Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет234/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

246 


құжат Ұлық ұлыс (Алтын Орда), Қазақ хандығының заң ережелерімен, құқықтық 

қағидаларымен тарихи тамырлас, мазмұндас екені де сөзсіз

458



Осы  ретте  айтарымыз,  моңғолтанушы  ғалымдар  да,  Moŋγol  >  моңғол 



атауының этимологиясын Mөңке+Tәңірі+ғал (от)> Mөң+ғал (Мәңгi +от) > Moңғол 

деген «Мәңгі Ел, Мәңгiлiк Ел» деп жорамалдайды

459



Түрктер мен моңғолдардың атамекенге деген танымдарында да сабақтастық 



байқалады.  Түрктер  үшін  жерұйық  мекен  (Ыдық  Жер-Су)  Өтүкен  қасиетті 

саналды. Ыдық жер-су рәмізі кейінен «жер ыдық- 



жер ұйық» аңсарына ауысты, 

халықтың  санасына  таңбаланды.  Моңғолдар  Орхон,  Туыл  өзені  ағып  жатқан 

қасиетті  Ханғай  жоталарын  түрктік  ізбен  «Etügen  Eke>Этүген  эх  –  Өтүкен, 

Жер ана» ұғымында жаңғыртты. Олар Тәңірге аталық, Этүгенге аналық бейне 

нышанын  берді.  Осылайша  «жерұйық  қонысы  ұғымы  Шыңғыс  хан  империясы 

кезеңінде «отан ананы» рәміздейтін киелі Этүкен бейнесіне айналып, Ұлы далада 

дәстүр сабақтастығы жалғастығын тапты. Тоныкөк абыз жырлаған Ұлы даланың 

кіндігі саналатын «Өтүкен йыш» - қасиетті мекен ұғымы осылайша «Этүкен ана» 

бейнесіне тасымалданып, жауынгер көшпелілердің жер тұтастығын қызғыштай 

қорып күзетуге үндеген ұлы ұранына айналды. Қазақ хандығының ту тігіп, орда 

орнатқан киелі қонысы Жерұйық аталды, Асан қайғы желмаяға мініп «қой үстінде 

бозторғай жұмыртқалайтын» ырысты мекен, құтты қоныс – Жерұйықты іздеуші 

дала данасы ретінде тұлғаланды.

Моңғол  империясын  құрған  Шыңғыс  қаған  мен  оның  құрамындағы  түрк 

руларының көсемдері өздерін Түрк қағандығының мұрагерлеріміз деп санады. 

Сол себепті, Шыңғыс қағанның мақсат-мұраты кешегі Ұлы Ғұн империясы мен 

Ұлы Түрк қағандығы секілді Еуразия кеңістігіндегі киіз туырлықты көшпелілерді 

бір тудың астына біріктіру болды.

Шыңғыс  қаған  орнатқан  империя  ыдыраған  соң,  немересі  Батұ  хан  (1209-

1256  жж.)  негізін  салған  Ұлық  ұлыс  (Алтын  Орда)  дәуірінде  де  және  оның 

ізбасары  Қазақ  хандығында  да  мемлекеттілік  тұрақтылық,  ру-тайпалардың 

бірлігі  секілді  мемлекетшілдіктің  негізгі  формалары  сақталды.  Ұлы  Яаса  заңы 

тарихи  жалғастық  тауып,  Жеті  жарғыға  ұласты.  Яғни,  Ғұн  Тәңірқұты  Мөденің 

заманында құрылған, қаған құрылтайы, билер институты, батырлар институты, 

дала  заңдары,  Бұмын,  Құтлық,  Білге  мен  Тоныкөктердің  түрк  бұдынына,  түрк 

қоғамына  арналған  үндеулері,  бектер  мен  тархандардың  халық  арасындағы 

жер дауы, жесір дауы, мал дауындағы әділ шешімдері уақыт өте келе, Шыңғыс 

қағанның  «Ұлы  Ясасына»  негіз  болды.  Кейіннен  Ұлық  ұлыс  (Алтын  Орда),  Ақ 

Орда, Қазақ хандығында да бұл үрдіс өз жалғасын тауып, «Қасым ханның қасқа 

жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталып, 

хандықтың конституциялық негізіне айналды. 

458


 Абусеитова, Баранова, 2001, с.426.; Кадырбаев, 2016, 30-34 бб. 

459


 Mongγol-un niγuča tobčiyan-u seyiregülül tayilburi, 1986. -1044/- 1-2 бб




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет