қатар 

бейнеленуі қызығушылық тудырады.

Шивээт-улаан  таңбаларының  үлкен  бөлігі  түгелімен  немесе  жеке-жеке 

түрк  тайпаларымен  байланысты  Еуразия  даласында  табылған  көне  түрк 

қағандықтары кезеңіне (VI-IX ғғ.) тиесілі тас ескерткіштер (бітіктас, мүсін, жартас 

таңба  суреттері),  қыш  пен  металдан  жасалған  бұйымдар  (тостаған,  құмыра, 

кірпіш, қару-жарақ, т.с.с.), тиын мен мөрлерде жиі ұшырасады

215


.

Бұл таңбалардың көпшілігінің аналогтары тек аталған қағандықтар кезеңінде 

ғана  емес,  бәлкім  одан  да  бұрынғы  кезеңдерде  таралуы  ықтимал.  Белгілі 

болғандай, Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Орталық Азия және оның айналасындағы 

жерлерде  сонау  б.д.д.  І  мыңжылдықтың  ортасынан  б.з.  І  мыңжылдығының 

орталарына дейін, яғни Көктүрк қағандығының құрылуына дейін мың жылдан 

артық  уақыт  шамасында  көптеген  тайпалар  одақтары  немесе  әулеттер  билік 

құрған.  Шынында  да,  сақ,  ғұн,  юежчи,  усунь  (үйсін),  сармат,  кангүй,  құшан, 



гаочэ,  телэ  жуан-жуан,  ақ  ғұн  (эфталит)  т.с.с.  Еуразия  даласының  ілкі  түрк 

және  басқа  түрк  тайпаларының  құрған  саяси  одақтар  кезеңіне  тиесілі  тайпа 

таңбалары түрі жағынан Шивээт-улаан таңбаларының көбіне ұқсас келеді

216


.

Көне түрк қағандықтарынан бұрын Еуразия даласында өмір сүрген тайпаларға 

тиесілі таңбалардың белгілі бір бөлігі түрк немесе ілкітүрк тайпаларымен, белгілі 

бір бөлігі ирандық (сармат, соғды, хорезм, бактриан, алан, ас), тохар, моңғол, 

тұңғыс, кавказ халықтары, славян сынды түрк емес этностармен байланысты 

болуы  керек.  Еуразия  даласында  өмір  сүрген  түрлі  этностардың  көне,  орта 

ғасырларға  тиесілі  тайпа  таңбаларындағы  мұндай  ұқсастықтардың  негізінде 

екі мың жыл ішінде аймақта тайпааралық көптеген саяси одақтардың құрылуы, 

215

 Табалдиев, Алимов, 2004, 277-294; Самашев, Базылхан, Самашев, 2010, С. 26; Osawa, 2010, P. 



339-369; Tezcan, 2010, P. 371-392; Bilgili, 2014.

216


 Вайнберг, Новгородова, 1976, С. 66-74; Яценко, 2001; Ilyasov, 2003, P. 131-157; Рогожинский, 2010, 

С. 329-344; Асанов,2013, S. 84-94 т.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет