ҰЛЫ ДАЛА тарихы
228
В.В. Бартольд оқу
тәсілі
Біздің оқу тәсіліміз
Арапша түпнұсқа
Балық-Бұлға
Ұлығ-Білге
Иқбалхан
Дәуітбек
Исфехсалар б.
Ілияс-Ұғылбек
Шаханшах
Құтлығ-Тонга
Ұлығ-Білге
Иликхан (немесе Иқбалхан)
Дадбек
Исфехсалар б.
Ілияс ... Ұғылбек
әш-Шәһид
Дадбек
әл-Тарази
اکنوت غلتق
اکلیب غلا
ناخ لابقا / ناخ کیلیا
کیب داد
نب رلاسهفسا
کیب لوغوا ... سایلا
دیهشلا
کیب داد
(یز)ارطلا
Демек В.В.Бартольд марқұмның аты мен атағын оқу кезінде келесідей
қателіктер жіберген: 1) Балық-Бұлға – Құтлығ-Тонга, 2) Иқбалхан – Иликхан, 3)
Дәуітбек – Дадбек, 4) Шаханшах – әш-Шәһид, 5) ... – Дадбек, 6) ... – әт-Тарази.
Марқұмның кім екендігі мен тарихын зерттеуден бұрын, әуелі мазар
тасындағы жазудың толық нұсқасы мен аудармасы жөнінде өзіміздің оқу
тәсілімізді ұсынғымыз келеді:
ّقحلا ّزعم مرکلاو دوجلا ندعم ملقلاو فیسلا بحاص لذابلا لداعلا لماعلا ریطخلا مرقلاو ریبکلا کلملا ةضور اذه
راتخم نیقاوخلا یبتجم ةرضح نیملسملا و ملاسلاا ریهظ نیدلاو ّقحلا للاج ءافعضلا ی ّوقم ءاملعلا عّبرم قلخلا نیعم
ناسحلاو دوجلا أشنم نامزلا متاخ // ةجحب میاقلا الله رماب عداصلا مرکلاو لذبلا عبنم معنلاو لضفلا عمجم نیملاعلا ّبر
کیب داَد دیهَشلا کیب لوغوا ... سایلا نب رلاَسهَفسا کیب داد ناَخ کیلیا اکلیب غلا اکنوت غلتق // لیامشلاو مراکملا وبا
ةیامتسو نیّتس یلولاا دامج نم نماثلا ةعمجلا ةلیل یف ةنافو نونزحی مه لاو مهیلع فوخ لا الله ءایلوا ّنا لاا // (یز)ارطلا
«Бұл бау ұлы билеуші, текті қолбасшы, ғалым, әділ, жомарт, қылыш
әрі қалам иесі, жомарттық пен тектілік қайнаркөзі, ақиқатты даңқтаған,
адамдарға жәрдем еткен, ғалымдардың қарнын тойдырған, әлсіздерге күш
берген, ақиқат пен діннің даңқын шығарушы, ислам мен мұсылмандардың
қорғаны, қағандардың таңдаулысы, әлемдер раббысының сүйіктісі, ерлік
пен бақыттың тоғысқан жері, жомарттық пен тектілік бастауы, тәңірі
әмірлеріне бағынған, тәңіріне арқа сүйеген, заманының шоқ жұлдызы,
жомарттық пен қайырымдылық отаны, асыл әрі жақсы қасиеттердің иесі
Құтлығ-Тонга Ұлығ-Білге Иликхан / Иқбалхан Дадбек Исфехсалар б. Ілияс
... Ұғыл бек әш-Шәһид Дадбек әт-Таразидыкі. «Біліңдер! Расында Алланың
достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды» (Құран Кәрім, 10:62). Ол
660 жылы жұмадүл улә жұмасының кешінде (1262 жыл, 31 наурыз) қайтыс
болды».
|