Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


–  «бөрі+құт//құс+бұғы//+ат  (жылқы)  –



Pdf көрінісі
бет121/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   407
Байланысты:
udt

  «бөрі+құт//құс+бұғы//+ат 

(жылқы)

 – қасқыр+бүркіт+бұғы+ат» дене мүшелері бір-біріне қосылып сондай 

пішін түзген деген пікір айтқан.

218

 Samashev, Bazylkhan, 2010. – P. 388



219

 Radloff, 1994, S. 16-18, 58-60, 63-64; Moğolistan’daki Türk Anıtları Projesi Albümü, 2001, S. 23, 84, 168, 

220, 274, 297-298; Dobrovits 2004, P. 259

220


 Dobrovits 2004, P. 259; Базылхан, 2014, С. 201


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

152 


Алайда, осы зерттеушілердің бұлайша түсіндіруі көптеген мәселе туында- 

тады.  Біріншіден,  бұл  таңбаның  сырт  көрінісі  зерттеушілердің  көпшілігі 

қабылдағандай  шынымен  «тау  ешкісін»  еске  түсіреді.  Сонымен  қатар 

зерттеушінің бұл таңбаны көне түрктер «бөрі» немесе «бөрі құт» деп атағандығы 

туралы болжам да қанағаттанарлық емес. Бөрі құт сөзін бөрі және құт (құтқұс 

сөзінің басқа бір түрі) деп түсіндіру тілдік тұрғыдан өте қиын. Көне түркше «құс» 

сөзі «құт» түрінде ешқандай тарихи құжатта, яғни түрк тілдерінде кездеспейді.

Негізінде  Ашина  әулетінің  бұл  таңбасын  (

)  ілкі  түрк  және  көне  түрк 

кезеңінде  Орталық  Азия  көшпелілері  үшін  қасиетті  саналған  жануарлардың 

бірі «тауешкімен» байланыстыру қисындырақ көрінеді. Бұл кезеңдерде қасқыр, 

арыстан, боғра (түйе), бұғы/тауешкі, т.с.с. жануарлар күш-құдірет, ерлік рәмізі 

ретінде белгілі, билеуші тайпалар оларды өздерінше рәміздеген. Көне түркше 

көптеген лақап пен атақтар (елік «бұғы», бөрі «қасқыр», арыстан, боғра «түйе»), 

таңба мен солар шыққан тегінің бұл жануарлармен байланысты болуы дәстүрмен 

астасады.  Билеуші  тайпалардың  басқа  жануарларға  қарағанда  аты  аталған 

жануарларды  таңдауына,  болжам  бойынша,  олардың  күштірек  әрі  батыл,  әрі 

епті,  әрі  шапшаң  болуы  сынды  ерекшеліктері  себеп  болды.  Ашина  әулетінің 

тауешкісін таңба ретінде таңдауы да бұл жануардың шапшаң әрі епті болуы, сол 

арқылы ерлігін рәміздеуден келіп шығады. Белгілі болғандай, тауешкісінің суреті 

көктүрктерден  бұрынғы  кезеңдерде  де  Орталық  Азия  халықтары  арасында 

қасиетті саналған. Əсіресе, сақ пен ғұн кезеңі тау жартастарында бұл суреттің 

ең көп бейнеленуі осыған мысал бола алады

221


.

Ашина мен Ашида тайпа таңбаларымен байланысты тағы бір мәселе белгілі 

зерттеуші  ғалым  С.  Яценко  білдірген  пікірден  келіп  шығады. 

  пішініндегі 

Ашина таңбасының   пішініндегі таңбамен бірге көрсетілуін айта келе, көптеген 

көне  түрк  бітіктастарының  фотосуреттері  мен  сызбаларын  жинақтай  отырып, 

зерттеуші  бұл  жағдай  Көктүрк  пен  Ұйғыр  қағандықтарының  әрқайсысында 

бар болғанын жазады

222

. Негізінде бұл екі таңба бірге бейнеленген бітіктастар 



әрқашан  Көктүрк  қағандығы  кезеңіне  тиесілі  болып,  зерттеушілердің  көбісін 

жаңылдырған Қарабалғасұн-2 бітіктасындағы мәлімет еді

223

. Белгілі болғандай, 



Ұйғыр  қағандығына  тиесілі  болған  басқа  бітіктастардың  табылуы  көне 

шаһар  қалдықтары  –  Қарабалғасұнға  жақын  бір  жерден  табылғандығы  үшін 

«Қарабалғасұн-2» деп аталған бұл бітіктасты Ұйғыр қағандығымен байланыстыру 

үшін қандай да бір дәйек анықталмаған. Шыныменен, Қарабалғасұннан әрі 8 

шақырым қашықтықта табылған бітіктастың Екінші Түрк қағандығына жататын 

басқа бітіктастардағы таңбалармен бірдей болуы кейбір ғалымдардың назарын 

221

 Грач,1972, С. 316-333; Alyılmaz, 2005, S. 20



222

 Yatsenko 2013, P. 19

223

 Mert, 2009, S. 102






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет