Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Möŋke Teŋgeri-yin küčün-dür! >



Pdf көрінісі
бет233/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   407
Байланысты:
udt

Möŋke Teŋgeri-yin küčün-dür! > Мәңгілік Тәңірінің күші-

дүр деген сөз айшықталған. Бұл таңба Күйікке атасы Шыңғыс қағаннан мұралық 

жолмен жалғасқандығы анық. Сонымен бірге «Алтын топшы», «Құпия шежіре», 

«Көк шежіре» секілді шежірелерде Шыңғыс қаған жарлық бергенде әрдайым сөзін 

«Мәңгілік Тәңірінің күші-дүр» деген сөзбен бастайтыны белгіленген. Моңғолдар 

мемлекеттік  билікті  Törü>Төр,  елді  «El>  Е  //  ил,  мемлекеттік  құрылымды, 

империяны ulus>ұлы

457


, әскерлерді čerig>шерік, күндізгі және түнгі мемлекеттік 

лауазымды  қызметкерлерді  күзетіп  қорғаушыларды  turqaq>тұрғақ  –  торғауыт, 

kešıkten> кезекші деп атап т.с.с көне түрктік атақ пен титул-дәрежелерді молынан 

қолданған. Түрктер елдің азат адамын «еркін» десе, моңғолдар халықты, барша 

азаматты «irgen>иргэн» деп атаған, бұл атау бүгін де қолданылады. 

Тарихи деректерге қарағанда, Шыңғыс қағанның мемлекеттің мәңгі, тұрақты 

болу  мұратын  «Мәңгілік  Тәңірдің  күші-дүр»  деген  сөзбен  өрнектегендігі,  түрк 

қағанындай  Тәңірі  текті  екендігін  дәріптегені  анық  аңғарылады.  Сонымен 

бірге Ирандағы Құлағұ ханның ұлысы «Ел хан» мемлекеті деп аталған. Демек, 

Шыңғыс қаған құрған мемлекеттік жүйеде «Мәңгі», «Ел -Ил» деген түрк сөздері 

саяси мағынада қолданылып, көне түрктік заманнан жалғасқан елдіктің тарихи 

сабақтастық салтын жаңғыртты. Қазіргі моңғолша «Ел» деген мағына беретін 

El>Эл  //  Il>Ил  сөзі  төмендегі  мағынада  қолданылады:  1.  Ил  –  мекен,  жер;  2. 

Ил улс – Моңғол ханына бағынышты, одақтас ел, ұлыс, 4. Ил хаад – қарасты, 

бағынышты елдің ханы. 5. Ил– біріккен. 

Шыңғыс  қаған  дәуірінде  осылайша  түрктің  «тәңір»,  «ұлыс»,  «ел»,  «төр», 

«еркін»  деген  секілді  көп  сөздері,  сөз  тіркестері  мен  лауазымдық  атақтары 

мемлекеттік билік жүйесінде тұрақты қолданылып, саяси идеологияда қуатты 

қағандықтың қалыптасуының басты тұғыры болды. Шыңғыс қаған империясының 

заң ережелерінің, құқықтық қағидаларының негізі «Yeke zasaγ> Их засаг немесе 

«Ұлы  Ясасы»  -  көшпелілердің  ұлы  құрылтайы  кезінде  1206  жылы  бекітілген 

делінеді. Оның толық нұсқасы бүгінгі күнге дейін жетпеген, алайда ол заңнамалық 

457

 Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері, 2006. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет