Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет235/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

247 


ТАЛАС ҚҰРЫЛТАЙЫ – МОҒОЛСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ БАСТАУЫ

Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  төл  тарихымыздың  бір  белесі  –  Моғолстан 

хандығы кезеңі екені тарихтан белгілі. Бұл Орталық Азиядағы түрк тектес ру-

тайпалардың  ұлт  ретінде  түзіліп,  мемлекеттерінің  құрылуымен  жалғасатын 

кезеңнің  бастауы.  Қазақ  хандығының  құрылу  мен  одан  кейінгі  тарихы  да 

Моғолстан хандығымен тығыз байланысты екендігі анық. 

Моғолстан хандығының арғы негізін қалаған тарихи тұлғаның бірі – Қайдұ 

Шыңғыс  қағанның  тақ  мұрагері  Өгедейдің  (Төрекене  қатұнынан)  бесінші  ұлы 

Қашыннан (Қашы) туған. Анасы бекірін руынан шыққан Санга (Шабкане) қатұн. 

Яғни, Қайдұ Шыңғыс қағанның шөбересі. Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» 

шығармасында  «анасы  Санга  Қайдұды  Шыңғыс  қағанның  үлкен  ордасында 

өсірді», – деп жазады

460

.

Моғолстан  ұлысының  негізін  қалаушы  әрі  империя  тарихында  айрықша 



із  қалдырған  Қайдұ  туралы  Рашид  ад-дин,  Жамал  Карши,  Вассаф  секілді 

тарихшылардың еңбектері мен «Юань ши» жылнамасында біршама мәліметтер 

сақталған. Зерттеуші М.Брайн «Қайдұ және Орталық Азиядағы тәуелсіз моңғол 

мемлекетінің  билеушісі»  деген  еңбегінде  Қайдұның  Орталық  Азияда  тәуелсіз 

мемлекет  құруда  орасан  зор  рөл  атқарғандығын  бірқатар  жазба  деректер 

негізінде баяндайды

461



Қайдұ  хан  1236-1301  жылдары  «Шағатай»  ұлысының  аумағында,  нақты 



айтқанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Түркістан, Қырғызстан, Өзбекстан, 

Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан өңірінде билік құрған. Ол 1271 жылдан бастап 

Шағатай ұлысын тікелей өзі басқарды. Құбылай қағанға қарсы Қарақорымдағы 

орданы  басып  алу  жорықтарын  ұйымдастырып,  көшпелілердің  дәстүрлі 

саясатын  жалғастыру  мақсатында  Жошы,  Шағатай,  тіпті  Құлағұ  әулеттерінің 

күшін біріктіруге орасан зор еңбек сіңірді. 

Қайдұның  мақсаты  далалық  көшпелілердің  мемлекеттілік  дәстүрін 

жалғастыру, қуатты билік жүргізу болды. Ол кездерде Қайдұның қол астына аса 

мол әскери-саяси күштер, қуатты одақтар шоғырланған еді. Кейбір деректерде 

Қайдұ  билігінде  100  мыңнан  астам  атты  әскер  болғандығы  айтылады.  Түрк, 

моңғол  тектес  дұғлат,  бекірін,  арканұт,  арулат,  қорұлат,  олқынуыт,  жалайыр, 

сүлдүс,  қонқотан,  барлас,  қаушын,  керей,  найман,  меркіт,  қоңырат,  бағарын, 

бесүт, қатаған және басқа беделді ру-тайпалардың билеушілері мен нояндары 

Қайдұны ұдайы қолдап келді. Сондықтан ол да Құбылай қағанға дес бермеген 

еді

462


460


 Рашид ад-дин, 2018. 6-7. 

461


 Biran, 1997. 198. 

462


 Караев, 1995.160 с.; Biran, 1997. 83; Юдин, 2001. С.87-89. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет