ҰЛЫ ДАЛА тарихы
229
2. Марқұмның тұлғасы
Мазар тасында атағы Құтлығ-Тонга Ұлығ-Білге Иликхан/Иқбалхан, аты
Дадбек Исфехсалар б. Ілияс болған марқұмның тұлғасын тексерместен бұрын
оның қайтыс болған кезіндегі (һ. 660/1262) Тараз және көршілес аймақтардағы
саяси-әкімшілік жағдайға қысқаша тоқталайық.
1260 жылдары Тараз аймағы Моңғол империясы, нақтырақ айтсақ оның
бір бөлігі Шағатай ұлысына (1227-1370 жж.) қараған. Тараз, Орта Азияның
Мауренаһр, Қорасанның бір бөлігі, Жетісу (Оңтүстік-Шығыс Қазақстан –
Қырғызстан) мен Шығыс Түркістан сынды жерлерді қамтыған бұл ұлысты
Шыңғыс хан екінші ұлы Шағатайға (1185-1242 жж.) берген. Шағатай өзі Іле
өзені алабындағы Алмалық қаласы (қазіргі Алматы қаласынан шығысқа қарай
300 км жерде) маңында өмір сүрген, оның мемлекетінің әкімшілік-басқару
істерін бірінші болып Хорезм текті Махмұд Ялавач (1238 жылға дейін), кейін
оның ұлы Масғұтбек (1240-1289 жж.) жүргізді
410
. Моңғолдардың уәзірі болып,
Ходжент қаласын (Солтүстік Тәжікстан) басқару орталығы қылып таңдаған
түрк әкімшілері кезеңінде моңғол хандары Орта Азияның отырықшы мәдениеті
басым бұл бөлігінде бұдан әрі билігін жүргізе алмады.
Орта Азияның солтүстік-шығысындағы Іле өзені алабы мен Жоңғар жазығы
сияқты көшпелі өмірге ыңғайлы мекендерді дұрыс көрген Шағатайдың басқа
мұрагерлері де алғашқы кезеңдегідей қала мен аймақтарды басқаруды аталған
хорезмдік уәзірлер бақылауындағы жергілікті аймақтық билікке қалдырды. В.В.
Бартольдтың көзқарасы бойынша моңғолдар ұзақ жылдар бойы билеген Орта
Азияда, әсіресе отырықшылық дамыған Бұқара, Отырар, Ташкент, Ходжент,
Ферғана (орталығы Үзгент), Талас (шамасы Тараз), тіпті моңғолдардың басқару
орталығына өте жақын Алмалық сынды аймақтар мен қалаларда жергілікті
билеушілер «мәліктер» өзіне мұраға қалған билігін сақтап, өз тиындарын
соқтырғандығын жеткізген
411
.
Шамасы бұл кезеңде Тараз аймағын да моңғолдарға қарсы болмаған,
олардың билігін мойындаған жергілікті Қарахан әулеті басқарса керек. Осылайша
моңғол шапқыншылығы қарсаңында, яғни 1220-жылдары Хорезмшах-
Ануштегіндер мен Наймандар билеушісі Күшлікхан (1213-1218 жж.) арасындағы
алауыздық кезеңінде басқару аймағы Отырар – Тараз өлкелерімен шектеліп,
аталмыш әулеттердің билігін мойындаған Қарахан әулеті билеушілері моңғол
шапқыншылығына қарсылық көрсеткендігі жайлы жазба деректерде кездеспейді.
Дегенмен, моңғол шапқыншылығы қарсаңында және алғашқы шағатайлықтар
кезеңінде бұл әулеттің саяси еркі болмаса да, жергілікті тұрғындар арасындағы
рухани әсерінің болғанын айта аламыз. Сонымен қатар көнеден келе жатқан
экономикалық, мәдени орталық болған Тараз бұл қалыпты моңғолдар кезеңінде
410
ал-Каршӣ 2005, 127-128 с.
411
Бартольд 1963, 150 с.
|