Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет180/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

198 


ТАРАЗ – ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ ҚАЛА

Тұтастай  алғанда  Түркістан  деп  аталатын  Орталық  Азиядағы  ең  көне 

қалалардың бірі ретінде Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі мен 

тарихтан  алар  орны  ерекше.  Өйткені  тарихын  тереңге  тартқан  Тараз  қаласы 

тоғыз  жолдың  торабына  орналасқандықтан,  бір  кездері  Тынық  мұхит  пен 

Жерорта теңізін құрлық арқылы байланыстырып, Еуразия кеңістігінде Шығыс пен 

Батысты жалғап тұрған, бір кездері Ұлы Жібек жолы арқылы халықаралық саяси, 

экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекер болған. Византиядан Шын-

Машын еліне қарай жолға шығатын Ұлы Жібек жолы Тараз, Баласағұн, Суяб, 

Меркі, Құлан сияқты Талас пен Шу алқабының ірі қалалары арқылы өтетін еді. 

Қытай саяхатшысы Чжан Цяньның айтуынша, б.з.б. ІІ ғасырдан бастау алатын 

Ұлы Жібек жолы б.з.б. І ғасырдың орта тұсынан бастап тұрақты дипломатиялық 

және сауда жұмыстарының күре тамырына айналды.

Ертедегі ірі мәдениеттердің негізінен үлкен өзендердің аңғарларында дүниеге 

келгені  белгілі.  Міне,  сол  сияқты,  іргетасы  Жібек  жолымен  тұстас  қаланған 

Тараз қаласының атауы да Талас өзенімен тікелей байланысты болса керек. 

Академик В.В.Бартольд Тараз қаласының ежелгі атауының Талас екенін, алайда 

арабтардың  келуімен  бірге  оның  өзгеріске  ұшырап,  Тараз  атала  бастағанын 

жазады

384


. Ғалымның бұл сөзі дәйексіз емес. Өйткені Тараз қаласының Талас 

өзенінің  екі  жағына  орналасқанын  Х  ғасырда  әйгілі  жиһангез  әл-Мақдиси  де 

айтып өткен. Ол өз жазбаларында Тараз туралы: «Тараз – үлкен, бекінісі бар 

қала.  Адамдар  тығыз  орналасқан,  бау-бақшаға  толы,  төрт  қақпасы  бар  және 

рабадта тұрғындары көп. Қаланың қақпасының алдында үлкен өзен бар, оның 

үстіне  көпір  салынған,  тұрғындар  өзеннің  екі  жағына  орналасқан.  Орталық 

базарда күмбезді мешіт салынған» – деп жазды

385


. Бір таңданарлық жайт, әл-

Мақдиси жазбаларынан бүгінгі Тараз жайында оқып отырғандай әсерде қаласың. 

Арада мың жыл өткеніне қарамастан, қаланың орналасуы өзгеріссіз сақталған 

сияқты. Сондай-ақ Махмұт Қашқари де «Диуан-и лұғат ат-түрік» деп аталатын 

әйгілі сөздігінде Талас қаласының «Тараз»

386


 деген атпен белгілі екенін айтады. 

Тараз қаласы әуел баста тәуелсіздік үшін күрескен хұн мемлекетінің астанасы 

болды.  Бұл  кезеңде  Қытай  басқыншылығына  қарсы  Талас  өзенінің  аңғарына 

қорған салдырып, осында қоныс тепкен хұн тәңірқұты Чжи-Чжи (Шөже қаған) 

Рим  империясымен  достық  қатынас  орнатқан  еді.  Дерек  көздеріне  сүйенсек, 

500 жұмысшы екі жыл бойы тұрғызған бекініс-қорғаны мықты Тараз қаласында 

Римдік легиондар тұрған. Дегенмен, ғұндарды толық бағындырып, стратегиялық 

384


 Бартольд 1963.

385


 Бартольд 1963.

386


 Қашқари, 1997.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет