Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет236/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

248 


1269  жылғы  Талас  құрылтайын  тікелей  ұйымдастырған  Қайдұ  хан  еді. 

Моңғол  империясының  орталығын  Кайпинфүге  көшірген  Құбылайға  қарсы 

тәуелсіз  мемлекеттердің  негізін  қалаған  да  Қайдұ  болатын.  Шын  мәнінде, 

Қайдұның  саяси  ұстанымы  мен  тікелей  билігі  арқасында  Жошы,  Шағатай, 

Моғолстан  ұлысы  Құбылай  басқарған  қытайдағы  орталықтан  жеке  дербес 

өмір  сүре  бастаған  болатын.  Сол  себепті,  Қайдұны  Шыңғыс  қаған  орнатқан 

алып  империяның  әскери-саяси  ұстанымдарын  жалғастырушылардың  бірі, 

байырғы мемлекеттілік сабақтастықты жаңғыртушы деп атауға болады.



 Өйткені 

Қайдұ  –  атасы  Шыңғыс  қаған  орнатқан  империяның  дәстүрлі  мемлекетшілдік 

саясатын қолдаушы, Құбылайдың империя орталығын қалың сан қытай жеріне 

көшіруге түбегейлі қарсылық көрсеткен, далалық көшпелілердің еркін, тәуелсіз 

құрылымын жасақтаушы ірі тұлға. Ол Құбылайдың қытайды жақтаушы билігіне 

қарсы  бірнеше  мәрте  әскери  жорықтар  ұйымдастырып,  ордалық  астана 

Қарақорымды басып алуға бар күшін салды. 

Тұлыйдың  тұңғыш  ұлы  Мөңке  қаған  1251-1259  жылдары  таққа  отырған 

кезінде  Шыңғыс  қағанның  шөбересі  Қайдұ  оның  қызметінде  болды.  Кейіннен 

Қайдұ  Арықбұқамен  бірге  болып,  оны  қаған  тағына  отырғызбақ  болады. 

Жамиғ  ат-тауарихта:  «Өгедей  қаған  әулетінің  әскерлері  бөлініп,  таратылып 

берілгендіктен Қайдұ жинаған әскер байырғы негізгі әскерлер емес еді. Себебі, 

Қайдұ  Арықбұқаның  бүлігі  уақытында  онымен  бірге  болған»

463


,  –  дейді.  Ол 

кездерде  Қайдұға  негізгі  әскерлер  құрамынан  үлес  бермеген  еді.  Рашид  ад-

диннің жазуынша, осы кезде Арықбұқа бүлік шығарған тәрізді.

Арықбұқа  –  Тұлый  ноянның  қатұны  Сорқақтани  бегімнен  туған.  Ол 

Құбылайдың  інісі.  Арықбұқа  Мөңке  қағанның  өсиеті  бойынша  қаған  тағына 

1260 жылғы Ұлы құрылтайда таққа отырды. Орхон өзені бойы Қарақорымда 

20 күндей Ұлы құрылтай жасаған Арықбұқа билеушілерінің қолдауымен заңды 

түрде  қаған  тағына  отырады.  Алайда,  таққа  таласқан  Құбылай  1260  жылы 

қытайдағы Кайпинфү (Шанду) қаласында өзін ұлы қаған деп жариялайды. 

Осылайша, Шыңғыс қаған орнатқан алып империя тарихында бір мезетте 

екі  билеуші  пайда  болады.  Бұл  тақталас  ұзаққа  созылып,  арада  әскери 

қақтығыстар болады. Мұның да басты себебі екіжақты саяси ұстаным болатын. 

Біріншісі – Қайдұ, Арықбұқаның Қарақорымда далалық көшпелілердің дәстүрлі 

билік жүйесін сақтау ұстанымы болса; екіншісі – Құбылайдың көздегені ата жау 

қытайда билік орданы жаңадан орнықтыру ұстанымы болатын. 

Құбылай  қаған  1260-1294  жылдары  билік  құрды.  Моңғол  империясының 

астанасын  өзі  салдырған  қытайдағы  Кайпинфү-ге  көшіріп,  көп  ұзамай  1271 

жылы  Ұлы  Юань  империясының  негізін  қалайды.  Құбылайдың  інісі  Арықбұқа 

қағандық  тақталаста  жеңіліп  «әлсіреп,  ағасы  Құбылай  қағанға  кетіп  қалғанда 

Қайдұ  қашып,  әкесінің  және  атасының  негізгі  жұртына,  ...  уәлаяты  аумағына 

463


 Рашид ад-дин, 2018. 7.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет